Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет513/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   674
Ключевое  слова:  коммуникация,  компетентность,  международный,  монолог,  диалог, 

ценность, личность.



Key words: communication, competency, international, monologue, dialogue, value, personality.


745

МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ БУЫНДА ОҚЫТУДА 

КӨПТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

К.Г. Шайхина

№4 негізгі мектебі

Целиноград ауданы, Ақмола облысы

Тілдердің  үш  тұғырлылығы  идеясына  Елбасы  нақты  анықтамасын  да  береді:  қазақ  тілі 

мемлекеттік  дәрежесінде  мемлекет  өмірінің  бар  саласында  «бүкіл  қоғамымызды  біріктіруші» 

қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын 

тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай 

нақтылы анықтама керек?!

Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  Ата  Заңында  мемлекеттік  тіл  –  қазақ 

тілі  деп,  сонымен  қатар  орыс  тілін  ресми  тіл  ретінде  бекітті.  Оның  негізгі  мақсаты  ретінде 

ұлтаралық  тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік  ортасын  дисфункцияға ұшыратпау болған  еді. 

Сондықтан да орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне 

ие болды. Қазірдің өзінде жаһандану үрдісі етек алған заманда халықаралық байланыс құралы 

және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілін білмей әлеуметтік-

экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Жеке тұлға қаласа да, қаламаса да, қабылдап, не 

қабылдамаса  да  жаһандану  бас  тартып  кете  алмайтын  біздің  әлеуметтік  шындығымыз.  Ол 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  кең  мағынада  тарихи  даму  процесімен  шартталған.  Ең 

басты  әлемдік  коммуникациялық  кеңістік  –  Интернетте  барлық  ақпараттың  80%  ағылшын 

тілінде ұсынылады. Қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймаған 

қостілділік (билингвизм), тіпті көптілділік (полилингвизм) феномені кеңінен таралуда.

Бұл  жаһандық  үрдістен  біздің  еліміз  де  тыс  қалған  жоқ.  Елбасының  көрегенді  саясатына 

орай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың 

бірі - қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі.

Сонымен  бірге,  Елбасымыз  «Үш  тілді  меңгеру,  білу  –  бұл  жаһандық  әлемге  жолдама 

деген  сөз.  Бұл  адамның  өмірдегі  табыстылық,  жетістік  принципі.  Жаһандық  әлемде  біздің 

балаларымыз «Планета азаматы» болады. Бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін 

«судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз…» дей отырып, 2017 жылға 

қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға 

қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиістігін атап көрсеткен 

болатын.


Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан 

бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін 

меңгеруге  тигізер  әсері  мол.  Көпжылдық  зерттеу  көрсеткендей,  ағылшын  тіліне  ерте  жастан 

оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге 

және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда 

кішкентай  бала  ағылшын  тілін  тез  меңгереді.  Дегенмен,  сол  көптілділік  іргетасы  ана  тілден 

қалануы керек. Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей 

білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын 

көрінеді.  Өркениетті  елдердің  осындай  озық  дәстүрлерінен  неге  үйренбеске?  Ана  тілінде 

дыбыстарды  дұрыс  айтпай,  дұрыс  сөйлемеген  баланың  бойына  патриоттық  сезімді  ұялата 

білеміз бе? «Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп көрнекі жазушы 

Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі күні жетімдерге тап болып қалмаймыз ба?

Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты, 

жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің 

өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру. 

Оқытушылар мен оқушылардың алдында тұрған басты мақсаты – Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім  стандарттары  талаптары  деңгейінде  үш  тілде  білім 

меңгерген, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары 

қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны дамыту.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін 

енгізудің өзектілігі мынада:

- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;




746

- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне 

кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің 

өзекті мәселеге айналуы;

- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық 

экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;

-  мектеп  бітірушілерінің  коммуникативтік  және  ақпараттық  құзырлықтарының  жеткілікті 

деңгейіне қол жеткізу;

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020-шы  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  көптілді  білімі  бар  педагогикалық  кадрларды  даярлау  іске 

асырылуда. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық 

пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларын 

да өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр, әсіресе, пәнді үштіл де оқытатын педагогикалық 

кадрларды дайындауға байланысты.

Сонымен көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы қоғамды 

қөзара келісімді нығайтатын маңызды фактор. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның 

бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып 

табылады.

Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдік бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың бірінші баспалдағы. 

Өйткені,  бірнеше  тілдер  кіни  сөйлей  де,  жаза  да  білетін  қазақстандықтар  өз  елінде  де, 

шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады[1]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет