Ғылыми-педагогикалық семинар-үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыстың түрі. Онда үздік
тәжірибені зерттеу, өңдеу, ендіру жұмыстары қаралады.
Проблемалық зертхана- оқушылардың білім сапасын, тәртібін, ата-аналардың мектепке
байланысын анықтайтын және зерделейтін «үйлестіруші»топ [2].
Озат тәжірибе- педагогтардың өз ішінде көшбасшылыққа ие болуы. Үздік тәжірибені
насихаттаушы педагогтардың болуы. Коучинктер мен тренерлердің академиялық сабақтарын
жоспарлау және жүргізу.
Ықшамсабақты жүргізу арықылы жас мамандармен, тәлімгерлермен, озат тәжірибе
мектебінің, әдістемелік күн, ашық есік күнінің, шебер сыныптармен, үлгілі ашық сабақтар сынды
бірнеше жұмыс бағыттарының орнына ықшамсабақты жүргізу ұсынылады. Ықшамсабақты
жүргіу кезінде ықшамсабаққа қатысатын мұғалімдердің алтын ережесі, ықшамсабақты бағалау
критерилері, ықшам сабақты бағалау парағын басшылыққа алады.
6-қадам. Тәрбие жұмысын жоспарлауда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы
мен Патриоттық Актісіне сәйкес жүзеге асырылатындығымен ерекшеленеді. «Мәңгілік Ел»
идеясы мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет,
қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді. Сондықтан бұл қадамда тәрбие жұмысының 8
құрылым бағытын жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстарды жоспарлау ұсынылады. Өзін-
өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру қажет. „Жас қыран”, «Жас ұлан» ұйымы, «Азамат»
ұлдар ұйымы, „Қызғалдақ” қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», «Парасат» құқық клубының жұмысы
арқылы жүзеге асыру. 2017-2018 оқу жылынан бастап 5 күндік оқу аптасына көшкендіктен шағын
жинақталған мектептерде сенбі күні бұқаралық іс-шараларды жүргізу ұсынылады. Тәрбие
жұмысының негізгі тетіктерінің бірі ретінде сынып жетекшілер бірлестігі, Қамқоршылық кеңес,
ата-аналар комитетінің жұмысын атауға болады.
7-қадам Тірек мектебі мен желілік қоғамдастықтың жұмысын жетілдіру. Бұл қадамда
«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ деңгейлі бағдарламалар аясында білім жетілдірген
мұғалімдердің, мектеп тренерлерінің жұмысын ұйымдастыруды ұсынады. Мектепте құрылған
дамытушы топ, зерттеуші топ, үйлестіруші топ жұмыстарының жүйелі болуын, жүргізілуін,
нәтижелерін өңдеуді осы жұмыстар арқылы байланыстыруға болады. Тірек мектебінің базасында
ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Желілік қауымдастық жұмысы-географиялық
жағдай бойынша жақын орналасқан мектептердің ортақ проблемаларын анықтап, оны шешу
жолында семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, отырыстар жүргізу арқылы
кедергілерді жоюды көздейді. Әр мектептің шығармашыл мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату
жұмысын жолға қояды.
8-қадам. Мектептің техникалық базасын нығайту жұмыстарын басшылыққа алу кезінде
ескеретін бірнеше жағдайлар:
•
Оқушылардың оқу бөлмелерінің олардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
•
Шығармашылықпен айналысатын педагог мамандардың пән кабинеттерін жарақтандыру.
•
Кабинет паспорттарының жұмыс жоспарына сай жұмыс жүргізу.
•
Мектеп жиһаздары мен мүлкін есепке алуды ұйымдастыру.
•
Оқушылардың білім алуына ең қажетті деген құрал-жабдықтардың тізімін жасау.
Шағын жинақты мектептердегі материалдық –техникалық базасы қай кезде де болмасын
толықтыруды қажет етеді. Қажетті құрал-жабдықтарға деген сұраныс күн сайын артады. Мектепте
құрылған Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарына сай «Туған жеріңе туыңды тік!», «Түлектер
тақтасы» жобасы арқылы мектепке көмек көрсететін демеушілерді тартуды ұйымдастыру.
9-қадам. Мектепті дамыту жоспарының негізгі мазмұны білім мазмұнын жаңарту жағдайында
қолданылатын критериалды бағалау жүйесін енгізу. Мұғалімдерге критериалды бағалау
бойынша әдістемелік қолдау көрсету. Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша тәжірибе
жинақтау, жүйелеу және насихаттау. Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің әр
сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына
ықпал ету. Kundelik.kz жобасының жұмысын басқару және мектеп өміріне еңгізу.
10-қадам. Мектептің өміріне енгізілген жобалар. Метеп оқушыларының немесе мұғалімдердің
идеяларымен туындаған мектепке табыс әкелетін «Startup» жобасын енгізуді көздейді. Мектептің
оқу-тәрбие жұмысында қойылған бірнеше міндеттерді жүзеге асыратын бірнеше жобалардың
427
басын қосады. «Ықшамсабақ» жобасы мұғалімдердің бір-бірінен тәжірибені оқып үйрену мен
әріптестер арасында өз тәжірибесін насихаттайтын жоба. «25 кітап», «Taim reading» жобасы
оқушылардың кітапты сүйіп оқуға баулиды. «Туған елімді жақыннан танығым келеді» жобасы
Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы аясында өз өлкесіндегі жерлерді насихаттаумен
айналысады. «Жас жауқазын» жас журналистер жобасы мектеп өміріндегі оқиғаларды қабырға
газеттеріне жариялаумен айналысады. «Сөнбес жұлдыздар» жобасы өз өлкесіндегі атақ,
дәрежесі бар азаматтардың өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысады.
Осы жобаны енгізу арқылы шағын жинақталған мектептердегі инновациялық қызметті
ұйымдастыра отырып, бақылау мен басқарудың тиімділігін көруге болады. Осы жоба аясында
қала мен ауыл арасындағы білім саласындағы айырмашылықты жою мәселесінде қолға
алуға болады. «Жаңалыққа жаны құмар жандармен өзгеріске 10 қадам» атты шағын жинақты
мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі деп білемін. Бұл жоба сіздің
де мектебіңізді табысты мектептер қатарынан көрсететініне сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |