Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет293/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  малокомплектная  школа,  учебно-воспитательная  работа,  работа  с 

педагогами, проект, обнавленное обучения, компактный урок.



Key  words:  small  accumulated  school,  learning  and  education  work,  work  with  the  teachers, 

project work, successful school, the updated curriculum for comprehensive school education.




428

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА МАҚСАТТЫ НАҚТЫ АЙҚЫНДАТЫП, 

3D АНИМАЦИЯМЕН ЖҰМЫС ЖАСАТЫП, ТАБЫСТЫ ОҚЫТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 

Г. М. Болысова 

«

№2 Ақсуат орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы



Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы. 

gbolysova@mal.ru 

Қазіргі  өркениетке  жеткізетін  құрал  тек  қана  -  білім.  Білімді  ұрпақ  қана  болашақ  иесі 

болып  табылады.  Білім  -  қоғамды  әлеуметтік  мәдени  ғылыми  үрдіспен  қамтамасыз  ететін 

ғажайып  құбылыс,  қауым  үшін  де,  қоғам  үшін  де  жоғары  құндылық.  Оқушылардың  сапалы 

білім  алуы  мұғалімдердің  білімділік  және  кәсіби  шеберілігін  қажет  етеді[1].  Үлгілі  ұстаз 

ғана  қабілетті,  жан  -  жақты  шәкірт  тәрбиелей  алады.  Шәкіртті  қарапайым  бала  деп  емес, 

жеке  тұлға  ретінде  дамыту  қажет.  Әр  ұстаз  оқу  тәрбие  жұмысына  шығармашылықпен 

қарап,  жаңа  заман  талабына  сай,  сабақты  түрлендіру  мақсатында  оқытудың  түрлі 

әдістерін  пайдаланып,  сабақ  барысында  нақты  мақсат  қоя  білсе,  игі  нәтижеге  жетері  сөзсіз. 

Өз  тәжірибемде  сабақта  мақсатты  нақты  айқындау  барысында  біраз  да  болса  табысты 

жетістіктерге жетудемін. 

Табысты  оқытуға  жетуге  маған  не  әсер  етті?    Табысты  оқытуға  жетуде  мен  нені,  қалай 

өзгерттім? 

Педагогикалық    шеберлік  орталығы  мен  Кембридж  университетінің  білім  беру  факультеті 

бірлесіп жасаған Бағдарлама негізінде деңгейлік курс бойынша біліктілігімді арттырып, өз білімімді 

жетілдіріп, шыңдау менің жұмысыма өзгеріс енгізудің бірден-бір жолы болды. Оқыған еңбегімнің 

нәтижесінде,  қателігімді бетіме басар–ау, жерден алып-жерге салар адам жоғын біліп еркін ой 

айттым, еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім. Шығармашылыққа негізделген 

шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені 

жатсынбай қабылдадым. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», 

- деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Жаңа бастамалардан бұрын қорықпасам да, 

бір дүдамал ой кейін тартатын. Қазір  кез келген істі ешқандай іркіліссіз қолыма алатын болдым, 

яғни  тәуекелге бел бууға әр уақытта дайынмын, мені ештеңе тоқтата алмайтынын аңғардым. 

Себебі,

 нені және қалай істеу керек екенін үйрендім. Алайда қандай істі де жаңадан бастау 

оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма 

тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін 

қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай 

қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге 

көз  жіберсек,  кешегі  бүгінгіге,  бүгінгі  ертеңгіге  ұқсамайды.  Себебі  ғылымның  дамуы,  білім 

мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, 

жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 

педагог-қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсының  бірінші  деңгей  бағдарламасының 

мазмұны «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселені шешуге 

бағытталғанын ескере отырып жұмыс жасауымнан басталды. Осы бағдарламадағы оқытудың 

деңгейлік курс бағдарламасының теориялық негіздері сындарлы оқыту теориясына негізделген.  

Аталған  теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа 

немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан  алған 

білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.  

 Сындарлы оқыту мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін 

сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Оқыту 

туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын 

оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын 

талап етеді[2]. Әрбір ұстаз осы теорияның маңызын түсініп күнделікті сабағына мақсатты дұрыс 

айқындап, қол жетімді қойып, сабақ соңында табыс критерийлеріне жете білсе, оқушыларымыз 

тақырыпты  терең  түсініп,    болашақта  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген 

жағдайда  тиімді  пайдалануға  қалыптасады.  «Кез-келген  мұғалімнің  оқыту  құралдары  оның 

өз  болжамдарының,  білімі  мен  ұстанымының,  көзқарастарының  жиынтығынан  тұруға    тиіс» 

деп,  Пажарес айтқандай, [2] әр мұғалімде білім,  болжам,  ұстаным болса ақпараттық қоғамда 

табыспен  өмір сүру үшін, балалар мен жастарды мән-жайды түсіну үшін, сындарлы оқудың 

тиімді  тәсілдеріне  тарта  аламыз.  Сондықтан  жаңашыл  идеяларды  танудан  және  тәжірибе 



429

жасаудан  жалықпағанымыз  абзал.  Осы  орайда  мұғалімнің  жұмысы  дұрыс  мақсат  қоюдан 

басталатынын айтқым келеді. 

Мақсат  дегеніміз  не,  ол  не  үшін  қажет?  Көптеген  ғалымдардың  берген  анықтамалары 

бойынша мақсат дегеніміз:

болашақ нәтижені суреттеу



неге қол жеткізу керектігінің  бейнесі

белгілі бір анықталған күш қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған  іс - әрекет талап 



етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы;  

бұл индивидумның өз күштерімен қол жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі. 



Мектептегі  әр  мұғалім  -  көшбасшы.  Олар  Синектің  «Көшбасшылықтың  конустық 

метафорасындағы» Неге? Қалай? Не? сұрақтарын түсініп, [2],  

«Неге немесе не үшін жұмыс жасаймын?,  Қалай өзгеріс енгіземін немесе оқушыға қалай әсер 

етемін?»


- деп мақсат қоя  білуі керек. Мақсат  қойғанда бала менің сабағымнан қалай шығады сол 

ескерілді ме? Оқушы өзінің не істеу керек екенін білуге тиіс?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет