Ключевые слова: Обновленное содержание образования, кардинальные реформы в
системе образования, ученик нового века, учитель – сердце школы, парные и групповые работы,
значение трехязычия, латинского алфавита.
Key words: the Updated/ new content of education, cardinal reforms in the education sistem, a
students of the new century, the teacher is the heart of school, pair and group works, the meaning of
thrilingual, Latin alphabet.
108
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Б.Н. Бекетова
№25 Жалпы білім беретін мектебі, Сәтбаев қ.,
beketova.25@mail.ru
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне
толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Сонымен қатар білім беру үрдісіне инклюзивті
білім беруді енгізудің негізінде оқушылыларды толеранттыққа тәрбиелеу мен оқушылырдың
бойында толеранттық сезімді ояту болып табылады. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары
мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру негізінде оқушылырды толеранттыққа
тәрбиелеу дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы
білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту
– ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін
сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде толеранттыққа тәрбиелеуде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу
құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы»,
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге
ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы»,
«Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға»
бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп
өміріне белсене қатысуға, мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық
тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие
болу [1].
Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға
етене араласуына, толерантты болуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа
жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай
жасамақшы.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар Қоғамның, жалпы
білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына
дайын болуы. Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға
толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының
қатысуын қамтамасыз ету . Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары: мүгедектік мәселені
қоғамда түсіну; қатарластарымен қарым- қатынас; толыққанды білім беру; қоғамға кіріктіру және
бейімделу; мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу. даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп
ашылуы; балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру
үрдісімен кіріктіру;әрбала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау [3].
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық
қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне
және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың
әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға
енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны
мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға
енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл
жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену
процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана
109
емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы
әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы
қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың
білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды
қамтамасыз етеді. Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі
түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары,
екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» – деп
атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға
болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін
жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. Әлеуметтік-экономикалық дамудың
қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі
қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам
дамуында мүмкін емес [2].
Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға
да байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне,
белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады.
Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы байланыс, яғни
бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін
қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында
балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек
етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаны
әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар
мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша
балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан
тыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжеттірольді ойындар
өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету
керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға
икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту
олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін
сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман
орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды
ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның
бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің
рөлі мен адамдар арасындағы қарымқатынастың қалыптасуына әсер етеді. Тәрбиеленушілерді
әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде
көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды
экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар
барысында сыртқы ортаның қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады.[2]
Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және
арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға
икемделуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар
балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына
сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары
барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде
бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын
қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары
үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып,
педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу,толерантты
болуға, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін
де басты назарда ұстайды. Сондықтан, бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және
сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады.
Әлеуметтік-бейімдеу бағыты – баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай
жасау; – баланы шығармашылыққа тарту; – баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру; – ба-
ланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; – қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі
басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету. Сонымен қатар бала-
ны психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әлеуметтік-бейімдеу бағыты балалардың,
110
қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және
ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін
дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан
және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту
үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |