Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет62/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Әдебиеттер 
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж 
2.
А.А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы,
2008 ж 


130 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «M-LEARNING» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Бекбулатова Ә.Б., Жумабаева Л.О. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 
Қазіргі таңда қоғамның қарқынды түрде дамуына сәйкес, қоғамның кәсіби білімге 
қойып отырған талаптары да күшейіп келеді. Әлемдік білім беру кеңістігі инновациялық 
үдерістерді дамытуға, қолдануға және басқаруға деген қызығушылықтың артуымен бағаланады. 
Әлемдік экономикадағы орын алып отырған өзгерістер кәсіптік білім беруді жаңғыртудың 
қажеттілігін, атап айтқанда оны ғылыммен біріктіруді талап етуде. Осы талаптардың күшеюіне 
байланысты, мобильді технологиялар сөзсіз білімнің барлық салаларына еніп, білім беру 
ортасын ұйымдастыруға кешенді тәсілдер ұсынуда.
Осы тұста электрондық оқыту («e-learning») технологияларының өте қарқынды дамуы 
орын алды. Сонымен қатар, Қазақстанның білім беру процесінде дәстүрлі білім беруден өзгеше 
жаңа оқыту түрлері пайда болуда.
Оларға қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, сондай-ақ мобильді оқыту деп аталатын 
салыстырмалы түрде жаңа технология кіреді. Мобильді оқыту -бұл біздің шетелдік 
әріптестердің пайымдауынша, мобильді құрылғыларды қолдану арқылы оқу процесін 
ұйымдастыратын заманауи технология. Соның ішінде, мобильді оқыту «M-learning» тәсілін
электрондық оқыту «e-learning» ұғымдарын ажырата білу қажет [1]. Электрондық оқыту 
дегеніміз - білім беру ортасында компьютерлер мен басқа құрылғыларды пайдалануға 
мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер, бірақ олардың қол жетімділігі мен мобильділігіне 
назар аударылмайды. Осылайша, қазіргі тенденцияларға сәйкес электрондық оқытуды 
дамытудың келесі кезеңі мобильді оқытуға бағытталады. 
Мобильді оқыту технологиясының танымал болу себептерін келесі көрсеткіштермен 
сиппаттауға болады: 

Білім беру қызметін өзіне ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта алуға ұмтылу; 

Оқуды, нені оқуды, қалай оқуды және осы үшін қандай ресурстарды пайдалануды 
өз бетінше таңдауға ұмтылу; 

Халықтың өсіп келе жатқан ұтқырлығына байланысты, мүгедектердің әлеуметтік 
және кәсіби өмірге араласуы; 

Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен білім алуға, оларды оқу құралы 
ретінде пайдалануға ұмтылыс [2]. 
Бұл мүмкіндіктер білім алушыларға өз бетінше ойлауға, қажетті ақпаратты іздеуге, оны 
өңдеуге, мәселені анықтауға, алған тәжірибесі мен білімін талдауға, оқушының ынтасын 
арттыруға және білім беру процесінің қазіргі заманғы тұжырымдамасына сәйкес келетін 
үздіксіз білім дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Және де, негізгі ерекшеліктерінің бірі 
мобильді оқыту кезінде оқу материалдары мультимедиялық форматта тез және үнемді түрде 
ұсынылуы мүмкін. 
Осындай мүмкіншіліктермен дамып келе жатқан оқыту тәсілін кез-келген уақытта, кез-
келген жерде үйренуге мүмкіндік беретін мобильді компьютерлік орта мен электрондық 
оқытудың қиылысатын нүктесі деп пайымдауға болады. Ал, мобильді оқытудың жалпы 
құрылымын келесідей жіктеуге болады:

Мобильді оқытуға арналған қосымшалар 

Ұялы байланыс пайдаланушыларына арналған инфрақұрылым 

Мобильді хаттама 

Желілік инфрақұрылым 
Сонымен қатар, мобильді технологиялар оқушының психикасы мен ойлау тәсіліне әсер 
етеді. Яғни, олар біртіндеп сіз сабақ кестесінде ғана емес, кез-келген уақытта және кез-келген 
жерде үйренуге болатындығын түсінеді. Д.Келли еңбектерінде білім берудегі ойлау 
қабілеттерінің жаңа тәсілдері және соған сәйкес жаңа білім беру форматтары, мысалы, 


131 
мобильді подкасттар, микроблогтар, әлеуметтік желілер және ленталар және т.б. бар екенін 
айтады [3]. Бұл көзқарас адамның өмірі мен уақытын басқаруға деген қазіргі психологиялық 
көзқарасты көрсетеді. 
Бүгінгі таңда білім беру мақсаттарында сәтті қолданысқа ие болған мобильді 
қосымшалардың толық жиынтығын мысалға келтіретін болсақ, мысалы, Space 4D 
бағдарламасы күн жүйесінің, планеталардың және басқа астрономиялық нысандардың 
құрылымын зерттеуге мүмкіндік берсе, Anatomy 4D қосымшасы студенттер - биологтар немесе 
дәрігерлер үшін қызықты. Elements 4D мобильді тренажеры химия сабақтарында қолдануға 
болады және оқушылардың білімін толықтырады. Осындай танымал қосымшалар
жаратылыстану ғылымдарын және шетел тілдерін үйренуге және тереңдетуге қолданылады, 
өйткені оларда ағылшын тілінің интерфейсі бар және ағылшын тіліндегі терминдер мен 
атауларды қолданады.
Сондықтанда, мобильді технологиялар мен оқыту қосымшаларын қолдану 
педагогикалық процесті одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді [4]. Көптеген ғалымдар мен 
оқытушылар АКТ қолдауымен оқытудың болашағы мобильді байланыстың таралуына, 
смартфондар мен гаджеттердің танымалдылығына, көптеген білім беру қосымшалары мен 
бағдарламаларының пайда болуына, сонымен қатар білім беру мүмкіндіктері мен сапасын 
кеңейтетін жаңа технологияларға байланысты екендігіне сенімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет