Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет527/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   674
    Бұл бет үшін навигация:
  • 6-әдіс
ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

Э.Е. Базылбаева 

«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Павлодар облысы, Май ауданы, 

elmira_010878@mail.ru

Адамдықтың шыңына шығу үшін көп ой керек,

ойлау үшін көп оқу керек.

Әл-Фараби

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

дамыту  білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.

Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда 

әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар 

білімін қолдануға бағытталуы тиіс. 

Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен  алғанда,  тұлғаның  мектепте  алған  білімі,  білігі  мен 

дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен 

әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде 

түсіндіріледі.

Қазақстан  Республикасында  оқушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  аясында 

функционалдық  сауаттылықтың  мынадай  түрлері  бағаланады:  оқу  сауаттылығы  (қазақ  тілі, 

орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық;  жаратылыстану  ғылыми  сауаттылық  (физика,  химия, 

биология, география) [2].

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, 

мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту 

мақсатында  білімдері  мен  мүмкіндіктерін  дамыту  қабілеттері.  Оқу  жылдамдығы  мен  мәтінді 

дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды 

жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады. 

«Оқу  сауаттылығы»  термині  кең  мағынада  қарапайым  оқу  біліктілігі  емес,  мәліметтерді 

айқындай  білу  қабілетімен  анықталуда.  Мектеп  жасындағы  балалардың  тек  оқу  техникасын 

меңгеруі  қазіргі  таңда  қабілеттілік  болып  есептелмейді.  (зерттеу  бойынша  ең  үздік  оқушы 

минутына 350-400 сөз оқуы қажет) [1].

Жалпы  айтқанда,  оқу  сауаттылығына  баланың  оқу  шапшаңдығы  емес,  оқыған  мәтінді 

қабылдауы,  дұрыс  ой  түйіндеу,  мәтіннен  алған  ақпаратты  өмірмен  байланыстыра  алу  және 

берілген тапсырманың түп төркінін түсіну жатады.  

Сауаттылық  бойынша  тапсырма  оқу  арқылы  талапкердің  жалпылау,  салыстыру, 

тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған 

тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, 

оларды  сараптауға,  сол  көздерден  алынған  ақпараттарды  салыстыруға  және  тұжырымдауға 

тура  келеді.  Демек,  бұл  дағдылар  мектеп  түлегінің  алдағы  білім  алу  барысында  өте  қажет 

болады


Ал мәтінді сын тұрғысынан оқу деген не? Мәтінді сын тұрғысынан оқу- өзіндік ойлау, оқып 

отырған мәтінге өз бетінше сұрақ қою арқылы шешімін талап ететін проблемаларды айқындау. 

Сол  себепті  оқып  отырған  мәтінге  өзіңіз  сұрақ  қойып,  проблеманың  шешімін  табуға  тырысу 

керек. Мәтінді сын тұрғысынан оқу-кез келген мәтін бойынша ойлану, бас қатыру, дұрысы мен 

қатесі ажырату, тақырыпты қорыту. Мәтінді сын тұрғысынан оқу- ой қозғай отырып, оқушының өз 

ойымен өзгелердің ойына сыни тұрғыдан қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, 

сұрыптап,  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасау,  өз  бетімен  не  топпен 

шығармашылық жұмыс жасау.

Мәтінді сын тұрғысынан оқу- мәтінді  тек түсініп қана қоюмен шектелмейді. Мәтінді түсініп 

оқумен  қатар  тақырып туралы  тұжырым  жасау  немесе  өз  ойынан  сын  айтып, өз  көзқарасын 

білдіру  мақсат  етіледі.  Мәтінде  берілген  идеяны  сол  күцде  қабылдап,  оған  түбегейлі  сенім 

арту  емес,  ол  идеялардың  негізгі  себептерін,  жүзеге  асыру  жолдарын  және  нәтижесін  білу, 

оларды керегіне лайықты етіп кіріктіру, ой елегінен өткізіп, проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз 

мақсатына пайдалана білу маңызды.



764

Мәтінді  сын  тұрғысынан  оқығанда  әркім  әртүрлі  сын  айтып,  әртүрлі  пікір  ұсынуы  мүмкін. 

Бастысы, осы табылған ұйғарымдардың ішінен ең дұрысын таңдап, саналы шешім қабылдау.

Мәтінді сын тұрғысынан қалай оқимын?



 Мәтінді сын тұрғысынан оқуды бастағанда, алдымен 

оқуға деген қызығушылығыңызды оятқан жөн. Мәтіннің жанры мен тақырыбы немесе көрнекі 

суреттері қызығушылығыңызды оятуға көмектесетін бөліктер болып табылады.

Оқуға  деген  қызығушылығыңыз  оянғаннан  кейін  мәтінде  берілген  ойдың  мағынасын 

ажыратуыңыз, оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсінуіңіз қажет.

Мәтінде  не  айтылғанын  түсініп  болған  соң,  ой-толғаныс  жасаңыз,  мәтінде  айтылған 

мағлұматтарға және өзіңіздің бұрыннан білгендеріңізге сүйене отырып, бір тұжырымға келіңіз, 

ойдың  қорытындылап,  мәтннен  тыс  өзіңіз  жаңа  идеяларыңызды  ұсыныңыз.  Үйренгеніңізді 

саралап, алмақтап ой елегінен өткізу шығармашылық қабілетіңізді арттырады, осы күнге дейін 

оқып, білгендеріңізді таразылайды.

Тақырыппен  танысу  барысында  білгендеріңізді  «Ö»,  түсініктіз  болса  «-»,  сіз  үшін  жаңа 

ақпарат болса «+», сізді таң қалдырған  ақпарат болса «!» белгілерін қойып отырыңыз. Мәтінді 

мына сұрақтар бойынша сыни тұрғыда қарастыруды ұсынамыз:

Мен бұл мәселе туралы не ойлаймын?



Осы мазмұннан алған ақпарат  менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?



Маған бұл жаға ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?

Белгілі  тақырыптағы  ойды  сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  ой-толғау,  суреттей  алу,  еске 

түсіру, болжау сізді жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді, біліміңіз толығып, 

болашақты ойлауға құлшынысыңыз артады. Сондықтан мәтінді сын тұрғысынан ойлап оқу- өте 

маңызды[3]. 

Оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс жасағанда қолданылатын әдістер:

1-әдіс

Алғашқы  әдіс  –  мәтінге  байланысты  берілген  сұрақтың  тапсырмасынан  бастау.  Бір  істі 

бастағанда оны қандай мақсатпен жасап  отырғанымызды білсек, жұмысымыз жеңілдейді. Сол 

себепті  алдымен  сұрақтың  тапсырмасын  оқысаңыз,  мәтінді  оқып  жатқанда  автоматты  түрде 

адамның миы оны түсінуге және шешуге бейімделіп оқитын болады. Тіпті мәтінді оқымас бұрын, 

алдымен жауап нұсқаларына көз жүгіртсеңіз, мәтінде не туралы айтылғанын және сізден не 

сұрап тұрғанын оп-оңай түсіне аласыз.

2-әдіс

Сұрақтың тапсырмасын және сізден нені сұрап тұрғанын жақсылап түсініп алыңыз. Кейде 

сұрақтың  тапсырмасында  «айтылмаған»,  «берілмеген»,  «жатпайды»  секілді  болымсыз 

тапсырмалар кездеседі. Мұндай болымсыз сұрақтарға абай болыңыз. Асты сызылған сөздерді 

де мұқият оқыңыз.

3-әдіс

Барлық  жауап  нұсқаларын  міндетті  түрде  қарап  шығыңыз.  Кейде  «А»  жауап  нұсқасы 

шатастырушы  болуы  мүмкін.  Мәтінге  байланысты  жауап    нұсқасы  болуы  да  ықтимал.  Бірақ, 

басқа  да  жауап  нұсқалары  мәтіннің  мағынасын  одан  да  жақсы  түсіндіре  алатынын  мұқият 

оқығанда байқай аласыз.Сіз «А» нұсқасын асығыс белгілеп жіберсеңіз, емтиханнан соң  бұл 

қателігіңізді түзету кеш болады.



4-әдіс

Сұрақтарды  өзіңіздің  ыңғайыңызға  қарай  емес,  сұрақта  сізден  не  сұрап  тұрғанына  қарай 

тұжырым жасаңыз. Мәтіндегі ойды түсінбеуіңіз мүмкін, бірақ сізден не сұрап тұрғаны маңызды, 

себебі сұралған нәрселер мәтінде айтылғандар болып табылады.



5-әдіс

Ұзақ,  көлемді  тапсырмалардан  қорықпаңыз!  Сұрақтың  ұзақтығы  мен  қиындығы  көбінесе 

бірдей емес. Беттің жартысын алатын сұрақтар басқаларға қарағанда әлдеқайда жеңіл болуы 

мүмкін. Ұзақ сұрақтарда көбінесе оқиға беріледі де, оны көз алдыңызға елестетіп, есте сақтау 

өте жеңіл болғаны үшін сұрақты оп-оңай шешесіз.

6-әдіс

Мәтіннің негізгі ойы әдетте соңғы сөйлемдерде келеді. Айрықша жағдайларды есептемегенде, 

мәтіннің негізгі ойын соңғы сөйлемнен іздеңіз.

7-әдіс

Соңғы және ең маңызды әдіс. Мәтін сұрақтарды барлығы шеше алады, бірақ маңыздысы 




765

–  сізге  берілген  уақытта  шешіп  үлгеру.  Сол  себепті,  тәжірибе  жинап,  тез  шешуді  үйрену  өте 

маңызды.  Тәжірибе  жинау  үшін  белгілі  бір  тәртіппен  сұрақ  шешуіңіз  керек.  Ендеше,  сізге 

ұсынысымыз – күн сайын кем дегенде 20-30 мәтін сұрақ шешу!

Мәтін- жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән ақпаратты 

жеткізетін мазмұнды сөйлемдер тізбегі.

Мәтін-  бір  тұтас  ойдың  айналасында  пайда  болған  тиянақты  ойлар  жиынтығы,  жиынтық 

мәтінді абзацтарға бөледі.

Мәтіннің түрлері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет