Ключевые слова: функциональная грамотность, обновленные знания, математической
грамотности, современная стратегия, метод - подход, логическое мышление, инновационные
технологии.
Key words: functional literacy, updated knowledge of mathematical literacy, modern strategy,
method - approach, logical thinking, innovative technologies.
818
ОҚЫТУДАҒЫ САРАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Ж.М. Каракулова
Шымкент қаласы Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебі
Karakulova.00@bk.ru
«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»
Ахмет Байтұрсынов
Білім нәрімен сусындап, келешек кемеліне кәміл сеніммен жол тартатын шәкірттердің ХХІ
ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізетін, жобалайтын мектеп
мұғалімдері қандай болу керек? Нағыз мұғалімдер мемлекет тұрақтылығы мен дамуының
мықты тірегі, ұлттық құндылықтың, рухани күштің, білімділік пен біліктіліктің, даналық пен
зиялылықтың, ізденімпаздық пен шығармашылық бастаманың үлгісі болып табылады.
Заман талaбына сай жaн-жақты, сан алуан жаңaлықтарды енгізу қажет, ал ұстaздар бұл
бағытта нaқты көңіл бөлсе, нәтижеге жете алады. Жаңартылған білім бағдарламасының ұстанып
отырған бaғыты - баланы ең әуелі логикaлық ойлауға үйрету, сыни ойлауын қалыптастыру, яғни
қазіргі ақпараттар төңірегінде өзін еркін сезінуге қажетті, өз бетімен білім ала алатын, білетінін
жүйелі түрде өмірде қолдана aлатын оқушыларды тәрбиелеу. Сондықтан да ең aлдымен
оқушылардың білім сaпасын арттыруда ең бастысы мұғалімдердің кәсіби біліктілігінде,
кәсіби шеберлігіне бaйланысты. Мұғалім – бaғдарлама, oқулық, оқушы арaсын байлaнысты-
рушы. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты бeлгілері – мұғалімнің жеке
басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле
білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның
оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді
қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. [1]
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін
оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды
қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. «Қалай оқу керектігін үйренудің»
қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге
оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап
осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатануды» индивид
қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті ретінде сипаттайды. Бейресми
түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ойлау және мұндай ойлаудың
нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады [1]. Саралап оқытудың әдіс-
тәсілдері метатануға өте тиімді. Саралап оқытуды қолданған сабақтарда төмендегідей жағымды
аспектілерді байқауға болады:
- мұғалімде әлсіздерге көмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік болады;
- қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік
туады;
- мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен білім алуға деген
ынталары жанданады;
- деңгейі артады: Мен – концепциясы: мықтылар өз қабілеттеріне көз жеткізеді, әлсіздер
оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес комплекстен арылады;
- оқуды ынталандыру деңгейі артады; - топта бірдей балалар жинақталса, балаға оқу жеңіл
болады.
Саралау - оқушыға тапсырма мен білім стандартын орындауға, меңгеруге мүмкіндік беру.
Уақыт беру, қолдау көрсету, жағдай жасау, тапсырманы түрлендіру, топтастыру, үдеріске барлық
оқушының мүмкіндігін ескере отырып қатыстыру.
Енді саралау әдіс-тәсілдерін қарастырайық.
«Алдыңғы білімді анықтау» - саралау тәсілі.
• Оқушылардың алдыңғы білімін (тәжірибесін) анықтап, оны қолданыңыз.
• Бұл сізге оқушыларыңыздың қай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Ал оқушыларға
сабақ тақырыбын олардың осы уақытқа дейінгі жинақтаған білімімен байланыстыруға
көмектеседі.
• Оқушылардың алдыңғы білімін әсіресе сабақтың басында анықтап, қолдануға тырысыңыз.
819
• Бұл оқушыларға сабақтың басынан бастап өздерін жақсы, ыңғайлы сезінуге көмектеседі.
• Жаңа тақырыпты таныстырып жатқан кезде де оқушылардың алдыңғы білімін анықтаған
тиімді, себебі бұл әрекет оқушыларға жаңа мәліметті тұжырымдауға көмектеседі.
«Қарапайым тіл» - саралау тәсілі
• Сіз неғұрлым жеңілдеу тілді қолдансаңыз, соғұрлым сіздің оқушыларыңыз мағынаны
жеңілдеу меңгереді.
• Сөздік қорыңызды/өз тіліңізді жеңілдету арқылы саралауды іске асыра аласыз.
• Сіз саралаудың бұл түрін сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануыңыз мүмкін:
• Бүкіл сыныпқа сөйлеген кезде;
• Жекелеген оқушыларға сөйлеген кезде;
• Оқушыларға кері байланыс (comments) жазғанда;
• Таныстырылым слайдтарында;
• Үлестірме материалдарында;
• Сөйлеу тілін қарапайым ету кейбір жайттарды тастап кетуді білдірмейді, керісінше ол
кей жайттарды анығырақ түсіндіруді, түсінуді жеңілдетуді білдіреді. Ал, шын мәнісінде саралау
жаңа үрдіс емес, ол біздің әр сабақта қолданып жүрген тәсілдеріміз.
Мазмұн – дағдыларды, идеяларды үйрету үшін мұғалімдер қолданатын әдістерден тұрады .
Үдеріс – оқушылардың мазмұнды жақсырақ, толығырақ түсінуі үшін орындайтын жаттығулары
мен тәжірибесі.
Оқушылар ақпаратты қалай түсінеді және білімді, түсінікті, дағдыны қалай қалыптастырады.
Нәтиже – оқушылардың материалды түсінгендерін көрсететін тесттері, жобалары және
басқа да материалдар.
Мазмұнды саралаудың қарапайым мысалдары:
1. Оқу дағдысының түрлі деңгейіне қарап оқу материалдарын беру/қолдану;
2. Мәтінмен берілген материалдарды магнитофонға / диктофонға жазу;
3. Жауап беруге дайын оқушыларға орфографикалық және лексикалық тапсырмалар тізім-
дерін беру / қолдану;
4. Идеяларды тыңдалым және көрсетілім арқылы ұсыну;
5. Оқуға бейім достарын қолдану;
6. Тапсырманы түсінуге қиналып отырған оқушыларға идеяны немесе дағдыны қайта
түсіндіру / оқыту үшін немесе ілгерілеуші оқушыларға ойлауды немесе дағдыны кеңейту үшін
шағын топтармен жұмыс жүргізу.
Үдеріс арқылы саралау
• Жоғары деңгейдегі ойлау тапсырмаларын қолдану
• Шағын топтарға нұсқаулық
• Зиятты дамыту (танып білуіне бағытталған тапсырмалар)
• Ойын шоғырландыру
• Бірлескен жұмыс
• Үдерісті саралау төмендегілерді қамтиды:
• Қиындық деңгейі түрлі нұсқаларды ұсыну немесе оқушылардың әр түрлі
қызығушылықтарына негізделу
• Белгілі бір тапсырма үшін мұғалім және сыныптастары тарапынан берілетін қолдаудың
түрлі деңгейі
• Оқушыларға мәнмәтінді түсінгендерін көрсетуде өздеріне ыңғайлы жолдарын қолдануға
мүмкіндік беру
• Оқушылардың қалай оқитындығына байланысты оқу үдерісін түрлендіру
Нәтижені саралаудың қарапайым мысалдары:
• Алған білімдерін көрсету үшін оқушыларға бірнеше нұсқаларды ұсыну (мысалы,
қуыршақтар шоуын жасау, хат жазу, немесе қабырға жазбаларын таңбалармен жасауды
дамыту).
• Оқушылардың түрлі дағды деңгейіне сәйкес келетін және дамытатын рубрикаларды
пайдалану.
• Оқушыларға өз нәтижелеріне жету үшін жеке немесе шағын топтарда жұмыс істеуге
рұқсат беру.
• Оқушыларды өздерінің нәтижесін көрсететін тапсырмаларды жасауға, сонымен қатар
талап етілетін элементтері бар тапсырмаларды жасауға ынталандыру.
820
Мұғалімдер төменде ұсынылған тәсілдер арқылы саралауды жүргізе алады: Джигсо
• Үлестірме материалдар
• Түрлі органайзерлер
• Түрлі мәтіндер
• РАФТ
• Шағын топтарға арналған нұсқаулықтар
• Топтық зерттеулер
• Жеке/тәуелсіз оқу
• Қиындық деңгейі түрлі сұрақтар арқылы
• Әр түрлі үй тапсырмалары
• Күрделі нұсқаулықтар арқылы. [2]
«Жеке тәжірибе» - саралау тәсілі. Әрдайым сабақ тақырыбын адамдардың күнделікті
өмірімен байланыстырып отырыңыз. Ал енді сіздің кезегіңіз, өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден
саралаудың кез келген мысалын келтіріңізші.
Мысалдармен көрсету - саралаудың керемет жолы. Мысалдар кей жайттарды нақтылайды.
Олар абстрактілі ұғымдар (сөздер, тұжырымдар, ойлар) мен оларға қатысы бар ұғымдар
арасында байланыс орнатады. Мысалдар тәжірибеге, қолданысқа және нақты мәнмәтінге
байланысты болуы мүмкін.Сіз қандай мысалдарды қолдансаңыз да, олар арқылы оқушылардың
түсінуін дамытуға көмектесетін боласыз.
«Топтық жұмыс» - саралау тәсілі. Топтық жұмыс оқушыларға бір-бірімен қарым-қатынасқа
түсуге және тақырып бойынша түсінгендерін бөлісуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл топтың
барлық мүшелеріне өз түсініктерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл топтық пікірталас арқылы
және бірлесіп жұмыс істеу арқылы іске асады. Топты құруда мұқият болыңыз. Қабілеттері әр түрлі
оқушыларды араластырып топтастырған тиімдірек болмақ. Сіз сондай-ақ топтың мүшелеріне
рөлдерді бөліп берсеңіз, олардың барлығы олардан не күтілетінінен хабардар болып отырады.
«Жұптық жұмыс» - саралау тәсілі. Жұптық жұмыс оқушыларға мәселені немесе тапсырманы
талқылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың түсінігін дамытуға көмектеседі. Сіз әлеуеті жоғары
оқушы мен әлеуеті төмен оқушыны жұптастырсаңыз болады, сонда бірі екіншісіне жеке
орындауға қиын болған тапсырмаға қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, сіз екі әлсіз
оқушыны жұптастырсаңыз да болады, сонда сіз олармен өзіңіз жұмыс істей аласыз. Бұл сізге
олардың екеуіне де жақсы нәтижеге жетуге көмек көрсетуіңізге мүмкіндік береді.
«Тыңдалымға арналған тапсырма» - саралау тәсілі. Жазба жұмыстарын жасауға қиналатын
оқушылар үшін тыңдалымға арналған үлестірмелерді жасаңыз. Ол бірнеше бөлімнен тұратын
жұмыс парағы болуы мүмкін, әрбірінің басына сұрақ, тұжырым, белгілі бір санатты жазып
қойыңыз. Оқушы оларды жазбалар жасау үшін қолдануы мүмкін. Жұмыс парақтарында жазылған
бөлімдер оларға алынған мәліметті реттеуге көмектеседі. Бұл олар үшін ойлау үдерісін тоқтатып,
тек ғана тыңдалым мен жазылымға шоғырлануға мүмкіндік береді. Шын мәнінде, тыңдалымға
арналған үлестірмелер оқушылардың жұмысын біршама жеңілдетеді.
Сәйкестендіру, топтастыру және рейтингін жасау – саралау тәсілі. Сәйкестендіру, топтастыру
және рейтингін жасау әдісі – тиімді әдіс болып табылады, себебі барлық оқушылар үшін
қолжетімді. Сонымен қатар, ол ойлаудың түрлі деңгейін талап етеді. Мысалы, жоғары деңгейлі
оқушы бірқатар ұғымдардың рейтингісін жасауда нақты, толық дәлелдер келтіре алады, ал
әлеуеті төмен оқушы өз тәжірибесі мен салыстыруларға негізделе отырып жасайды. Бұл үш
тәсіл нақты үдеріс барысындағы идеялар мен ұғымдардың толық қарастырылуын, зерттелуін
талап етеді.
«Сатылы тапсырмалар» - саралау тәсілі. Сатылы тапсырмалар – оқушыларды сатылап
қиындай түсетін білім жолына жетелейді. Сабақ жоспарына сатылап күрделене түсетін
тапсырмаларды немесе ойлаудың жоғары деңгейін талап ететін тапсырмаларды кіріктіріңіз.
Сатылардың ең жоғары деңгейіне жету барлық оқушылар үшін шарт емес. Дегенмен,
оларды алға жылжи отырып жұмыс істеуге ынталандырыңыз, бірақ егер оқушы белгілі бір
сатыда қиындықтарға кезігетін болса, онда ол оқушыға сол тапсырмада кідіріп, оны тереңірек
қарастыруға мүмкіндік беріңіз. Сатылы тапсырмалар Блум Таксономиясына негізделіп жасалуы
мүмкін.
«Сөйлем басы» - саралау тәсілі. Сөйлемнің басын беріп жалғасын оқушыларға жазуға
тапсыру олардың алға жылжуының тамаша жолы. Төменде сіз пайдалануыңыз мүмкін бес тәсіл
ұсынылған:
821
• Сөйлемдерді PowerPoint слайдтарына жазыңыз.
• Бірнешеуін сынып қабырғаларына іліңіз.
• Бірнеше сөйлемдердің басын біріктіріп буклет жасап қойыңыз, ол жазу дағдылары төмен
оқушыларға арналған керемет құрал болмақ. Тапсырманы орындаудың алдында, оқушылармен
бірігіп бір, екі сөйлемнің басын оқып, жалғасын бірлесіп жасаңыздар. Оқушыларға өздерін де
сөйлемнің басын жасауға ынталандырыңыз, егер аяқтаған оқушылар болса, оларға жасаған
сөйлемдерінің басын оқып беруге мүмкіндік беріңіз.
«Жазылымға арналған тапсырма» - саралау тәсілі. Жазылымға арналған үлестірмелер
оқушылар үшін тиімді құрал. Бұл оқушыларға олардың назарын толық жазылымға аударуға
көмектеседі. Жазылымға арналған үлестірмелер күрделі етіп құрылымдалуы да мүмкін,
мысалы сөйлемнің басы ғана беріліп, оқушыларға оны аяқтау тапсырылады. Мысалы, «Кеше
сағат жетіде мен ....»; «Келесі жылы жазда біздің отбасымыз ...» Сіз жекелеген жанрлармен
жұмыс істеуге бағытталған (эссе, есептер, мақала, қысқа мазмұндама) жазылымға арналған
үлестірмелерді жасап, оларды сабақтарыңыздың мақсаттарына сай тиімді пайдалануыңызға
болады.
«Нәтиже» бойынша саралау. Түрлі жолдармен қол жеткізуге болатын тапсырмаларды
жоспарлаңыз. Бұл оқушылардың тапсырмалармен өздері үшін қолжетімді формада жұмыс
істеуіне мүмкіндік береді.Оқушылардың барлығы орындай алатын тапсырмалар жасаңыз,
бірақ олар барынша ашық тапсырмалар болуы қажет, сонда әр оқушы оны өзінің қабілеті
жеткенше, барын салып орындауға тырысады. Арнайы жауапты талап ететін тапсырмалардан
бас тартыңыз. Қорытынды ой мынадай болмақ: «Тапсырмаларды беру барысында ішінде бос
кеңістік қалдырыңыз, сонда оқушылар тапсырмаларды еріктеріне сай орындап шығады».
«Ыстық орындық» саралау тәсілі. Ыстық орындық әдісі төмендегілердің бірін қамтиды:
• Оқушы ортаға шығып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Оқушы ортаға шығып тақырып бойынша кейіпкер ретінде сұрақтарға жауап береді.
• Екі жағдайда да оқушы ыстық орында.
Бұл саралау тәсілі болып табылады себебі, қалған оқушылар ыстық орындықтағы оқушының
берген жауаптарынан тақырыпты меңгереді. Сонымен қатар, бұл басқа оқушыларға сұрақтар
ойластыруға мүмкіндік береді. Демек, әрбір оқушы тапсырманы өз деңгейінде меңгереді [3].
Бүгiнгі ғасыр – білiмділeр ғaсыры, замaнына сaй зердeлі ой-өрісі жoғары азаматтарды
қалыптастыру – мемлeкеттің aса маңызды стратегияcы болып отыр. Сонымен, қорытындылай
келе, оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар
тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне байланысты.
Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды
анықтайтын әмбебап үдеріс. Сондықтан біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжуымыз
керек. Яғни, «барлығына жарамды» оқыту моделінен «біреуіне жарамды оқыту» моделіне
ауысуымыз қажет. «Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа
сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды
да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз» - деген орыс педагогі К.Д. Ушинскийдің сөзі әрбір
мұғалімнің жадында жүрсе деймін. Сонда ғана оқушының оқуға деген ынтасы, қызығушылығы
оянып, ойлауы дамып, білім сапасы жүйелі түрде артатынына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |