Литература
1.Колчигин С.Ю. Казахстанское общество: трансформация миропо-
нимания в контексте глобализации // Казахстан в условиях глобализации:
философско-политологический
анализ. –
Алматы:
Компьютерно-
издательский центр Института философии и политологии Министерства
образования и науки Республики Казахстан, 2006. – С.122-183.
2.Бузгалин А.В. Постмодернизм устарел // Вопросы философии.
– 2004. – № 2. – С.3-15.
3.Influx_ru (2005 г.).Болотова Л.С. Образование человека но-
осферной цивилизации // Инфлукс. Летопись современного знания.
48
СТУДЕНТТЕР ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Ахметова А.И.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және
PHD докторантура институты, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасында жастар әлеуметтенуінің стратегия-
лық бағыты дүниетанымдық мәдениеті дамыған, әлемге этикалық
жауапкершілікті қатынасы қалыптасқан, біліктілігі жоғары, инновация-
лық, шығармашылық ойлау типіндегі мамандарды қалыптастыру болып
анықталады. Осы бағыт әлеуметке бағдарланған қоғамның әлеуметтік
сұранысына сәйкес әлеуметтендірудің теориялық және практикалық
арсеналының модернизациялау міндетін педагогикалық ғылымның
алдына қойып отыр. Білім беру әр кезде қоғамның әлеуметтік сұранысына
сәйкес белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделетін және
оны өзгертетін тұлғаны қалыптастыру міндетін орындаған. Техникадағы,
технологиядағы, табиғи ортадағы, қоғамдық өмірдегі өзгерістер және
жүйелілік, құрылымдық трансформация жағдайындағы олардың өзара
әрекеттесуі, әлеуметтік нормативтілік кеңістігінің өзгеруі жастардың
әлеуметтендіру үдерістеріне және олардың күнделікті өмірінің барлық
жақтарына әсерін тигізді. Тұлғаның дәстүрлі мәселелерінің мазмұны және
шешілу тәсілдері өзгерді, олар қазіргі қоғамның тарихи жағдайларындағы
тиімді өзара әрекеттесудің жаңа сапалы көзқарастарын талап етеді.
Қазіргі қоғамға білімді, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан,
кәсіпке бейім, таңдау жағдайында өзбетінше шешім қабылдайтын,
ынтымақтастық қатынасқа қабілетті, сындарлы (конструктивтілік)
ойлауымен ерекшеленетін мамандар қажет. Жастарға болашақ маман
ретінде әлеуметтік ортаға, қоғамның әлеуметтік құрылымына енуіне
осы қасиеттер көмектеседі. Осыған орай адамның қоғамға енудің
негізгі механизмі – бұл әлеуметтендіру үдерісі болып табылады, ол
оған текқана маман болуға ғана емес, сонымен бірге қоғамның өміріне
белсенді енуіне және сол қоғамның белсенді тұлғасы болып
қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған орай, қазіргі кездегі жоғары мектептің алдында бірқатар
мәселелер тұр, солардың бірі – студенттердің әлеуметтенуі. Көптеген
заңнамалық және нормативті құжаттарда (ҚР «Білім туралы» заңы,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартында және т.б.) студенттердің әлеуметтенуі
тұлғалық нәтижелердің көрсеткіші ретінде қаралып, өз кезегінде,
міндетті
түрде
оны
бағалау
қажеттілігі
туралы
айтылады.
49
Сондықтанда, дамудың әлеуметтік жағдайына сәйкес студенттердің
әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруда қажетті шарттардың сақталуы
маңызды мәселе болып қаралады.
Қазіргі білім беру жүйесінде студенттердің оқу тәжірибесін
әлеуметтік тәжірибемен ауыстыру тенденциясы қалыптасқан. Жоо-да
студент тұлғасын әлеуметтендіру үдерісін қиындататын себептердің
біріне кәсіби білім берудің бір жақтылығы жатады, яғни студенттер іс-
әрекеттің тұтас әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің тек бір бөлігін ғана,
бірінші ретте білімдік компонентін игереді.
Э. Дюркгейм [1], Т. Парсонс [2]) тұлға әлеуметтенуін субъект-
объект-субъект парадигмасы негізінде қарастырған (Ч. Кули [3], Дж.
Мид [4]). Тұлға әлеуметтенуі мәселесін белгілі ғалымдар Ж. Пиаже [5],
В. Франкл [6], Л.С. Выготский [7], А.Н. Леонтьев [8], Б.Г. Ананьев [9],
А.А. Бодалев [10], Б.Ф. Ломов [11], А.В. Петровский [12], Б.Д.
Парыгин [13], И.С. Кон [14] және т.б. зерттеген. Олардың еңбектерінде
философиялық методологияға негізделген әдістемелік негіздер мен
теориялық мәселелер қарастырылған, маңызды ұғымдар ойластыр-
ылған. Олар тұлға әлеуметтенуінің мән-мағыналық ерекшеліктерін
зерттеуге негіз болған.
Психолог-ғалымдар әлеуметтену мәселесінің бірнеше бағыт-
тарын анықтаған: тұлғаның маңызды әлеуметтік қасиеттерін анықтау,
мінез-құлықтың әлеуметтік детерминациясы, тұлғаның әлеуметтік
белсенділігі (Г.М. Андреева [15]), әлеуметтік тәжірибені меңгеру
тұрғысынан бірлескен іс-әрекеттке қосылу (А.Г. Асмолов [16],
В.С. Мухина [17]), әлеуметтік үдерістер арқылы қоғам жүйесін құру
(У. Бронфенбреннер [18]), сонымен бірге мінез-құлық мотивтерін
қарастыру арқылы тұлға психологиясын құрудың заңдылықтарын
зерттеу (В.А. Ядов [19]), сана мен сана-сезімді зерттеу бағытында, іс-
әрекет
пен
қарым-қатынас
барысында
тұлғаның
әлеуметтік
қалыптасуы (А.И. Ковалева [20]), ұрпақ тәжірибесі мен мәдениетін
қайта жаңғырту (М.И. Шилова [21]) көзқарасы тұрғысынан қаралған.
Батыс елдер ғалымдарының еңбектерінде тұлға әлеуметтенуінің
тәжірибесі XVIII-XIX ғасырлар аралығында әлеуметтік-педагогикалық
ойдың қалыптасу негізінде тұжырымдалған. Ресей педагог-ғалымдар
тұлға әлеуметтенуінің мәселесін тұлғаның әлеуметтік өмірге кірудің
әлеуметтік-педагогикалық шарттарын анықтау бағытында жүргізген
(К.Д. Ушинский [22], А.С. Макаренко [23], С.Т. Шацкий [24]).
Қазақтың ағартушы-педагогі Ы. Алтынсарин әлеуметтік тәрбие беру
идеясының үш бағытын көрсетеді [25].
Ресей және қазақстандық ғалымдардың (Н.В. Бордовская [26],
М.И. Рожков [27], М.И. Шилова [28], А.В. Мудрик [29], Н.Ф. Голованова
50
[30], И.Р. Халитова [31], В.С. Нурланова [32], З.А.Зубайраева[33],
М.Е. Демеуова және соавторлар [34], Ахметова А.И. және соавторлар
[35]) еңбектерінде тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі субъекттің әлеуметтік
белсенділігі тұрғысынан, ал З.У. Кенесарина [36], А.Г. Бортко [37],
А.Н.
Тесленконың
[38]
еңбектерінде
теориялық-методологиялық
тұрғысынан қаралған.
Соңғы уақытта тұлғаны әлеуметтендіру мәселесін зерттеу
сауалдары бойынша еңбектердің көптүрлігі осы мәселеге авторлардың
ерекше қызығушылықпен қарайтынын мәлімдейді.
Бізді тұлға әлеуметтенуінің мүмкіншілігі мен табыстылығын
анықтайтын
шарттар
қызықтырады.
Осыған
орай,
зерттеу
жұмысымызға сәйкес «психологиялық-педагогикалық шарттарды»
студенттердің кәсіби әлеуметтенуінің тиімділігіне ықпал ететін
қажетті шаралардың жиынтығы ретінде түсінеміз. Осы шарттардың
орындалуы студенттердің кәсіби әлеуметтену деңгейінің көтерілуіне
ықпал етеді. Кәсіби әлеуметтену көп факторлы және көп деңгейлі
үдеріс болып табылады. Оның барысында индивид қоғамның
мәдениетін игеріп, кәсіптік құндылықтарды, дәстүрлерді, мінез-құлық
нормаларын игеру арқылы кәсіптік ортаға енеді.
Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби әлеуметтенуінің
үш кезеңі анықталды [39, 123 б.]:
- Жоғары оқу орындарының кеңістігіне бейімделу.
- Болашақ маман ретінде оның қалыптасуы мен жетілуі.
- Түрлі әлеуметтік іс-әрекеттерде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру.
Сондықтанда, кәсіби әлеуметтендірудің нәтижелілігін зерттеу
үшін
«жетістікпен
әлеуметтену»
ұғымы
қолданылады.
Бұл
әлеуметтенген студенттің идеалды моделі, осы модель бойынша
болашақ маман мамандық нормаларын, оның талаптарын белсенді
түрде
қабылдайды
және
болашақ
кәсіби
жұмысына
оның
құндылықтарына сәйкес қатысуға дайын болады. Әлеуметтендіру 100
пайыз болуы мүмкін емес.
Сонымен, тұлға әлеуметтенуі мәселесі қазіргі жағдайда маңызды
мәселелерінің біріне жатады: егер студенттер әлеуметтенуінің
психологиялық-педагогикалық шарттары айқындалса, онда бұл
шарттар студенттердің ЖОО-на бейімделуіне, болашақ маман ретінде
жетілуіне ықпал етеді, өйткені психологиялық-педагогикалық шарттар
тұлға әлеуметтенуінің негізі болып саналады. Ұсынылған болжамды
дәлелдеу үшін мәселені философиялық, әлеуметтану, психологиялық,
педагогикалық теориялар негізінде қарастырдық, олардың негізінде
зерттеудің ғылыми-терминологиялық аппараты анықталды. Осыған
орай келесі қорытынды тұжырымдар жасалады:
51
1. Студент тұлғасының әлеуметтенуі –бұл екі жақты үдеріс:
тұлға бір жағынан, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы
әлеуметтік тәжірибені игеруші, екінші жағынан – ортаға белсенді ену
арқылы ондағы байланыстар сипатын өзгертуші.
2. Жоғары оқу орындарында тұлғаның кәсіби әлеуметтендіру
үдерісі дегеніміз - бұл студенттің болашақ өзінің мамандығын игеруі
мен тұлға ретінде бейімделуі барысындағы кәсіби рөлді игеру, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі жетілдіру арқылы ЖОО-ры қауымдастығында
бейімделуге жағдайлар жасау үдерісі.
3. Студенттерді әлеуметтендіру бойынша арнайы ұйымдас-
тырылған әлеуметтік-мәдени іс-әрекет қажет.
4. Студенттерді әлеуметтендіру үдерісінің тиімділігі психологиялық-
педагогикалық шарттар жиынтығының жасалуымен қамтамасыз етіледі:
-ЖОО-да студенттерді әлеуметтендіру барысында олардың
психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
-Студенттердің кәсіби әлеуметтендірудің шартты үш кезеңін ескеру;
-Студенттерді
әлеуметтендіру
бойынша
арнайы
курстың
(«Кәсіптік әлеуметтендіру негіздері») ықпалын ескеру.
5. Студенттер әлеуметтенгендігінің деңгейін анықтау үшін
ғылыми негізделген диагностикалық әдістемелерді пайдалану қажетті
шарт болып анықталады.
Зерттеудің
нәтижелері
студенттерді
әлеуметтендіру
бойынша келесі бір қатар нұсқауларды ұсынуға мүмкіндік берді:
- студенттердің әлеуметтендіру үдерісінің мән-мағынасын ЖОО-
дағы педагогтармен ұғыну қажет;
- студенттерді әлеуметтендірудегі әлеуметтік-мәдени тұрғыны
(подход) ескеру қажет;
- студенттерді әлеуметтендіру үдерісі барысында олардың
психологиялық ерекшеліктерін білу маңызды және дайындалған
«Кәсіби әлеуметтендірудің негіздері» арнайы курсты ЖОО-дағы оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға ұсынамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Дюркгейм Э. Социализация образования. – М.: Интор, 1996. – 78 с.
2 Парсонс Т. Понятие общества: компоненты и их взаимоотно-
шения. // Социальные и гуманитарные науки. – М.: РАН ИНИОН,
1993. – сер.11, -№3-4.
3 Кули Ч. Социальная самость. – М.: Мысль, 1984 – 496 с.
4 Мид Дж. Американская социологическая мысль - М.: МГУ,
1994. – 496 с.
52
5 Пиаже Ж. Избранные психологические труды. – М.: Между-
народная педагогическая академия, 1994. – 680 с.
6 Франкл В.Человек в поисках смысла. – М.: Партиздат. – 1967.
-383 с.
7 Выготский Л.С. История развития высших психических
функций. – Собр. соч. М.: Педагогика, 1983 – Т.3. - С.6-328
8 Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: По-
литиздат, 1978. – 304 с.
9 Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т. Т.1.
- М.: Педагогика, 1980. – 232 с.
10 Бодалев А.А. Личность и общение. – М.: Педагогика, 1983. - 272 с.
11 Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы
психологии. – М.: Наука, 1984. – 444 с.
12 Петровский А.В. К построению социально-психологической
теории коллектива. // Вопр. Философии. – 1973. - № 12. – С.80-95.
13 Парыгин Б.Д. Социальная психология: Учеб.пособие. – СПб.:
СПбГУП, 2003. – 616 с., 4 с. ил. (Серия «Библиотека Гуманитарного
университета». Выпуск 15).
14 Кон И.С. В поисках «Я». – М.: Политиздат, 1984. – 335 с.
15 Андреева Г.М. Социальная психология: Учебник для факуль-
тетов психологии университетов. - М.: Изд-во МГУ, 1978. – 416 с.
16 Асмолов А.Г. Психология личности: Учебник. - М.: Изд-во
МГУ, 1990. – 367 с.
17 Мухина В.С. Изобразительная деятельность ребенка как
форма усвоения социального опыта. – М.: Педагогика, 1981. - 144 с.
18 Bronfenbrenner U. The Ecology of Human Development. Experi-
ments by Nature & Design/ - Cambrige. 1979 – 290 p.
19 Ядов В.А. Социологическое исследование. - М.: Наука, 1972.
– 239 с.
20 Ковалева А.И. Социализация личности: норма и отклонение. –
М., 1996. – 224 с.
21 Шилова М.И. Социализация и воспитание личности школьни-
ка в педагогическом процессе. – Красноярск: Изд-во КТПУ, 2002. – 218 с.
22 Ушинский К.Д. О воспитании: для пед. и род. и студ. педву-
зов. – М.: Школьная пресса, 2003. - 192 с.
23 Макаренко А.С. – Соч. в 7-ми т. М., Изд-во АПН РСФСР,
1958, т. V, 75 с.
24 Шацкий С.Т. Работа для будущего. - М., 1989. - 13 с.
25 Алтынсарин И. Избранные произведения. - Алматы, 314 с.
26 Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: Учеб. для вузов. –
СПб.: Питер, 2003.- 304с.
53
27 Рожков М.М., Байбородова Л.В. Теория и методика воспита-
ния: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. зав. - М.: Изд-во Владос –
Пресс, 2004. - 3894с.
28 Шилова М.И. Социализация и воспитание личности школьника в
педагогическом процессе. – Красноярск: Изд-во КТПУ, 2002. – 218 с.
29 Мудрик А.В. Социальная педагогика. - М.: Академия, 2000. –
200 с.
30 Голованова Н.Ф. Социализация младших школьников как пе-
дагогическая проблема. – СПб.: Спец. лит., 1991. – 185 с.
31 Халитова І.Р. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы. – Алматы:
«Білім» баспасы, 2007. – 200б.
32 Нурланова В.С. «Мектептегі балалар қоғамдық ұйымдары
арқылы жоғары сынып оқушыларын әлеуметтендіру: пед.... ғыл. Канд.
...дис. – Алматы, 2010. – 169 б.
33 Зубайраева З.А. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің
педагогикалық шарттары: пед.... ғыл. Канд. ...дис. – Түркістан, 142 стр.
34 Демеуова М.Е., Аратай Л.Б., Жукеш К.М.? Ахметова А.И.
Проблемы социализации личности школьника (в условиях перехода на
12 летнее обучение) / Метод. Пособие под общ. Ред. А. Дуйсебека. –
Алматы, КАО им. Ы. Алтынсарина, 2007 – 97 с.
35 Ахметова А.И., Калиакпар Д.К., Сайпова А.А., Туганова Э.Б.
Научно-методические основы социализации и воспитания личности в
современном социокультурном пространстве: монография. – Алматы:
РГКП «Национальный научно-практический, образовательный и
оздоровительный центр «Бөбек», 2012. -213с.»
36 Кенесарина З.У. Теория и практика социализации школьни-
ков в США: автореф… докт. педагог. наук. - Алматы, 2000 - 47 с.
37 Бортко Т.Г. Проблемы социализации учащихся общеобразо-
вательных школ Казахстана: автореф. … докт. педаг. Наук. – Алматы,
2005 - 45 с.
38 Тесленко
А.Н.
Теоретико
–
методологические
основы
социализации молодежи: диссер. ... докт. пед. наук. – Алматы, 2002. – 356 с.
39 Халитова И.Р., Ахметова А.И. Профессиональная социализация
студентов в условиях вуховского образования // «ХХІ ғасыр зерттеушісі»
тақырыбындағы магистранттар мен докторанттардың республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференция матеориалдары. – Алматы, 2011. – 274с.
54
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ КРЕАТИВТІК
ҚҰЗЫРЕТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Алашбаева И.Д. Алибаева С.У. Карибекова А.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Интеллектуалды
Ұлт-2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Бүгінде Қазақстанға «инно-
вациялық қызметтің «жарылысы қажет, қоғамда мінез-құлықтың
инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құру тиіс» - деп көрсеткендей,
шапшаң өзгеретін, жоғары технологиялық бәсекелі әлемде өмір сүруге
дайын, сапалы білім алуға ұдайы ұмтылатын интеллектуалды, физикалық
және рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру кадрлар жүйесін
дамытудың басты бағдарына айналуы тиіс [1].
Тұрақты даму үдерісінің даңғыл жолына түскен Отанымызға
заманауи инновациялық ілімдерді игерген креативті мамандар қажет.
Психологиялық
зерттеулерде
«шығармашылық»
және
«креативтілік» ұғымдары синоним ретінде колданылған кездер болды.
«Креативтілік» ұғымының латын тілінен аудармасы «жасап шығару»
дегенді білдіреді. Бұлайша түсіндіру шығармашылыкпен сәйкес келеді.
Дегенмен соңғы уакыттарда «креативтілік» ұғымының мазмұны
белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырады деуге болады. Оған өткен
ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ұғымның «жасырын күш», «жасап
шығаруға қабілеттілік» ретінде кадрастырылуы себеп болды. Ал 50-60
жылдары шығармашылық ойлауға байланысты зерттеулер аясында
«креативтілікке» шығармашылық әрекетке қажетті идеяларды таба
алу, ойлаудың икемділігі сияқты интеллектуалдық қабілеттің ерекше
типі деген мән берілді(1-кесте) .
Кесте-1. «Креативтілік» ұғымына сипаттама
Рет
саны
Анықтама
Шығу көзі
1
«Креативтілік» (creatio) латын тілінен
тікелей аудармасы: «жасап шығару»;«жасырын
күш»;«жасап шығаруға қабілеттілік».
Кретивтілік - өнімді әрекет етуге дайын болу,
жаңалық ашуға дайындығын көрсететін
индивидтің тұлғалық сапасы. Индивидтің
жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты
мотивтерінің болуы.
Краткий
психологический
словарь. – М.:
Политическая
литература, 1985.
55
1-кестенің жалғасы
2
Креативтілік – шығармашылыққа
қабілеттілік, соны ойлау:
- тұлғаны сипаттайтын шығармашылық
қабілеттердің деңгейі;
- адамның қалыптан тыс ойлауы;
- индивидтің жаңа идеяларды ашуға
қабілеттілігі;
- шығармашылық, дарындылық деңгейі;
- тез арада тапқыр шешім қабылдай алу;
- интеллектуалдық белсенділіктің жоғары
деңгейі;
- жаңаны қабылдай, түсіне алуға қабілеттілік;
- қалыптан тыс жағдаяттарды шеше алу.
Оспанова Б.А.
Научные основы
формирования
креативности
будущего
специалиста в
условиях
университетского
образования.
Монография. –
Туркестан, 2006.
97с.
3.1
Креативтілік – шығармашылық, жаңаны ашу,
қалыптан тыс ойлау, тапқыр шешімдерді
туғызуға қабілеттілік анықтайтын тұлғаның
дара, тұрақты кіріктірілген сапасы.
Тұрғынбаева Б.А.
Андрагогика. –
Алматы: Алатау,
2011. - 79б.
3.2
Креативтілік – белгілі бір процестердің
жиынтығы, әрекет, процесс:
-
жаңашылдық әрекет;
-
адамның қажеттілігінен туындайтын
табиғи процесс;
1) білімнің жетіспейтінін сезінуден болатын
дискомфорт (қолайсыздық), сезімталдық;
2) мәселені анықтау, шешімді іздеу,
болжамдар ұсыну;
3) шешімнің нәтижесін жариялау,
тұжырымдау.
Тұрғынбаева Б.А.
Андрагогика. –
Алматы: Алатау,
2011. - 70б.
3.3.
Креативтілік – пайдалы идеяларды туғызуға
қабілеттілік:
- соны идеялар тудыру; оларды шешуге
қалыптан тыс тәсілдерді пайдалану;
- белгісізге қарай табысты қадамдар жасау;
- адамның қарапайым ойлауынан жоғары
тұрған ойлау арқылы жаңа идеялар туғызу.
Тұрғынбаева Б.А.
Андрагогика. –
Алматы: Алатау,
2011. - 84б.
3.4.
Креативтілік – ақпараттық, ағымдық
процестерде байқалатын тұлғаның қасиеті:
- ақпараттық ішкі құрылымдарға енуі арқылы
пайда болатын тұлғаның сапасы;
- гипотеза ұсынғанда шешімді іздегенде және
оның дұрыстығын дәлелдеуге көрінетін қасиет.
Тұрғынбаева Б.А.
Андрагогика. –
Алматы: Алатау,
2011. - 85б.
56
«Креативтілік» ұғымы жаңа гуманистік психология бағытында
жаңа
мәнге
ие
болды
деуге
болады.
Мысалы,
Э.Фромм
шығармашылықты талдауды оның өнімі тұрғысынан емес, сол
әрекеттің адам үшін қаншалықты маңызы бар екендігі тұрғысынан
қарауды ұсынады. «Кенеттен пайда болған шығармашылық әрекетте
адам өзінің мәнін жүзеге асырады, өзінің заттар және адамдар
әлеміндегі байланысын сезініп, іштей тұтастығын көрсетеді» - деген
ой айтады. Бұл тұжырым креативтілік адамның тұтастығын
қамтамасыз етіп, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашылмаған
қасиеті деген қорытынды жасауға әкеледі (1-сурет).
Сурет - 1. Креативтік ұғымының мәні
Креативтілік –бұл:
1) шығармашылыққа қабілеттілік, соны ойлау: тұлғаны сипаттай-
тын шығармашылық қабілеттердің деңгейі, креативтілік - адамның
қалыптан тыс ойлай алуы; индивидтің жаңа идеяларды ашуға
қабілеттілігі; шығармашылық дарындылық деңгейі; креативтілік тез арада
тапқыр шешім қабылдай алу; креативтілік - индивидтің әлеуметтік мәні
бар шығармашылық белсенділігін туғызатын ерекше қасиеті.
57
2) креативтілік - адамның интеллектуалдық белсенділігінің жоғары
деңгейі, оның нәтижесінде құбылыстардың мәніне терең бойлау,
мәселе көтеріп, оны тапқырлықпен шешу;
3) белгілі бір процестердің жиынтығы, әрекет, процесс:
креативтілік - бұл жаңашылдық әрекет; креативтілік - адамның
қажеттілігінен туындайтын табиғи процесс; бұл процесс төмендегідей
кезеңдерден тұрады: білімнің жетіспейтінін сезінуден болатын
дискомфорт (қолайсыздық), сезімталдык; мәселені анықтау, шешімді
іздеу, болжамдар ұсыну; шешімнің нәтижесін жариялау, тұжырымдау;
креативтілік- бірнеше процестердің тізбегі.
4) көптеген
пайдалы
идеяларды
туғызуға
қабілеттілік:
креативтілік - соны идеялар тудыру, оларды шешуде қалыптан тыс
тәсілдерді пайдалана алу; креативтілік - адамның қарапайым
ойлауынан жоғары тұрған ойлау арқылы жаңа идеялар туғызу;
креативтілік - белгісізге қарай табысты қадамдар жасау.
5) жаңаны қабылдай, түсіне алуға қабілеттілік, өзгерістен
қорықпау, өзгерістермен күресу емес, олардың алдында болу: креативтілік
- таңқала, тани білу, қалыптан тыс жағдаяттарды шеше алу.
Қазіргі
акмеология
ғылымының
зерттеулеріне
сүйенсек,
педагогикалық шеберлік,шығармашылық – кәсіби іс-әрекетте тұрақты
дамуды қамтамасыз ететін жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби өсуінің ең
жоғарғы шыңы (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |