Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет420/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   674
Сипаттамасы:  оқушыларға  түрлі-түсті  суреттері  бар  журналдар  беріледі.  Олар 

журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

13.«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.



619

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап 

айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, 

сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

14.«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі



Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын 

арттыру.


Сипаттамасы:  оқушылар  шағын  топтарға  біріктіріледі.  Әр  топ  оқылған  әңгімені  немесе 

мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) 

айтады.  Содан  кейін  әр  топқа  тек  бір  мәселені  бөліп  беріп,  олар  үлкен  топқа  өз  ойларын 

(

идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.



15.«Суретті әңгімеле» әдісі

Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.

Мақсаты:  бір  бөлігі  берілген  сурет  бойынша  әңгімелету,  суреттегі  оқиғаның  басын  және 

соңын болжату арқылы тапқызу.



Қажетті материалдар: сериялы суреттер

Сипаттамасы:  оқушыларға  сурет  көрсетіліп,  әңгімелетіледі.  Қажет  болған  жағдайда 

әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. 

Оқушыларға  суретте  бейнеленген  сәттің  алдында  не  болғаны  және  кейін  не  болатыны 

болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып 

беріледі.

Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға 

әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.

«Неге? Неге? Неге?» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың 

рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы:  Оқушылар  шеңбер  бойымен  тұрады.  Жүргізуші  осы  сабақта  не  үйренгенін 

айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап 

беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар 

да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған 

тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Әңгімеге негізделген жазу»

Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс

Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай 

отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам

Сипаттамасы:  берілген  әңгіме  бойынша  шақыру  қағазын,  хат,  ашықхат,  электрондық 

хат,  күнделік  жаздыру  үшін  оқушылар  шағын  топтарға  немесе  жұптарға  бөлінеді.  Оқушылар 

берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты 

белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не 

жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары 

төңірегінде ой бөліседі.

Шақыру қағазы

Оқушылар мазмұны кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені 

тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.

Хат 

Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.



Ашықхат

Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.



e-mail

Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.

«Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту



620

Сипаттамасы:  Мұғалім  оқушылардан  тақырыпты  түсінгендігін  немесе  түсінбегендігін  қол 

белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» 

дегендер  қолдын  бас  бармағын  жоғары  бағыттайды.  «Мен  әлі  түсінбей  отырмын»  дегендер 

қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер 

қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

«Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім 

олардан  сабақты  түсінген-түсінбегеніне  сәйкес  карточкаларды  көтеруін  сұрайды.  Жасыл 

карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша 

қойылады.  Сары  және  қызыл  карточка  көтергендерден  не  түсініксіз  болғаны  айқындалып, 

тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. 

Мысалы:  Брунер  оқытудағы  маңызды  тәжірибені  дамыту  бойынша  бірнеше  өте  маңызды 

кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға 

бөліктерді  бір  жерге  жинауға  және  өзін  ашушы  болуға  рұқсат  етілсе,  алынатын  нәтижелер 

шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) 

Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік 

мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; 

үшіншіден,  жаңалық  ашу  арқылы  және  соңғысы,  жадыны  дамыту  үшін  осындай  оқытудың 

тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.

Осы  кезде  оқушы  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең  меңгереді. 

Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген  

кездегі  бастапқы  сенімдерін,  білімін  және  өзіндік  ойын  негізге  ала  отырып,  өз  пайымдарын 

жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын 

«көпір  салуға»  негізделсе,  онда  осы  үдерісті  үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі  жағын  да 

қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-

ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін 

түсінуге тырысады.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді 

қолданысқа  енгізсеңіз,  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  алуға, 

шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, 

ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын 

баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта 

ынтымақтастық  атмосферасы  қалыптасады.  Сондықтан  басқа  пәндердің  де  осындай  оқыту 

формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде 

ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға 

қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Келешекте өз тәжірибемде :

1.Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.

Оқытуды  сапалы  ету  үшін  жаңа  тәсілдерді  қолдана  отырып,сабақтарымды  түрлендіруді. 

Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды. Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша 

бағыттағы жұмысты

дамытамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет