Сборник материалов V международной научно-практической конференции


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА



Pdf көрінісі
бет658/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Н.Е. Тогасова 

«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, t_nuri@mail.ru

Мақсаты: 

Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  информатика  сабағында  оқушылардың  оқу 



жетістіктерін критериалды бағалаудың жаңа жүйесі туралы жалпы түсінік беру;

Оқытудың  жоспарлы  нәтижесіне  қол  жеткізу  мен  оқу  мақсаттарын  іске  асыру  деңгейін 



анықтау ретінде жаңартылған оқу үдерісінде бағалаудың орнын ашу

Қазақстандық білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың 

бірі  ретінде  жаңа  білім  стандартына  көшуді  белгілеген  болатын.  Ол  өз  кезегінде  мұғалімнің 

оқушыға қарапайым берілетін білім, білік, дағдыларының орнына оқушылардың оқу мақсаттарын 

өздігінен қоя алу қабілетін шыңдауы, оны жүзеге асыруды жобалау, өз жетістіктерін бағалау мен 

бақылай алу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істей алуы, оларды бағалау және сол негізде 

жеке пікірін, көзқарасын, бағалауын қалыптастыруды дамытуды көздейді. 

Информатика  сабағында  оқушылардың  жетістіктері  мен  бағалау  жүйесі  білім  беру 

процесінің  негізгі  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Бағалау  жүйесі  оқытудағы  мәселелерді 

диагностикалаудың және оқушының, ата –ана мен мұғалімдердің арасындағы кері байланысты 

жүзеге асыратын негізгі құралы болып табылады.  [1]

Көп мектептерде төрт балмен бағалауға құрылған бағалау жүйесі: 2 («қанағаттанғысыз»), 



3( «қанағаттанарлық»), 4 («жақсы»), 5 («үздік») және қандай да бір бағаны қойғанда негізге 

алатын ұстанымдарға сүйенетін мұғалімнің пікірі сақталып отыр: 

Белгілі эталонға негізделген оқушы деңгейі;



Жалпы сыныппен салыстырғандағы оқушының деңгейі;

Белгілі уақыт аралығындағы оқушының өзіне деген салыстырмалы деңгейі.



Ал критериалды бағалауда:

Оқушы өз оқуының нағыз субьектісіне айналады;



Оқушының мектепке деген мазасыздығы азаяды;

«соңғы  шешімді  айтатын  сот»  бейнесінен  кеңес  беруші,  маман,  тьютор  бейнесіне 



ауысады.

Осылайша,  критериалды  бағалау  оқушылар  мен  мұғалімдердің  денсаулығын  сақтау 

әлеуетіне ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет