Сборник материалов V международной научно-практической конференции


АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ



Pdf көрінісі
бет444/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Л.К. Орынбекова

«Қажымұқан ауылы, №4 негізгі мектебі» ММ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы 79lyazzat@mail.ru 

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру 

ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –

ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа 

білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны 

тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау 

жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының 

ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі[5] 

АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін 

жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге  сабақ  беруде  көмектесетін  маңызды  құрал  болып 

отыр.  Сондықтан  оқыту  барысында  осы  технологияларды  тиімді  қолдану  маңызды  болып 

саналады[1]

Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыпастыру  қазiргi 

таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып 

отыр. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі 

заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды 

және  осы  түсініктерді  басқарудағы  ауқымды  икемділікті  қамтамасыз  ете  алады.  Мұғалім  өз 

сабақ  беретін  пәнді  ғана  емес,  оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы  осы  пәнді  жетілдіру 

тәсілдерін де білу керек қажет. 

Мысалы,  жаратылыстану  ғылымдары  саласында  желі  арқылы  қолжетімді  көптеген 

модельдер бар[1]

Қазіргі  кезде  білім  беруде  АКТ-ны  пайдалану  заман  талабы  болып  табылады.  Заман 

талабына сай қазіргі мектептердің барлығы ақпартаттық - коммуникациялық технологияларды 

өз  сабақтарында  қолданады.  АКТ-ны  сабақта  қолдану  кезінде  оқушылардың  сабаққа  деген 

қызығушылығы артып, тапсырмаларды орындауға асығады. АКТ-ны қолдану кезінде түрлі-түсті 

суреттер, әр түрлі тапсырмалар оқушының берілген тапсырманы тез есте сақтауына да әсерін 

тигізеді.  Жалпы әр мұғалім АКТ-ны өз сабағының кез келген кезеңінде енгізе алады, мысалы, 

мен сабағымды бекіту кезеңінде немесе сабақтың тақырыбын ашу кезеңінде оқушыларды сыни 

тұрғыдан ойлауға дағдыландыру мақсатында түрлі кестелерді толтыруды тапсырамын, оқушылар 

осы кестелерді толтыруда бірлесіп, топпен ақылдасып отырып, уақытты үнемді пайдалануға 

тырысып  орындайды.  Оқушыларға  мысалы  «Сүтқоректілердің  көбеюінің»  ұқсастықтары  мен 

айырашылықтарын  электрондық  тақтадан  көрсете  отырып,    оқушы  электронды  тақтаға  жазу 

дағдысын  қалыптастырады.  Бірақ  кейбіреуі  тақтаға  жазғанда  шатасып,  қателіктер  жіберуі  де 

мүмкін.


Осындай  жағдайда  жіберген  қателіктерді  оқушылар  бірін-бірі  түзете  алады.  Ақпараттық-

коммуникациялық  технологгияны  қолдана  отырып  өзім  сабақта  көп  нәрсе  үйрендім  және 

түсіндім. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта қолдану арқылы оқушылардың 

қызығушылығын  арттыруға  болатынын  байқауға  болады.  Сонымен  қатар  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияны  қолдану  кезінде  оқушы  өзінің  білмеген  тақырыпқа 

қатысты  мәліметін  ұялы  телефон  арқылы  да  ала  алады.  Оқытушы  сабағында  ақпараттық  – 




651

коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете 

біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің 

бірі  деп  ойлаймын.  Соңғы  жылдары  ақпараттық-коммуникациялық  заман  ағымына  сай 

күнделікті  сабаққа  компьютер,  электронды  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  айтарлықтай 

нәтиже беруде.

Сонымен,  интерактивті  тақта  сабаққа  қатысушылардың  барлығының  ойын  бір  ортаға 

жинақтап, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық білікті қалыптастыратын 

тиімді  құрал  болып  табылады.  Солардың  бірі  білім  беруді  ақпаратттандыру  барысында 

дидактикалық  және  оқыту  құралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан  кез  келген  білім 

беру  саласында  мультимедиялық  электрондық  оқыту  құралдары  барлық  пәндерді  оқытуға 

пайдаланады[2]. 

Сабaқ  кeзінде  жаңа  материалды  өтуде  Bilimland.kz  сабақтарын  қолдану,  сабақты 

қорытындылауда  Kahoot  тестерін  құру    арқылы  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығын, 

тaнымдық қaбілетінің артуын, өзіне деген сeнімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының 

артaтындығын  айтa  кеткен  жөн.  Мысалы:  мен  9-сыныпта  «Жыныс  генетикасы»  тақырыбын 

өткенде слайд-презентацияларды қолдaну арқылы өзіндік ізденісін дамытуға болса, оқулықтағы 

мәтінге қосымша суреттер, қызықты генетикалық есептерді көре отырып, оқушылар түртіп алу 

әдісімен  қосымша  жұмыс  жүргізеді.  Ал,  9  -  сыныпта  «Эволюция  заңдылықтары»  тақырыбын 

өткенде,  презентацияны  пайдалана  отырып,  тақырыпты  жеңіл  менгереді,  дивергенция, 

кoнвергенция  ұғымдарын  салыстыра  отырып  жете  түсінеді,  өмірден  мысалдар  келтіріп, 

табиғи  құбылыстaрдың  жүру  зандылықтарын  ажырата  білуге  дағдыланады.  Осы  кезеңде 

oқушылар  тақтадан  қарап  отырып,  сыни  тұрғыда  ойлана  отырып,  асқан  қызығушылықпен 

сабақ тақырыбын анықтағандығын атап өткен жөн. Ақпаратты – коммуникативті технологияны 

биология  сабақтарында  қолдану  сабақтың  сапасын  елеулі  түрде  арттыратыны  сөзсіз.  Ол 

мотивацияның коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, 

білім  қорының  дамуына  мүмкіндік  береді,  дағды  қалаптастыруға,  білім  қорының  толығуына, 

сондай-ақ  ақпараттық  сауаттылықтың  дамуына  мүмкіндік  туғызады.  Биология  сабақтарында 

слайдтардың  көмегімен  мысалдарды,  есептерді,  адамның  ас  қорыту  жүйесі  т.с.с  тақтада 

көрсетуге,  биологиялық  сергіту  сәттерін  ұйымдастыруға,  бақылау,  тест  жұмыстарын  жазған 

кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ барысында сыныптағы оқушылардың 

қарам-қатынасы  жақсарады.  Тапсырманы  оқушылар  өз  сөздерімен  түсіндіріп,  аса  күрделі 

тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.

Қорыта  келгенде,  біз  бейбіт  елде,  мемлекеттік  білімді  жетілдіруге  аса  мән  берген  елде 

тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін 

бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген, 

ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, 

жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім 

алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, 

психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет