Критериалды бағалау дегеніміз не?
Критериалды бағалау- белгілі критерий бойынша бағалау, яғни, бағалау оқу-танымдық
құзіреттілігін дамытудың түрлі бағыттарында оқушылардың жетістіктерін көрсете алатын белгілі
бір критерийге (талапқа) негізделеді.
Информатика пәні бағдарламасы оқушылармен түрлі жобалар дайындауды бағамдаса,
оқушылардың жұмысын критериалды бағалауға зор мүмкіндіктер беріледі. Критериалды бағалау
жүйесін енгізу жұмыстары 2012 жылдан бері қолға алынған. Аталған жүйе арқылы жобамен
жұмыс жасау барысында оқушының білімін осы жүйе арқылы бағалау тиімдірек болмақ деп
ойлаймын.
Өз баяндамамда оқушылардың жоба жұмыстарын бағалаудың өзіндік критерийлерін
көрсеткім келеді. Ең бастысы - көрсеткіштерді дұрыс белгілеу, яғни, оқушы өз бетінше өз
жұмысын бағалай алуы қажет. Ал әр жұмыс белгіленген критерийлер арқылы бағаланады. [2]
9-11 сынып оқушыларының информатика пәні бойынша жетістіктерін критериалды бағалау
мысалы көрсетілген
Критерийлер
оқушы жетістігінің максималды деңгейі
A
Білу және түсіну
3
B
Зерттеу
4
911
C
Талдау
4
D
Жоспарлау
4
E
Өнімді жасап шығару
5
Барлығы
20
Оқушылар үйренуі, білуі керек
А критерийі «Білу және түсіну» 0-3 балл
Мәтінде қажетті ақпаратты таниды
Алынған ақпаратты қайталайды және түсіндіреді
Ақпаратты сараптай алады
Ақпаратты компьютер тіліне аударады
Ақпараттың заманауи қоғамдағы рөлі мен негізі туралы түсінігінің болады
Адам қызметіндегі ақпараттың берілуі, сақталуы және өңделуі жайында қарапайым өмірлік мысалдар
келтіре алады
Ақпараттың ұсынудың түрлі формаларын бағдарлай алады
В
критерийі «Зерттеу» 0-4 балл
Мәселені анықтай алады және гипотеза ұсынады, зерттеу мақсатын қоя алады
Зертеудің әдісі мен түрін анықтай алады
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай алады
Қосымша ақпаратты табады және оны оқу мақсаттарына жету үшін өз бетінше қолдана алады
Зерттеу нәтижелерін түрлі формада бере алады
С критерийі «Талдау/Анализ/» 0-4 балл
Өнімнің техникалық сипатына сәйкестігін талдайды
Өнімнің қор сыйымдылығына тиімділігін өз бетінше тексереді
Жобаның қалай құрылғанын анықтайды
Өз өнімін бағалайды
Оқушылар соңғы өнімді одан әрі жетілдіру бойынша өзіндік ұсыныстарын бере алады
Талдаудың нәтижесін түрлі формада қорытындылай алады
D
критерийі «Жоспарлау» 0-4 балл
Мәселені шешедің жоспарын құрады, өз бетінше оны сипаттай алады
Өзінің шығармашылық қызметін тиімді жоспарлай алады және ұйымдастыра алады
Е критерийі «Өнімді жасап шығару» 0-5 балл
Компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтайды
Ақпараттық құралдардың мүмкіндігін тиімді пайдаланады
Жұмысты жоспарлы орындау және уақытында орындайды
Мәліметтерді дұрыс жинақтау және жазып алады
Өнімнің бірнеше мүмкін нұсқаларын дайындайды, құрады
Есептерді компьютерде шешеді және алынған нәтиже талдауын құрады
Өзіндік білімін көтеру және есептерді шешу үшін жаңа ақпараттық технологияларды еркін қолдана
алады
Сапалы соңғы өнімді жасай алады
Оқушының жетістігінің жалпы деңгейі келесі өлшемдер бойынша бағаға ауыстырылады:
Қорытынды тест
Критерийлер
Бағалар
Б а л л
қосындысы
%
А – 0-3 балл
«2»
0-7
0-49
«3»
8-14
50-66
«4»
15-21
67-83
«5»
22-30
84-100
912
Практикалық жұмыс және
шығармашылық жоба
В – 0-4 балл
D – 0-4 балл
Е – 0-5 балл
С – 0-4 балл
«2»
0-3
0-49
«3»
4-6
50-66
«4»
7-10
67-83
«5»
11-13
84-100
5-8 сынып оқушыларының информатика пәні бойынша жетістіктерін бағалаудың жалпы кри-
терийлері
Жобаны
ресімдеу
және орындау
Бағалау критерийлерінің атауы
Балл (0-2)
Жазу сапасы: безендіру, стандарт талаптарына
сәйкестігі
Рубрикалау және мәтін құрылымы, сызбалар
сапасы
артқы түсінің /фонының/ болуы, күрделілігі,
мазмұнына сәйкестігі, мәтінмен сай келуі
Бағандардың болуы, мәтіннің бағандарда сауатты
орналасуы
Фигуралық мәтіннің, әріптердің, тақырыбы,
тақырыпшалардың болуы
Суреттердің болуы
Бүркеу, жасыру
Парақтың жалпы қабылдануы
Қорғаныс
Баяндама сапасы: композициясы, жұмыстың,
оған деген қарым-қатынастың, нәтиженің толық
берілуі.
Баллы (1-5)
Жобаны ұсыну: сөйлеу мәдениеті, өзін ұстауы,
көрнекі құралдарды пайдалану, оқушылардың
назарын ұстай білу
Сұраққа жауап беру: аргумент келтірудің
толықтығы, сенімділігі
Оқушыға тапсырма берілгенде, бірден сол тапсырманы орындауға қойылатын талаппен,
бағаланатын критерийлерімен таныстырамын . [4]
Мысалы: «Мектеп буклеті» жобасын құру
Буклетті құрастыруға арналған талаптар
1.
Оқушы өз қызметін жоспарлайды, мәселені шешудің жоспарын өз бетінше сипаттайды
2
Оқушы қосымша ақпаратты табады және оқу мақсаттарына жету үшін оны өз бетінше қолдана
алады
3
Оқушы жұмысты шығармашылықпен орындай алады
4
Жұмысында 2 немесе одан көп графикалық бейнелерді қолданады
5
Түстерді қолдану эстетикалық тұрғыда орындалады
6
Нақтылы ақпарат қолданылады. Грамматикасы дұрыс
7
Идеялары толық ашылған және сипатталған
Критерийлер
Оқушы жетістігінің жоғары деңгейі
В
Зерттеу
4
D
Жоспарлау
4
Е
Өнімді дайындау
5
Барлығы:
13
913
Шығармашылық
жоба
Критерийлер
Баға
Балл қосындысы
%
В-4 балл
D-4 балл
Е-5 балл
2
0-3
0-49
3
4-6
50-66
4
7-10
67-83
5
11-13
84-100
Жоғарыда аталғандар негізінде оқушы мәселені анықтай алады, ИКТ саласында қорытынды
шығара алады, қажетті ақпаратты дұрыс таңдай алады және өз қызметін өз бетінше жоспарлай
алады дегенді нық сеніммен айта алуға болады. [5]
Кез келген жұмыстың сәтті шыққан және сәтсіздікке ұшыраған кездері болады. Критериалды
бағалауды жүргізу кезінде сәтті шыққан тұстарды атап өткем келеді:
1. мазасыздықтың төмендуі;
2. өз жетістіктерін эталонмен салыстыру
3. жан-жақтылық
4. анықтылық
5. талаптың бірізділігі
6. көп қырлылық
7. өзіндік бағалаудың, өзіндік талдау, өзін-өзі бақылаудың мүмкіндігі.
Сәтсіздіктер:
1. көп еңбекті қажет ететіндігі
2. бейімделу кезеңінің созылуы
Критериалды бағалау жүйесін енгізгеннен кейінгі оқушылар үлгерімінің нәтижесі:
Сынып
2015 жыл
2016 жыл
2017 жыл
10-сынып
80%
87,5%
95%
11-сынып
87%
91%
97%
Осындай бірнеше сабақтардан соң мұғалім өз еңбегінің жоғарғы нәтижесін көре алады:
өзін құзіретті бағалай алатын оқушы тәрбиелейді, ал оқушы өзінің одан әрі дамуы үшін қажетті
практикалық қызмет тәжірибесін жинақтайды.
Баланы оқыта отыра, біз де өзіміздің одан әрі оқу керектігімізді түсінуіміз керек. «Баланы
оқытудың мақсаты- оның одан әрі мұғалімнің көмегінсіз дамуына қабілетті етіп шығару» екендігін
бәріміз есімізден шығармауымыз қажет. (Эльберт Грин Хаббард).
Достарыңызбен бөлісу: |