Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет294/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

 яғни,  табыс критерийлерін оқушы 

түсінуі керек. Әрине, өзiңе мақсат қоюдын әртүрлi жолдары бар. Солардын iшiндегi тиiмдi, әрi  

жетуге оңай,  мақсат қоюға арналған SMART әдiспен бөлiскiм келедi. SMART -  оқыту мақсаты 

мен міндеттерін анықтауда қолданылатын,  1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым.  Автордың 

айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға 

тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу 

немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді [3].

Жоғарыда  айтып  өткенімдей,



    сабаққа  мақсатты  нақты  айқындау  барысында    табысты 

оқытуға  қол  жеткізген  аудандық  семинарда    өткізген    сабағымның  бірі  -  «Анимация  және 

мультипликация, анимацияға кіріспе». Сабағымды «Блум таксономиясы негізінде жоспарлап, 

алдын - ала өзім үшін оқыту мақсаты мен міндеттерін айқындап алдым. Себебі Блум бойынша 

когнетивтік процесс қарапайымнан күрделіге қарай өзгереді. [4] Осыны ескере отырып сабақ 

басталмас  бұрын  семинарға  қатысушыларға  әріптестерімнің  ойын  білу  мақсатында  №1 

парақшаны тараттым. 

Парақшадағы «Бүгінгі сабақтан не күтесіз?» - деген сауалға «Әдіс-тәсілдердің қызықтылығын, 

ұстаздың шеберлігін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күтемін»  деп, Ғ. Мүсірепов 

атындағы мектептегі әріптесім Алуа    Сыдықова пікірін жазса, М.Әуезов мектебінен келген жас 

ұстаз  Тұрғанбаева  Жанерке  «Информатика  пәнінде  жаңа  технологияны  тиімді  пайдалануды 

меңгеремін» деп күтудемін деген ойымен бөліссе, Ғ.Мұратбаев мектебінен келген  Зейнуллаева  

Қымбат   «Мұғалімнің сабақ мақсатына жету жолдарын көргім келеді»- деп парақшаны толтырды.   

Сабақтағы    ұйымдастыру  кезеңінен  кейін,  психологиялық  ахуал  туғызып  оқушылардың 

сабаққа  деген  көңіл - күйлерін көтеріп,  оқушыларды жұптастырып, сабақта  жұппен жұмыс 

болатындығы  ескертілді.  Жаңа  сабақтың  тақырыбын  айта  отырып,    бүгінгі  сабақтан  нені 

білгілерің келеді, не үйренсем,  нені білсем деп ойлайсыздар? сұрақтары арқылы оқушылардың 

сабақ мақсатына өздері шығуларына  бағыт бердім,  оқушылар  ойын тыңдап болған соң, өзімнің 

нұсқамды, оқушыға қарастырылып қойылған оқу мақсатын және сабақ соңында жететін табыс 

критерийін ұсындым.

Сабақтың оқу мақсаты:

 Анимация, мультипликация ұғымдарымен танысу;

Қарапайым  анимациядан  екі және  үш өлшемді  анимацияны 



ажырата білу;

Практикалық  жұмыс  барысында  программалардың    анимациялық  мүмкіндіктерін 



қолдану; 

Сабақ табыстылығының критерийлері: 

Анимация, мультипликация ұғымдарымен таныстым; 



Қарапайым  анимациядан  екі және  үш өлшемді  анимацияны  ажырата білемін; 

Практикалық  жұмыс  барысында  программалардың    анимациялық  мүмкіндіктерін 



қолдандым. 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасының аясында білім саласында 

мұғалімдер  мен  оқушыларға  арналған  «BilimLand»  сайт  материалдарымен  тақырыпты 

толықтырып,  сабақтың  қолдану  кезеңіне  жаттығулар  мен  тест  тапсырмаларын  орындаттым. 

«Ақырғы сөзді маған қалтыр» әдісі бойынша сабақты бекіттіртіп, жинақтауға өз қиялдарынан 

жаңа өнім алуды тапсырдым. Осы жинақтау деңгейінде оқушылар  теориядан алған білімдерін 

практикада өте жақсы қолданып, өз қиялдарынан екі және үш өлшемді анимациялық фильмдер 



430

жасап  шығарып,  өз  ойларын  қорыта  айтып,  тақырыпқа  өз    бағалауларын  бере  білді.  Сабақ 

соңында  оқушылардың  өз  деңгейлерін  анықтап  табыс  критерийіне  қалдырған    белгілерін 

көріп,  кері байланыс беру кезеңінде өз ойларын еркін  жеткізгендерін естіп, әріптестерімнің №2 

парақшадағы  ойларын  оқып, табысты оқытуға қол жеткізгенімді айта аламын. 

Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап 

берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ. 

Джон  Кеннедидің  «Ұлттың  дамуы  толығымен  білім  сапасының  дамуына  тәуелді»  деген 

ұлы  сөзі  бар.  Демек,  мақсатты  дұрыс  қою  арқылы  біз  сол  сабақтағы  жұмыстың  нәтижесін 

болжаймыз.  Сабақты  өткізген  соң  мақсатымызға  қайта  оралып,  оқыту  тиімділігін  анықтай 

аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқытудың кепілі болмақ. Сондықтан әрбір 

жұмысты бастаған кезде





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет