Түйін сөздер: қарындаш, таяқшалар, қол саусақтарының қозғалысы, шарик, құлпынай
Ключевые слова: карандаш, палочки, движения пальцами рук, шарик, клубок
Key words:
pencil, sticks, finger movements, ball, ball
197
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ АРТ – ПЕДАГОГИКА ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КОМПАНЕНТТЕРІН
5 БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДА ҚОЛДАНУ» - РУХАНИ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Ж.С. Кузембаева, Д.Ғ. Сұлтан
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 15 балалар бақшасы» КМҚК Рудный қаласы
Baldauren2013@bk.ru
Қазіргі таңда Қазақстанда дүниежүзілік білім берудің жаңа жүйесіне бағытталған жұмыстар
жүргізілуде. Балабақшадағы білім беру процесінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»
бағдарламысының негізінде инновациялық Арт- педагогика техналогиясын құруды мақсат
еттік. Тәжірибенің мәні мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, коммуникативті- тіл-
дік, шығармашылық, әлеуметтік, танымдық тәрбие мен білім беру процесінде қазіргі заманғы
құралдарды, әдістер мен формаларды таңдау арқылы оңтайлы ұштастыра отырып қамтамасыз
ету болып табылады [1].
«Арт-педагогика» және оның құрамдас бөлігі арт-терапия педагогика, психология,
мәдениеттану және әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттер сияқты біріктіру шекарасында пәндер
ретінде пайда болды және баламалы немесе арнайы білім беру практикасында кеңінен
қолданысқа ие . Сонымен бірге «Арт педагогика» мазмұнын «шығармашылық» білім саласы
деген ұғыммен арасындағы айырмашылықты атап өту қажет. Арт-педагогика білім беру аясында
тек көркемдік білім ғана емес, сонымен қатар түзету үдерісінің барлық компоненттерін өнер
арқылы қарастыруға мүмкіндік береді.
Арт- педагогикасының басты мақсаты - проблемалары бар балалардың көркемдік дамуына,
шығармашылық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру, адамның тұлғалық қалыптасуына
бейімделуіне жағдай туғызу. Психологиялық-педагогикалық үдерістерге әсер ету механизмдері
көптеген шетелдік авторлармен зерттелді: айта кетер болсақ Э. Сеган, Дж. Демор, О. Деколи
және отандық: Л.С. Выготский, А.И. Грабов, В.П. Кашченко және т.б. Э.Сурно эстетикалық
білім беру саласындағы белгілі жұмыстарымен көрсетілгендей, өнер - баланың моральдық
қасиеттеріне әсер ететін білім берудің маңызды құралы, сондай-ақ оның ойлау, қиял, эмоциялар
мен сезімдерді қалыптастыруда ерекше орын алады.[2] Мектепке дейінгі жастағы балалардың
ой-өрісін дамытудың өзектілігі оның жалпы мәдени, жеке және танымдық өсуін оңтайландыру
мақсатында адамның білім беру кеңістігін жақсартумен байланысты.[3] Осылайша, білім беру
парадигмасының өзгеруімен білімді дағдыларды үйрену қабілетін қалыптастыруда қазіргі білім
беру жүйесінде орын алған өзгерістерге байланысты білім беру мақсатының идеясы өзгерді.
Бұл жаңа талаптарды сақтауға және балалардың ойлау дамуына жаңа көзқарастардың пайда
болуына және қарапайым ойлаудан күрделіге көшу динамикасына әкелді.[4] Тәжірибеден
туындайтын және оны қолдану нысандарының өзгермелілігін қамтамасыз ететін орталық, негізгі
идея; бұл автордың жұмыс тәжірибесіндегі негізгі, ең бастысы болып табылады. Бұл идея арт
- педагогикасының мәні болып табылады. Ең алдымен, бұл өнер, педагогика, психология және
адамның білімінің басқа да салаларын біріктіру. Түрлі көркемдік іс-шараларды ұйымдастырудың
барлық түрлерінің және формаларының үйлесімді үйлесімі баланың моральдық-эстетикалық
көрінісін байытуға бағытталған. Бұдан басқа, біз баланың тәжірибесін дамытуда үш әдісті
(көрнекі есту және кинестетикалық сезім) біріктіру туралы айта аламыз. Олардың әрқайсысы
өздерінің әдістерін басқарады.[5]
Тәжірибе бойынша жұмыс ұзақтығы 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016, 2016-2017 оқу жылда-
рында жүргізілді. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс тәжірибесінде арт- педагогиканы
қолдану неғұрлым табысты және қызықты жүргізілді.
Балалармен бірге топта да, жеке түрде де жұмыс жүргізуге болады. Топтық және жекелеген
іс-әрекеттер, жұмыс тәртібіне және әдістеріне сәйкес бөлінеді. Жеке жұмыс жасауда тиімді -
эмоционалды шиеленісті жою, теріс тұжырымдарды жеңу оңтайлы нәтиже береді сондай-ақ
бес білім беру саласында да жұмыс жасауға болады. Арт-педагогика сеанстары 30 минутқа
дейін созылады (балалар әлі де кішкентай болғандықтан) аптасына бір рет 10-15 минутқа дейін
өткізіледі.
- Оқу іс-әрекеттері барысында әртүрлі материалдар: гуашь, акварель, балауыз және
қарапайым түсті қарындаштар, пластилин, газет, журналдар, дәнді дақылдар, пластмассадан
жасалған дидактикалық материалдар және т.б. қолданылады.
Балалармен жасалатын педагогикалық процестің жетістігі байланысты бейнелерді жасау
198
әдістемелерін таңдау.
- Әдіс-тәсілдері қарапайымдылық пен тиімділік принципіне сәйкес таңдалуы керек.
- Бала ұсынылған әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып, тапсырманы орындау барысында
қиындық туындатып алмауы керек. Жұмыс жасау барысы балаға қызықты, шынайы, жағымды
болуы керек.[6]
Эксперимент авторлары әзірлеген:
1.
Бағдарлама (4-5) жастағы балаларға арналған «Арома және фито чай терапия»
2.
Әдістемелік құрал(3-4) жастағы балаларға арналған «Қамыр терапия»
3.
Бағдарлама (3-4) жастағы балаларға арналған «Жарма терапия»
4.
Бағдарлама (5-6) жастағы балаларға арналған «Степ тақтайша» арома және фито чай
терапиясы элементтерін қолдана отырып.
5.
Әдістемелік құрал (5-6) жастағы балаларға арналған «Ермексаз терапия».
6.
Дидактикалық құрал (5-6, 6-7 жас) ертегі, фито чай және арома терапия, музыка терапия,
қуыршақ терапиясын қолдана отырып «Балдәурен» драм театры
7.
Ы.Алтынсарина «Ыбырай ата әлемі» -жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер, мақал- мәтелдер,
тақпақтар жинағы.
8.
фито чай және арома терапиясын қолдана отырып кіші,ортаңғы және ересек топтарда(
3-4, 4-5, 5-6 жас) қолдану үшін «Дені саудың – жаны сау» әдістемелік нұсқау
9.
Әдістемелі нұсқау «Өнерлі қол» Арт терапия элементтерін қолдана отырып (5-6) жастағы
балаларға арналған ISBN 978-601-7808-33-4 , УДК 373.2, ББК 74.102, Ө 48
10.
Әдістемелік құрал (5-6) жастағы балаларға арналған «Песочная терапия».
11.
Дидактикалық құрал(4-5) жасқа арналған «Классики».
12.
Арт-педагогика технологиясын және оның компаненттерін қолдану барысында
дайындалған дидактикалық материалдардан көрме ұйымдастырылды.
13.
Дисктарға салынған қосымшалар.
Осы педагогикалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Тәжірибенің мақсаттары
мен міндеттерінің қоғамның әлеуметтік мұқтаждығына сай келуі, тәжрибенің нақты қажеттілігін,
яғни педагогтардың, білім беру ұйымдарының басшыларының, тәрбиешілердің қиындықтарын
талдау.
Қазақстандық білім беру жүйесінде бұл күндері Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне
белсенді енуіне бағытталған жаңа білім беру жүйесін қалыптастырудың келесі кезеңі болып
табылатын өзгерістер бар. Сондықтан педагогикалық теория мен білім беру үрдісінің тәжірибесі:
жаңа контент, жаңа тәсілдер, жаңа құқықтар, көзқарастар мен мінез-құлықтар және жаңа
педагогикалық ой-өрістерге деген көзқараста елеулі өзгерістер орын алады.
Қазақстандық білім жүйесіндегі қамтылған өзгергіштік, жаңашылдық біздің педагогикалық
ұжым үшін процесті түрлі бағытта модельдеуде кең шығармашылық қабілеті аша түсті. Бұл
үрдіс, ол білім беру процесінің мазмұны үшін түрлі нұсқаларын әзірлеуге жол береді, оқу
орындарының, ғылыми дамыту және жаңа идеялар мен технологияларды практикалық зерттеу
тиімділігін арттыруда, сондай-ақ қазіргі заманғы дидактикалық баламалы технологиялары
педагогикада пайдалануға мүмкіндік береді, білім беру саласындағы педагогтарға зор мүмкіндік
береді.[7]
Осыған байланысты әртүрлі педагогикалық жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру,
іс жүзінде мемлекеттік дәстүрлі білім беру жүйесіне қосымша және балама болатын алдыңғы
қатарлы инновациялық технологияларды сынақтан өткізу маңызды. 2013 жылдан бастап біздің
балабақшада «Арт педагогикасы» және арт-терапияның тиісті компоненті қолданылады.
«Арт-педагогика» және оның құрамдас бөлігі арт-терапия педагогика, психология,
мәдениеттану және әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттер сияқты біріктіру шекарасында пәндер
ретінде пайда болды және баламалы немесе арнайы білім беру практикасында кеңінен
қолдануға ие болды. Сонымен бірге, «Арт-педагогика» мен «шығармашылық білім» деген сөздер
арасындағы айырмашылықты атап өту қажет. Арт педагогика білім беру аясында тек көркемдік
білім ғана емес, сонымен қатар өнер арқылы даму үдерісінің барлық компоненттерін қарастыруға
мүмкіндік береді. Арт - педагогикасының басты мақсаты - балалардың шығармашылық дамуы,
көркем мәдениеттің негіздерін қалыптастыру, адамның өнер арқылы әлеуметтік бейімделуі.[8]
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
Балалардың өнерді қабылдау процесі когнитивтік және эмоционалды сәттерді біріктіретін
199
күрделі интеллектуалдық қызмет. Көркемдік іс-әрекеттер сағатары балалардың сенсорлық
дамуына, түсі, пішіні, дыбысын ажырата білу қабілеті, түрлі өнердің тілін түсінуді қамтамасыз
етеді. Арт - педагогикалық мүмкіндіктері туралы айта келе, арт -педагогиканың балаға
психотерапевтік әсері жайлы тағы бір маңызды аспектіні атап көрсете алады. Эмоционалдық
салаға әсер етіп, өнер бір мезгілде коммуникативтік, реттеуші, катартикалық функцияларды
орындайды. Баланың, оның құрдастары мен оқытушысының өнер туындысын жасау процесіне
бірлесе қатысуы оның әлеуметтік тәжірибесін кеңейтеді, бірлескен іс-қимылда жеткілікті өзара
әрекеттесуді және қарым-қатынасты үйретеді, коммуникативтік тілдік дамуын қамтамасыз етеді.
Балабақша осы тақырыптың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Балалармен бірге топта да, жеке түрде де жұмыс жүргізуге болады. Топтық және жекелеген
іс-әрекеттер, жұмыс тәртібіне және әдістеріне сәйкес бөлінеді. Жеке жұмыс жасауда тиімді -
эмоционалды шиеленісті жою, теріс тұжырымдарды жеңу оңтайлы нәтиже береді сондай-ақ
бес білім беру саласында да жұмыс жасауға болады. Арт-педагогика сеанстары 30 минутқа
дейін созылады (балалар әлі де кішкентай болғандықтан) аптасына бір рет 10-15 минутқа дейін
өткізіледі.[9]
Тәжірибенің тиімділігі
:
Тәжірибе бойынша жұмыс ұзақтығы 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016, 2016-2017 оқу
жылдарында жүргізілді. Балалардың қабілеттерін және дағдыларын дамыту деңгейін
педагогтың «Тәрбиеленушіні даярлау деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінің 19-тармағына
сәйкес анықтайды. ҚРМЖМС. (дискінің 12-шісі қосымшалармен мониторингта көрсетілген). [10]
1. Осы тақырып бойынша қалалық, аймақтық семинарлар өткізді.
2. Қалалық облыстық конкурстарға және республикалық жарыстарға қатысу.
3. «Жаңартылан ғылыми мазмұны жағдайындағы педагогикалық – іс -әрекет» атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары жинағында жарияланды.
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық қызмет» ISBN 978-601-06-4767-1, УДК
373, ББК 74.26, П 23 - «Даму» біліктілікті арттыру орталығы, Теміртау қаласы.
4. O-62 - КМҚК «аймақтық ғылыми - практикалық орталығы» Қостанай облысы білім беру
Дарын Қостанай «кафедрасы. басылым 2017, .2 (063) УДК 373, «аймақтық ғылыми-практикалық
конференция хат-жинағында КБК 74.10 Мектепке дейінгі балалар мен ерте мектеп жасындағы»
ISBN 978-601-7420-24-6 жұмыс істеу қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу
тәжірибесінің материалдарды жариялнды.
5. «Эстетикалық тәрбиенің тиімділігі» Аймақтық апталық қоғамдық ақпарат және білім беру
газетінде 26 ақпанда 2016 № 7 (199) туралы басылым
6.Облыстық апталық қоғамдық ақпарат және білім беру газеті «Дені саудың – жаны сау»
2017 жылдың 13 қаңтарындағы санының №1 (244)
7. «Көптілдіділік - бұл достық» номинациясы бойынша мектепке дейінгі білім берудің
педагогикалық қызметкерлері үшін «Көптілді білім беру ұйымы» акциясының қалалық
акциясының жеңімпаздары
8. «Екі жұлдыз» қалалық байқауы «Шығармашылық педагогикалық дуэті»
9. Ы.Алтынсариннің «Мектепке дейінгі тәрбие» бағыты бойынша «Білім берудегі
инновациялар мен тәжірибе: уақыттың талабы» республикалық педагогикалық оқуларының
облыстық кезеңінде диплом - 3 орын
10. «Қостанай облысындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ Құрмет
грамотасы
11. «Шеберліктің қадамдары» облыстық конкурсында ІІ дәрежелі диплом, 2 орын
12. Жас мұғалімдердің қалалық конкурсы «Мамандықтағы алғашқы қадамдарым » - Гран –
при иегері
13. Педагогикалық идеялар жәрмеңкесінің облыстық конкурсы - 2 орын
14. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ханталапай» Республикалық
интеллектуалдық сырттай сайысының қалалық кезеңінің сертификаты - «Үздік бейнематериал»
номинациясы бойынша 1 орын
Достарыңызбен бөлісу: |