Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет25/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   674
Ключевые слова: индустрия 4.0, информационно-технологическая картина мира, эволю-

ционные пути инноваций в образовании



Keywords: industry 4.0, information technology picture of the world, evolutionary paths of innova-

tion in education. 




25

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА 

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТКЕ  ДАЯРЛАУ

А.Е. Жұмабаева 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы 

aziya_e@mail.ru

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өз  Жолдауында  «ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  – 

белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты  азаматтар.  Замануи  бағдарламалар  мен  оқыту 

әдістемелерін  білікті  мамандар  ұсынуы  маңызды.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы 

ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс...»[1]  –  деген 

болатын.  Бұл  талап  жаңа  ғасырдағы  білім  саласы  қызметкерлеріне  аса  жауапты  міндеттер 

жүктейді.

Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалімнің атқаратындығы 

туралы  тұжырымға  ешкім  қарсы  шыға  қоймас.  Білім  беру  саласында  жүргізілген  әлемдік 

зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті 

дағдылары  мен  терең  түсініктерін  игерген  мұғалімдер  жастардың  білімін  сапалық  тұрғыдан 

өзгерте алатынын көрсетіп отыр (Barber&Mourshed, 2007)[2].

2011  жылғы  22-26  шілде  күндері  Кейптаунда  (Оңтүстік  Африка)  өткен  Білім  беру 

интернационалының ҮІ Дүниежүзілік конгресіне қатысушы мұғалімдердің 80 пайызынан астамы 

дәл  бүгін  білім  беруге  инвестиция  құюдың  қажеттігі  ерекше  маңызды  екендігін  ресми  түрде 

мәлімдеді, себебі білім беру арқылы адам факторына капитал құю үздіксіз экономикалық дамуға 

апаратын жол болып табылады. 

Конгреске қатысушылар әлемдік білім беру қоғамдастығында қабылданып жатқан шараларға 

қарамастан, мұғалім кадрлардың сапалылығы мәселесі әлі күнге дейін өзекті екендігін атап өтті 

[3]. 


Әлемдік деңгейде білім берудің қaзіргі талaбы оқытудың нәтижеге бaғдарлануы, оқушының 

жеке  тұлғaсына  бaғытталуы,  ал  оқыту  әдіcтерін  тұлғалық  қaрым-қатынастарға  бейімдеу 

бoлып отыр. Демек, oқушы білімді дaйын күйінде мұғалім түсіндіргенінен aлмай, өзінің өмірлік 

тәжірибеcіне  сүйену  арқылы  танымдық,  шығармaшылық  тaпcырмаларды  oрындау  негізінде 

әртүрлі  өнімдер  жасауы  тиіс.  Нәтижесінде  oқушы  дүниетанымы  кеңейіп,  өзіндік  пікірі  мен 

қөзқaрасы қaлыптаcады. Оқушының сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дәрежесі дамиды, 

функционалдық  сауаттылығы  қалыптасады,  ойлау  қабілеті  дамып,  ғылыммен  айналысуына 

ықыласы туады. Мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана біледі.

Жаңартылған мазмұндағы білім беруде, оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке 

айналдыру  –  мұғалімнің  әдістемелік  шеберлігі  мен  шығармашылық  ізденісіне  байланысты 

болмақ. Жаңартылған білім беру мазмұны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінен білім беру 

үдерісінде  жаңа  ақпараттық  білім  беру  ортасын  қалыптастыруды,  зерттеуші  позициясында 

болуын, бір сөзбен айтқанда, инновациялық әрекетті талап етеді.

«Инновация» - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау 

жүйесін  тауып  шығару,  кезектегі  білім  мен  материалдық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып, 

көнені өңдеу, бар нәрсені жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені таба білу, тың нәрсені 

байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту. Инновацияны 

«жаңалық», «жаңа әдіс», «әдістеме», «өзгеріс», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа 

әдістеме құралы» деп атауға болады.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз – әлемдік бәсекеге қабілетті 

білім  беруді  жүзеге  асыратын  жаңа  парадигманың  қоғамды  дамытудағы  үлесін  арттыру; 

білім беретін оқу орындарындағы инновациялық реформаларды жүзеге асыруды жеделдету; 

білім  беру  жүйесінде  инновациялық  өзгерістерді,  оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  ақпараттық, 

коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  пайдалану.  Инновациялық  үрдістің  негізі  – 

жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану  және  жаңа  технологиялар  арқылы  жүзеге  асыру.  Осы 

жағдайда  мұғалім  жаңа  технологияның  қыры  мен  сырын  меңгереді,  инновациялық  қызметін 

жоспарлап, жүзеге асыру механизмін қолданады. Бұл мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие 

үрдісін  жаңаша  құруды  көздейді.  Мұғалімнің  бойында  үш  түрлі  біліктілік  қалыптасуы  қажет: 

пәндік  біліктілік  (теориялық  білім  пән  арқылы  беріледі);  педагогтік  біліктілік  (педагогиканың 

негізін,  ұстанымдарын,  әдіс-тәсілдерін,  сабақты  ұйымдастырудың  негізгі  нысандарын  білуі 




26

тиіс); технологиялық біліктілік (технологиялар арқылы білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен 

іздену қабілетін қалыптастыру). Бұл мұғалімнің білім беру тәжірибесінде өзінің идеясын жүзеге 

асыруға көмектесетін өмірлік бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.

Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауда,  кәсіби  педагогикалық  қызметтегі 

инновацияның  рөлі  –  бұл  әрекеттің  тұлғалық-шығармашыл  және  жекелік  бағыттылығын 

қамтамасыз етеді, кәсіби ойлаудың инновациялық стилін қалыптастыруға әсер етеді.

Ғылымда мұғалімнің инновациялық қызметі жайында түрлі аспектілер сөз етіліп жүр. Білім 

беру  жүйесінің  негізгі  даму  механизмдерінің  бірі  ретінде  білім  беруге  инновацияның  ендіру 

мәселесін:И.Г.  Богуславская,  Т.К.  Клименко,  C.B.  Наумов, A.M.  Новиков,  Т.Г.  Новикова  және 

т.б;  -  педагогикалық  инновацияның  базалық  ережесін:О.Г.  Хомерики,  A.B.  Хуторской,  Н.Р. 

Юсуфбекова  және  т.б;  -  болашақ  мұғалімдерді  инновациялық  әрекетке  дайындау  мәселесі 

аспектілерін:  К.  Ангеловски,  C.  Подымова,  В.А.  Сластенин,  А.Алексюк,  А.Бойко,  В.Бондарь, 

С.Гончаренко, В.Евдокимов, И.Зязюн, Л.Кадченко, В.Ковалев, А.Липенко, С.Манукова, О.Мороз, 

Р.Пенькова, В.Сластенин, В.Щербина және т.б;- педагогикалық инновациялық құбылыстардың 

түрлі  аспектілерін  Б.С.  Гершунский,  В.И.  Загвязинский,  М.В.Кларин,  В.С.Лазарев,  В.Я.  Ля-

удис,  В.М.Полонский,  М.М.Поташник,  В.И.Слободчиков;  -  педагогтардың  кәсіби  сапа-

сын  арттыру,  олардың  педагогикалық  білігін  қалыптастыру:Н.В.Кузьмина,  Г.А.Уманов, 

Н.Д.Хмель, О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин,- оқытушының инновациялық және психологиялық-

педагогикалық даярлығын жетілдіру: Г.Қ.Нұрғалиева, М.И.Дьяченко, Г.М.Храмов, Н.А.Абишев, 

К.Бұзаубақова  және  т.б.;  -  оқытушылардың  ғылыми-әдістемелік  дайындығын  жетілдіру:М.  Н: 

Скаткин, М. А. Данилов, Б.Б.Баймұханов, А.Е.Әбілқасымова және т. б. қарастырды.

Украин  және  шет  ел  ғалымдары  еңбектерінде  болашақ  мұғалімдердің  инновациялық 

кәсіби  әрекетке  дайындығын  қалыптастырудың  теориялық-әдіснамалық  және  практикалық 

ұстанымдарын анықтау міндеттері зерттелген. Толығырақ айта кетсек, бұл еңбектерде болашақ 

мұғалімдердің инновациялық кәсіби қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған 

шаралар эксперименталды тұрғыда тексерілген [4]. 

Алайда  жоғарыда  айтылған  еңбектерде,  болашақ  мұғалімдерді  инновациялық  кәсіби 

қызметке даярлаудың кейбір сұрақтары ғана қарастырылған. 

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогикалық теорияда мұғалімдердің кәсіби 

дамуына  бағытталған  инновациялық  қызметке  даярлау  мәселесіне  қатысты  аспектілер  аз 

қарастырылған. Осыдан келіп алдымызда келесідей қарама-қайшылықтар туындайды: 

- заманауи білім берудің жаңа міндеттерін шешуге даярланған мұғалімге мемлекет пен қоғам 

арасындағы сұраныстың болуы және оларды мұғалімнің шешуге дайындығының жеткіліксіздігі 

арасында; 

-  кәсіби  дамуға  бағытталған  инновациялық  қызметке  мұғалімді  дайындау  қажеттілігі  мен 

жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында  мұғалімдерді  инновациялық  қызметке  дайындау 

әдістемесі  және  теориялық  негіздемесінің  жеткілікті  деңгейде  әзірленбегендігі  арасында 

қарама-қайшылықтар туындап отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімдерді инновациялық қызметке дайындау 

нәтижесі  өзара  байланысты,  толықтырылған,  шартталған  үдерістер  ретінде  түсіндіріледі. 

Яғни, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті игеруі, білім беру мекемесіндегі өзінің субъективті 

тәжірибесіне  байланысты  жүзеге  асады.  Дайындық  қорытындысы  бойынша  мұғалімдердің 

инновациялық  қызметке  дайындығын  қалыптастыру  жеткілікті  деңгейде  (орташадан  төмен 

емес) болуы қажет. 

Әрине,  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушылардың  инновациялық  қызметке  деген 

қызығушылықтары  мен  дайындықтарыңың  болмауынан  мұндай  деңгейдің  мүмкін  еместігі 

белгілі. 

Инновациялық  әрекетті  жүзеге  асыру  бағыттарының  бірі  –  болашақ  бастауыш  сынып 

мұғалімдерін дамыта оқытудың жаңа, баламалыі жүйесі және технологияларымен таныстыру.

Осыдан келіп заманауи педагогикалық технологиялар мен зерттеу әдістерін инновациялық 

қызметінде қолдана алатын, жаңа әрі сапалы педагогикалық ойлау жүйесімен ерекшеленетін 

болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау қажеттігі туындайды.

Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  тұрғыда  даярлауда  инновацияны  қолдану 

келесідей педагогикалық жағдайларды қажет етеді. Олар: 

-  жоғары  оқу  орындары  оқытушыларының  оқыту  үдерісінде  инновацияны  қолдануға  де-

тирмендік дайындығының болуы (кәсіби тұрғыда жоғары деңгей, қажетті кәсіби сапаларының 




27

қалыптасқандығы,  оқу  жұмысына  шығармашылық  тұғыр,  инновацияны  қолдануға  деген 

жағымды мотивацияның болуы);

-жоғары  оқу  орны  оқытушылары  мен  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  кәсіби 

қызметінде инновацияның рөлін бағалау және адекватты қабылдай алу (оқытушы мен студенттің 

субъект-субъектілік  өзара  әрекеттесуі,  сабақтарда  жетістік  жағдаятын  құру,  студенттердің 

инновацияны қолдануы және жасауы үшін ынталандыру);

-болашақ  мұғалімдерді  даярлауда  инновацияны  қолданудың  процессуалдық  бағытын 

қамтамасыз ету [5].

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдарының 

бірі  –  болашақ  мұғалімдерді  инновациялық  қызметке  дайындығын  қалыптастыратын 

(педагогикалық  инноватика)  арнайы  курстардың  жоғарғы  оқу  орындары  оқу  жоспарларында 

болуы. 

Болашақ  мұғалімдерді  инновациялық  қызметке  даярлау  кезінде  мұғалімнің  дербестігіне 

көңіл бөлініп, вариативті модульдерді таңдау барысында кәсіби білім беру бағдарламаларын 

игеру  мүмкіндігі  ұсынылады,  өзіндік  маршрутты  жобалауға  мұғалімдердің  белсенді  қатысуы 

ұйымдастырылады. Инновациялық әрекетті орындауға бағытталған, мұғалімнің инновациялық 

қызметке  дайындығын,  тұлғаның  кәсіби  сапасын  қалыптастыратын  педагогикалық  стратегия 

жүзеге асады.

Сонымен  қатар,  ЮНЕСКО  және  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының 

(ЭЫДҰ) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарының 

негізгі  қағидатымен  үйлесетін,  болашақта  өз  тәжірибесі  барысында  қолдануға  көмектесетін, 

әдістемелік  сипаттағы  бірқатар  жалпы  ұсыныстарды  қамтитын,  педагог  қызметкерлердің 

біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламасының  жеті  модулі  мұғалімдердің  инновациялық 

әрекетке дайындығын қалыптастыру жолы болып табылады.Олар келесідей:

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;



- сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

- оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;

- оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

- талантты және дарынды балаларды оқыту;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

- оқытуды басқару және көшбасшылық[6].

Жоғарыда  ұсынылып  отырған  модульдер  болашақ  мұғалімдердің  қосымша  білім  мен 

дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарқынды өзгеріп жатқан 

өмір  жағдайында  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайын  болуға,  әдістемелік  жұмыстың  тиімділігін 

қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсетуге, болашақ маман 

ретінде оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, 

түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, 

сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  белсенді  азамат,  болашақ  маман  ретінде 

қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық 

дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Қорыта келе, инновациялық даярлығы қалыптасқан болашақ маман педагогикалық қызметінеі 

кәсіби  тұрғыдан  қарап,  оны  әдістемелік  жағынан  түрлендіре  алады,  өзінің  шығармашылығы 

арқасында  жоғары  деңгейде  жүзеге  асатын  технологиялық  операцияларды  жүйелеп, 

инновациялық қызметтің жетістіктері мен кемшілік тұстарын зерттейді, себептерін ашып, өзінің 

іс-тәжірибесінен  туындаған  инновациялық  технологияны  ғылыми  тұрғыдан  негіздеп,  ұдайы 

ғылыми-ізденушілік іс-әрекет атқара алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет