Түйін сөздер: құзыреттілік, белсенді әдіс, интерактивті әдіс.
Ключевые слова: компетенция, компетентность, активный метод, интерактивный метод.
Key words: competence, active method, interactive method.
586
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
ЖӘНЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Н.Ж. Құрман
педагогика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университеті, Қазақстан филиалының профессоры
Ж.М. Қайыркенова
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
аға ғылыми қызметкері
Жаңартылған білім мазмұны дегеніміз – жалпы адамзаттың жинақтаған қазынасынан
қазақстандық мектепте оқып жатқан жас ұрпаққа ХХІ ғасыр үшін ең қажеттісін, өмірлік іс-
әрекетіне тірек болатын, өмірлік жолының өзегі болатын тәжірибені меңгерту үдерісі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша
білім беру мұғалім үшін заманауи дидактикалық талаптармен үндесудің және үйлесудің
жақсы жолын таңдауы болып табылады. Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама толығымен
оқушының және мұғалімнің «субъектілік-субъектілік» дидактикалық қатынасына негізделген.
Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі – оқушының өзгелермен тіл қағысып амандасудан
бастап, өзін қоршаған әлеммен тіл табысуына дейінгі жолын бүге-шегесіне дейін қадамдап
анықтаған нормативтік құжат. Оның ерекшелігі сонымен бірге, оқушының тіл мен әдебиеттен
әрбір меңгерген жаңа білімін өзінің күнделікті өмірінде шынайылықпен пайдалана, қолдана
алатындай дағдыларды меңгертуге бағытталғандығымен анықталады.
Тілдің табиғи болмысы оның қарым-қатынас құралы болуымен, таным құралы болуымен,
ойды таңбалаушы болуымен, кумулятивтік қазына болуымен, сезімді білдіру құралы болуымен
танылады. Қазақ тілі мен әдебиетінен жаңартылған оқу бағдарламасында тілдің осы
функцияларын оқушының өз деңгейіне лайық таныту және қажетті дағдыларды меңгерту әдістері
анық көрсетіліп берілген. Тілдің коммуникативтік бағытына көбірек бетбұрыс жасалғанымен,
тіл білімінен, стилистикадан, тіл мәдениетінен теориялық минимум мен практикалық дағдылар
ешбір жетіспестік танытпайды.
Қазақ тілі мен әдебиетінен білім мазмұнының жаңартылуы – Қазақстан Республикасының
қарқынды дамуына, әлемдегі өзінің лайықты орнын алу үшін атқарып жатқан саяси-
экономикалық, әлеуметтік қызметінің болашақта ойдағыдай жалғасын табуы үшін соған
сай қызмет атқаратын азаматтар қалыптастыруына лайықты білім жүйесін қайта қарастыру,
өзгерту, толықтыру. Өйткені қоғамның тынысынан, даму барысынан хабарсыз, томаға-тұйық,
практикамен байланысы жоқ немесе тым әлсіз абстракті деңгейде берілетін мектептегі білім
мазмұнының шәкірттерге, болашақ қоғам мүшесі ретінде, Қазақстан Республикасының азаматы
ретінде сенімділігі аз мүмкін тіпті қажеті де болмай қалу қаупі бар. Сондықтан мектептегі білім
мазмұнының жаңартылуы – алдағы заман лебін алдын ала сезіп қана емес, көрегендікпен тани
білген қазақстандық педагогиканың үлкен жеңісі болып саналады.
Жаңартылған оқу мазмұнының әзірленуі мен білім беру үдерісіне енгізілуі өте көп талқыланып,
тіпті қызыл сызықтан аса талқыланып, кей ретте дүрбелең де тудыра жаздағаны белгілі. Оған
себеп болған – осыған дейін авторитарлық жолмен қабылданып келген жекелеген авторлардың
оқу бағдарламаларын келесі жүзжылдыққа да қалдыру үшін жүргізген іс-әрекеті. Бірақ заманауи
талаптар қалай болғанда да, оқу мазмұнының жаңартылуы дегеніміз – тек тақырыптардың
басқаша етіп берілуі емес екенін, ең бастысы, оқушының іс-әрекетін және мұғалімнің оған
сәйкес атқаратын әрекетін дамытушылық тұрғыдан бірізділікпен және айқын да танық етіп
берілген жүйе екенін педагог қауым түсінді және дұрыс бағалады. Оқулық мәселесі де арнайы
қадағаланып, тұтас бір «Оқулық» мекемесінің қатаң қадағалуына көшті.
Оқушының қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен жаңартылған мазмұн бойынша білім алуының
сапалылығы ендігі ретте мұғалімдердің осы үдеріске дайын болуымен ғана танылады. Әрине,
«Өрлеу» бойынша білім мен біліктілікті жетілдіру курстарының атқарып жатқан қызметінің де
үлесі зор. Десек те, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби білімін жетілдірудің
мазмұны да жаңартылған оқу бағдарламасының білім беру үдерісіне қарқынмен енгізілуіне тірек
болуы жағын қамдастыру керек. Ендігі кезекте, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби
құзыреті мен біліктілігін осы бағдармен дамыту мақсаты алға қойылып, соны шешудің тиімді
жолдарын жан-жақты қарастыру күн тәртібіне қойылғаны дұрыс.
587
Бұл мәселе - тек практикадағы мұғалімдердің ғана емес, болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің, университет студенттерінің де лайықты дайындығын қажет етеді. Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімдері, сол мамандыққа оқып жатқан студенттердің кәсіби құзыреттілігі тек тіл мен
әдебиет теориясын, көркем шығармалардың аты мен мазмұнын білуден ғана тұрмайды. Тіпті
десеңіз, педагогика мен психологиядан алынған біліммен де шектелмейді. Жаңартылған оқу
бағдарламасын қолдану үшін кәсіби құзыреттің шеңбері ендігі ретте кеңейіп, жаңа компоненттер
енгізіледі. Олардың қатарында мұғалімдердің рефлексия жасау, заманауи білім беру үдерісінің
бағдары мен басым бағыттарын дер кезінде аңдай білу дағдылары белсенді дамытылуы қажет.
Сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің, студенттердің оқытудың заманауи
жаңа технологияларын және оны тиімді қолдану жолдарын, әдістердің сапалы нәтиже беретін
комбинаторлық қолданыс жүйесін білуі тиіс. Мұғалім және студенттер педагогтік қызметте
жобалау технологиясын өзі де қолдана білуі және оқушыларға да жоба орындату жүйесін
меңгеруі аса маңызды. Бұл – заманауи талап, өйткені осы жаңа білік-дағдылдар алдағы уақытта
әр мұғалімнің жаңа оқыту технологиясын ойлап шығаруына жол ашады және мүмкіндік береді,
тіпті кей заманда талап етілуі де мүмкін. Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің
филология ғылымның заман дамуымен толығып отыратын жаңалықтарымен және ұлттық
мәдени құндылықтарымен де таныс болуы міндетті.
Осы айтылғандарға байланысты, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің мектепке
жаңартылған оқу бағдарламасын қолдануға даярлықпен келуі үшін мынадай істер атқарылуы
керек деген түйін жасаймыз.
Біріншіден, жаңартылған оқу мазмұнын, белсенді және креативтік-шығармашылық әдістерді,
мұғалім мен оқушыны субъектілік дидактикалық қатынаста болуына ыңғайлы оқытудың
түрлі фомаларын және оларды байланыста қолдану жолдарын, лингводидактикалық білімін,
жобалау-комбинаторлық дағдыларын қалыптастырып, дамытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің, болашақ мұғалімдер – студенттердің жаңа моделін жасау керек.
Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің, болашақ мұғалімдер–студенттердің
жаңа моделінің қалыптасуына және дамуына сапалы ықпал ететін «Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру» курстары мен «Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің кәсіби құзыретін қалыптастырудың жаңа жүйелері» атты арнайы курс әзірлеп,
оларды біліктілікті жетілдіруі мекемелері мен педагогикалық факультеттерде оқытуды ұсыну/
міндеттеу керек.
Үшіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен осы бағыттағы студенттердің
кәсіби құзыреттің маңызды компоненті – жобалау-комбинаторлық құзыретін қалыптастыру мен
жетілдіруге арналған дербес жұмыстар ұйымдастырып өткізу. Өйткені мұғалімдердің ғылыми
және практикалық білімін ұштастырып, өз бетімен мақалалар жазу, әдістемелік нұқсаулар жазу,
оқулық жазу, ғылыми семинарлар мен конференция, симпозиумдерге қатысу, педагогикалық
эксперименттер жүргізу және нәтижесін талдау сияқты жұмыстарды қоса атқару қабілеті арнайы
жетілдірілмесе, ол мұғалімнің кәсіби шеберлігін тат басып, көнелені қалуына әкеледі
. Ал оның
нәтижесі оқушының білім алу үдерісінде ақаулар көбеюі болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жаңаланған білім мазмұнын оқушыларға жақсы
меңгертуіне қажетті біліктілікті жетілдіру курстары, сонымен қатар, олардың кәсіби шеберліктерін
шыңдайтын, жаңа оқыту технологияларын меңгертетін педагогикалық лабораторияға айналуы
керек. Педагогтердің кәсіби құзыретін жетілдірудің қырлары өте көп, оның түрлері мен әр түрінің
өзіндік стилін, мұғалімдердің жаңа бағдарламаны оқушыға ғана емес, ата-аналарға, қоғамға
түсіндіруші беделді тұлға ретіндегі болмысын қалыптастыру керек[1] .
Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқытуға байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді
талдау барысында ғалымдардың білім мазмұнын кіріктірудің үш деңгейін көрсететені анықталды.
Бірінші деңгейі – тұтастық деңгейі, яғни бірнеше пән кіріктіріліп жаңа пәнді құрайды; екіншісі –
бір пәннің аясына біріктіріліп, барлық пәндер өз мәртебесін сақтайды; үшіншісі - пәнаралық
байланыс деңгейінде, яғни бір пәннің мазмұны екінші пәнді оқытуда қолданылады.
Практикалық тәжірибелерді талдау және мұғалімдермен әңгімелесу барысында
жаңартылған оқу бағдарламасын оқушылардың меңгеруінің қиындығынан гөрі мұғалімдердің
ескі бағдарламадан шыға алмай жатқан қиындығы басым екенін анықтадық. Өйткені оқушылар
үшін жаңа сыныпта берілген оқу бағдарлдамасы қалай басталса, мол қалыпты нәрсе сияқты
қабылдана береді. Ал мұғалімдердің үйренген жолынан, дәстүрлді әдістемелік жүйесінен
бұрылып, жаңа арнамен жүруі, жаңа талапқа бейімделуі қиынға соғады. Осы жолда мұғалімдерге
588
үлкен көмектер берілуі керек. Ал студенттерді университет қабырғасында дайындап, бейімдеу
керек.
Біздің көпжылдық тәжірибеміздің негізінде осы айтылғандар бойынша қазақ тілі мен
әдебиетінен жаңартылған оқу мазмұнын оқытатын мұғалімдердің моделі мынадай келбетке
келтірілді.
Сурет №1 Қазақ тілі мен әдебиетінен жаңартылған оқу мазмұнын оқытатын мұғалімдердің
КЕШЕНДІ МОДЕЛІ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, және студенттерге арналған курстар тақырыптарының
барлығы коммуникативтік-тілдік кеңістік қалыптастыруға және сол негізде сабақты ұйымдастыруға
үйретуге бағытталады. Коммуникативтік кеңістік жеке, жұппен, топпен, тұтас сынып ұжымымен
орындалатын жұмыстар негізінде қалыптасады.
Қазақ тілінің жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың креативтік, сыни, шығармашылық
ойлауын дамыту кең түрде қарастырылған. Өйткені жаңартылған бағдарламада оқушылардың
өз бетімен білім іздеу дағдыларын қалыптастыру басым орында тұрады. Осындай дағдыларды
қалыптастыру үшін мұғалімдердің, студенттердің өздері арнайы дайындықтардан өту
барысында өз бетімен жұмыс орындауына уақыт көбірек бөлінеді. Ол үшін интенсивтік оқыту
технологиясын, интерактивтік оқыту технологиясын, коммуникативтік оқыту технологиясын,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың ізі мен жолдары, әдістері мен
тәсілдері біліктілікті жетілдіру және студенттердің арнайы курстарында үйретіледі. Ұсынылатын
курстар осы мақала авторларының бірі - педагогика ғылымдарының докторы Н.Ж.Құрманның
көпжылдық тәжірибесінен өткен және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА маманы Қайыркенова Ж.
осындай курстар негізінде бірнеше рет қазақ тілі оқулықтарын жазуға қатысқан[3].
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің және студенттердің кәсіби-педагогтік құзыреті іштей
бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
-
жалпымәдени құзырет;
589
-
коммуникативтік құзырет;
-
жалпыпедагогикалық құзырет;
-
педагогикалық-психологиялық құзырет;
-
әдістемелік-лингводидактикалық құзырет;
-
аксиологиялық құзырет;
-
ақпараттық құзырет.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен студенттер ұсынылатын курстарды оқып-шыққанда,
осы құзыреттердердің қалыптасуы мен жетілдірілуі міндетті болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға
және жетілдіруге байланысты мынадай мәселелер негіздеме ретінде алынады.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен студенттердің тілдік-лингвистикалық және жалпы
филологиялық білімін жетілдіру. Қазақ тілі мен әдебиетінің лингвистикалық базасы – қазақ тілі.
Ғылыми базасы – филология. Сондықтан тілдің теориясы мен әдебиет теориясынан, мәтінді
талдау, оның ішінде көркем мәтінді талдау жолдарының түрлілігінен, тілдің коммуникативтік-
функционалдық қызметі туралы жаңалықтардан дер кезінде хабардар болуы керек.
2. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздерінен білімін жетілдіру
жолдары. Қазақстан Республикасының даму бағытында әр жылдарда алдына қойып отырған
мақсаттары мен міндеттері еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық болмысына басшылық
ететіні белгілі. Осымен де байланысты, тіл мен әдебиетті оқыту философиясы, педагогика,
оның ішінде лингводидактика мен әдебиет теориясы, жаңа психологиялық мәліметтер,
психолингвистикалық жаңалықтар курстардың негізі болуы керек.
3. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық тұрғысынан
біліктілігін арттыру жолдары. Қазіргі заман – ақпараттық-коммуникациялық технологияның
оқыту үдерісіне кеңінен енгізіліп жатқан уақыты. Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту
әдістемесінің электрондық құралдармен толықтылыруы және интерактив құралдарды молынан
пайдалана білу жолдарын студент, мұғалім, әдіскер-маман терең меңгеруі керек. Сондықтан
студенттер мен мұғалімдердің компьютерді басқару, компьютерді сабақта қолдану дағдылары
ақпараттық-коммуникациялық технологияның жетілген түріне қарай дамытылып отыруы аса
маңызды.
4. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялық жүйелерді студенттер мен
мұғалімдерге / әдіскерлерге меңгерту жолдары.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың коммуникативтік технологиясы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың интенсивтік (қарқынмен) оқыту технологиясы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың интерактивтік технологиясы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінжобалай оқыту технологиясы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық
технологиялары.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін дамыта оқыту технологиясы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін креативтік-шығармашылық оқыту жүйесі[4].
Осы курстардың әрқайсысын дербес түрде немесе синтезделген түрде оқытуға болады. Қазақ
тілі мұғалімдері мен студенттер үшін бұл біліктілікті жетілдіру курстары мынадай жетекшілік
қызмет атқарады:
•
қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивтік, ақпараттық, интенсивтік, коммуникативтік
технологиялары бойынша білімдік ақпараттық ресурстарды жасай алады;
•
алынған білімдік ресурстарын қазақ тілі сабақтарында қолданып, қазақ тілін үйретудің
сапалы, жаңа әдістемелерін жасауға негіз қалай алады;
•
қазақ тілін мен әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша әзірленген оқу құралдарын,
электрондық ресурстарды тиімді пайдаланудың әдістерін меңгеріп, қазақ тіліндегі ақпаратты
еркін қолдану дағдыларын қалыптастыра алады[5];
•
тренингтер мен сабақтар барысында жаңа ақпараттық ресурстар мен компьютерлік
құралдарды қолдану мүмкіндіктерін анықтайды;
•
қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жүйесін түзетудің/коррекциялаудың жаңа стратегиялық
бағыттарын анықтай алады;
•
мұғалімдер мен студенттер бұл курстардан алған білімін күнделікті сабақтарда пайдалана
алады және әдістемелік шеберлігін ғылыми жолмен шыңдауға негіз қалайды.
___________________________
590
Достарыңызбен бөлісу: |