Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет211/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   674
Ключевые  слова:  обновленное  содержание  образования,  лучший  урок,  успешный  урок, 

работа  в  сотрудничестве,  сообщество  учителей,  сетевые  профессиональные  сообщества, 

коучинг, менторинг.

Key words: question, the updated content of education, subject, the framework of network profes-

sional communities, various partnership agreements, propose active, coaching, mentoring.




301

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНА БАСТАМА

З.Р. Хасенова 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі,Арқалық қ, tgk76@mail.ru

Қоғамдық  сананы  жанартудағы  білім  беру  жүйесі  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы бүгінгі таңда өте қажетті 

және орынды идея. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын сипаттап 

берді.  2017  жыл  -  Қазақстанның  экономикалық  өсуінің  жаңа  үлгісін  жасап,  біздің  жаһандық 

бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ететін үшінші жаңғыруды іске асыру қолға алынған жаңа 

дәуірдің басы болды. Қоғамның рухани жаңғыруы озық дәстүрлер мен ұлттық-мәдени негіздер-

ге  арқа  сүйеуі  керек.  Бұрынғы  инновациялар  бүгін  дәстүрге  айналды,  бүгінгі    инновациялар 

ертең дәстүрге айналады. Мұндай ұстаным халқымыздың өткенін, қазіргі күні мен болашағын 

жалғауға, ұлттық сананың әралуан полюстерін жақындатуға мүмкіндік береді. Ендеше, елбасы 

қоғамды  да,  сондай-ақ  әрбір  азаматты  да  жаңғыртудың  бірқатар  негізгі  бағыттарын  ерекше 

бөліп көрсетіп отыр. Біріншіден, бұл - бәсекеге қабілеттілік, компьютерлік сауаттылық, шет тіл-

дерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну 

қабілеті. Екіншіден, бұл - прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тарту-

ды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар 

дағдыларының тарихи тәжірибесін де қамтиды. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық 

сана өзгерген кезде ұлттық «Мен»-нің ішкі мәйегін сақтау. Бүгінде, барлық жағымсыз нәрселерге 

дәстүр мен салт-сананы қарсы қоюға болады. Сонымен бірге, біз ұлттың дамуына кедергі кел-

тіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылуымыз керек. Төртіншіден, білім салтанаты - ұлттың 

жетістігі.  Алдағы  технологиялық  революция  қазіргі  жекелеген  кәсіптердің  жойылуына  алып 

келген  кезде,  білім  -  қол  жеткізер  табыстың  ең  іргелі  факторы  болмақ.  Бесіншіден,  тек  қана 

эволюциялық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты 

және Қазақстанның әрбір азаматының ішкі сенімі. Алтыншыдан, сананың ашықтығы, аума-төкпе 

заманда  қоғамның  және  әрбір  адамның  өзгеріске  дайын  болуы.  Бұл  көзқарастар  қоғамдық 

сананың жаңғыруы үшін іргелі негіз болады. Мемлекет басшысы алдағы жылдарға арналған 

бірқатар нақты жобаларды айқындады. Алдымен, бұл - қазақ тілін жаһандық ақпарат және бай-

ланыс  әлеміне  жол  ашатын  латын  әліпбиіне  көшіру.  Әлемдік  ғылым  мен  технологиялардың, 

гуманитарлық білімнің соңғы жетістіктерін қамтитын 100 жаңа оқулық мемлекеттік тілге аудары-

лып,  басып  шығарылады.  «Туған  жер»  бағдарламасы  кәсіпкерлердің,  шенеуніктердің,  зиялы 

қауым өкілдері мен жастардың өздерінің кіндік қаны тамған жеріне қамқорлық жасап, қолдау 

көрсетуіне,  патриотизмді  қалыптастыруға  қолайлы  мүмкіндік  береді.  «Қазақстанның  киелі 

жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді 

сақтауға, сондай-ақ елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы 

заманауи  қазақстандық  мәдениет»  жобасын  іске  асыру.  Қазақстанды  өз  шығармашылығы 

арқылы  дүниежүзіне  танытатын  көптеген  таланттарға  жол  ашады.  «Қазақстандағы  100  жаңа 

есім»  жобасы  бүгінгі  замандастарымыздың  түрлі  салалардағы  жетістіктерін  дәріптеуді 

қамтамасыз  етеді  және  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  жарқын  үлгісі  болады.  Бұл 

тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта 

мерзімді перспективадағы негізі болады. Елбасының «жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің 

дамуымыздың ең басты қағидасы» деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті. Сананы жаңғырту біздің 

мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын 

айшықтайды. Жаңа идеологиялық тұғырнама конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудың 

экономикалық  өркендеуін  толықтыра  түседі  және  Қазақстанның  ХХІ  ғасырдағы  табысты 

дамуының ділдік қозғаушы күші болып табылады. Қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған 

уақытта, жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстанның дамуының негізі болатын тұрақтылықты, 

бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді. Біз, қазақстандықтарды жауапкершілікті мойынға 

алып,  жаңа  идеологиялық  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  тұғырнамасын  іске  асыруға 

белсене қатысуға шақырамыз!  Біз, халқымыздың шығармашылық әлеуеті әрдайым асқан биік 

ұлттық рухтың, жеңіс рухының, кемелдікке, әлемдік өркениеттен лайықты орын алуға ұмтылудың 

жарқын  көрінісі  болатынына  сенімдіміз!  Білім  беру  жүйесі  -  сабақтастығы  бар  білім  беру 

бағдарламалары  мен  әр  түрлі  деңгей  мен  бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары 



302

жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру 

мекемелерінде  іске  асырушы  тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару  органдары 

жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi 

роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының 

жалпы  шарттары  философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа 

қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа 

ғылыми  теориялардан  түбiрлi  айырмашылығы  –  ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң 

жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский 

айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды 

сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті 

пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан 

Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің 

бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 

ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен  [6;28].  Елбасымыз  Н.Ә. 

Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін 

заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін 

тең ететін – білім» [5;12]. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту 

үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарап-

талып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп  өміріне  енуде.Қазіргі  білім 

беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның 

жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты 

түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу, 

арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін 

шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың 

барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан 

шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, 

дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру 

сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы  шеберлігі.  Осы 

айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге 

асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, 

коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен 

сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл 

тұлға.  Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында 

жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін 

педагогтардың  кәсіби  мәдениетін  дамытуға  бағытталған  оқу  қажеттіліктері  туындылап  отыр. 

Біліктілік  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты  білімнің  мәнін  түсінуге, 

соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  потенциалдық 

мүмкіндіктермен  келеді.  Сондықтан  олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби 

шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім 

беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын  андрогогикалық  процесс  қажет.  Басқаша  айтқанда 

ересектерге  арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен 

мәдениет  жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті 

дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру 

парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге 

көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, 

педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен  тәжірибесін  тереңірек  қайта  қарауды  қажет  етеді. 

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа 

мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, 

өмір  сүру  үшін  қажет»  дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу 

бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары 

мұғалімдердің  үздіксіз  ізденісін  айқындайды.  Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  негізгі 

мәні  пассивті  оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы 

бастамашылдығына  жағдай  туғызу,  субьективтік  позицияны  қалыптастыру.  Білім  сапасын 

арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында  мұғалімдер  мемлекеттік 

стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен  меңгерген  зерттеу  біліктері  мен 



303

дағдылары  нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті 

мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы 

құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана 

емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра 

алады.  Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, 

олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды 

қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды 

арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген.  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім 

беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір 

педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, 

жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің 

сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының 

деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім 

беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік 

білім  кеңестігіне  ене  отырып,  басекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық 

қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі 

өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова 

«Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне 

ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың  латын  тілінен 

аудармасы  «сомпетенс»белгілі  сала  бойынша  жан  –  жақты  хабардар  білгір  деген  мағынаны 

қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді 

білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған 

білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп 

анықтаса,  Ресей  ғалымы  Н.Кузьминаның  көзқарасы  бойынша,  «Құзырлылық  дегеніміз  - 

педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». Латын 

тіліндегі  «  компетенс»сөзін  ғалым  К.Құдайбергенова  «Құзырлылықты  білімін,  біліктілігін, 

дағдысын, тұлға мінез- құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында 

қарастыру  құзырлылық  маңызын  толық  аша  алады.  Олай  болса,  құзырлылық,  нәтижеге 

бағдарланған  жаңа  білім  беру  жүйесінің  сапалық  критерийі  ретінде  әлеуметтік  және  өмірлік 

көзқарастарды  есепке  алу  қажет»  Аталған  құзыреттілік  қасиеттерді  тұлға  бойына  дарытуда 

педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап 

етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне 

нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін 

ұсына  алатын  жағдайда  болғанда  ғана  білім  алушы  құзыреттілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

табады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тұлғаға  бағытталған  білімдер  жүйесі  білім  стандартына  сай 

тұлғаның  жан-  жақты  дамуына  негізделген,  алған  білімін  өмірдің  қандай  бір  жағдаяттарына 

қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады [1;38].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет