Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет446/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   674
Ключевые  слова:  Творческий  ученик,  мотивация,  коммуникативный,  информационно  – 

коммуникационная технология, интерактивный. 



Key words: A creative student, motivation, communicative, informatively is communication tech-

nology, interactive.



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

З.С. Оспанова

П.И.Морозов атындағы № 3 орта мектебі Щучинск қ, zaure1206@mail.ru



«Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-

дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық 

парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»

Н.Ә. Назарбаев.

Бүгінгі  қоғамның  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  -әлеуметтік,  экономикалық  өзгермелі 

жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  оны  жүзеге  асыруға, 

жақсартуға  игі  ықпал  ететін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Мұндай  тұлғаға  қойылатын  бірінші 

кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби 

сауаттылық болмақ. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа 

бағытта  жұмыс  істеу  қажеттілігі  туындайды.  Осы  қажеттілікті  шешу  жолдарының  бірден-бір 

жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау болып табылады. 

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы 

өзін-өзі  бағалауды  үйреніп,  өз  білімінің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  көріп,  әрі  қарай 

қалай  даму  керектігін  түсінеді,  яғни  бұл  жүйеде  оқушының  қалай  жұмыс  жасағаны,  қалай 

ойланғаны  бағаланады.  Бағалауды  өткізу  үшін,  оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей 

алатындығын анықтау қажет [1].

Критериалды  бағалау  -  бұл  оқушылардың  білім  мазмұны  мен  мақсаттарына  сай,  оқу-

танымдық  құзіреттілігін  қалыптастыруда  нақты  анықталған,  ұжыммен  қалыптастырылған, 

алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. 

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты - мектепте оқыту сапасын жоғарылату, мектеп 

оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып табылса, критериалды 

бағалаудың міндеттері - сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау, 

бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті, жеке оқушының даму жетістігін бақылау, 

оқушының  білім  алу  барысындағы  қателіктері  мен  олқылықтарын  айқындау,  әртүрлі  жұмыс 

барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу, сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі 

туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Критерий  арқылы  бағалау  мұғалімнің  оқушы  деңгейін  анық  біліп  отыруына  мүмкіндік 

береді,  білім  берудің  сапасы  артады.  Критериалды  бағалау  бұл  мақсаттар  мен  міндеттердің 

барлық талаптарына сай орайластырылған. Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы: 

оқушының  тұлғалық  бағытын  белсенді  позицияға  бағыттау,  тұлғаны  өзіндік  жауапкершілікке, 

тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамика-

сын  кез-келген  кезеңде  анықтау,  әртүрлі  жұмыстардан  алған  бағаларды  дифференциалдау 

(өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б), құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар 

арқылы  оқушының  еңбегін  анықтау,  оқушының  бағалау  жүйесіне  толық  қанағаттануына  қол 

жеткізе аламыз. 



Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:


653

Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;



оқушыларға  оқу  үдерісі  барысында  туындаған  қиындықтарды  түсінуге,  бағалауға 

мүмкіндік береді;

ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз 



етіледі.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық 

бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді 

іске  асыру  түрлерін  жақсарту  мүмкіндіктерін  анықтауға  бағытталған  болса,  жиынтық  бағалау 

мақсатты  баға  қою  және  сертификаттау  немесе  оқытудың  алға  жылжуын  тіркеу  үшін  оқыту 

қорытындысын шығару үшін қажет [2].

Жалпы  қалыптастырушы  бағалау  сабақ  жүйесінде  жеке  қарастырылмайтын,  сабақпен 

қатар  жүретін  үрдіс.  Қалыптастырушы  бағалаудың  (оқыту  үшін  бағалау)  маңызы  –  білім 

беруді,  әдістерді  және  осы  мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  жақсарту,  мақсаты–оқытудың 

қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау 

мен  сұрыптау,  жетістікке  жеткендігін  көрсететін  кері  байланыс.  Бағалаудың  мәні  –  бақылау, 

алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы 

мүмкін  шешімдерді  қорытындылау.  Ол  оқушының  жаңа  сабақты,  тарауды  қалай  меңгеріп 

жатқандығын  жүйелі  түрде  бақылап,  қадағалап  отыру.  Жиынтық  бақылау  жұмысына  дейінгі 

оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы 

сабақтың  толық  бөлігін  қамтуы  міндетті  емес.  Ол  сабақтың  басында,  сабақтың  ортасында, 

сабақтың  соңғы  бөлігінде  жүргізіледі.  Уақыт  көлемі  тапсырма  деңгейіне  сәйкес  5-10  минут 

болуы мүмкін. 

6-сынып  оқушыларының  оқу  қызметін  бейімделу  кезеңін  ұйымдастырудан  және  сауал-

нама  мен  тестілеу  арқылы  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  білім  деңгейін  анықтаудан  бастадым. 

Оқуға деген қызығушылық деңгейін зерделедім. Алынған нәтижелерді талдай келе, мынадай 

қорытынды жасалды:

Түрткі атаулары мен сипаттамалары

Пайыздық көрсеткіштері

Оң түрткі (ұмтылыс)

41,7 %


Әлеуметтік  түрткі  (балалар  мұғалімдері  мен  ата-

аналары,  құрдастары  тарапынан  сый,  мақтау  есту 

үшін оқиды)

31,7 %


Танымдық  түрткі  (оқушыны  тиімді  оқу  ісіне 

ынталандыратын себептер жүйесі)

26,6 %

Алынған нәтиже бойынша бұл түрткілер кейін баға үшін ғана ұмтылысқа айналып, мектеп 



оқушысының жалғыз мақсаты баға болып қалуы мүмкін. Міне бағалаудың дәстүрлі жүйесінің 

кемшілігі  де  осында,  бұл  баланың  дамуы  мен  қызығушылығына  кері  әсерін  тигізеді.  Ал 

критериалды  бағалау  сабаққа  деген  танымдық  түрткісін,  қызығушылығын  қалыптастыруда 

тиімді  болып  табылады.  Критериалды  бағалау  технологиясында  критерий  балалармен  бірге 

құрастырылады, олар тақта алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік береді.

Мысал ретінде, қазақ тілі сабағындағы өткізілген сабақтарымның бірін ұсынамын. 

Тақырыбы: «Отбасы күнін тойладық».

Мақсаты:


 

6.1.1.1  –  тірек  сөздер,  мәтіннің  бастапқы  бөлігін  тыңдау  арқылы  тақырыпты, 

көтерілетін мәселені болжау 

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау 

Тапсырмаларды бағалау критерий ұпайларының саны.

1 ұпай – жауап жоқ (жауап беруден бас тарту, берілген жауаптар тапсырма деңгейіне сай 

емес).

2 ұпай (2)– білімінде олқылықтар анықталғанда немесе негізгі оқу-бағдарлама материалының 



негізгі бөлім бойынша білімі болмағанда, бағдарламалық тапсырма орындау кезінде өрескел 

қате жіберілгенде, жауап беру кезінде жіберген қателерін түзетпегенде, пән бойынша қосымша 

сабақсыз оқуды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда қойылады.

3 ұпай (3-) – негізгі оқу бағдарламалық материал бойынша хабары бар, бірақ әрі қарай оқуды 

қажет  ететін,  сабақта  белсенділігі  төмен,  бағдарламалық  тапсырманы  өз  бетінше  орындай 

алатын, алайда оларды орындау кезінде қателіктер жіберетін, мұғалімнің көмегімен қателігін 




654

түзетуге білімі жететін оқушыға қойылады.

4 ұпай (3) - негізгі оқу бағдарламалық материал бойынша хабары бар, бірақ әрі қарай оқуды 

қажет ететін, бағдарламалық тапсырманы өз бетінше орындай алатын, алайда оларды орындау 

кезінде  қателіктер  жіберетін,  мұғалімнің  көмегімен  қателігін  түзетуге  білімі  жететін  оқушыға 

қойылады.

5 ұпай (3+) - негізгі оқу бағдарламалық материал бойынша хабары бар, бірақ әрі қарай оқуды 

қажет ететін, бағдарламалық тапсырманы өз бетінше орындай алатын, алайда оларды орын-

дау кезінде қателіктер жіберетін, өз бетімен қателігін түзетуге білімі жететін оқушыға қойылады.

6 ұпай – (4-) – оқу-бағдарламалық материал бойынша жеткілікті толық білімі бар, жауап беру 

кезінде көп қателіктер жібермейтін, бағдарламалық негізгі тапсырмаларды өз бетімен орындай 

алатын, сабақта жеткілікті белсенділігімен ерекшеленген, пән бойынша жүйелі білім деңгейін 

көрсететін оқушыға қойылады.

7 ұпай – (4) – бағдарламалық барлық тапсырмаларды өз бетімен орындай алатын, сабақта 

белсенді жұмыс істейтін, пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз бетімен 

толықтыра білу қабілеті оқушыға қойылады.

8 ұпай – (4+) – оқу-бағдарламалық материалын толық меңгерген, сабақта белсенді жұмыс 

істейтін, пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз бетімен толықтыра білу 

қабілеті бар оқушыға қойылады.

9 ұпай – (5) – жан-жақты жүйелі білімі бар, оқу-бағдарламалық материалын толық меңгерген, 

сабақта белсенді жұмыс істейтін, пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз 

бетімен  толықтыра  білу  қабілеті  бар,  материалды  жүйелі  жеткізе  білетін,  терминдерді  нақты 

қолданатын оқушыға қойылады.

10 ұпай – (5+) – терең де жүйелі білімі бар, оқу-бағдарламалық материалын толық меңгерген, 

сабақта белсенді жұмыс істейтін, пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз 

бетімен  толықтыра  білу  қабілеті  бар,  материалды  жүйелі  жеткізе  білетін,  терминдерді  нақты 

қолданатын оқушыға қойылады. Ары қарай оқушы бұл парақты үйіне алып кетеді де, бақылау 

жұмысына дайындық кезінде пайдаланады.

Оқушылар берілген сұрақ жауап пен тапсырмаларын орындағанына қарай балдар жинап, 

сол арқылы өздері бағалау процесіне қатысады, яғни бағалау процесі ашық болады. 

Оқушылармен жұмыс істеудің бұл түрі өз пікірін қалыптастыруға және қорытынды жасауда өте 

тиімді екеніне көзіміз жетеді. Мен үшін бұл оқыту түрі белгілі бір сыныптағы қиын оқушылармен 

байланыс жасауға да үлкен көмегін тигізеді. Мен критериалдық бағалау әдісін қолдану арқылы 

келесідей мүмкіндіктерге қол жеткіздім:

-Бақылау-бағалау жұмыстарының дағдыларын қалыптастырады;

- оқу-танымдық қызметтің жүзеге асырылуын ынталандырады;

- оқу процесінің барлық қатысушыларына (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) бағалауды 

«ашық» және түсінікті етеді;

- оқушының мектептегі алаңдаушылығын төмендетуге көмектеседі;

- бағалаудан эмоциялық жағымсызды алып тастауға, психологиялық жағымды ортаны құруға 

мүмкіндік береді;

-оқушылар мұғалімнің бағалауын дұрыс қабылдай алады;

- критериалдық бағалау оқу процесін объективті етеді;

- оқуға деген танымдық ұмтылысы артады;

- оқу үрдісіне және қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттыруға көмектеседі.

Сабақта  қалыптастырушы  бағалауды  жүйелі  өткізу  —  жиынтық  бағалаудың  нәтижелі, 

сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін 

саралайтын  жұмыс,  ендеше  осы  жұмыстың  бастауы  негізі  қалыптастырушы  бағалауда 

қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен 

ұтымдылығы дәлелденіп отыр[3].

Бағалау  критерийі  қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеті  сабағында  мәтінмен  жұмыс,  диктант, 

мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде де өте ыңғайлы. 

Қорыта  келгенде,  критериалды  бағалау  сабақ  үстінде  жүзеге  асып  отырады.  Алдымен 

топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың 

нәтижелілігіне және оқушылардың бір-бірін өзара бағалауы арқылы өз пікірлерін ортаға салып, 

өз  ойларын  еркін  жеткізуіне  алып  келеді.  Өз  пікірін  еркін  айту,  өзгелердің  жұмысына  өзіндік 

бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. 



655



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет