Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет534/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   674
Түйін  сөздер:  мәтінмен  жұмыс,  мәтіннің  түрлері,  мәтіннің  тірек  сөздері,  мәтінді  сын 

тұрғысынан оқу,  оқу сауаттылығы, өзіндік көзқарас, тұжырым жасау.  



Ключевые слова:  работа с текстом, виды текста, ключевые слова текста, чтения текста 

по методу критического мышления,  грамотности чтения, высказывание своей точки зрения, 

делать выводы.

Key words: work with the text, types of text, key words of the text, reading of the text according 

the method of critical thinking, reading with understanding and giving their opinion.




768

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА 

ТАРИХ ПӘНІНЕН ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

Ж.Б. Байтулекова 

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясы, 

Жамбыл облысы, Меркі 

ауданы, baytulekova67@mail.ru 

Қазіргі таңда ХХІ ғасырдағы сабақ, яғни заманауи сабақ шын мәнінде қандай болуы керек 

деген  сұрақ  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  көпшілігін-  мұғалімдерді,  ата-  аналарды, 

оқушыларды толғандыратыны сөзсіз. Қазіргі сабаққа не әсер етеді? Мұғалімдердің шеберлігі, 

әдіс-  тәсілдердің  жиынтығы,  әлде  оқытудың  техникалық  құралдарының  болуы  ма?  Бұл 

сұрақтарға  педагогикалық  әдебиеттерден  бір  жақты  жауап  таба  алмаймыз.  Бұл  салада 

көптеген авторлардың пікірі бір жүйеге саяды: яғни заманауи мектеп пен заманауи сабақ білім 

алушыларды өмірдің барлық үрдістеріне қатысуға дайындауы, өмірге бейімдеуі керек. Заманауи 

сабақ  жағдайында  мұғалімнің  рөлі  түбегейлі  өзгереді.  Мұғалім  білімнің  тек  дара  көзі  ретінде 

емес, оқушылардың оқу- танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі 

тиіс. Оның басты функциясы- сабақты оқушының білімді өз бетінше алуға мүмкіндігі болатындай 

етіп  ұйымдастыру  [1].  Яғни,  мұғалім  өз  қызметін  әр  оқушы  біріншіден,  өмірге  қажетті  мінез- 

құлық дағдыларын қалыптастыра алатындай, екіншіден, өзінің ақыл- ой потенциалын барынша 

дамыта алатындай ұйымдастырушылық әрекетке бағыттауы керек. 

Заманауи сабақтың мақсаты пән бойынша терең білім беру емес, өз пәні арқылы оқушыға 

белгілі бір құзіреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, заманауи сабақ 

барлық уақыт осы мақсатқа бағытталатын үйрену ортасы. Осындай сабақта оқу процесіндегі 

жауапкершілікті оқушы өз қолына алады,  оның өзбетінше жұмыс істеу икемділігі қалыптасады, 

сабақтағы  оқушы  белсенділігі  мұғалім  белсенділігінен  жоғары  болады.  Сабақта  мұғалім 

қолданған оқытудың ұтымды әдістері арқылы баланың білімге деген ынтасы артады, таным- 

білім  көкжиегі  кеңейеді.  Бірте-  бірте  ұстаз  дәрісін  тыңдаушы  оқушы  белсенді  ойлай  алатын, 

ізденімпаз шәкіртке айналады [2].

Сонымен,  заманауи  сабақтың  негізгі  құрылымына  тоқталатын  болсақ,  сабақтың 

ұйымдастырушылық  кезеңі  мұғалімнің  сабақ  басындағы  жұмысқа  жағымды  эмоционалдық 

ахуал қалыптастыруына бағытталады, оқушыларға сабақтың тек қана тақырыбы (мазмұны) ғана 

емес, сонымен бірге оның мақсаты, олардың қызметін ұйымдастыру формалары хабарланады, 

оқу- әдістемелік материалдармен жұмыс істеу бойынша нұсқау беріледі.

Келесі кезең-  оқушының жаңа ақпаратты өзбетінше меңгеру кезеңі. Бұл кезеңдегі ақпарат 

оқушы оны білімге айналдыра алатындай болып дайындалуы қажет. Ақпарат- оқу мен ойлаудың 

негізі. Ақпаратсыз біз ойлап, шешім қабылдай да алмаймыз, мәселені шешіп, шығармашылық 

қызметпен айналыса да алмаймыз. Тек жеткілікті ақпаратты жинай отырып, біз тұжырымдаманы 

өңдеп, қорытынды жасап, жоғары интеллектуалды деңгейде ойлай аламыз. 

Оқу  тапсырмасын  орындау  кезеңінде  тапсырмалар  әрбір  оқушыға  анық,  айқын  және 

түсінікті болуы керек. Сабақта тапсырма әр уақытта нақты іс- әрекеттен басталады, екінші оқу 

материалының  мазмұны  ұсынылады,  үшінші-  күтілетін  нәтижесі  болуы  керек.  Сабаққа  бүкіл 

сабақ бойы ең жетік оқушынының көңілін аулайтындай оқу тапсырмалары дайындалуы қажет. 

Тапсырмалар міндетті және күрделі тәртіпте беріледі. Ақпаратпен таныса отырып оқушылар 

тапсырмаларды орындауға кіріседі. Бұл ретте оқушылардың барлығы тең жағдайда бір мезгілде 

бірдей тапсырмаларды орындайды. Негізгі ереже: мұғалім дайын жауапты бермейді, жауапты 

оқушы өзі табуы керек. Сабақтағы мұндай әрекет оқушыға білімді өз бетімен меңгеруге үйретеді, 

ол алғашқы тапсырмадан бастап, бүкіл сабақ барысында жұмыс жасайды. Келесі тапсырмаға 

көшуі  үшін  мұғалім  тапсырманың  дұрыс-  бұрыстығын  тексереді,  тапсырманың  орындалғаны 

тіркеледі, тек содан кейін ғана оқушы өзінің жетістігін өзін- өзі бағалау парағына белгілейді де 

келесі тапсырманы орындауға көшеді. Сабақта оқушы орындаған тапсырмалардың саны оның 

интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілетіне  байланысты  болады.  Бұл  жерде  бағалау 

бойынша пікірталас болмайды, оқушылар өз жұмысын өздері бағалайды. 

Сабақты  қорытындылау  кезеңінде  сабақ  мақсатына  жеткен-  жетпегені  анықталады, 

сабақтағы оқушылардың қызметі бағаланады. Дәстүрлі сабақтың соңында барлық оқушының 

білімі бағаланбайтын еді. Жаңа мазмұндағы сабақта сабаққа қатысып отырған әрбір оқушы баға 

ала  алады.  Ол  үшін  мұғалім  алдын-  ала  орындалатын  тапсырманың  бағалау  критерийлерін 



769

дайындайды,  орындалатын  тапсырманың  дұрыстығын  сәйкестендіру  үшін  үлгілік  жауаптар 

әзірлейді. Оқушы қоржынында бағалаудың түрлі әдіс- тәсілдері болады: өзін- өзі бағалау, өзара 

бағалау,  мұғалімнің  бағалауы.  Бұл  кезеңде  оқушыларда  негізгі  құзіреттіліктің  бірі-  өзін-  өзі 

бағалау құзіретілігі қалыптасады.

Мысал  ретінде  өз  тәжірибемдегі  тарих  пәнінен  әзірленген  жаңартылған  мазмұндағы 

сабақтың алгоритмін ұсынамын. 

Тарих пәнінен жаңа мазмұндағы сабақтың іс- әрекет алгоритмі:

Бірінші кезең – шығармашылық бастама, яғни ұйымдастырушылық кезең. Бұл кезең баланы 

алда  болатын  іс-  әрекетке  ынталандырады,  сондықтан  бұл  кезеңде  оқушы  қызығушылығын 

оятатындай тапсырма берілуі тиіс.  Сабақтың бұл кезеңінде «Болжау» стратегиясын қолдану 

тиімді. Мұғалім оқушыларға слайдтан суреттер көрсетіп, оқушыларға сұрақтар қойып, болжам 

жауаптарын  тыңдайды,  сол  арқылы  «Оқушы  үні»  тыңдалып,  сабақтың  тақырыбы,  бағыты 

айқындалады. Сонымен қатар, оқушылардың мотивациясын ояту мақсатында сын тұрғасынын 

ойлау  философиясының  стратегияларын  қолдануға  болады.  Мысалы,  оқушыларға  «...

елестетіңіз,  сіздің  алдыңызда  ұлы  кемеңгер  тұр.  Сіз  одан  келген  өзіңізге  қажетті  ең  негізгі 

нәрсені  сұрай  аласыз.  Кемеңгерге  қоятын  бүгінгі  тақырыпқа  байланысты  ең  алғашқы  екі 

сұрағыңыз қандай болар еді, жазбаша түрде беріңіз» деген сияқты тапсырма беруге де болады. 

Осылайша  біз  міндетті  түрде  сабақ  материалына  қатысты  туындаған  негізгі  сұрақтарды  ала 

аламыз.  (Тапсырма  сөз,  негізгі  сөздер  тізбегі,  сандық  білім  беру  ресурстары  арқылы  сурет, 

музыкалық  фрагмент  аясында  болуы  мүмкін  –  бастысы:  кездейсоқ,  құпия,  мәнді  болуы  ке-

рек). Шығармашылық бастама баланы алда болатын  бүкіл  жұмысқа  ынталандырып, балаға 

жағымды ахуал қалыптастырады [3]. 

Екінші кезең – шығармашылық өнімді жасау, яғни оқушының ақпаратты өзбетінше меңгеру 

кезеңі.  Бұл  кезеңде  екі  әрекет  жүзеге  асады-  деконструкция  және  реконструкция.  Басқаша 

айтқанда бір нәрсені (текст) бөлшекке бөліп талдаймыз, сосын оларды негізгі ақпарат ретінде 

пайдаланамыз- өз тарапымыздан ақпарат қосуға та болады. Бұл кезеңде алынған ақпараттарды 

жинақтап,  жүйелеу  үшін  топтық  жұмысты  ұйымдастыруға  болады.  Топтар  ДЖИГСО  әдісін 

пайдалана отырып, өздерінің түртіп алған ақпараттарымен бөлісіп, топта талқылайды. Сабақ 

барысында мұғалім мүмкіндігінше аз сөйлегені жөн. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушыларда 

пікір таластырып, бір- бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары 

бойынша  сыныптың  нені  түсінгенін/  түсінбегенін  бағдарлаған  дұрыс.  Сабақта  жеке,  жұптық, 

топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болуы 

мүмкін, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 

Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын 

оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге 

дайын  болуы  қажет.  Мысалы  оқушылар,  бастапқыда  бүкіл  сынып  болып  орындап,  кейіннен 

жұптасып оның орындалуын шыңдай алады [4].

Үшінші кезең- әлеуметтену кезеңі, яғни оқушылардың қоғамда өмір сүруіне қажетті білім мен 

икемділіктерді меңгеру кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар барлық қатысушылар бірлесіп әзірлеген 

өнімді ұсынады (ментальді карта, таныстырылым, кесте, сурет, фотогалерея т.б.). Бұл уақытта 

әр  оқушы  өз  жұмысының  нәтижесін  басқалармен  салыстыра  алады,  мүмкін  болған  барлық 

білімді  меңгереді.  Басқалардың  қызметінің  нәтижесі,  олардың  шығармашылық  жұмыстары 

келесі орындалатын жұмысқа шабыт береді. 

Төртінші  кезең-  өзін-  өзі  түзету  кезеңі  (ақпаратты  алмасу  кезінде  оқушы  өзіне  қажеттіні 

алады. Оқушы өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыда қарай отырып, сол арқылы тарихи 

дүниетаным туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндік алады). Бұл жаңа ақпаратқа  

жүгіну және оны өңдеу кезеңі. Бұл қосымша тарихи деректер, газет мақалалары, шығармадан 

үзінді, айтылған қанатты сөздер болуы мүмкін. Аталған кезеңдегі тапсырма: айтылған  сөзді, 

пікірді толықтырыңыз, дәлелдеңіз сарынды болады. 

Бесінші  кезең-  ақпараттық  сұрақтар  арқылы  сабақты  бекіту  кезеңі  (бұл  кезең  «Жұмыс 

нәтижесі қандай?» деген сұраққа жауап береді). 

Алтыншы кезең- рефлексия. Бұл атқарылған жұмысты өзіндік талдау кезеңі, бұл кезең жай 

ғана бағалаумен ғана емес, өз ойын сараптаумен қатар жүруі керек («Бүгін мен нені ұғындым?, 

Нені  түсінбедім?»).  Рефлексия  эмоционалды  және  логикалық  болуы  мүмкін.  Логикалық 

рефлексия- «өз-өзіне есеп беру» («Осы жерде мен мынаны аштым», «ал бұл жерде маған қиын 

болды», «себебі мен...» ) оқушының өзін- өзі дамытуы үшін қажет. Рефлексияны ауызша айту 



770

тиімді,  бірақ  оған  көбінесе    уақыт  жетпей  қалады,  сондықтан  5-8  минут  көлемінде  жазбаша 

түрде берсе де болады. 

Сабақтың  өн  бойында  қалыптастырушы  бағалау  жүріп  отыруы  керек.  Қалыптастырушы 

бағалау оқушының оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер етеді. Бұл бағалаудың нәтижесінде 

алынған  ақпараттың  негізінде  оқушылар  оқу  барысында  өздерінің  тапсырманы  қаншалықты 

дұрыс  немсе  бұрыс  орындағанын  біле  алады.  Сонымен  бірге,  оқушы  өзін-  өзі  бағалау, 

сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді. Сабақ соңында мұғалім әр оқушының 

ілгерілеуі туралы кері байланыс береді. 

Қорыта айтқанда, пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұнындағы сабақтар оқушыларды 

сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты 

жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өзбетінше меңгеруге мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет