системе образования, ученик нового века, учитель – сердце школы, парные и групповые работы,
students of the new century, the teacher is the heart of school, pair and group works, the meaning of
420
КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Т. Билдихан
«Шортанды № 3 қазақ орта мектебі» ММ, Ақмола обл., Шортанды ауд. Шортанды қ.
Tanzi200467@mail.ru
Білім – теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар
ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы
санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір – біріне ұқсамайтын жан – жақты
өткізген сабақтары. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар екені мәлім.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім
ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді
пайдалыларын жетілдіре түседі.
Көрнекі педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр
ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп
жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі
мен сақтаушысына айналады» деп айтқан [1]. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді
адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы,
әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын
алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта –
ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи
технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта көркем
еңбек пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс
жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың
жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Көркем еңбек пәні арқылы әлемді эстетикалық және рухани түрде меңгеруге және тұлғаның өз
ойын білдірудің бір тәсілі болып табылады.«Көркем еңбек» пәні оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін, кеңістік образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған
ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі
өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, әлемнің біртұтас
бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті және көру арқылы
қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем
және басқа түрлі материалдар, құралдары мен тәсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын,
қолдың моторикасын және көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.
Көркем еңбек – бұл көзбен көретін нысандарға қатысты, яғни «визуалды қарым-қатынас
тілі» түсінігін дамытатын бастапқы көру әдісі. Оқушыларға мұның не екені, әртүрлі көркемдік
үдерістер арқылы көру элементтерін дамыта отырып, оны қалай қолдануға болатыны туралы
мәліметтер берілуі тиіс. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге
негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Қандай әдіс-тәсіл қолдануымыз қажет ?
Бұл сұрақтың бір жауабы болуы мүмкін емес.
Әдіс – тәсілдер оқушы белсенділігін дамытудың негізі. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық
жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған
жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету,
ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу
шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және
оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің
белгісі. Қазіргі уақыт бүкіл адамзат қоғамының ғылыми – техникалық үрдіс пен өркениеттің даму
кезеңінде бет бұрған уақыт деп есептеймін. Оқушылардың көркем еңбек пәніне деген қызығуын
арттыру, өз – өзіне деген сенімін күшейтіп, таным қабілетін дамыту үшін жаңа инновациялық
технологияның маңызы зор. Осы орайда көркем еңбек сабақтарында үнемі жаңа технологиялық
әдістерді қолданып, сабақты тартымды, есте қалатындай етіп түрлендіріп отырамын.
Осындай әдістердің бірі – Блум таксономиясы.
421
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық
моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер
алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның
дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті,
шығармашылықпен ойлауды талап етеді.
- ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
- пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен
қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Достарыңызбен бөлісу: