Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет25/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Байланысты:
Sbornik

ЛИТЕРАТУРА 
1. Кулебякин  Е.В.  «Психология  социальной  работы».  2004  г.  Владивосток  Из-
дательство Дальневосточного университета. 
2. Каган В.Е. «Поэтика психотерапии». 2012 г. 
3. Фирсов  М.В.  и  Шапиро  Б.Ю.  «Психология  социальной  работы».  Издатель-
ский центр «Академия». 2002 г. 
 
 
ОМБЫ ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ 
 
Калымова Н.К. - И - 41 тобының студенті  
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Капбасова Д.С. 
 
Қазіргі кезде Қазақстанның тарих ғылымында өте маңызды кезеңдерінің 
бірі болып табылғанымен, біз өзіміздің тарихымызды қайтадан зерттеуге қолға 
алып  отырмыз.  Біздің  тарихи  көзқарастарымыз,  әсіресе  таптық  санамызға 
сүйенсек,  толық  емес  және  бөлшектеніп  зерттелгені  туралы  айтсақ  та 
қателеспейміз. Олар көптеген қателескен әлеуметтік деңгейлерден өтті. 
Бұрыннан  қалыптасқан  кеңестік  тарихи  ғылымының  негізгі  мақсаты  - 
өзіміздің  ұлттық  қызығушылықтары  мен  құндылықтарына  теріс  көзқарасты 
қалыптастыру  болды  [1].  Ал  біз,  «өзінің  тарихын  ұмытқан  және  тарихынан 
айырылған  халық,  бүкіл  бағыт  -  бағдарларын  жоғалтып  кетеді  және 
мақсатталған  іс  -  әрекетке  талпыныс  жасамайды»деген  сөздерді  ойымыздан 
қалдырмау керекпіз [2], өйткені қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі - оның 
тарихшылдығы.  Қара  халықтың  тарихтан  хабардарлығы  мейлінше  жоғары 
болған  [3].  Керек  десеңіз,  білім  институттарының  дамыған  жүйесі  бар  бүгінгі 
күннің  өзін  бұрыңғы  қазақтардың  санасындағы  жаппай  тарихшылдықпен 
салыстыруға болмайды [4]. 


34 
Тек қана Қазақстан шың мәнінде өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, тарихи 
ғылымдар  басқа  ғылымдарға  қарағанда  алдыңғы  қатарға  шығып,  жаңа 
қоғамдық  сананы  қалыптастыру  үшін  сол  ғылымдардың  функцияларын 
кеңейтті  [5].  Әсіресе,  отандық  тарихымыздың  аз  зерттелген  және  тыйым 
салынған  мәселелерді  зерттеуге  ерекше  назар  аударылды.  Оның  алғышарты: 
«өзінің  тарихи  тамырларын  және  шыққан  тегін  түсіну,  ата  -  бабаларының 
жасаған кең көлемді іс - әрекеттер үшін мақтану, тоталитарлық дәуірдің әртүрлі 
қалдықтарынан  айырылу,  жағымды  тарихи  сананы  қалыптастыруы  да  ұлттың 
бірігуіне үлкен көмек береді» [4]. 
Осыған  байланысты,  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевпен  1998  жылын 
«Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп жариялағаны өте орынды болып 
келеді.  Жаңа  кезеңде  Ресейдің  ішкі  губернияларындағы  қазақ халқы  арасынан 
тарихи  жағынан  аз  зерттелгені,  тарихи  -  демографиялық  үрдістерді  жүйелі 
түрде  зерттеуі  маңызды  болып  көрінеді.  Жаңа  кезеңде,  әсіресе  қазіргі  кезде, 
көптеген  қазақстандық  және  ресейлік  зерттеушілердің  күштері  Қазақстанның 
қазақ  халқы  арасынандағы  тарихи  -  демографиялық  үрдістерді  зерттеуге  ғана 
жұмсалғаны көрінеді.  Ал  XVIII  ғ. 2  - ші жартысындағы мен  XX  ғ.  басындағы 
ресейлік  қазақ  диаспорасы  мен  ирредентінің  жағдайы  Отан  тарихының 
мәселесіне  жатқан  жоқ.  Кеңестік  тоталитарлық  режимінің  ұстанымдары  мен 
идеологиясы  өзінің  Отанында  тұрмаған  қазақтарының  тарихын  зерттеуіне 
тыйым салды [6]. 
Қазіргі  кезде  шет  елдерде  5  млн.  астам  қазақ  тұратыныны  бізге  белгілі. 
Олардың көбі ирреденті болып саналады, яғни әр түрлі тарихи кезеңдерде саяси 
жағдайларға  немесе  саяси  элитаның  аферистік  ойындарға  байланысты 
Қазақстаннан  алынды  және  басқа  мемлекеттерге  қосылып  Қазақстанмен 
шекаралас  болып  келетін  жерлерде:  Ресейде,  Қытайда,  Өзбекстанда  тұрып 
жатыр  [7].  Қазіргі  танда  солардың  ішіненбір  миллионға  жуық  қазақ  Ресей 
аумағында тұрады [8]. 
Көптеген  ғалымдардың  ойынша,  шекараның  ішкі  жағында  қазақтарға 
арналған  патша  өкіметі  жүргізген  шоқындыру  саясаты,  шаруашылық 
ерекшеліктерінің  қалыптастыруы  мен  дамуы  және  жер  саясатын  жүргізуін 
кешенді  зерттеуі,  содан  басқа  осы  мәселелер  бойынша  аймақтық 
ерекшеліктерін  анықтау,  қазіргі  кездегі  қандастарымыздың  көптеген 
демографиялық,  әлеуметтік  -  экономикалық,  құқықтық  пен  мәдени  жағдайын 
терең түсінуге көмек береді. 
Сонымен  бірге,  Ресей  қазақтарының  қазіргі  тарихын  зерттеуі  бүкіл 
ұлтымыздың тарихын баюына әкеліп соғады. Ресейдегі  қазақ ауылдарына мен 
ірі  мұрағаттарына  сапарлары  соған  дәлел.  Бірақ  мысалға  алсақ,  ресей 
қазақтарының  әр  отбасында  сақталған  шежірелер  мен  ауыз  әңгімелері  әлі  де 
зерттелмей  жүрді.  Көптеген  ауыз  шығармалары  және  біздің  заманымызға 
бұрыңғы тарихты жеткізетін фольклорлық туындылар өзінің зертеушісін әлі де 
күтуде.  Зерттеулер  Қазақстан  территориясымен  ғана  шектелмей  көптеген 
шекаралық  аймақтарға  Ресей  облыстарына,  Өзбекстанның  Бұқар,  Жұзақ  және 
Ташкент  облыстарына  мен  Қарақалпақстанға  тарихи  -  этнологиялық 
экспедицияларды  жіберу  жөнінде  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Халық  бірлігі 
мен ұлттық тарих» жылында атап өтті [9]. 


35 
Ресейдің  әрбір  аймақтарында  тұратын  қазақтарының  тарихын  жан  - 
жақты  зерттеудің  маңызы  біздің  ұлттық  тарихымызды  көбейтеді  деп  тағы  да 
басқа  сондай  -  ақ  мәселелер  көп  рет  бірнеше  ресейлік  пен  қазақстандық 
басылымдарда қозғалынды [10].  
Қазіргі  қазақстандық  ғалымдар  ресейлік  қандастарымыздың  тарихына 
көңіл  бөлмесе,  ресейлік  ғалымдарда  да  осындай  мәселелер  жоқ  деп  айтпасақ 
бекер  болмайды  [11].  Ал  бұл,  Ресей  қазақтарының  тарихындағы 
«ақтандықтардың» 
тууына 
әкеліп 
соғады. 
Қазіргі 
кезде 
шетелдік 
отандастарымыздың  тарихына  қызығушылықтың  өсуі  байқалады.  Біріншіден, 
біздің  мемлекетіміз  бұрыннан  Ресейде  тұрып  жатқан  этникалық  қазақтарға 
мәдени - ағарту көмегін беру мәселесі көтеріліп жатыр. Екіншіден, қазіргі кезде 
Ресей  аудандарынан  келген  оралмандар  немесе  репатрианттар  саны  көбейіп 
жатыр. 
Қазақ  ирреденті  мен  диаспораға  қызығушылығы  туралы  жас  тәуелсіз 
мемлекетіміздің заң шығару актілерден көруге болады. Сонда, өкімет жарлығы 
бойынша,  қандастарымызбен  қарым  -  қатынастың  жаңа  түрлерін 
қалыптастыруына арналған. Мысалы, мемлекеттің қазақ диаспораға туындаған 
мәселелеріне  назар  аударуы  1997  жылы  7  -  ші  қаңтарда  республикалық 
басылымдарда  шыққан  «Қазақ  диаспорасын  қолдау  бойынша  мемлекеттік 
бағдарлама»  құрылғанынан  көрінеді,  Қазақстан  Республикасының  көші  -  қон 
саясатының  2007  -  2015  жылдарға  арналған  Стратегиясы,  2015  жылға  дейін 
Қазақстан  Республикасының  территориалды  даму  стратегиясы  бекітілді  [12]. 
Ал  1998  жылдың  16  қыркүйегінде  «Этникалық  қазақтарының  тарихи  отанына 
қайта оралу концепциясы туралы» Үкіметтің №900 Қаулысы қабылданды [13]. 
1997 жылдың 13 желтоқсанынан бастап бірнеше өзгертулер мен толықтырулар 
еңгізілген «ҚР халықтың көші - қоны туралы» жаңа Заң қызмет атқарып отыр 
[14]. «Нұрлы көш» атты үлкен мемлекеттік бағдарламасы қадам басты. Қазіргі 
кезде Қазақстанға келген адамдарының саныбір миллионнан асып түсті. 
Одан  басқа,  1992  -  2009  жылдары  аралығында  республикалық  және 
аймақтық  деңгейлерде  біздің  отандастарымыздың  күрделі  мәселелеріне 
арналған  көптеген  ғылыми  -  практикалық  және  ғылыми  -  теориялық 
конференциялар  өтті.  Сонда  Ресей  территориясында  тұратын  қазақтардың  да 
проблемалары  көтерілді.  Сонымен  қатар,  біздің  елбасымыз  2003  жылын 
Ресейдегі  Қазақстан  жылы,  ал  2004  жылын  Қазақстандағы  Ресей  жылын 
жариялады,  ол  Ресеймен  шекаралас  келетін  аудандардағы  қандастарымыздың 
тарихын зерттеу қажеттілігін туғызады. 
1999  жылы  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  Министрлігі 
мен ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы 2000 - 2002 жылдарға арналған қоғамдық 
және гуманитарлық ғылымдардың ішінен жаңа іргелі бағдарламаларды құруға 
ғылыми  -  зерттеу  жобаларға  байқау  жариялады.  Сондағы  басты  ғылыми 
бағдарлардың бірі - ол шетелдегі қазақ диаспорасының өмір сүрудің әлеуметтік 
- экономикалық пен рухани - мәдени шарттарды зерттеу болады. Сол зерттеудің 
негізгі мақсаты - қазақ диаспорасының өмір сүрудің басты салалардағы күрделі 
мәселелерді  шешуге  арналған  жаңа  әдістерді  мен  тәсілдер  кешенін  тауып 
жетілдіру  және  де  тұрып  жатқан  мемлекетте  әлеуметтік  және  этникалық 
бөлінудегі  қазақ  диаспорасының  орны  мен  маңызын  аңықтау  болды.  Кейін 


36 
Мәдениет  пен  Ақпарат  Министрлігі  осындай  зерттеулерді  әрі  қарай  жүргізуді 
жалғастыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет