«Мен нені нақты жүзеге асыра аламын, менің қолымнан не келеді?»
деген сұраққа жауап беріп, кіріскеніміз дұрыс. Мақсатымыз аз болған сайын нәтиженің нақты
және сапалы болатынына менің көзім жетті. Мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайды. Оқыту
нәтижесіне бізді SMART мақсатқа сай құрылған сабақтар жеткізеді деп ойлауға негіз бар. Әр
жұмысты аяқтаған соң, қойған мақсатымызға қайта оралып, нәтижені сараптаймыз. Ғалымдар
рефлексияны сананың «өткенге жүгінуі» деп сипаттайды. Ал өткенге жүгіну арқылы біз жаңа
мақсат қойып, жаңа іске кірісеміз.
Табыс критерийі - мақсатқа жету қадамдары, нақты айтсам оқу мақсатына сәйкес мақсатқа
жетудің маңызды қадамдары. Ал оқу мақсаты - сабақ соңында алып шыққан білім. Табысты
оқытудың маңызды факторы оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай
алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.
Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе
сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Табысты оқыту
мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады,
ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады.
Өзімді енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің жүргізушісі – (мен
емес) менің оқушыларым. Олар - басқарушы, жаңа жол іздеушілер, ситуациялардан шығып,
мақсатына жетушілер. Ал мен - бағыттаушымын. Өзімнің осы жетістігімді басқа әріптестеріммен
бөлісу мақсатында шағын шығармашылық топ құрып және оларға ықпал ете алдым. Іс-тәжірибе
барысында менің сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де
сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.
Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден, өзімнің көзқарасымды
өзгерттім, екіншіден, сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден, бала еркіндігін
шектемеу, төртіншіден, оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін-өзі реттеуін үйреттім, бес-
іншіден, бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды. Жіберілген қателіктерді
түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің
бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр
сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе, олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса
ғана біз діттеген мақсат- мүддемізге жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері
болатынымызға кәміл сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |