Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет65/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74
Әдебиеттер 
 
1. Мағжан Жұмабаев Педагогика 1992ж 
2. Қ.Жұмасова Психология Астана -2006ж 
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000 
4. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы 
қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 
5. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған 
мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010. 
6.Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог. №4 2010ж. 


137 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТАРИХИ ИДЕЯЛАРЫ 
Еңсегенова Жанбота Серікқызы 
Аренова Асыл Хадыржановна
Ш. Есенова атындағы Каспийский мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
Білім беру, оқу үдерісін ұйымдастыруға деген көзқарасты қайта қарап, білім, білік және 
дағдыны меңгертуде мұғалім құзыреттілігін дамытуға, оқушыға оқу ақпаратын беруде 
оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін оқу үдерісін жобалауға, 
оқушының әр пәнді меңгеру икемділігін қалыптастыруға қарай өзгерту қажеттілігі туып отыр.
Осы талаптарға сәйкес және әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдықтардың 
ауысуы жағдайында оқушының білім алуға ұмтылысын оятып, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, 
өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзінің ішкі мүмкіндігін толығымен пайдалануға қабілетті 
тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлардың туғызылуы талап етілуде. Оқушылардың жеке 
ерекшеліктерін барынша ескеріп, өзінің белсенді әрекеті арқылы оқыту – бүгінгі күннің 
қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай «оқушы – білім беру обьектісі» көзқарасынан, 
оқушының өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен еңбектенуіне қол жеткізетін жолды таңдау 
маңызды. Ол үшін оқушыға сабақ беретін мұғалім бойында ізденімпаздық, ойлай білу, 
белгісізге ұмтылу, алдына қойған мақсатына жетуде табандылық көрсете алатын, оқушы 
бойына да осы қасиеттерді дарыта білетін, шығармашылықпен қызмет етуге дайындығын 
қалыптастыра алатындай сапалардың болуы маңызды. Осы орайда жоғары оқу орындарының 
үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-
жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман даярлау заңды құбылыс. Себебі жоғарыда айтылғандай 
қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының 
өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, 
кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді. Сонымен болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауға 
қойылған осындай талаптардың бастауыш сынып мұғалімдеріне тікелей байланысты екендігі 
сөзсіз. Өйткені мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге мектеп тынысын, оқу-білім 
үрдісін, тәрбие танымын алғаш таныстыратын да, білім беріп, тәрбиелейтін де – бастауыш 
сынып мұғалімі. Бастауыш сыныпта алған білім мен тәрбие әрбір оқушының өмір сүру негізі 
болатындығы ғылым саласында да тәжірибе жүзінде де дәлелденген. Сол себепті білім беру 
жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың алдымен болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін даярлау үрдісіне ендірілуі шынайы құбылыс. 
Тәрбие ықылым заманнан бастап зерттеу объектісінен түскен емес. Әл-Фараби – 
«тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен 
өнерлерді дамыту әдісі деген сөз», - деп ой тұжырымдаса [1], М.Жұмабаев «тәрбие деген не?» 
деген сұраққа, ол – «қандай болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс 
өсуіне көмек көрсету», «...адам баласының әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек. 
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер де 
адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны» деген болатын [2]. 
Осы айтылып өткендер тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі рухани-адамгершілік тәрбие 
екендігін жоққа шығармайды. Рухани-адамгершілік тәрбие идеялары қазақтың ұлы ойшылдары 
мен ағартушыларының еңбектерінде көрініс тапқан. Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби, 
Ж.Баласағұн, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбиердиев, М.Жұмабаев 
және т.б. еңбектерінде жастардың рухани өрлеуі мәселесіне кеңінен мән беріледі [3]. Қорқыт 
бабаның ойлары қанатты сөздер, өсиеттер, аңыз-жырлар ретінде беріліп философиялық 
тұжырымдамасының негізін құрайды. Оның өсиеттерінің басты тақырыбы – өмір мен өлім 
жөніндегі толғаныстарына адам ғұмырының философиясы мен мән-маңызы, адамның 
адамгершілік қасиеттеріне арналған. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым 
алмаған ұл жаман», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден, 


138 
құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне арқау 
болады [3].
Ұлы бабамыздың пікірлерінің жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, үлкеннен ғибрат 
алу, ақылды, көпшіл, қонақжай болуға шақырған тұстары студенттерге ұлттық құндылықтарды 
дәріптеуде тәрбиелік мәні зор деп санаймыз. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 
«ғылым және ақыл, егер олар ішкі сеніммен және рухани-адамгершілікті идеалмен мөлшерлес 
болса, Аллаға, Жаратушыға жақындататын тәсіл бола алады» деп көрсетті [4]. Ғұламаның 
тұлғаның рухани-адамгершілігінің қалыптасуындағы ой, сананың қызметін тек адамзатқа ғана 
тән, білімділік, тәрбиелілік – адамның рухани жан дүниесінің, адамгершілігінің белгісі деген 
ойлары бүгінгі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Ж.Баласағүн өзінің атақты «Құтты білігінде» (Құт әкелетін білім) философиялық ойлары 
мен дүниетанымдық идеалдарын жеткізеді. Оның түсінігінде адамның руханилығын ісімен, 
арымен байланыстырып, мейірімділік пен бақыт мәселелері адамның өмір салтына қатысты. 
Адам өлгенмен, оның ісі мәңгілік. «Кісі мәңгі болмас, ары – мәңгі қалар шапағаты» деп 
руханилықтың мәңгілік екендігін түсіндіреді [5]. Сондай-ақ оның әрбір өсиеті балалар мен 
жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі тұрғысынан айтылады: Ата – анаңның қабылдап 
қасиетін, Ардақтай біл атқарып өсиетін. (1486-бәйіт) Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір 
асыңды, Олар сені құрметтеп, сыйлап өтер басыңды. (4649-бәйіт) Менменшілді – есуас 
надандығын, Ит өлімімен байқалмас адамдығың. (3480-бәйіт) [6]. Ал, Ахмет Йүгнеки ары 
жоқтың адамгершілігі болмайды, адамгершіліктің қас жауы –өсек, өтірік, мақтаншақ. 
Сондықтан адамгершілік тек арлы адамда болады деп көрсетсе, Қашғари кітабындағы («Түркі 
сөздердің жинағы») батырлық, ерлік туарлы жырлары ұрпақты ерлікке, оқу білімді үйренуге, 
өнерге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Адамзат баласының шынайы адамгершілік 
мінез-құлқының ақыл-ой, сезімімен үйлесім табуын қарым-қатынас барысында жеке адамның 
өзін-өзі ұстай білуіне, мінез-құлқына байланысты болады деген пікірде болғанын байқауға 
болады. Ғұламалардың ойларындағы руханилық «ар» ұғымымен астасып, адамгершілік 
қасиеттердің ішіндегі ерекше құндылықтар ізеттілік, адалжандылық, қайырымдылық, 
кішіпейілділік ерекше дәріптегендігі студент жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу 
құралы бола алады. Ш.Уәлихановтың еңбектерінде де жастардың рухани-адамгершілік 
тәрбиесіне мән беріледі. Оның рухани-адамгершілік идеяларының негізі болып қазақ 
қауымындағы зұлымдыққа қарсы күрес саналады. Ол патша шенеуніктерінің, жергілікті 
билеушілердің жалған, әрі дөрекі мінездеріне қарсы адам қасиеттерін сипаттайтын «намыс», 
«әділдік» сияқты рухани-адамгершіліктің басты көрсеткіштерін адам санасына сіңіруді көздейді 
[6]. Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин қазақ мектептерінің бірқатар мәселелерін 
көтере отырып, рухани-адамгершілік тәрбиесінің моральдық негіздеріне бауырмалдық, әдеп 
пен әділдік, қанағатшылдық, жомарттық, тазалық, сабырлық, зейіндік және білімді еркін 
меңгеру мәселесіне ерекше мән бере білді. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесінде рухани қарым-
қатынастың, рухани мұралардың басты рөл атқаратындығын туындыларымен де өз ісімен де 
дәлелдеп көрсетеді, Ол «шынайы рухани құндылықтарды бағалау, олардың маңызын түсіну 
балалық шақтан басталатындығын» ескертеді [8].
19 ғасырдың заңғар биігі өз ұлтының қамын ойлаған ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 
шығармашылығы қазақ елінің ғана емес, жалпы адамзаттық рухани мәдениеттің дамуы үшін де 
орасан зор құндылығы қалыптастыру сол кездегі қоғам сұранысына қарай ұйымдастыруға 
талпынды. Адамгершілік тәрбиесіне байланысты мәселелер Кеңес және қазіргі кезеңдегі белгілі 
ғалым-педагогтердің еңбектерінде қарастырылған. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. 
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, 
қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы 
тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық 
атаулының көрінісі болады. Адамгершілік – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып 
табылады. Оның негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу. ар-
ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, әділдік, қанағатшылық, өзін-өзі дамытып жетілдіру 
болып келеді [9]. Теориялық зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық теорияда адамгершілік 


139 
тәрбие процесіне бірнеше көзқарастар қалыптасқанын байқауға болады. Бірініші топта 
зерттеушілер болашақ ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде педагогтердің мақсатқа 
бағытталған және ұйымдастырылған тәрбие үрдісіне жетекші рөлін басымдылықпен көрсетеді. 
Екінші топтағылар адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен қарым-
қатынасын басқаруды ұйымдастыру қажеттілігін қолдайды, олардың пікірінше, адамгершілік 
тәрбиесі тұлғаға мақсаттылықпен және тәрбиелілікпен ықпал етуді, оның іс-әрекетін 
мақсаттылықпен ұйымдастыруды болжайды. Жоғарыдағы аталған топтар тұлғаны әлеуметтік 
практикаға енгізуді көздейтін іс-әрекеттік бағдар бағытты көздейтінін түйіндейміз. Алайда бұл 
бағыттар адамгершілік тәрбиенің қазіргі талаптарына сай аша алмайды. Үшінші топтағы 
зерттеушілер 
тұлғаға 
адамгершілік 
тәрбие 
беруде 
баланың 
ішкі 
қажеттілігіне, 
қызығушылығына және ішкі түрткісіне бағыттап, тұлғаға бағдарлауды ұсынады. Біздің зерттеу 
тақырыбымызға осы бағыттағы зерттеушілердің ой-тұжырымы жақын келеді. Олардың негізгі 
идеясы баланың адамгершілігінің дамуына жағдай жасау, адамгершілік көзқарастар, сенім мен 
сапа, әлеуметтік құбылыстар мен процестер, адамға адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру 
тетігін ұсыну болып табылады.
М.Х.Балтабаев рухани-адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты ретінде мәдениет 
адамын қарастыру мүмкін деп есептейді. Бұл дегеніңіз, бүкіл өмірі бойында өз мүмкіндігін 
жүзеге асыруға және өз білімін көтеруге қабілеті бар, оның негізінде өзінің адамгершілік, 
рухани өміршеңдігін анықтайтын жеке қасиеттері қалыптасқан жан-жақты тұлғаның бейнесі 
болып шығады. Рухани-адамгершілікті мәдениетпен байланыстырып, тек адамгершілік 
қасиеттермен шектелмей білім арқылы қабілетін шыңдау тұлғаға өзектендіру, өзін-өзі дамыту 
деген ойларын зерттеу жұмысында негізге алады [10]. Осы орайда К.Ж.Қожахметованың 
тұжырымдамасында бұл мәселеге жаңа тұрғылар негізінде рухани-адамгершілік тәрбиенің 
мәнін қайта ұғынуға талпыныс жасалынады [11]. Бұл тұжырымдамада: - рухани-адамгершілік 
тәрбие процесінің өзіндік мәні және оның басқа да әлеуметтік-біліми процестерден ерекшелігі; 
- көптеген әлеуметтену факторлар жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбие процесінің орны 
мен қызметтері; - технологиялық ережелер мен тыйым салуларға айналатын рухани-
адамгершілік тәрбиенің құралдары анықталады. Сонымен қатар, рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің маңызын, оның негізін қалайтын және жүйелілігін құрушы категориялар: 
адамгершілік, мораль, олардың мәні, олардағы бірдейлік пен ерекшеліктерін қарастыру 
қызығушылық тудырады. Бұл тірек ұғымдардың мәні В.А.Сухомлинский, Б.Т.Лихачев және 
басқалардың еңбектерінде ашылады. Б.Т.Лихачевтың адамгершілік сезімдер адамгершілік 
негізін қалаушы басты категория болып табылады деген пікіріне қосылуға болады [12]. 
Б.Т.Лихачевтің пікірінше, рухани-адамгершіліктің қалыптасу деңгейі өзінше қарама-қайшы: бір 
жағынан ол тұрақты, екіншіден, өзгермелі, өйткені ол ішкі және сыртқы әсерге еріксіз бой 
ұрады [12]. Себебі, біздің ойымызша, адамгершiлiк нормаларын меңгеру адамның жан 
дүниесiнiң көкжиегiн кеңейтедi, оған заттардың дүниесi ғана емес, сонымен бiрге сол дүниенiң 
идеалды өлшемiн, мәңгiлiк мәнi мен жақсылықтың дүниесiн көрiп тануға мүмкiндiк бередi. 
Адамгершiлiк қалыптардың жеке тұлғаның жан дүниесiне өтуi, жеке тұлғаның өзiне тiкелей 
әсерленуiне қатысты болуы, оның мән-мазмұндылығына, маңыздылығына, ақиқаттылығына 
байланысты шын мәнiнде адамға оның әсерлi себептерiнен қайтадан жаңаруы, тiптен рухани 
қайтадан түлеуiне ұйтқы болып, тұлғаны одан әрi дамытады. Ә.М.Мұханбетжанова жоғары 
білім беру жүйесінде оқитын студенттердің тұлғалық тұрғыдан қалыптасуы, оның 
шығармашылық даралығын дамыту, студенттердің бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру – 
бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылатынын көрсеткен [13]. Бұл 
студенттердің тұлғалық қалыптасуы қоршаған ортаға үлкендерге, ата-аналарына, педагогтеріне, 
балаларға белсенді шығармашылық ықпалын, екінші жағынан - студенттердің өзіндік 
даралығын, белсенділігін көрсететін қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан 
көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін 
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілердің 
жетістіктерін зер салып талдау керек.


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет