Сборник материалов V международной научно-практической конференции


Кейіпкер- көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Мінез



Pdf көрінісі
бет532/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Кейіпкер- көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.

Мінез- адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, 

барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.



Мінездеу- әдеби кейіркерді таным- түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі 

тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында 

баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман 

бейнесін  ашып  көрсетеді.  Адамның  сезімдік  көңіл-күйін,  күйініш-сүйінішін,  қимыл-әрекеті  мен 

кескін-кейіпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен згемен арадаы әңгімесін келтіру,сондай-ақ түрлі 

табиғат  құбылыстарын  суреттеу-  осының  бәрі  әдебиеттегі  адамның  ішкі  әлемін  тануға,  сырт 

пішінін  анықтауға  аса  қажетті  тәсілдер.  Бұл  әдістер  бірін-бірі  толықтырып,  айқындай  түседі, 

мінездеу үшін маңызды рөл атқарады [4].

Мәтіндегі кейіпкерлердің мінезі жағымды және жағымсыз болып келеді. Жағымды мінездерге 

қарапайымдылық,  ұяңдық,  жомарттық,  мейірімділік,  сыпайылық,  қамқорлық,  адалдық,  т.б. 

жатады. Жағымсыз мінездерге сұмдық, арамдық, сараңдық, тәкаппарлық, паңдық, мақтаншақтық, 

еріншектік,т.б. жатады.

Мәтіннің  тақырыбын  ашу  үшін  негізгі  ойды  оқырманға  жеткізу  үшін  мәтінде  қолданылған 

әрбір сөйлемнің өз орны болуы тиіс.

Мәтін құрылымы 3 бөліктен тұрады: басы( кіріспе), негізгі бөлімі, соңы.

Кіріспеде оқырманның назарын аудару көзделеді. Негізгі бөлімде айтылатын ойдың түйінді 

мәселелері  жүйелеп  түсіндіріледі.  Мәтіннің  соңы-  қорытынды  бөлім,  бұл-  сөздің  бүкіл  күшін 

топтастырушы, мәнді бөлім.

Мәтіннің  құрамындағы  сөйлемдер  мәтіннің  желісін  бұзбауы  керек.  Мәтінге  басқа 

қосымшасөйлем қосқанданемесе толықтырғанда негізгі ойдан ауытқымау керек.

Әрбір мәтін тұтас бір ойдың айналасында болатынын білеміз. Ендеше мәтіннің құрамындағы 

әрбір  жаңа  ой  абзацтарға  бөлінуі  тиіс.  Әрбір  мәтін  белгілі-бір  тақырып  айналасында 

құрылғандықтан, мәтінде бірнеше ой-пікір айтылуы мүмкін. Сол себепті мәтіндегі екі не одан да 

көп ой- пікірлер абзацтарға бөлінеді.




767

Мәтінді абзацқа бөлгенде, алдымен, сөйлемдердің тақырыбы анықталады. Тақырып ауысқан 

кезде келесі абзац басталады.

Мәтіннің тұтас бір мағынасы болады. Жақсы құрастырылған мәтіннен бірде- бір сөйлем алып 

тастауға болмайды. Сөйлемдер бір тақырып айналасында мәтіннің ой желі бойынша құрылады. 

Тақырыптан тыс кез келген сөйлем мәтіннің ой желісін бұзады. Шылаулар, сілтеу есімдіктері, 

қыстырма сөздер сөйлемдерді мәтіннің ой желісі бойынша реттестіргенде сізге үлкен көмегін 

тигізетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет