Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
. Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту
түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен
оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне
байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек). Негізгі орта білім
беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына
байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. Зағип оқушылар
үшін оқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-
нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі
шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді
оқулықтармен оқытылады.
Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің
пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдармен өтіледі
Түзету курстары төмендегідей берілген:
-
«Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі
ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру
қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі
.Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз
көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.[1]
-
«Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)». Сабақта емдік –сауықтыру міндеттері шешіледі
задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі,
бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін
жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр
оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін
емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы
және т.б.)
-
«Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға,
мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету
мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс
жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды,
ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
-
«Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі.
Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты
тифлопедагог өткізеді.
-
«Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі
мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте
бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
-
«Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз
бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
-
«Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады:
қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік
жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен
қарым-қатынасқа үйрету.
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, оның
әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және
көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы мен біліктілігін дамытуға, көрнекілік-образды тәсілін және
теориялық ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, суретті
түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, өзіне-өзі қызмет жасау,
130
мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.
Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәрігерлердің ұсынымдамасын есеріп
ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде
оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына
қарай анықталады.Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық
және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады.
Сонымен қатар
ҚР «Білім туралы» заңының 8 -бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық
жағдайына байланысты ұзақ уақыттар бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін
ұйымдарға бара алмай жүрген азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін
оқыту ісі ұйымдастырылады.
Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады. Үйде оқитын баланың
білімі жүйелі түрде бағалануы тиіс. Олардың тегі, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшуі мен мектепті
бітіруі туралы мәліметтер тиісті сынып журналына ендіріледі.
Оқыту формасы мен оқушылардың оқу жүктемелері көлемі балалардың психофизикалық
даму ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне және денсаулық жағдайына байланысты
белгіленеді. Мамандар тарапынан тиісті ұсынымдар болған жағдайда сынып бойынша сағат
мөлшері оқу жүктемелерінің санитарлық-гигиеналық талаптарда көзделген жоғарғы шегіне
дейін көбейтілуі мүмкін.
Алайда, қашықтықтан оқыту формасы мұғалім (мұғалімдер) мен оқушының тікелей қарым-
қатынасын жояды, сондықтан оқытуда тек өзін ғана қолдануға болмайды. Қашықтықтан
оқытумен қатар мұғалімнің оқушы үйіне келгені дұрыс.
Мүмкіндік болса, денсаулығы нашар балаларды дені сау балалармен бірге тәрбие, ойын-
сауық, спорттық – сауықтыру және басқа да ойын-сауық іс-шараларға қатыстыру қажет.
Осыған байласынды өзім қызмет ететін №51 жалпы орта мектебінің 5 «ә» сыныбының
үйде оқытылатын оқушысы Еркін Дударға «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында ашық
сабақ өттім.Ашық сабақта сезім мүшелері (сипап сезу көру, есту, дәмін көру, иіс сезу) барлық
аналаизаторлар қамтылды. Еркін Дудармен 3 жылдан бері ата-анасымен, психолог, логопед, со-
циологпен бірігіп жұмыс істеп келеміз.Дударды ойлау, есте сақтауы, түйсігі, іс әрекеті бұрынғыға
қарағанда дамыған.Дудар көбінесі сипип-сезу мүшесімен жақсы дамыған.
Ерте сәбилік және мектепке дейінгі жаста, заттық іс-әрекеттерге баланың өздігінен үйренуі,
ойыншықты пайдаланумен байланысты. Себебі, мұнда қимыл-қозғалыс белсенділігнің үлгісі бар,
ойыншықпен ойнау, оның қызметін меңгеруді талап етеді. Заттық іс-әрекетті игеру қиындығы,
көптеген балалардың, тіпті мектеп алды жасында, спонтанды дамуда, заттық-практикалық
әрекет деңгейінде қалуға себеп болады.
Соқырлардың заттық іс-әрекетті меңгеру қиындығы, барлық әркеттердің, оның ішінде ойын
әрекеттерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Көретін балалар тәрізді, мектеп жасына дейінгі
және бастауыш сынып жасындағы соқыр және нашар көретін балалар үшін, ең белсенді әрекет –
ойын болып табылады. Даму аномалиялары бар балалардың өміріндегі сензитивтік кезеңдерді
қамтығанда, ойын олардың реабилитациялық мүмкіндіктерін жоғарылатады, соқырлықпен
байланысты кемістіктерінің орнын толтыруға және түзетуге жәрдемдеседі».
Ойын баланың жақын даму аймағы болғандықтан, тифлопсихологияда жан-жақты
дамыту құралы ретінде, қоршаған ортаны тану құралы ретінде қарастырылады. Бірақ,
көру анализаторларының ауыр бұзылуымен шектелген қызметі, ойын әрекетінің барлық
құрылымдық компоненттерін бірдей меңгеруге қиындық туғызады: балалардың ойын сюжеттері
мен мазмұндары, өте жұпыны, ойын және тәжірибелік әрекеттерінде схематизм басым.
Қорытынды
Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым-қатынас дені сау
баламен бірдей болуы керек.Ондай балаларға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуі де, көзі
көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай
балаға көзің көруі бұзылған екен аяныш білдірудің қажеті жоқ.сонда Щербина айтқандай
көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды деген.Кіші мектеп жасындағы көруі
бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек
болады.Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын келешекте әлеуметтік ортаға белсенді
бейімделуіне зор ықпалын тигізу.
Көзі нашар көретін баланың сөйлеуі, қоршаған ортаны танудың сезімдік жүйесіне, тұлғалық
қалыптасу үдерісіне ене отырып, компенсаторлық қызмет атқарады. Көру кемістігінің орнын
131
толтыруда, сөйлеудің рөлі ерекше, себебі, сөз барлығын нақтылайды, сезімдік тану үдерістерінің
барысын түзетеді, бағыттайды, шынайы мәнісіндегі өмірді түйсікпен толық, анық қабылдауға
мүмкіндік береді, бұрмалану мен фрагменттілікті болдырмауға жағдай туғызады.
О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей оқушылардың
шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыру үшін ұстаз үнемі ізденуде, тұрақты еңбек
етуде өзіне міндеттейді. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін ескерсек, бізге қоғамдағы
барлық балалар жеке тұлға ретінде ескерсек, қоғамызда ой-өрісі дамыған, зерделі, жан-жақты
парасатты ұрпақ тәрбиелеу керек екенін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |