Сборник материалов V международной научно-практической конференции


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет268/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   674
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

Г.Б. Байшимирова 

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 17 Трубицын атындағы жалпы білім беретін 

мектеп-гимназия, aleke2009@mail.ru 

Л.Р. Мамбеталиева

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 17 Трубицын атындағы жалпы білім беретін 

мектеп-гимназия, aleke2009@mail.ru

Біздің жалпы мақсатымыз – бағалау және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға 

болатынын  зерделеу,  оқыту  үшін  бағалау  үдерісінің  мәнін  және  оны  сынып  тәжірибесінде 

қолдану әдістемесін білу, формативті және суммативті бағалау тәсілдерін меңгеру. 

Көптеген мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың өткен тәжірибелеріне сүйенсек, бағалау 

оқыту және оқудан  кейін болатын үдеріс деп айтуға болады. Бағалау оқу үдерісінің  ажырамас 

бөлігі болуы мүмкін екендігі идеясын түсіну біздің көзқарасымызға едәуір өзгеріс енгізуді талап 

етеді. 


Заманауи  білімнің  негізгі  міндеттерінің  бірі  пәндерді  оқыту  әдістерін  жетілдіру  және  осы 

пәндер бойынша білікті мамандарды даярлау, оқушылардың білімін объективті бағалау болып 

табылады. Сондықтан, соңғы жылдары мектептегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының 

бірі  оқу  үдерісінде  критериалды  бағалауды  енгізу  болып  табылады.  Критериалды  бағалау 

технологиясы қазіргі заманғы оқыту әдістерінің бірі болып саналады, негізінен, қазіргі заманғы 

білім берудегі көптеген мәселелеріді шешуге болады.

Көптеген  жылдар  бойы  дәстүрлі  бағалау  оқушылардың  жетістіктерін  басқа  оқушылардың 

нәтижелерімен салыстыру ретінде ғана қолданылып келді. 

Әрбір мұғалім төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріп көрсе: 

- Бағалау дегеніміз не? 

- Бағалауды қалай қолданасыз?  

- Бағалауды не мақсатпен қолданасыз? 

- Бағаны қойған кезде оқушыларға түсіндіресіз бе?  

- Бағалаудың қандай түрлерін білесіз?  

- Қазіргі кездегі дәстүрлі бағалау жүйесі сізді қанағаттандыра ма? 

- Дәстүрлі бағалау оқушының білім деңгейін қаншалықты екенін анықтай ала ма? 

Осы  сұрақтарға  жауап  бере  отырып  бағалау  туралы  бірқатар  кемшіліктерді  анықтауға 

болады. Олар:

– оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге түсінікті оқу нәтижелерін бағалаудың нақты 

өлшемдерінің жоқтығы;

– мұғалім әр оқушының білім деңгейлерін, жеткен жетістіктерін бірыңғай нақты критерийлері 

негізінде емес, жалпы білімнің орташа деңгейіне назар аударады;

– оқушыларға қойылған бағалар әрбір оқушының оқуының жеке траекториясын анықтауға 

мүмкіндік  бермейді  және  оқу  жоспарының  нақты  бөлімдеріндегі  білім,  білік,  дағдыларды 

меңгерудің айқын бейнесін көрсетпейді;

–  қорытынды  бағалауда  ағымдағы  бағалауларды  ескере  отырып  қояды,  бұл  оқытудың 

түпкілікті нәтижесін объективті бағалау болып табылмайды;

– оқу процесінде оқушы мен мұғалім арасында ешқандай тікелей байланыс жоқ, сол себепті 

оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынтасы төмендейді.

Мектептердегі  осы  мәселелерді  шешу  үшін  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  белгілі  бір 

мақсаттарына,  міндеттеріне  және  күтілетін  нәтижелерге  сәйкес  бағалаудың  жаңа  жүйесін 

әзірлеу және енгізу қажет.

Қазіргі кезде  педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда 

критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.

Кез-келген  мұғалім    критериалдық  бағалауды  қолданбас  бұрын  оның  өзіне  тән 

терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз  критерий деген сөздің мағынасын өзіміз 

түсінуіміз қажет.

 

Критерийдің жалпы тұжырымдамасы – белгілі бір нәтижеге жетудің, талпынудың ережесі, 



нұсқаулығы,  шешу  жолдары  деп  айтуға  да  болады.  Мысалы,  мұғалім  оқушыларға  шығарма 


397

жаздырардың алдында табыс критерийлерін  ұсынады:

Шығарма тақырыбының  мазмұнмен сәйкестігі;

Мәтелдердің үштен аспауы;

Пунктуациялық  ережелердің сақталуы;

Көркем бейнелі тіркестердің қолданылуы (метафора, теңеу);

Қосымша ақпараттарды пайдалануы;

Ойын қорыта жеткізуі.

Сондай-ақ  оқушыларға    мәтінге  стилистикалық  талдау  жасауға  үйретуде  нақты  критерий 

(Блум таксономиясы) арқылы меңгерту жолдары:



Білу: Мәтіннің  қандай функционалдық стильде екендігі, жанры, мәтін құраудағы мәнер – 

хабарлау, суреттеу, портрет, диалог, монолог, т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет