популяризация культурного наследия.
heritage.
295
ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ
Ә.Т. Тұрғанбекова
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты.
aktogai_0305@mail.ru
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген еді. Осы бағдарламада Елбасы бірнеше
бағытты атап өткен еді:
1.
Бәсекелік қабілет.
2.
Прагматизм
3.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
4.
Білімнің салтанат құруы.
5.
Қазақстанның революциялық жолмен емес, эволюциялық дамуы [1].
Бағдарламадағы бұл бағыттар қазіргі таңда елімізде жаһандану кезеңінде өзекті болып
табылатынына күмән жоқ. Қазіргі таңда білім мен ғылымда, жалпы өмірдің барлық салаларында
бәсекеге қабілеттілік алдыңғы орынға шықты.
Аталмыш бағдарламаны дұрыс, терең түсініп, ауқымды жұмыстар жүргізуде облысымызда
облыс басшыларынан бастап, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, журналистер, ұстаздар қауымы
өз үлесін қосып жатқаны айдан анық. Оған дәлел облыс басшылығының қолдауымен Өңірлік
жобалық кеңсесінің құрылуы, аймағымызда «Павлодар облысының сакралды жерлерінің
географиялық картасының» жасалуы, көптеген кіші бағдарламалардың әзірленіп, сол бойынша
қызу жұмыс жүріп жатқандығы.
Осы орайда, ұстаздардың оқушыларымен жүргізіп жатқан жұмыстары да аз емес деп
айтуға болады. Өз оқу орнымызда жыл сайын облыстық «Ертіс дарыны» қосымша білім беру
орталығының ұйымдастыруымен өтетін ғылыми жобалар сайысына оқушылар жыл сайын
қатысып, өз жобаларын қорғап, әртүрлі орын иегері атанып жүр. Былтырғы жылы 9А сынып
оқушысы Амантай Жараспай «Ұлттық тәрбиедегі ата-әже институтының рөлі» атты ғылыми
жобамен жұмыс жасады. Өз жобасында ұлттық тәрбиенің – адам өміріндегі зор қазына екенін,
ата-әже институты, ата-әже тәрбесінің баланың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді
дарытуы мен азаматтық тұрғыдан өсуіне зор ықпалы бар екенін дәлелдей отырып, қазақ
халқының бала тәрбиелеу дәстүріне тоқталып, сол бойынша біршама зерттеу жұмыстарын жа-
сады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласында экономикалық жаңғырумен қатар рухани жаңғыру дәуірі
басталғанын, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын
атап өтеді[1]. Бүгінгі таңда рухани жаңғыру аясында қазақ халқының қайта жаңғыртуды қажет
ететін салт-дәстүрлері бар. Солардың ішінде ата-әже институтының маңыздылығын келтіре
отырып, бауырға салу дәстүрінің болашақ ұрпақты адами тұрғыдан рухани бай, толыққанды,
мейірім мен даналықтан нәр алған азамат ретінде өсіру үшін қажеттілігін осы жобада жан-
жақты зерттеп, дәлелдеу міндетін қойды. Жобада бала тәрбиесінде ата-әженің рөлі ерекше
екенін жете түсіндіру, маңыздылығын дәлелдеу, ежелгі салтты қайта жаңғырту мәселелеріне
жете тоқталды.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
• Ұлттық тәрбиенің рухани тәрбиемен ұштастығын айқындау;
• Ата-әже институтының маңыздылығын анықтау;
• Бауырға салу дәстүрінің оң ықпалын саралау.
Осы жобада ерекше қарастырылған салт - «бауырға салу» дәстүрі болды. «Бауырға салу»
дәстүрі туралы айта кететін болсақ, бұл салт қазақ халқында ежелден бар. Әдетте, қарт аталар
мен әжелер алғашқы немересін қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат
қылады. Мұны «бауырына салу» дейді. Бауырына салушы адам өз ата-анасынан ажыратпайды.
Баланы екі үйде де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте, үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне
өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, адамгершілік жақсы қасиеттерді бойына
сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр
басқан үйінде қалуына еркі бар[5].
296
Жалпы, қазақ отбасылары әлі ұлттық дәстүрлерді қатаң сақтауға тырысады. Дәстүрлерге
деген құрмет қазақ халқына тән қасиет. Дәстүр бойынша қазақтар үлкен отбасы боп өмір сүреді,
қазақ салты бойынша кенже ұлы ата-анасымен бірге тұрады және өз отбасын ата-анасының
үйінде құрады. Ержеткен бала кәмелеттік жасқа толып, қаржылық өзін-өзі қамтамасыз етуі
тұрақтанып, некеге тұрса да ата-анасының үйін тастамайды. Сөйтіп, бір отбасында үш-төрт
ұрпақ бірге тұрады. Сол дәстүр келмеске кетпей, қайтадан жаңғырып, қазіргі заман ағымының
өзгерісіне ұшырамай, сақталып әрі қарай дамыса деген ойдамыз.
«Қарттар үйі» саны азайып, қарияларымыз өздерінің балаларының шаңырағында тұрса,
рухани бай, жүрегі мейірімге толы, қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан тәрбие алған жастарымыз
өсіп, еліміздің нағыз азаматы болып шығар еді.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы
керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет[2]. Ол
үшін біз, ұстаздар қауымы, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың
тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің
іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына
байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте
болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы
шартты нәрсе екені баршамызға аян.
1. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен
жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы
азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл
бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған
мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі
ізденістерін көрсету – басты міндетіміз [4].
2. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие
беру – ұстаздар қауымының басты парызы.
3. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге
негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-
сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен
жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны
тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн [3].
Биылғы жылы да Павлодар өңірінің киелі жерлерін зерттеп, сол бойынша жұмыс жасауға
ниеттеніп 7-сынып оқушысы Талқайрат Ерасыл жоба жұмысын бастады. Қасиетті орындар,
яғни сакралды жерлер Павлодар облысында бірден қолға алынған жұмыс. Қазір барлығы 78
орын анықталып, оның 5-еуі республикалық картаға енгізілген. Киелі, қасиетті, әулиелі жерлер
қазақ халқының өмірінде ерекше маңызды орын алған. Бұл атам заманнан бері келе жатқан
діни наным-сенімге байланысты, тылсым сырлы ерекше құдіретке адамдардың көзқарасын,
құрметін білдіреді. Өз өңіріміздегі осы киелі жерлердің терең сырына үңілу, аз да болса сол
сырды шешуге ұмтылуға тырысу- бүгінгі күнге қойған міндетіміз. Осындай зерттеу жұмыстары
арқылы оқушылардың танымдық, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып,
олардың өз елінің білімді де білікті азаматы болып қалыптасуына аз да болса өз үлесімізді
қосатынымыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: