Сборник материалов V международной научно-практической конференции


Суммативті  (қорытындылаушы)  бағалау



Pdf көрінісі
бет270/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   674
Суммативті  (қорытындылаушы)  бағалау  белгілі  бір  уақыт  аралығында  тақырыпты, 

тарауды оқып болғаннан кейін оқушы білімінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін 

анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша 

жүргізіледі.  Тексеру  жұмыстарына  қойылған  бағалар  қорытынды  бағаны  анықтауға  негіз 

болады. Жалпы суммативті бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

Оқушылардың  білімін  бағалау  мәселесі  педагогикалық  теорияда  да,  педагогикалық 

тәжірибеде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.



398

Қолданыстағы бағалау жүйесі дәстүрлі білім беру жүйесі шеңберінде қалыптасты, сондықтан 

оқу бағдарламасының заманауи талаптарына толық сәйкес келмейді.

Қорыта келе, критериалды бағалауды қолдану мұғалімдерге стратегиялық мақсаттар мен 

оқытудың тактикалық тапсырмалары туралы анық түсінік береді және балаларға қалай үйренуге, 

нені үйренуге және ең бастысы, неге оқуға болатындығын түсінуге көмектеседі.

Критерийлер  оқушыларға  өз  жұмысының  сапасын  объективті  бағалауға  көмектеседі. 

Критерийлер негізінде бағалау қабілеті адамға өмір бойы керек.

Егер біздің балаларымыз өз жұмыстарына құрметпен қарап, өздерінің де, өзге де адамдардың 

жұмысын дұрыс бағалауды үйренсе, онда біз болашаққа нық  сеніммен қарай аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет