Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет583/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   674
Ключевые  слова:  цифровое  образование,  цифровые  учебные  инструменты,  мотивация 

обучения.



Key words: digital education, digital teaching tools, motivation for learning.


815

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗІ 

К.А. Исмагулова 

Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі, Қостанай қ. kulparash64@mail.ru 

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне 

бағыт алуда, яғни қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық 

сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы 

дегеніміз  –  оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс 

жерде, яғни, өмірде кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету[1]. Білім беру 

сапасының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады. 

Сол  бағыттардың  бірі  –  математикалық  сауаттылық.  Математикалық  сауаттылық  –  әлемдегі 

математика рөлін анықтау, түсіну, пікір айту және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін 

қолдану.  Математикалық  сауаттылық  елестету,  байланыс  орнату  және  ойлау  арқылы  іске 

асады.  Оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  қалыптастыру,  оларға  нақты  білім  беру 

үшін сабақта заманауи әдіс –тәсілдерді қолдануымыз керек. Ал заманауи сабақ дегеніміз не? 

Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп. 

Заманауи  сабақ  –  инновациялық  технологияны  қолдану  болып  табылады.  Заманауи 

сабақта  мұғалім  оқушының  білімді  өзі  алу  мүмкіндігі  болатындай  етіп  ұйымдастыруы  керек. 

Сабақты  дұрыс  жоспарлау,  сабақтың  тақырыбына  байланысты  тиімді  стратегияны  анықтау 

керек.  Яғни,  оқушы  еңбек  жасап,  іздене  отырып,  өз  жұмысына  баға  береді,  әр  оқушының 

өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Математика сабағында 

барлық  оқушылар  бірдей  деңгейде  сабақты  меңгере  алмайды.  Әр  оқушының  ойлау  қабілеті 

әр түрлі. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне сай 

сабақтың түрін тауып, сол тақырыпты игеруді мақсат ету керек[2]. Есептер мен жаттығулардың 

қызықты болуы, оқушылардың өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, 

өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылығын арттырады. Яғни, білім 

сапасының артуына ықпал жасайды. 

Заман  ағымына  қарай  әрбір  ұстаз  үнемі  өз  білімін  жетілдіруге,  іс  –тәжірибесін  өзгертуге, 

оқыту  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыруға,  сабақ  үрдісінде  оқушылардың  іс  –әрекетін  дұрыс 

ұйымдастыруға міндетті. Қазіргі таңда өз іс – тәжірибемде жаңартылған білім мазмұны бойынша 

жаңа  әдіс  –  тәсілдерді  қолданудамын.  «Блум  түймедағы»,  «Фишбоун»,  «Миға  шабуыл», 

«Ойлан, жұптас, бөліс», «Филворд», «Аяқталмаған сөйлем», «Джигсо», «Блум таксономиясы», 

«Мозайка», «Еркін талқылау» т.б стратегияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізуге 

тырысамын[3]. Мысалы, 7 – сыныпта «Көпмүшелерді көбейту» тақырыбында «Миға шабуыл» 

стратегиясы мына түрде қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет