424
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Е.К. Биржанов
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көлтабан негізгі орта мектебі, birzhanov.е@mail.ru
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жүріп жатқан реформациялық өзгерістер мұғалімдерді
ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарында ондығы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды
да қайта қарау мен оны реформалауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жалпы білім беру жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз
етуге бағытталған. Оның міндеті, мектепті басқару барысында: басқарудың заманауи рөлі
мен миссиясы, көшбасшылық басқарудың принциптерін, жаңартылған білім беру мазмұнына
көшу, ата-аналармен жалпы жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу, қоғамдастық құру болып
табылады. Жоғарыда аталған мәселелер республикамыздағы білім беру ұйымдарының оқу-
тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына айналып отыр. Реформалық өзгерістер жалпы білім
беретін мектептер мен шағын жинақталған мектептерге бірдей енгізілетіндіктен әсіресе, шағын
жинақты мектептердің жұмысын ұйымдастыруда өзіндік қиындықтары кездеседі.
Ең алдымен шағын жинақталған мектеп дегеніміз не? Оның өзге жалпы білім беру
ұйымдарынан айырмашылықтары қандай деген сұрақтар туындауы сөзсіз.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар
контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың
арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды. Ендеше, жаңартылған
білім беру мазмұнына көшу жағдайында шыған жинақты мектептердің төмендегідей кедергілер
кездеседі [3].
1. Сыныптың толымсыздығы
2. Біріктерілген сыныптар және ондағы оқушылардың жас ерекшеліктері.
3. Материалдық-техникалық базаның әлсіздігі
4. Мамандардың жеткіліксіздігі
5.Бір мұғалімнің 2-3 пәннен дәріс беруі
6.Жүктеменің көптігі немесе аздығы т.б көптеген кедергілер кездеседі.
Ұлы міндет қашанда үлкен қиындықпен, талаптылықпен, ақыл мен күш-жігермен жететін
мәре. Алайда талғам өзгергенмен-талап жалғыз. Ол қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді
ұрпақ қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастыру үшін «Жаңалыққа жаны құмар жандармен өзгеріске 10 қадам» атты
жобаны ұсынамын. Бұл жобаның мақсаты шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісінде
оқытудың ұтымды технологияларын пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, қоғам талабына
сай шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелей отырып, табысты мектепке қол
жеткізу.
1-қадам. Нормативтік -құқықтық құжаттармен жұмыс.
2-қадам. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді жүзеге асыру
3-қадам. Кадрлармен жұмыс
4-қадам. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5-қадам. Әдістемелік жұмыс жүйесі.
6-қадам. Тәрбие жұмысы
7-қадам. Тірек мектебі мен желілік қоғамдастық жұмысы
8-қадам. Мектептің техникалық базасын нығайту жұмыстары
9-қадам. Мектепті дамыту жоспары.
10-қадам. Мектеп өміріне енгізілген жобалар.
1-қадамда мектепті бақылау мен басқаруды барысында білім саласындағы заңдар,
қаулылар, бұйрықтар, хаттарды басшылыққа алады. Осы құжаттар негізінде мектептің құрылтай
құжаттарын, жарғысы мен ережелері рәсімделеді. Әр оқу жылында енетін өзгерістердің
барлығын құқықтық құжаттармен сауатты танысқан жағдайда ғана жұмыс оң нәтиже береді.
2-қадамда жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді жүзеге асыру. Пән мұғалімдерінің
425
қысқа мерзімді курстардан өтуін қамтамасыз ету ұсынылады. Пән мұғалімдерінің білім жетілдіру
курсынан қаншалықты өткен болса, жаңартылған білім беру мазмұнының идеясы да соғұрлым
жүзеге асады. Пәннің оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, оқу мақсаттары, критериалды бағалау
жұмыстарын енгізу арқылы оқушыларға функционалдық білім қалыптасады. Сол уақытта ғана
оқушылардың бойына спиральді қағидат негізінде білімнің қалыптасып жатқаны көрінеді.
Оқушылардың білім жетістіктерінің шынайы бағалануын қадағалауды мектептегі модерация
тобы бақылайды. Бұл қадамдағы жүйелі жұмыстарды мектеп үйлестірушісі жүргізеді.
3-қадам. Педагогикалық жұмыста зор табысқа жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін шебер
мұғалім қалыптасуға дейінгі аралықтың өсу динамикасы мектеп басшысының педагогикалық
саясатты дұрыс жүргізуі арқылы қалыптасады. Мұғалімдердің уақытылы қысқа мерзімді,
ұзақ мерзімді білім жетілдіруі табысты мектепке жол. Мұғалімдердің біліктілік санаттарына
перспективалық жоспар негізінде өтуін жоспарлау керек. Педагогтардың біліктілік санаттарының
жоғарлауы мектептің білім сапасын арттырудың тікелей көрсеткіші болып табылады.
4-қадам. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде В.Реддидің «Ешкім өзінің
қателіктерін жоспарламайды, бірақ көпшілігі жоспарлау кезінде қателеседі» деген ұстанымды
ұстау қажет. Жоспар құру кезінде шағын жинақты мектептің кедергілерін ескере отырып,
жоспарлау маңызды. Жоспарлау кезінде мектептің ерекшелігін, сапалық құрамның, оқушы
контингентін, педагогтардың біліктілігі мен олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін ескеру
қажет [1]. Мектеп әкімшілігінің функционалдық міндеттерінің дұрыс бөлінуі де оқу-тәрбие
жұмысының ілгерілеуіне ықпалын тигізеді. Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың
талдауы, оқу жылының регламенті, жұмыс циклограммасы, айлық, апталық жоспарлардың
болуы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын байытып жоспарланған жұмыстың уақытылы
жүргізілуін қамтамасыз етеді.
5-қадам мектептің әдістемелік жұмыс жүйесі жоспарланған қадамдардың ішіндегі ең маңызды
қадамы болып табылады. Мектеп жұмысының сапалы болуы ол ұйымдастырылатын әдістемелік
қызметтің сапасына байланысты болады. Мектепке келген жас маманнан тәжірибелі маманға
дейінгі ұстаздарды әдістемелік тұрғыда даярлау, оқып үйрету, тәжірибені зерттеу мен тарату
әдістемелік қызметтің міндеті болып табылады. Бұл қадамда мектептің өзіндік шығармашылық
ортасын құру ұсынылады. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату ісі өте
күрделі. Педагогикалық тәжірибе-оқу мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обектісі,
фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көзі. Сондықтан озық педагогикалық
тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту және жетілдіруде үлкен орын алады. Мектеп
мұғалімдерінің колабаративті ортасын құруда, оларға әдіс-тәсілдерді тереңірек меңгертуде,
шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, көшбасшылықты қалыптастыруда ықшамсабақтың
орны ерекше. Ықшамсабақ деген терминді 1980 жылдары ағылшындық педагог Джон Уатсон
ең алғашқыда педагогикалық термин ретінде ұсынған. Қазіргі уақытта сабақты зерттеу мен
мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу қаншалықты маңызды болса, ықшамсабақты жүргізудің маңызда
соншалықты.
Аталған жобаны мектебімізде 2015-2016 оқу жылынан бастап енгізіп, бірнеше табысты
жұмыстарға да қол жеткіздік. Оқыту мен оқудың ең басты формасы - сабақ болғандықтан
ең алдымен мектеп ұстаздарының сабақ беруіне оларға жаңаша әдіс-тәсілдерді үйретіп,
меңгертуден бастады. Мектептің алдына қойған мақсаты ықшамсабақты жоспарлау мен оны іс-
тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру. Мұғалімдер арасында жүргізілетін ықшамсабақтардың
маңызы мен оның нәтижелігіне көз жеткізу болып табылады. Ықшамсабақ жұмысы 3 кезеңнен
тұрады.
1. Ықшамсабақты жоспарлау. Әдістемелік деңгей.
2. Ықшамсабақты жүргізу. Іс-тәжірибеде қолдану. Практикалық деңгей
3. Ықшамсабақтың нәтижесі. Рефлексия. Ғылыми деңгей. Тәжірибедегі жаңалық.
Ықшамсабақты жоспарлау жүргізу, өңдеу кезінде бұл жұмысты барлық ұжым мүшелері
атқара алады. Ықшамсабақты сапалы өткізу үшін оны ұйымдастырудың бірнеше бірліктерін
қарастырғаны маңызды. Әдістемелік пән бірлестігіндегі пән мұғалімдерінің ұсыныстары және
кері байланыстары.
Достарыңызбен бөлісу: