729
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ:
ЖЕТІСТІКТЕРІ,МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
М.О. Ушакпаева
Алматы облысы Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10орта-мектеп гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі.Ushakpaeva@bk.ru
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы- заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан
өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Елбaсымыздың Қaзaқстaн
ғылымы мен білімнің әлемдік беделін aрттыру жолындaғы қaмқорлығы қaзіргі тaңдa өз нәтижесін
беруде. Оғaн дәлел 2015 жылғы «Нұрлы жол - болaшaққa бaстaр жол» aтты хaлыққa Жолдaуындa
индустриялaндыру бaғдaрлaмaлaры негізінде білімді жaстaр дaярлaуғa көңіл бөліп, еліміздің
түрлі деңгейдегі білім ордaлaрынa үлкен мaқсaт-міндеттер қойып отыр. Елбасы өзінің Қазақстан
халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды мәселелерге тоқтала отырып, білім берудің
бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық береді.Күнде өзгеріп жатқан ғаламда уақыт
талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер
керек. Қазіргі таңда бастауыш білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары бекітілген. 2015-
2016 оқу жылынан бастап еліміздің 30 пилотты мектептерінде сынақтан өту үрдісі басталып
кетті. Бекітілген 30 мектептің бірі, қазіргі таңда мен қызмет атқарып жатқан білім ордасы
Талдықорған қаласында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы да
бастауыш сыныптарда оқу бағдарламаларының жобасын жаңа форматта жүргізуде. Жаңа
бағдарламаны қолданып білім беріп жатқанымызға биыл төртінші жыл уақыт өткендіктен, осы
бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері, әлсіз және күшті жақтары айқын көрініс
тапты.
Оқу жылы басталғалы бері көптеген сан түрлі оқушылармен жұмыс істей отыра, сабақта
көптеген мәселелерге тап болдым. Олардың біреуін сабақ барысында шешуге тырысып,
екіншісінің келесі сабақтарда туындамауына жағдай жасап, тағы біреуінің шешімін бүгінгі күні де
іздестірудемін. Уақыт өткен сайын оқушылармен үздіксіз жұмыс істеу, ылғи да ізденісте болып
тынбай еңбек ету кез-келген мұғалімді жоғары кәсіби маман ретінде шыңдап түсетіні айғақ.
Бастауыш сыныптарға білім берудің жаңа бағдарламасын қолданудағы екінші мәселе қажетті
оқулықтармен қамтамасыз ету деп атап өттік. Бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнын
жаңарту және оқулықтарды қорландыру циклдарына кезең-кезеңмен өту кестесі бекітілген
болатын, бірақ өкінішке орай бұл арада да біраз кемшіліктер бар. Олар: оқулықтардың сан
түрлілігі, оларды қолдану бойынша әдістемелік көмектің жетіспеушілігі, оқулықтағы кейбір
жаттығулардың жүйелілігінің жоқтығы, оқулық мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкес келмеуі,
кейбір тапсырмалардың көздеген мақсатын қамтымауы немесе мүлдем белгілі мақсаттарды
қамту бойынша тапсырмалардың болмауы, және т.б.
Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде жаңа бағдарламаның оқыту әдістерін жан-
жақты қолдануға тырысамын.
Жаңа бағдарлама бойынша оқытуды бастағандықтан дәстүрлі білім беруде қолданылатын
ұстанымдарымыз да өзгерді . Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы
мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн .
Жаңарған білім беру бағдарламасы еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу
барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі
дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы
өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен
қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі
ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер
ерекше: шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді
жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым,
жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете
түсті. Жаңа бағдарламаның артықшылықтарын айта кетсек, ең алдымен, жалпы бағдарламаға
педагогикалық қауымдастық, оқушылар оң көзқарас танытуда. Жаңа бағдарлама бастауыш
сынып оқушыларына тілді сөйлесім әрекеттері арқылы мәдениетаралық қатынасым құралы
ретінде меңгертіп, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға, түрлі әлеуметтік ортада
730
өзін еркін ұстауға үйретуге бағытталған. Оқушылар жаңа бағдарлама арқылы бәсекеге қабілетті
және құзыретті тұлға болып, кез келген қауымдастықта тіл табыса білуге, өзгелермен бірлесе
отырып, туындаған мәселелер мен міндеттерді шеше білуге үйренеді.
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы–бастауыш саты. Келешекте арнаулы
мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-
қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Бұл бағдарлама
алдымен, сабақ мақсатынан бастап өзгергендігінде. Бұл дәстүрлі әдістерден қарағанда
оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді, оқушылар өз ойларын
айқын айтуға үйренеді.
Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық
оқыту технологиясының маңызы зор. Оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары
бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады.
Бағдарлама аясында білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа бағалау түрі – критериалды
бағалау. Бағалау қалыптастырушы және жиынтық болып келеді.Оқушылардың ағымдық білімі
мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және
жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және
ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін — сапалы нәтижеге әкелетін
критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер
алуға т.б., оқушылар үшін — табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және
өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни
ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-аналар үшін — оның оқуындағы
табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Қалыптастырушы бағалау жүйесі оқушылардың бейімделуіне қолайлы. Балалардың жас
ерекшелігіне байланысты дәстүрлі бағалау жүйесінен гөрі қалыптастырушы бағалау әдісі
олардың белілі бір уақытқа дейін қарапайым үлгілерді үйренуіне қолайлы болатын сияқты.
Деңгейлік курстан, жаңартылған білім беру мазмұны курсынан өткен мұғалімдердің сабақтарына
қатысу, тәжірибе алмасу оңтайлы жолға қойылған. Әдістемелік құралдар қолжетімді.Әдістемелік
көмекке және қолдауға келетін болсақ мектебімізде біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Елбасы Н.А.Назарбаев атап көрсеткендей, «Бiлiм беру саласын модернизациялау білімнің
базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып
отыру қажет. Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi
уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға
мәлім. Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру
және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған
айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан.
Жалпы бағдарлама жайлы қазіргі таңда барлық мұғалімдерде жағымды көзқарасы
қалыптасты. Себебі жаңартылған бағдарламада дағды мен құзірет беру компоненттері және
тәрбие беру жұмыстары күшейтілген. Бұл біріктірілген бағдарлама: сыни ойлау дағдысы,
командада жұмыс істеу, ақпарат іздеу сияқты маңызды дағдыларды қамтыған. Сондай-ақ олар
барлық пәндерге біріктіріледі. Осылайша пәнаралық байланыс арқылы ортақ игі қасиеттерді
қалыптастыру процессі жүзеге асады. Және де ортақ тақырыптар,тақырыпшалар мен нақты
мақсаттар белгіленген ерекшелігі өте тиімді. Бұл мұғалімдерге де және оқушыларға да түсінікті
әрі қолжетімді, себебі бұл бағдарлама нені?қалай? не үшін? оқыту қажет және нені? не үшін?
оқу қажет деген сұрақтарға толық қанды жауап бере алады деп айтуға болады.
Қорыта келе,бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені
қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады,
сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи
әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің
жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Достарыңызбен бөлісу: