Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет153/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түйін сөздер: жеке даралау, бейімделу, әлеуметтік, түзету, дамыту, білім беру, оқыту. 

Ключевые слова: индивидуализация, адаптация, социальный, коррекционный, развитие, 

образование, обучение. 



Key words: individualization, adaptation, social, correctional, development, education, training. 


206

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ 

МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ КЕҢІСТІГІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

Б.Қ. Кушекова

№9 мектеп-гимназиясы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ. 

bayan.baltay@bk.ru

Қазіргі  ел  болып  еңсемізді  көтерген  кезеңде  қолға  алар  ісіміздің  бірі  –  ұрпақ  тәрбиесі. 

Болашақ  мемлекетіміз  ұрпаққа  деген  сабақтастықтан  туындайтын  дүние  болғандықтан,  әр 

халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін 

өркендетуші  саналы  да  салауатты,  ұлтжанды,  рухы  биік  парасатты  ұрпақ  келешектің  басты 

байлығы.    Бұл  жайлы  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Бүгінгі  өскелең  ұрпақ  нағыз  білімді,  жан-

жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», 

– деп атап өткен болатын. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы да 

ұрпақтың келешегін ойлаған маңызы жоғары бағдарлама деп айтуға болады. Рухани жаңғыру 

– адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі, яғни 

халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, 

үні шырқалып тұруын, білімнің салтанат құруын насихаттау болып табылады.

Осы орайда, Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында орналасқан №9 мектеп-

гимназиясын ұлттық тәрбиенің ошағына айналған  50 жылға жуық  тарихы бар қара шаңырақ деп 

айта аламын. Мектебімізде 591 бала білім алып, 48 мұғалім еңбек етеді. Мектеп-интернатында 

131 бала тәрбиеленуде. Бұл білім ордасы қанатын кеңге жайған, ұлағатты ұстаз бен дарынды 

шәкіртке толысқан, аты республика, шет елдерге танымал болған, жаңашылдыққа бет бұрған 

мектептің бірегейі. 

Бүгінгі  таңда  мектебімізде  білім  мен  тәрбие  кеңістігінде  атқарылып  жатқан  іс-шаралар 

ұшан-теңіз. Соның ішінде шоқтығы биік, берер тәлімі мол,  зиялы қауымның басын қосқан іс-

шара  –  «Рухани  жаңғыру  қайнары»  деген  атпен  өткен  ғылыми  –  практикалық  конференция. 

Конференцияның басты мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 

«Тәрбие және білім» жобаларының тәрбиелік мәнін насихаттау болды. Осы мақсатты жүзеге 

асыруда қазақи тәрбиенің иісі аңқыған мектептің тыныс-тіршілігімен, оқу тәрбие ісінде жеткен 

жетістіктерімен, педагогикалық ұжымның еңбегімен таныстырылды. Конференцияға ЖОО-ның 

оқытушылары,  ҚР  танымал  мәдениет  қайраткерлері,  БАҚ  өкілдері,  директордың  тәрбие  ісі 

жөніндегі орынбасарлары, және аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Конференция 

барысында баяндама жасап, рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңғыруы 

сана-сезімі,жаңа өзгерісті қабылдай білуін, ұлан-ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, 

қорғауын, ұлттық бірегейлікті сақтауды, Елбасымыздың үшінші қағидасындағы ұлттық код, яғни 

халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, 

үні шырқалып тұруын, бір сөзбен айтқанда, білімнің салтанат құруын насихаттады.

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың негізгі кепілі» дегендей, мектеп оқушыларының 

«Ғылымға алғашқы баспалдақ» атты жоба аясында жасалған зерттеу жұмыстарының көрмесі 

ұйымдастырылды. Жас ғалымдардың  жобалары қойылды. Сонымен бірге «Туған жер құтты 

мекен»,  «Ақ  орда  –алтын  ордам»,  «Әжемнің  маржан  сөздері»,  «Өркениетке  ұмтылған  өрісті 

мектеп»  тағы  басқа  жобаларын  жас  ғалымдар  қорғады.  Қонақтар  олармен  сұхбаттасып,  өз 

қолтаңбаларын  қалдырып,  естелік  сыйлықтар  ұсынды.  Мектептің  «Ару  фуршет»  алаңында 

ұлттық  тағамдар  мен  мектебіміздің  мақтаныштары  жас  ғалымдар  10-сынып  оқушылары 

Бауыржан  Кабдуллин  мен  Әділ  Шабденовтің  «Саумалдан  жасалған  шипалы  балмұздақ» 

атты  жобасы  аясында  дайындаған  балмұздақтың    дәмін  татты.  Бұл  жоба  Кореяда  өткен  Ү 

Халықаралық  жас  ғалымдардың  ғылыми  жоба  конкурсында  І  орын,  Францияда  өткен  «Арт 

бәйтерек Париж» конкурсында І орынды иеленген болатын. 

«Тәрбие және білім» бағдарламасының «Саналы азамат», «Отаным-тағдырым», «Өлкетану» 

бағыттары  аясында  іске  асырылған  10  жобамен  («Елімнің  шежірелі  байлығы»,  «Ғылымға 

алғашқы баспалдақ»,  «30 патриоттық ән», «Айналаңа қара», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», 

«Кітап-білім  бұлағы»,  «Дарынды  ұрпақ-ел  болашағы»,  «Сөз-ойдың  көркі»)  таныстырылып, 

және «Ізденіс жемісі-жетістік» тақырыбында ұстаздардың еңбек жолында жеткен жетістіктері-

мен таныстырылды. Сол іс-шара аясында мектептің «Дарабоз» тарихи-танымдық ойынының 

тұсауы кесілді. Онда оқушылардың бойына ойын арқылы мектептің тарихын сіңіру, түлектердің 

ішіндегі ұлы тұлғалармен таныстыру, оқу ордасын басқарған басшылар жайлы мағлұмат беру, 



207

мектеп тарихындағы елеулі оқиғаларды дәріптеу жоспарланған. Сонымен қатар мектебімізде 

«Мәңгілік ел-жарқын болашаққа бастар жол» танымдық алаңы ашылды. Бұл алаңнан «Мәңгілік 

ел» патриоттық идеясының 7 құндылығы жайлы ақпарат беріліп, оқушы танымын кеңейтетін 

деректер беріліп тұрады.

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  «Жаныңда  жүр  жақсы  адам»  бағыты  бойынша 

мектебіміздің түлегі ақын Марфуға Бектемірованың 60 жылдық мерей тойына арнап «Жарқын 

бейне»  бағдарламасына  материал  дайындалып,  «Қазақстан»  теле  арнасында  көрсетілді. 

Түсірілім барысында ақынның балалық шағы мен ақындық жолындағы ерекше қасиеттері жайлы 

сол кезде білім берген ардагер ұстаздар мен танымал тұлғалардан сұхбат алынды.

Сонымен  қатар  туған  жеріміздің  киелі  орындарын  насихаттау  мақсатында  «Өлкетану» 

бағыты бойынша  ҚР Президентінің теле кешенімен бірлесіп, «Бурабай аңыздары» атты деректі 

фильмде мектеп ұстаздары мен оқушылары басты рөлдерді сомдады.  Жуырда жарыққа шығуға 

дайындалу үстінде, барлық теле арналардан насихатталады.

Осы    бағыт    бойынша  мектебіміздің  5-сынып  оқушысы  Мадияр  Кабдуллин  ауданымызға 

танымал Аймахановтардың жанұясын зерттеп, отбасының ұлттық ерекшелігімен таныстырып  

облыстық  ғылыми  жоба  байқауында    жүлделі  ІІ  орын,  Алматыда  өткен  Халықаралық  «Арт 

бәйтерек» ғылыми жоба байқауында жүлделі гран-приді иеленді. Бүгінгі таңда осы шәкіртіміздің 

отбасы  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық, облыстық кезеңінің гран-при иегері, 

республикалық кезеңінің жүлделі орнына үміткері болып «Хабар» телеарнасының түсірілімінде 

болып келді. 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  белсенділік  танытқан    оқушыларды 

қазақтың ұлттық кредосын насихаттау, ұлттық дәстүрімізді ұлықтау, салт-санамызды жаңғырту, 

ұлттық ойындарды үйрету мақсатында Бурабай өлкесінде орналасқан «Жайлау» этно-мәдениет 

демалыс  ауылына  жолдама  берілді.  Жорық  барысында  оқушылар  киіз  үйде  демалып,  ат 

үстінде серуендеп, ұлттық тағамдардың дайындалу тәсілдерімен танысып, садақ атып, табиғат 

аясында демалуға мүмкіндік туды.

Бұл жаңғыру-бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру-астанасы ләзаттың, - дей келе, Тәуелсіз Қазақстанның көгінде жарқырап күн 

болар  ұлымызды  рухты,  қызымызды  ғұрыпты  етіп,  қазақ  өміріне  жақындатып  тәрбиелейік, 

өйткені білімді ұрпақ-кемел еліміздің тірегі!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет