Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет417/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   674
Ключевые  слова:  обновленная  программа,  критериальное  оценивание,  учитель, 

критическое мышления, формы оценивания, методы и приемы, обратная связь. 



Key words: updated program, criteria assessment, teacher, critical thinking, forms of assessment, 

methods and techniques, feedback. 



БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАРЫ

Ғ.Д. Молдабекова

Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы  gani-musabekov@mail.ru

Қазақстан  білім  беру  парадигмасы  ҚР  Конституциясы,  “Қазақстан  –  2030”  стратегиялық 

бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде 

қалыптасып келе жатқаны белгілі.

Теориялық  талдаулар  көрсетіп  отырғандай,  тарихи  кезеңде  бірін  -  бірі  алмастырушы 

парадигмалар  нәтижесінде  жаңа  идеялар  мен  принциптер,  шығармашылық  қатынастар  мен 

мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап етеді.

Жалпы  парадигма  ұғымына  тоқталып  кетер  болсақ,«парадигма»  -  латынның  мысал 

деген  сөзінен  шыққан.  Бұл  білімнің  концептуалды  моделі  ретінде  пайдаланылады.  Білім 

парадигмасының кейбір формаларына тоқтала кетсем: 

- Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); 

- Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); 

- Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); 

- Технократтық; 

- Эзотерикалық. 

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, 

не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді. 

Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай 

жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат 

болып саналады. 




613

Бүгінгі тақырыбыма тұздық болып отырған білім беру процесіне қатысты жоғарыда көрсетілген 

пформалардың кейбіріне  тоқталсам: Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке 

тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен 

тіл  табысуында  ерекшелену  қабілеттерін  жетілдіру  қарастырылады.  Білімнің  гуманитарлық 

парадигмасының  діңгегі  -  оқушы  емес,  дайын  білімді  меңгерудегі  ақиқатты  түсінуші  адам. 

Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, 

өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді. 

Ал, рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға 

бейімделу,  оның  ойы,  сезімі  және  іс-әрекеттерімен  санасу,  оларды  меңгерту  жатады  деп 

қарастыруға болады.Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикі-

заты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді 

түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны 

да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен 

бақылау қалады» дейді[1]. 

Елбасымыз  өз  халқына  жолдауында  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның  бәсекеге 

қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдарының  бірі.  Бізге 

экономикалық  және  қоғамдық  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі 

қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім 

әдепті,  ой  -  өрісі  кең,  жан  -  жақты  білімді,  ұстамды,  өз  ойын  шәкіртіне  анық,  дәл  жеткізетін 

болуы тиіс.[2] К. Д. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, 

ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»,- деген.[3] Ендеше мұғалім 

үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш - қуаты, көңілі 

әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түседі. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды 

дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Рационалды 

парадигмаға білімді меңгертудің тиімді жақтарын меңгерту жатса, онда баланы оқыта отырып, 

оның  еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру 

болып табылады. 

Сонымен,  ғалымдардың  пікірлерін  тірек  ете  отырып  және  талдау  нәтижесінде: 

білім  берудің  жаңа  парадигмасы  –  жаңа  өркениеттік  бағдар  тұрғысында,  мемлекеттік 

стандарттарға  сай,  жан  -  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған, 

интеллектуалдық  білім  орталығы  ретіндегі  инновациялық  мектепте  ғылыми  - 

әдіснамалық  негізделген  білім  берудің  концептуалдық  моделі  деген  анықтама  берілді.[4] 

Білім  беру  дағдарысына  талдау  жасау  бүгінде  ең  алдымен  адамның  шығармашылық  мәні 

мен руханилықты дамытуға бағытталған жаңа білім беру парадигмаларын жасау қажеттілігін 

түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру практикасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның 

заңдарын оқыту ғана емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта жасалуының 

гуманистік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және «адам - табиғат - қоғам» жүйесіндегі қарым 

-  қатынастарды  үйлесімді  ету  болып  отыр.  Мұндай  міндеттердің  негізгі  мақсаты  адамның 

шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамыту болып табылатын инновациялық білім беру ғана 

шеше алады.

Қазақтың  ұлы  ағартушысы  Ы.Алтынсаринның  «Мұғалімнің  жұмысы  –  балалар.  Ендеше 

балалар  түсінбейтін  болса,  онда  оқытушы  олардың  көкейіне  қондыра  алмағаны.  Ол  өзін-өзі 

кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі 

тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдер пайдаланбау керек» деуінде мән-мағына жатыр. Бұл, сөз 

жоқ, қазіргі мұғалім бойынан табылмағы ләзім.Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды 

қалыптастыру  –  қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған  басты  міндет.  Мұғалім 

еңбегінің  бүгінгі  нәтижесі  қандай  болса,  елдің,  қоғамның  ертеңі,  болашағы  сондай  болмақ. 

Демек,  Елбасының  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық» 

деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси 

тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының 

көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.

Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.  Мектеп  – 

үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс 

- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, 

қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін 

, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық 



614

құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған, 

толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.Жаңа  формация  мұғалімі  табысы,  біліктері  арқылы 

қалыптасады,  дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар  :  бәсекеге 

қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы 

шеберлігі.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, 

соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-  әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  потенциалдық 

мүмкіндіктермен  келеді.Сондықтан  олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби 

шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім 

беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын  андрогогикалық  процесс  қажет.  Басқаша  айтқанда 

ересектерге  арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен 

мәдениет  жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті 

дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру 

парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге 

көшуді көздейді. 

Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық 

негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні 

еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз 

ету міндеті тұр.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер 

мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен  меңгерген  зерттеу 

біліктері  мен  дағдылары  нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  – 

коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны  атқарады.  Қазіргі 

заман  адамның  осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін  оңтайландыруды 

қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау 

талабын қалыптастыра алады.

Білім  беру  парадигмалары  өзгеруіне  байланысты  педагогикалық  іс-әрекеттер  де  өзгерді.

Жаңа білім беру ісіне қатысты реформаларды іске асырушы, орындаушы ұстаз қауымы.Білім 

беруді  жетілдірудің  парадигмасында  оқу-жаңа  білімді  іздену  арқылы  тәжірибеде  қолдану. 

Мұндағы басты міндеттер:

Жалпы, өзіндік қабілеттер даму мүмкіндігі. 



Білім, білік, дағдыларды қалыптастыру

Қолдану 


Оқыту үрдісін осылайша ұйымдастыру нәтижесі – әмбебап әрекетке дайын,

дамыған тұлға болып табылады. Мектептегі оқу қызметінің бірі – оқушыны

нақты өмірге даярлау. Бала «жалпыға айналған білімнен» «білім – жеке өмір

азығы» үлгісіне саналы көшуді, әлемдік білім кеңістігіне өтуді қамтамасыз етеді. 

Білім сапалы болуы қажетті. Білімді игеруде білім нәтижелері: Өзіндік

меңгеруі,өзіндік талдауы, өмірлік бағытта, тәжірибеде қолдануы керек.Бұлар жеке тұлғаның 

теориялық  ойлауы  арқылы  болады.  Теориялық  ойлау  білім  беруде  пәннің  сапалылығы.  Бұл 

оқушылардағы  ойлау  әрекетін  дамыта  оқыту,  ұйымдасқан  іс  –әрекет  етуге  ұмтылдырады. 

Оқыту барысынды кем дегенде оқушыға нені оқыту, қалай оқыту, кімді үйретуді мұғалім анық 

білуі қажетті.

Шетел ғалымдары тұжырымында «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтаған 

да, оқушы нені біледі, нені істей алады?» деген сұрақтар жауабымен аяқталады. Осыдан келіп 

оқыту түбінде бір нәтижеліөнімді бағытта болуы керек деп тұжырымдайды.Оқушыға берілетін 

білімді ұйымдастыруға сол арқылы саналы меңгертуде және оны қолдана алуында нәтиже беруі 

керек. Білім берудің жаңа жүйесіне байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын 

қалыптастыру- оқытудың дидактикалық негізін құрайды

Заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.Әуезов  «Адам  жан  жемісін  татпай,  өмірдің  терең 

мағынасында  шын  мақсатын  түсіне  алмайды»  деген  екен.  Сол  жан  жемісін  білімге  теңесек, 

жеміс ағашын мектеп, ал мектеп жүрегі мұғалімдер . Әр бір жеке оқушы – зерттелмеген құпия. 

Мұғалім оның басқаға ұқсамасқасиетін табу керек. Айтып өткендей білімнің гүл ашқан жеміс 

ағашынаайналуын қаласақ, оқушы іс-әрекетіне білім беруде өнімділігіне қол жеткізуі қажетті деп 

ойлаймын.




615



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет