Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет62/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды. //Егемен Қазақстан. 8 мамыр,  2010 ж. № 178-180. 8 

б.  

2.

 



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том.- Алматы: «Атамұра», 2010.- 

752 б.   

3.

 

ҚРОММ, 2285 қор, 1-тізімдеме, 118-іс. 



4.

 

ҚРОММ, 2285 қор, 1-тізімдеме, 115-іс. 



5.

 

«Памятные вехи моего пути в науку»,  «Өмір асулары»,  «Құспек-Кент төресі» Библиография. А. 



Машановтың өзі және атасы туралы жазған мақалалары, кітабы ҚРОММ, 2285 қор, 1-тізімдеме, 76-іс. 

81-


парақ. 

6.

 



Қонаев. Д.А. Өтті дәурен осылай. - Алматы: Дәуір, 1992. - 448 б. 

 

 



 

ХИУАЗ ДОСПАНОВА ҚАЗАҚТЫҢ ЕРЖҮРЕК ҰШҚЫШ ҚЫЗЫ 

 

Н.Н. Ақпанбет  

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, PhD докторант  

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

(Астана, Қазақстан) 



 

Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың 

рухына бас иіп, олардың ерлігін кейінгі жас ұрпақ білу міндет.  

Біздің әкелеріміз қасиетті Отанымызға қауіп төнген кезде ежелден еркіндік аңсаған ер 

қазақтың  өршіл  рухын,  батырлығын  әлемге  паш  етті.  Қазақ  ұлтының    ұландары  антқа 

адалдығын  көрсетті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  500  қазақстандық  ерлігі  үшін  Кеңес 

Одағының Батыры атағын алды. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  адамзат  тарихындағы  алатын  орны  ерекше  болып 

келеді. Оның қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. 

Елбасына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Бүгінде Жеңіс күні 

мерекесі  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі  мен  мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні 

болып саналады. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, 

себебі  оның  құндылығы  ғасырлар  бойы  жаңа  жас  буын  ұрпаққа  өсиет  болады  Біз  Жеңіс 

күнін  жақындатқан,  қаратүнек  фашизмге  қарсы  жан аямай  күрескен  әрбір  жауынгерге 

қарыздармыз.  Ұлы  Отан  соғысы  және  Ұлы  Жеңіс.  Бұл  екі  сөз  бір-бірінен  толықтыра 

түседі.  Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген [1,450б.].  

Қазақ  халқы  көп  ғасырлар  бойы  өзінің  елін  ерлікпен  қорғап  келген.  Сондай 

жалғастықтың  көрінісі  болған  ХХ  ғасырдағы  алапат  екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  қазақ 

қыздарының  көрсеткіші  болды.  Олардың  қатарында  ел  үшін  сын  сағатта  кеудесін  оққа 

төсеген қазақ қызы Хиуаз Доспанова. 

Хиуаз Доспанова Қайырқызы 1922 жылы Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылдық 

кеңесінде дүниеге келген. Әкесі Қайыр Доспановтың партия қызметіне ерте араласып, Орал 

қаласына  қоныс  аударуына  орай  Хиуаз  Қайырқызы  туған  ауылдан  тым  бүлдіршін  кезінде 

кетті. Бір өкініштісі – Хиуаз апаның кіндік қаны тамған Зормата қонысы бұл күнде «жетім 

ауылдар»  санатының  сонында  жүр.  Оның  жағдайы  мынадай:  Зормата  ауылында  осы  аттас 

ауылдық  кеңес  пен  Партияның  ХIХ  cъезі  атындағы  колхоз  болды.  Оны  кейін  Киров 

атындағы колхозға қосты да, Зормата кеңесі жойылып, Киров ауылдық кеңесі аталды.  

Мектепте комсомол ұйымының хатшысы болып жүрген тоғызыншы сынып оқушысы 

Хиуаз  Қайырқызы  жастайынан  ұшқыш  болуды  армандады.  Асқақ  арман  оны  Оралдағы 

аэроклубқа  алып  келеді.  Сөйтіп  орта  мектепті  «өте  жақсы»  бағамен  бітірген  айғақтайтын 

аттестатпен бірге қосымша мамандық та алып шығады [2,161б.].  


 

437 


Хиуаз  апамыз  заманның  ағысына  бейімделген  жаңашыл  тұлға  болып  өсті.  Оның 

жастық  шағы,  азаматтық  және  тұлғалық  қасиеттерінің  кемелдену  үдерісі  ХХ  ғасырдың 

отызыншы жылдарының аяғы мен қырықыншы жылдардың тұсына сәйкес келді.  

Ұлы Отан соғысы басталғанда Хиуаз Доспанова Мәскеудегі медициналық институттың 

алғашқы курсының соңғы емтихандарын тапсырып жүрген болатын. Өзінің ұшқыш болғысы 

келетінін  айтып,  майданға  кетуге  каншама  рет  тілек  білдірсе  де,  аудандық  комсомол 

комитеті рұқсат бермейді. Ақырында қайсар қыз ВЛКСМ Орталық Комитетіне барады. Сол 

кезде  атағы  жер  жарған  кеңестік  ұшқыш  Марина  Раскова  үміткерлерді  өзі  іріктеп,  қазақ 

қызын  өзі  қабылдап,  штурмандар  тобына  алады.  Майданға  дайындық  емтиханнан  Саратов 

әскери – авиация училищесінде тапсырып, ұшқыш түнгі бомбалаушылар штурманы атағын 

алды.  

Қазақтың  ержүрек  ұшқыш  қызы  Хиуаз  Доспанова  Отан  үшін  өз  еркімен  майданға 



аттанды.  Ол  полковник  Евдокия  Бершанская  басқаратын  Красный  Дондағы  негізгі 

аэродромға  орналасқан  әскери  әуе  полкіне  қабылданды.      Хиуаз  Доспанованың  звено 

командирі Екатерина Пескарова болатын.  

ПО-2 әскери ұшағын жақсы меңгерген Кеңес армиясының қыздары жау әскерін адам 

және материалдық-техникалық жағын көп шығынға ұшыратты.  Бұған дейін әуе шабуылын 

тек күндіз ғана күтетін неміс-фашистер едәуір абыржып қалды. 21 жастағы қайсар қыз Хиуаз 

Доспанова ПО-2 бомбалаушы ұшақпен жау бекіністерінің үстінен түнде ұшқан. Бомбалаушы 

ұшақта  штурманның  атқарар  қызметі  тым  ерекше.  Тапқырлық,  батылдық,  өжеттілік  керек. 

Жау  бекінісінің,  қару-жарақ  қоймаларына  шабуылдап,  фашистер  есін  жинаймын  дегенше 

жарқ еткен найзағайдай түн құшағына сіңіп үлгерді.  

ПО-2 ұшақтарымен қараңғы түссе жаудың талай базалары мен әскери техникасын күл 

талқан  еткен  полктің  қыздары  туралы  соғыс  кезінде  көп  жазылды.  Хиуаз  Доспанова  

Солтүстік  Кавказ,  Кубань,  Украина,  Белоруссия  мен  Германияны  фашистерден  азат  ету 

жолында жаумен 300 - ден аса әуе шайқастарына қатысты. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Хиуаз  Доспанова  жауынгерлік  ерлігі  үшін  «Қызыл 

жұлдыз»,  II  дәрежелі  «Отан  соғысы»  ордендерімен  және  көптеген  медальдармен 

марапатталған.  Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  ересен  еңбегі  үшін  «Еңбек  Қызыл  Ту» 

орденіне ие болған [2,162- 163 бб.].  

Хиуаз Доспанова туралы алғаш баспасөз бетінде мақала жазған тілші - жауынгер, ақын 

Сағынғали Сейітов болды.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2004  жылғы  7 

желтоқсанындағы шешімімен қазақ халқының ержүрек майдангер қызы Хиуаз Доспановаға 

соғыс  кезіндегі  ерен  ерлігі  ескеріліп,  Тәуелсіздік  күніне  орай  «Халық  қаhарманы»  атағы 

берілді.  

Хиуаз Доспанованың 1960 жылы орыс тілінде «Под командаванием Расковой», ал 1963 

жылы қазақ тілінде  «Халқым үшін» деген кітаптары жарық көрген. 2006 жылы ол туралы 

деректі кинофильм түсірілгенін халқымыз жақсы біледі. 

Жігер,  ерлік  бойынан  табылған  Хиуаз  апамыздың  есімі  қазақ  халқы  үшін  қашан  да 

мәртебелі. 

Соғысты  екінші  топтағы  мүгедек  болып  аяқтаған  Хиуаз  Доспанова  мединститутқа 

қайта келіп оқуын жалғастырмақшы болды. Бірақ тағдыр оған басқа жолды жазыпты. Орал 

обкомының бірінші хатшысы Мінайдар Салин оны қоғамдық қызметке шақырады. Сөйтіп, 

өзі туған облыста нұсқаушы болып жүрген Хиуазды обком келесі жылы Алматыдағы жоғары 

партия мектебіне оқуға жібереді. Сонан соң комсомол жұмысында, Алматы Қазақ Советтік 

Социалистік  Республикасының  астанасы  болып  тұрғанда  қалалық  партия  комитетінің 

салалық  хатшысы,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  хатшысы  болып  қызмет 

атқарады [2, 219б.]. 

Қаhарман қыз 86 жасында, 2008 жылы мамыр айында дүние салды. 

2012 жылдың мамыр айында әскери ұшқыш, Халық қаhарманы Хиуаз Доспанованың 90 

жылдық мерейтойға орай еліміздегі «Эйр Астана» компаниясы жарқын бастама көтерді. Әуе 



 

438 


компаниясы  өздерінің  бірінші  ұшағына  аты  аңызға  айналған  ұшқыш  Хиуаз  Доспанованың 

есімін беруді ұйғарды.   «Embraer 190» әуе кемесінің бортына атақты ұшқыш қыздың есімі 

жазылды. 

Ерлік  ешқашан  ұмытылмауы  тиіс.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  өшпес  ерлігі  мен 

Шығыстың қос шынары атанған Совет Одағының батырлары Әлия Молдағұлованы, Мәншүк 

Маметованы және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованы бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.  

Соғыс жылдарындағы Хиуаз Доспанованың ерлігі жастарға өшпес үлгі болады. Қазақ 

қыздарының болашақ үшін күресте көрсеткен ерлігі мен еңбекте қосқан сүбелі үлесі кейінгі 

ұрпақтарға өнеге болып қалады. Қаhармандар ісін көпшілікке насихаттау, кейінгі жастарды 

патриоттыққа, отан сүйгіштікке баулу біздің қасиетті парызымыз.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1. 


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4- том.-Алматы: Атамұра, 2010.- 752б. 

2. 


Қаhарман қыз Хиуаз.(Әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктері, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, 

өлеңдер) - Алматы, 2012ж.- 296б. 



 

 

 

1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕМЕЙДІҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ 



 

А.Б. Байгапанова магистрант 

С.А. Курманбаева т.ғ.к., аға оқытушы  

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті 

(Астана, Қазақстан)  

 

Бесінші  бесжылдық  жоспарда  Семей  қаласының  әлеуметтік-экономикалық  дамуын 



үздіксіз  өркендету  көзделді.  Осы  жоспарды  ойдағыдай  жүзеге  асыру  үшін  идеологиялық 

және  ұйымдастырушылық  жұмыстарын  жоғары  сатыға  көтеру  керек  болды.  Экономиканы 

көтерудің басты маңызы деп социалистік жарысты одан әрі өрістету күн тәртібіне қойылды. 

Социалистік  жарыс-төртінші  бесжылдық  жоспарды  жүзеге  асыруға  еңбекшілердің  ең  таяу 

уақыттың  ішінде  атқаруға  тиісті  игілікті  жұмыстарының    бағдарламасы  болып  табылады. 

Жеңіске  жетудегі  таңдаған  даму  моделінің  дұрыстығын  тілге  тиек  ете  отырып,  сталиндік 

партиялық насихат әміршіл-әкімшілік жүйенің мызғымастығын бұқара санасына үстемелей 

енгізе  түсті.  Еліміздің  озат  кәсіпорындары  ұжымдарының  бастамасы  бойынша  жаңа  бес 

жылдық  жоспарды  орындау  және  асыра  орындау  жолындағы  Бүкіл  одақтың  социалистік 

жарыс  басталды.  Еңбек  өнімділігін  одан  әрі  арттыруда  социалистік  жарыстың    маңызы 

ерекше болды. 1950 жылдардан бастап  Семей  қаласының жеңіл өнеркәсібінің дамуына аса 

мән  берілді.  Осы  кезде  «Большевички  Украины»  және  Володарский  атындағы  тігін 

фабрикаларын  кеңейту  қарастырылды.  Сондай-ақ  жылына  жарты  миллион  щұлық 

шығарылатын    шұлық  фабрикасы  мен  жылына  650мың  метр  мата  өндіретін  шұға 

комбинатын кеңейту белгіленді.[1,4]  

Cемейдің Володарский атындағы тігін фабрикасы жылдық жоспарын мерзімінен бұрын 

орындауға  шақырған  Қарағандыдағы  «Ленинуголь»  тресі  көміршілерінің  үлгісі  мен 

социалистік  жарысты  кең  өрістетті.  1951  жылдың  24  қазаннында  11  айлық    өндірістік 

жоспардан  тыс  тағы  бір  миллион  сомның  өнімін  шығаруға  жаңадан  міндеттеме 

қабылдады.[2].  

Семейдегі  мақта  иіру  фабрикасының  ұжымы  жылдық  жоспарды  асыра  орындаған 

стахановшылар  Г.Попенко,  В.  Кузьмина,  Е.  Даниловалар  нормаларын  115-130  пайызға 

артығымен қол жеткізгенін. [3]. М.И. Калинин атындағы ет-консерві комбинатындағы озат 

жұмысшы  Мария  Тимошина  өндірістік  тапсырманы  үнемі  асырып  орындап,  күн  сайын  5 

мың  консерві  сауытын  жасайтын  көрсеткішін  8-9  мыңнан  кем  орындамаған.[4].  Аяқ  киім 

және  киім  тігетін  комбинаттың  жұмысшылары  өзара  социалистік  жарысты  кең  өрістетіп, 



 

439 


өндірістік  өрлеу  туғызады.  Алдыңғы  қатарлы  стахановшылар  1952  жылда  айтарлықтай 

табыстармен  айтарлықтай  тасбыстарымен  қарсы  алғалы  отыр.  Былғары  жасап  шығарудың 

мастері  Шетлев  жолдастың  соңғы  күндердегі  еңбек  көрсеткіші  230  проценттен  кем  болып 

көрген емес.[5] Олар 20күннің ішінде 997 сомның материалын үнемдеді. 1950 жылы былғары 

комбинатының  23бригадасы  үздік  сапа  атағын  алды.  [6,180].  Былғары  комбинаты  1951 

жылдың  төрт  айлық  жоспары  комбинаты  1951  жылдық  төрт  айлық  жоспары  комбинатты 

тұтас алғанда асыра орындап, жоспардан тыс 3 млн. 642 мың сомның өнімі шығарылды. Төрт 

айда жоспардан тыс 22 тонна  қатты былғары, 24 мың қой терісі өңделді. 20 мыңнан астам 

тері бұйымдары жасалды. Дүйсекенов, Әлиақпаров, Жолдыбаевтар күн сайын екі нормадан 

асыра  орындап,  мемлекетке  87  мың  сом  пайда  келтірді.  Комбинаттың  өнім  сапасы 

бұрынғыға  қарағанда  жақсарып,  жұмысты  ұйымдастыру  мен  өнімді  шығару  біршама  өсті. 

Нәтижесінде  былғары  комбинаты  16  тонна  шикізат  пен  1  миллион  сом  үнемдеді.  1950 

жылдың қаңтарында қала бойынша  үздік 343 бригада жұмыс істесе, 1954 жылы бригада да 

4556  жұмысшы  болды.  [8].  Бесжылдық    жоспарды  уақытынан  бұрын    орындау  үшін 

ұйымдастырылған  социалистік  жарысқа  алғаш  болып  қолдау  көрсеткендер  Володарский 

атындағы фабрика, аяқ киім, мата игеру, шұлық, «Большевичка Украины» фабрикалары мен 

кеме  жасау  заводы,  ұн  комбинаттары  еді.  1954-1955  жылдары  бұл  кәсіпорындардың 

ұжымдары  бүкіл  одақтық  және  облыстық  социалистік  жарыстарда  бірнеше  рет  жеңімпаз 

атанып, қызыл туды жеңіп алып, сыйлықтармен марапаталады. 

 

Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  есептік  көрсеткіштерде  Семейдегі  өнеркәсіптер 



жоспардың 91,9 % пайызын ғана орындаған.  1955жылы қаладағы өнеркәсіптердің өндірістік 

жоспары  106,2%  пайызға  орындалып  жағдайы  өзгереді.  1954  жылға  қарағанда  өнім  219,5 

млн.  сом  көбірек  өндірілген.  [9,19].  Аталмыш  кезеңдерде  кәсіпорындарда  арнайы 

техникалық  білімі  бар  мамандар  жетіспеді,  сондықтан  жас  мамандарды  жоғары  оқу 

орындарына  және  арнаулы  білім  алуға  техникумдарға  сырттай  білім  алуға  жіберіліп 

отырған.[10,35].Осы кезеңдерде жұмысшылардың да  білімін көтеруді арнайы жоспарға сай 

өткізіп  отырған.  Мысалы,  алғашқы  жүн  өндеу  фабрикасы  1955  жылы  жұмысшылардың 

біліктілігін көтеруден  жылы жұмысшылардың біліктілігін көтеруден 340 адам өткізсе, жеке 

дайындықтан 64 адам өткен. [11,4]. Барлық өнер кәсіп орындарында техникалық білім беру 

мен қоса жұмысшылардың саяси-идеялық білім деңгейін көтеретін дәрістер оқытылған. Жас 

мамандарды тұрақтандыру мақсатында пәтермен қамтамасыз еткен. [12,2]. Алайда өндірісті 

интенсифекациялауға  өзінің  етене  қабілеттілігін  көрсеткенін,  «Өмір  бойы  тоқыраумен 

ауыратын  капиталистік  экономикалық»  қолынан  келмейтін  осындай  қарқынға  қол 

жеткізгенін мақтан етті. Интенсивтендіру тек қана қаржы құюды, энергиялық қуатты, өнім 

шығаруды  жай  ғана  көбейту  емес,  өндіріс  тиімділігін  нақты  арттыру  екені  назарға  алына 

қоймады.  Экономика  саласындағы  жіберілген  кемшіліктер  мен  қиыншылықтарды  , 

өндірістегі  кейбір  жағдайларды  сыни  тұрғыдан  зерделеуге  және  қорытуға  қажет 

салыстырмалы  талдауға  қол  жеткізу  мүмкін  емес  болатын,  себебі  ол  идеологиялық  бағдар 

мен  экономикалық  теориялық  тұжырымдық  құрылым  тапсырысы  күшіне,  олардың 

методологиялық  құралдарына  және  партиялық-  бақылау  аппаратына  тәуелділігі  ондай  

сараптауға  жол  бермейтін  еді.  Солай  бола  тұра,  салыстырмалы  түрде  одан  біраз  бертінгі 

бағалау  бойынша,  экономиканың  үдемелі  деңгейі,  әсіресе  өнеркәсіптегі  ілгерлеу, 

қарастырылып  отырған  жылдарда  қолданған  шаралардың  ауқымды  деңгейінің  шектен  тыс 

екендігіне салды. Міне, осылай 50-ші жылдардағы халықтың сұранымын мемлекет белгілеп: 

оның қандай тауар алуын міндеттеп отырды. Әрине, кеңес экономикасы осы немесе келесі 

бесжылдықта шығаратын тауарды ғана  алуға тиіс еді. Семейдің кәсіпорындары өнімдерінің 

өсу  қарқыны  50-ші  жылдардың  аяғында  біршама  төмендеді,  бірақ  бұрынғыға    қарағанда 

кәсіпорын тұрақтанды.  

1959  жылы  Семейдің  өнеркәсіптерінің  жоспары  мезгілінен  бұрын  орындалып, 

жоспардан  тыс  шығарылған  өнім  215  млн.  сомды  құрады.  [13,19].  Кәсіпорындардың 

арасынан    Семейдегі  осы  кезеңдегі  өнімді  шығарды  арттырған  кәсіпорындар:  ет  консерві 

комбинаты, аяқ киім фабрикасы және олар осы аймақтағы  ең ірілері еді. Зерттеліп отырған 



 

440 


кезеңдегі  Семейдің  экономикалық  дамуы  өнеркәсіптің  «Б»  тобының  даму  есебінен  яғни, 

тамақ және жеңіл өнеркәсібінен өсті. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

ҚРОМА 1479-қ. 1-т, 2232-іс, 4-п. 

2.

 

Шафиев К.Мерекеге табыспен келеміз // Екпінді 1951 ж. 27 қазан. № 112. 



3.

 

Жағпарова Ф. Өндірістегі озат әйелдер // // Екпінді 1951 ж. 30 желтоқсан. № 257. 



4.

 

Консерві зауыты алда келеді. Екпінді 1951 ж. 27 қазан. № 112. 



5.

 

Еңбек өнімі жоғары. Екпінді 1952ж. 20 желтоқсан № 102 



6.

 

История городов Казахстана: Семипалатинск. Алма-Ата; наука, 1984-224. 



7.

 

Бутин В. Біздің тарту// Екпінді 1951ж. 1 мамыр. № 85. 



8.

 

Ел бірлігі // Семей таңы 1977ж. 7қыркүйек. 



9.

 

Адильбаева  А.С.  Социально-экономическое  и  культурное  развитие  городов  Восточного 



Казахстана в конце ХІХ –начале ХХІ века. Автореферат. уч.степ д.и.н. Семей  2010г. 40стр. 

10.


 

ШҚОҚЗТҚО 1399-қ, 1-т, 233-іс, 35-п. 

11.

 

ШҚОҚЗТҚО 1399-қ, 1-т, 330-іс, 4-п. 



12.

 

ШҚОҚЗТҚО 1399-қ, 1-т, 330-іс, 2-п. 



13.

 

ҚРОМА 1982-қ, 1-т, 32-іс, 19-п. 



 

 

 

РОЛЬ ЖЕНЩИН ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА В  

ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 

 

А.Е. Ахметкалиева  

Магистрант  2 курса специальности «6М020300» История, Г.Т. Мусабалина д.и.н., 

профессор ЕНУ им Л.Н.Гумилева (Астана, Казахстан) 

  

 



22  июня  1941  года  началась  Великая  Отечественная  война,  гитлеровская  Германия 

вероломно, без объявления войны напала на СССР. Это была одна из жесточайших войн, что 

унесла  с  собою  миллионы  человеческой  жизни.  По  плану  фашистских  стратегов  в 

соответствии  с  планом  «Барбаросса»,  территория  Казахстана  должна  была  входить  в 

«Гросстуркестан».  Но  советский  народ  мужественным  сопротивлением  сорвал  планы 

«молниеносной войны».   

  

За  годы  войны  в  действующую  армию  Казахстан  выставил  на  фронт  1200  тыс. 



человек,  в  том  числе  82  тыс.  коммунистов  (2/3  предвоенной  численности),  242  тыс. 

комсомольцев (почти 70%) и 5183 женщин и девушек, а так же свыше 700 тыс. в трудовую 

армию  и  специальные  строительные  части.  Много  ли  это  или  мало?  По  итогам  переписи 

населения  1939  г.  в  Казахстане  проживало  6,2  млн.  человек.  Даже  с  учетом  размещения  в 

республике  примерно  1,5  млн.  эвакуированных  жителей  прифронтовой  полосы  и 

репрессированных  народов,  процент  мобилизации  оказался  очень  большим    [1.с.450]. 

Пришлось перестраивать народное хозяйство  на военный лад. Не хватало рабочих рук, но 

успех всей работы решали люди. Люди понимали, насколько их помощь важна фронту. Так 

работали  на  различных  предприятиях  славные  труженики  и  труженицы  советского  тыла, 

оказывающие  действенную  помощь  своим  мужьям,  отцам,  сыновьям  и  братьям  – 

фронтовикам.    Каждый  понимал  свой  долг,  свою  ответственность  перед  государством. 

Только  благодаря  высокой  трудовой  активности  колхозников,  и  колхозниц  многие  артели 

успешно справлялись с сельскохозяйственными кампаниями. На уборку выходили и стар и 

млад.  Все как один понимали, от них зависит многое. Велика роль женщины в период этой 

жестокой  войны.  Провожая  своих  мужей  в  Красную  Армию,  женщины  желали  им 

мужественно  и  стойко  сражаться  с  гитлеровскими  бандитами,  обещая  работать  на 

производстве  по-стахановски.  И  в  действительности  они  сдерживали  свое  слово.  За  время 

войны изменилось лицо предприятий. Они стали работать более четко и слаженно, наиболее 



 

441 


полно  использовались  внутренние  резервы,  в  самых  трудных  условиях  выполнялись  и 

перевыполнялись  государственные  планы.  Изменения  происходили  и  в  людях,  теперь  у 

станков  и  машин    стояли  не  мужчины,  а  женщины  и  девушки.  Не  покладая  своих  рук 

трудились  сотни  женщин  и  девушек.  Женщины,  стоявшие  за  станками,  сидящие  за 

швейными  машинами  не  были  профессионалами  в  этом  деле.  Многие  из  них  были 

работниками связи, милиции, ювелирторга, инспектора банков и тд. Но все они осваивали 

новые  специальности,  и  работали  машинистками,  трактористками,  железнодорожницами, 

чтобы ускорить выполнение фронтового заказа. Свыше 4 тысяч женщин и девушек работали 

непосредственно  в  трактороводческих  бригадах  и  звеньях,  свыше  200  женщин  водили 

тракторы и комбайны; около тысячи человек работали на животноводческих фермах, 30 из 

них занимают командные посты. 

Призыв ворошиловских колхозниц нашел  горячий отклик и поддержку среди женщин 

всего района. Они ответили на него конкретными делами. Колхозы района 22 мая первыми в 

области закончили сев всех культур и посеяли сверх плана 1000 гектаров зерновых. На 362 % 

район  выполнил  план  подъема  новых    земель.  В  этом  большую  роль  сыграли  женщины. 

Самоотверженно  трудились,  выполняя  свои  обязательства,  колхозницы  сельхозартелей 

имени Ворошилова, «Заря свободы», «Жана жол», «Свободный труд», «Берлик», «Егинчи», 

«Новый мир»  и других  [2]. Организаторами этой силы, этого движения являлись женские 

советы и женорги колхозов, которые правильно поняв свои задачи,  подымали женщин на 

активное участие в производстве весеннего посева.  

В цехах судоремонтного завода жена командира Красной Армии Мария Курова прошла 

путь  от  простой  домохозяйки  до  хорошего  электросварщика,  мастера  своего  дела.  Своей 

специальностью  она  овладела  в  совершенстве:  на  двух  электросварочных  точечных 

аппаратах,  которые  раньше  обслуживались  4  рабочими,  Мария  работала  одна. 

Электросварщик Мария Курова добилась большой производительности труда. В отдельные 

дни она выполняла до 5 норм [3]. Мы видим героическую стойкость советских женщин, если 

мужчины воевали на фронте оружием, то наши женщины днями и ночами воевали в цехах, 

артелях, фермах и колхозах своим трудом, для получения должного результата.  

С каждым днем советские женщины развивали свои способности и дарования, трудясь 

на  самых  разнообразных  поприщах.  У  нас  в  области  было  немало  пламенных  патриоток 

работавших  в  сельском  хозяйстве  и  на  предприятиях,  которые  смело  заменяли  мужчин 

ушедших  на  фронт,  зная  что  любимой  родине  и  Красной  Армии  необходимо  дать  больше 

продуктов сельского хозяйства и промышленности.  Так,  например,  в весеннее-посевную 

кампанию,  в  дни  уборки  в  колхозах  и  совхозах  области  работало  свыше  двух  тысяч 

трактористок,  38  женских  тракторных  бригад.  Лучшими  среди  них  являлись  тракторная 

бригада  Тансыкской  МТС  депутата  областного  совета  тов.  Тизековой,  систематически 

перевыполнявшая  плановые  задания;  женская  бригада  Колпеновой,  работавшая  в  колхозе 

«Енбекши»; бригада Елены Хорошуновой из октябрьской МТС и другие. 

514 женщин за это время овладели специальностями комбайнеров, 15 стали шоферами, 

30 - 


механиками и так далее. На швейную фабрику «Большевичка» в дни войны пришли 593 

женщины, в основном это были молодежь и жены фронтовиков. Среди них насчитывалось 

406 стахановок, 93 двухстотниц. Так, жена фронтовика Гольбаум, работала на спецмашине и 

глажке,  выполняя  норму  более  чем  на  300  %;  в  совершенстве  овладевшая  мужской 

профессией  работница  закройного  цеха  Пономарева,  тов.Казакова  которая  выполняла  две 

операции  на  216-230  %.  На  первой  обувной  фабрике  271  женщина  овладела  несколькими 

операциями  обувного  производства.    Женщины  города  оказывали  большую  помощь 

предприятиям  в  проведении  уборки  урожая  на  подхозах.  Перед  женщинами  так  же  стояла 

большая      задача  -  повести  решительную  борьбу  с  детской  безнадзорностью  и 

беспризорностью [4].  

Так  трудились  в  цехах    фабрик  и  заводов  тысячи  советских  патриоток.            Красной 

Армии,  которая  успешно  наступала  на  врага,  требовалось  еще  больше  провизии,  хлеба, 

овощей, мяса, боеприпасов, теплой одежды, обмундирования и снаряжения. Боевые подруги 


 

442 


красных воинов должны были работать с еще большей самоотдачей, еще более энергичнее, 

утраивая  помощь  фронту.    Еженедельно  проводились  инструктивные  семинары 

организаторов  по  труду,  на  которых  женщины  -  стахановцы  обменивались  опытами  своей 

работы.  Женщины  включались  в  предмайские  социалистические  соревнования.  Друг  с 

другом  соревновались  бригады  машинисток,  кройщиц  и  шитниц.  Женщины  проводят 

большую работу на самых различных участках. В лаборатории мелькомбината №1 бригады 

тт.Старухиной  и  Горячевой  зорко  контролировали  хранение  зерна  и  готовой  продукции, 

следили за качеством, в тотчас же выявляя причины появления брака-выпуска нестандартной 

продукции.  Замечательно  работали  железнодорожницы.  На  станции  Жана  Семей  бригады 

грузчиц  Айхимовой  и  Черевой  изо  дня  в  день  перевыполняли  свои  задания  по  погрузке  и 

разгрузке [5].  

Поэтому  надо  помнить,  что  советская  женщина    была  основой  нашего  тыла,  чья 

активная  деятельность  являлась  залогом  успешного  разрешения  всех  хозяйственно  – 

политических задач страны. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет