Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет372/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  трехъязычие,  обучение  на  трех  языках,  полиязычная  личность, 

казахстанская  идея,  казахстанский  патриотизм,  обучение  по  обновленным  программам, 

государственный  язык,    обучение  предметов  на  английском  языке,открывает  большие 

перспективы. 



Key words:trilingual, trilingual learning, trilingual  person, idea of Kazakhstan, Kazakh patriotism, 

curriculum of renewed program, official  language, subjects  of  learning  in English, opens big op-

portunities.



545

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ

А.Н. Каметжанова 

«Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп - гиназиясы», 

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, ainura_04.87@mail.ru

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың 

жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне 

толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру 

дегеніміз  -  барлық  балаларды,  соның  ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім 

үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына 

қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға, 

баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы 

білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат.    Инклюзивті 

оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту 

үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да 

бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға  деген теңдік қатынасты қамтамасыз 

ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру 

идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру 

жағдайын  қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан 

Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі 

балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету  туралы», 

«Қазақстан  Республикасында  кемтарларды  әлеуметтік  қорғау  туралы»,  «Арнайы  әлеуметтік 

қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарында,  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - 

барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене 

қатысуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бағдарламаны    Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  Ассамблеясы 

мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық 

тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және  ақыл-есінің  жағдайына,  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие 

болу.


Инклюзивті  оқыту  -  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу  орындарында,  мектепте  және 

мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Психикалық  дамуының  негiзгi  бұзылыстары  интеллектуалды  даму  деңгейi,  яғни,  зейiнi, 

есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты 

психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға 

үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер 

мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-

түзету  сыныптарына  кемтар  балаларын  бергісі  келмеген  жағдайда    жалпы  білім  алатын 

мектептерде  ПМПК-ның  ұсынысы  бойынша  жеңілдетілген  бағдарламамен  оқытуына  толық 

құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы 

бойынша  көрсетілген,  яғни,  баланың  деңгейіне  қарай  жеңілдетілген  бағдарламамен  кемтар 

балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға 

жалпы мектептерде психолог, әлеуметтік мұғалім,  дефектолог мұғалім,  олигофрено мұғалімі, 

логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, 

оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады.

Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын 

үш  түрлі  бағдарлама  бойынша  реттеген  абзал.  Атап  айтқанда:  жалпы  мектептерге  арналған 

типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы 

білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық 

ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Инклюзивті  білім  беру    мәселесі  шет  елдерде  1970  жылдан  бастау  алады,  ал  90  жылға 

қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім  беру  саясатына  осы  бағдарламаны  толық  енгізді. 

Ал,  біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек  «Қазақстан 



546

Республикасының  Білім    беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  

бағдарламасында»  көрсетілді.Осы  бағдарлама  төңірегінде  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру 

мәселелері  қарастырылып,  міндеттерді шешу көзделген:

-  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары 

жасалады;

-  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортада  біріктіріп  оқыту  ережесі 

әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Мемлекеттік  бағдарлама  негізінде  2020  жылға  қарай  мектептерде  мүгедек  балалар  үшін 

көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, 

арнайы  парталармен,  үстелдермен  және  басқа  да  арнайы  компенсаторлық  құралдармен 

жабдықтау  арқылы  «кедергісіз  аймақтар»  құруы  жоспарланған.  2030  мектепте  мүмкіндіктері 

шектеулі  балаларды  оқытуға  және  тәрбиелеуге  тең  қол  жеткізу  үшін  жағдайлар  жасалу 

міндеті    (мектептерде  педагог-дефектологтардың,  балаларды  психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің,  арнайы  жеке  техникалық  және  компенсаторлық  құралдардың  болуы)  алға 

қойылған. 

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.



Әрбір  баланың  дара  қабілеттері,  қызығушылықтары,  қажеттіліктері  және  оқуға  деген 

мұқтаждықтары болады.

 Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына 



орай өзгерту.

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды:

1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 

анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.  Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін 

жүзеге асыру. 

8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  ақыл  -  ой 

дамуында  ауытқуы  бар  немесе  психикалық  дамуы  тежелген  оқушылар  білім  алуда.  Әр 

оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар, әр оқушының эмоционалдық және психикалық 

таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. 

Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-

әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік 

береді.  Инклюзивті  оқыту  арқылы  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше 

қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға 

болады.  Мұндай  оқыту  түрі  арнаулы  білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  түрде  қалыптасқан  және 

даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды,  қайта  жақындатады.  Инклюзивті  бағыт  арқылы 

мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 

қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, 

ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет