Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет208/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   674
ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ РЕТІНДЕ

Г.С. Уатаева

Қарағанды гуманитарлық колледжі, Қарағанды қаласы, gulmira_uataeva@mail.ru 

Жаңартылған  білім  мазмұнын  білім  жүйесіне  енгізу  аясында    Республика  көлемінде 

педагогикалық  шеберлік  орталықтарының  ұйымдастыруымен  оқытушылар  қауымдастығы 

кезең-кезеңмен  біліктілікті  арттыру  курстарынан  жаппай  өту  үрдісі  қалыптасып  отыр.  Бұл 

ауқымды жұмысқа ең үздік тренерлер жұмылдырылып, бүгінгі күні білім ошақтарындағы педагог 

қызметкерлер оқытудың жаңа тәсілдерін жетік меңгеріп, жаңартылған білім мазмұнының табысты 

енгізілу жұмыстарына белсенді араласып жүр.  Курсты өту нәтижесінде оқытушылар көптеген 

оқыту  стратегияларын,  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді  араластырып  қолдану  мүмкіндіктерін 

игеріп, нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы 

білімдермен қаруланған.

Жаңартылған  білім  мазмұнының  басты  компоненті  болып  табылатын  белсенді  оқытудың 

негізгі  мәні  –  оқу  үдерісі  іс  жүзінде  барлық  оқушы  таным  үрдісіне  тартылатындай  болып 

ұйымдастырылуында.

Қазіргі кезде белсенді сабақ ұйымдастыруда келесі схема кеңінен қолданыс табуда:

1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау- сабақ 

уақытының 10% үлесі;

2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау)- сабақ уақытының 20% үлесі;

3. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50% үлесі;

4. Бағалау - сабақ уақытының 10% үлесі;

5. Сабақты қорытындылау - сабақ уақытының 10% үлесі.[1]

Курста  тыңдаушылар  сәтті  сабақты  жоспарлауда  басшылыққа  алатын  қағидаттармен 

танысып, өз тәжірибелерінде ұтымды қолданып жүр.

Жеке сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы маңызы мен орны белгіленуі;



Оқу мақсаттарының және оған жету қадамдарының нақты анықталуы;

Оқу бағдарламасының талаптары мен сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды сабақтың 



болуы;

Сабақтың жекелеген кезеңдерінде және сондай-ақ бүкіл сабақ бойында оқушылардың 



меңгерген білік дағдылары мен білім деңгейлерінің жоспарлануы;

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастырып,  дамытуға  негізделген  оқу 



құралдары мен әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдау;

Сабақта оқушының жеке жұмысы мен бірлескен оқу үлгілерін тиімді қолданылуы;



Оқушының өз бетінше білімді игеруіне барлық мүмкіндіктің қарастырылуы;

Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қажеттілігінің ескерілуі;



Сабақта дидактикалық қағидаттардың жүзеге асуы;

Сабақта оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуы;



Сабақта жедел кері байланыстың жүзеге асуы;

Сабақта жоғары қарқын және белсенді үдерістің болуы;



Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күйдің болуы;

Сабақта қауіпсіз ортаның, жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуы.



Жаңартылған  бағдарламамен  жұмыс  жасап  жүрген  оқытушылар    «Үздік  сабақтың  алты 

белгісі» қағидатын жүзеге асыруда. 

Сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі;



Оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы;

Оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы;



Оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі;

Оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану;



Сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану. [2]

Жаңартылған білім мазмұны аясында табысты сабаққа оның тиімділігі тұрғысынан қойылатын 

талаптар топшыланып, зердеден өткізілді.

Сабақтың өн бойында әрбір оқушының белсенді танымдық әрекетте болуы;



Жаңалық ашу арқылы оқудың ұйымдастырылуы;

Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық 




299

қолдау көрсетуі;

Сабақта оқушылардың танымдық әрекетке ынталануы;



Сабақтың  барлық  кезеңдерінде  оқушылардың  өзін-өзі  бақылауы,  басқаруы  және 

рефлексия жасауы;

Сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың 



және шығармашылық тапсырмалардың болуы;

Оқу мақсаттарына қол жеткізу. [3]



Бүгінгі  күні  жаңартылған  білім  мазмұнын  енгізуге  қатысты  оқытушылардың  біліктіліктерін 

арттыру жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылып жатыр, қойылған міндет тиісті деңгейде 

орындалып жатыр деп айтуға болады.

Ендігі  туындайтын  мәселе  –  жаңартылған  бағдарламалармен  жұмыс  жасап  жатқан 

оқытушылар үшін курстан соңғы әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары әлі де қарастырылып, 

өз шешімін тапса деген ұсыныс бар.

 

Батыс  ғалымдарының  жүргізілген  талдауы  негізінде  анықталған  мынадай  мәселелер 



толықтай  өз  шешімін  табуы  керек,  атап  айтсақ,  мұғалімдер  өз  әріптестерімен  өздері  сабақ 

беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа 

ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін 

басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.  

 

Мәселенің анығы, жаңартылған білім мазмұны аясында білімін жетілдіру курсын тәмамдап 



келген оқытушы білген-үйренгенін әріптестеріне қысқа семинарлар өткізумен шектеліп келеді. 

Өз тәжірибесінде оқушылар бойында кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруда қол жеткізген 

жетістіктері  мен  үрдіс  барысында  туындайтын  қиындықтары  жайлы  талқыға  салатын  кәсіби 

қауымдастықтар жұмысы жүйеге қойылмаған. Әр оқытушы ең жақсы дегенде, әдістемелік газет-

журналдарда мақала жариялап, тәжірибесімен бөлісуде.  Білім беру ошақтарында әдістемелік 

ұйымдар жұмысы жаңартылған білім мазмұны аясында жетілдіру жолдарын қарастырып жатса, 

іс оңға басады. Жүйе жоқ жерде, аталған жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр деген 

қорытынды жасай алмаймыз.

Педагогтар құрамы арасынан жаңа бағдарламалардың негізгі мәнін дұрыс топшылай алмай 

жүргендері  де  кездеседі,  мәселені  біржақты  қарастырып  жатқан  мысалдар  да  баршылық. 

Бүгінгі күн тәжірибесінде орын алған бір олқылық – жаңа бағдарлама ұсынған педагогикалық 

әдіс-тәсілдердің  аз  пайызы  оқытуда  жүйелі  түрде  қолданылуда.  Жаңа  тәсілдердің  әлі  де 

болса  бірқатар  ұтымды  да  тиімді  түрлері  өз  қажетіндегідей  үрдістен  қалыс  қалуда.  Және  де 

мұғалімдер  тарапынан  тәсілдердің  жеңіл  түрлерімен  шектелу  жағдайы  көп  орын  алуда. 

Мысалы,  «Бас  бармақ»,  «Бағдаршам»  стратегиялары  жиі  қолданыста.  Ал  «Lesson  study», 

«Қара квадрат» сияқты басқа да пәрменді тәсілдер тәжірибеде зерделеніп, көпшілікке таратылу 

үрдісі қалыптаспай отыр. Сыныпта жүргізіліп жатқан оқу үрдісін «Қара квадратта» жұмыс атқару 

екенін  жетік  меңгерген  педагогты  жаңартылған  бағдарламамен  жұмыс  жасап  жатқан  педагог 

деп  білу  керек.  Тиімді  кері  байланыс  жасай  білу,  білім  алушылардың  өздерін  және  бір-бірін 

бағалау  үрдісі  жақсы  деңгейге  қойылғанда  ғана  жұмыстың  жемісін  көруге  болады.  Әйтпесе 

ашық сабақтарда, тексеруші қатысқан сәтте ғана жаңа тәсілдерді қолданып, кейін қайтадан ескі 

сарынның жетегінен шыға алмай қалып жатқан әріптестеріміз де жоқ емес.

Осындай  қолайсыз  жәйттер  орын  алмас  үшін  әр  білім  ошағында  «Lesson  study»  зерттеу 

сабақтарын тәжірибеде кеңінен тарату керек. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларын 

толыққанды  енгізудің  негізгі  шарты  деп  қарастыруға  да  болады.  Жоғарыда  айтылғандай, 

оқытушылар  өз  әріптестерімен  өздері  сабақ  беретін  пән  бойынша  және  мазмұндас  пән 

бойынша кәсіби қоғамдастық құрып, жаңартылған бағдарламамен жұмыстағы жетістіктер жайлы 

коучинг, шеберлік сыныптарын өткізсе, сөйтіп көпшілік талқысына салып, зор үлесін тигізе алар 

еді.  Бір  ғана  білім  ошағымен  шектелмей,  бірқатар  басқа  ұйымдардың  өкілдерімен;  желілік 

кәсіби  қоғамдастық  шеңберінде,  тәлімгерлік  жүйесін  көздейтін  басқа  да  іс-шаралар  аясында 

ынтымақтастық орната білулері керек. Сонда жұмыс нәтижелі болады деп сенуге болады.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» демекші, ендігі кезекте бастауыш білім беру жүйесіндегі 

оқытудағы  жүйелі-әрекеттік  ұстанымды  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  мазмұндағы  бағдарлама 

қарастырған  пәрменді  әдіс-тәсілдерді  зерттеп,  танып,  тәжірибеде  машықтап,  ұтымдыларын 

көпшілікке ұсыну жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындап отыр.  



300



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет