Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет56/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128
 
ЛИТЕРАТУРА 
1. Жумагулов  Г.Б.,  Ахметов  А.,  Ахметова  Г.  Право  социального  обеспечения. 
Учебник. - Алматы: Юридическая литература, 2010. 
2. Положение о Министерстве труда и социальной защиты населения Республи-
ки Казахстан от от 29 октября 2004 года. 
3. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера Нации Назарбаева Н.А. 
народу Казахстана «Социально - экономическая модернизация - главный век-
тор развития Казахстана», Январь, 2012 г. 
 
 
ЖАБДЫҚТАУШЫ ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕР АЛДЫНДАҒЫ 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ, АУДИТІ МЕН 
ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Баимбетов М.К. э.ғ.к.  
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,  
Садыкова Г.Т. ЕА - 41 тобының студенті  
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті  
 
Нарықтық қатынастар жағдайында, жоғары бәсекелестік шарттарында әр 
кәсіпорын  тұрақты  және  сенімді  түрде  табысты  қызмет  атқаруы  үшін  әртүрлі 
кәсіпорындармен  нарықтық  қатынастарға  түседі.  Кәсіпорындар  әр  уақытта 
жабдықтаушылармен  олардан  сатып  алынған  шикізаттар,  негізгі  құралдар, 
материалдар  және  басқа  да  тауарлы  -  материалдық  құндылықтар  мен 
көрсетілген қызметтер үшін; ал сатып алушылармен оларға сатылған тауарлар 
бойынша;  тапсырыс  берушілермен  –  орындалған  жұмыстар  және  көрсетілген 
қызметтер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.  
Мердігерлер  мен  жабдықтаушылардың  бухгалтерлік  есептесу  жүйесін 
жандандыру мәселесінің өзектілігі кәсіпорындардың айналым қаражаттарымен 
қамтамасыз  етілуінің  жеткіліксіздігі  болып  табылады,  нәтижесінде  кредиттік 
қарыздардың өсуі кәсіпорындардың арасындағы таралып кеткен құбылыс. Бұл 
құбылыс  кәсіпорындар  арасындағы  шаруашылықтық  қатынастарды  орнатудан 
туындап отыр. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы 
кенеттен  нашарлап  кетті,  себебі,  нарықта  инфляцияның  әсерінен  өнімнің, 
шикізаттың бағасы өзгеріп жатады. Ағымдағы жылы қазақтың төл теңгесі еркін 
айналымға жіберілгеннен кейін, бұл мәселе тіптен өрши түсуде [1]. 


105 
Соған  байланысты  осы  тақырып  қазіргі  күнде  заман  талабына  сай  деп 
есептейміз.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жариялаған  Ұлт 
жоспарының  100  нақты  қадамында  белгіленген  тапсырмалар  еліміздің 
әлеуметтік  -  экономикалық  тұрғыдан  дамуын  одан  әрі  жетілдіру  мәселелері 
қамтылған.  Мәселен,  мемлекеттік  монополиядан  біртіндеп  бас  тарту; 
құрылыстың  сметалық  құнын  анықтаудың  ресурстық  әдісін  енгізу;  кеңестік 
кезеңнен  бері  қолданылып  келе  жатқан  құрылыстың  ескірген  нормалары  мен 
ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын 
қайтадан  құру  тәрізді  өзекті  міндеттер  бүгінгі  күн  талабымен  орайлас  келіп 
отыр. 
Кез  келген  кәсіпорын  үзіліссіз  және  ырғақты  жұмыс  істеп  тұруы  үшін 
оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып 
табылады.  Ұйымды  материалдық  қорлармен  жабдықтау  экономикалық  және 
әлеументтік  дамыту  жоспарларына  сәйкес  жүргізіледі.  Кәсіпорын  өнім 
өндіруші  ұйымдармен,  сондай  -  ақ  делдалдық  ұйымдармен  өзіне  керекті 
материалдық  қорлармен  және  техникалармен  қамтамасыз  ету  жөнінде 
келісімшарттар  жасалады  немесе  өзінің  делдалдары  арқылы  биржадан  сатып 
алады 
[2].
 
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету 
үшін  өзінің  материалдық–техникалық  базасын  жасайды,  яғни  өндіріске  қажет 
қорларын 
құрайды. 
Кәсіпорынды 
жабдықтау 
экономикалық 
даму 
жоспарларына  сәйкес  жүргізіледі.  Кәсіпорын  өзінің  ұдайы  өндірісін 
қамтамасыз  ету  үшін  өнім  шығарушы  кәсіпорындармен  немесе  делдалдық 
ұйымдармен шартқа отырады. 
Жабдықтаушы,  мердігер  -  бұл  жеткізіп  беруші,  жеткізіп  тұрушы 
қамтамасыздандырушы.  Белгілі  бір  бұйымды,  тауарды  жеткізіп  тұрушы  адам 
немесе мекеме.  
Міндеттеме  -  өзіне  экономикалық  пайданы  іске  асыратын  кәсіпорын 
ресурстарының  азаюына  әкеліп  соқтыратынөткен  экономикалық  оқиғаларға 
өтелетін  борыш.  Міндеттемелердің  міндетті  төлемі  активтерді  алу  немесе 
активтерге  қолданыстағы  заңнама  бойыншажәне  кәсіпорынның  жарғысына 
сәйкес алдын ала төлемінен туындайды. 
Жабдықтаушылар  мен  мердігерлерге  шикізат,  материал  және  тауарлы 
материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай - ақ әр түрлі қызмет түрлерін 
көрсетушілер  (электр  қуатын,  буды,  суды,  газды және  т.б.  босатушы)  және әр 
қилы  жұмыс  орындаушылар  (күрделі  жөндеу,  жай  жөндеу  және  т.б.) 
жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы - мердігерді 
кәсіпорынның  төмен  қабілеттілігімен  шоттарды  уақтылы  төлеу  мүмкіндігі 
жайлы  ақпараттар  қызықтырады.  Жабдықтаушы  ұйымдар  өз  өнімдерімен 
тауарларын  жөнелте  отырып,  жұмыстар  орындап,  қызметтер  көрсетіп, 
жөнелтілген  өнімдер,  т.б.  үшін  ақшаның  түсетіндігіне  толық  сенім  білдіре 
алмай  тәуекелшілікке  түсуі  де  мүмкін.  Осыған  байланысты  ұйымдар  дайын 
өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді 
қарыздарды жабу резервін құруына болады 
[4].
 
Жабдықтаушылар  және  мердігерлермен  есеп  айырысуы  не  тауарлы 
материалдық  құндылықтарды  тиеу  жұмысын  орындағаннан  кейін  немесе 


106 
қызмет  көрсеткеннен  кейін,  не  олардың  кәсіпорынмен  келісуі  арқылы  бір 
мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша 
жүзеге асырады. Кәсіпорынныңкелісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, 
жылуды, электрэнергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. 
есептен  шығару  арқылы  олардың  босатылуы  үшін  есеп  айырысу  құжатымен 
төленеді.  Есеп  айырысу,  сонымен  қатар,  инкасса,  аккредетивтер,  чектер 
тәртібімен  жүзеге  асырылады.  Жабдықтаушылар  мен  мердігерлерден  алынған 
тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған 
жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және 
өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып 
саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу 
үшін  3310  «Жабдықтаушылар  және  мердігерлермен  есеп  айырысу»шотын 
пайдаланады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы 
журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем 
талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі 
[4].
 
«Қазақстан  аудит  орталығы»  тәуелсіз  аудиторлық  компаниясының 
директоры  В.В.  Радостовецтің  ойы  бойынша,  жабдықтаушы  мен  тапсырыс 
берушінің арасындағы есептесуде басты мәселесі талапқа көну келісім шартын 
бұрыс құруда деп есептейді. Талапқа көну келісім шарты, кейде «цессия келісім 
шарты»  деп  аталатын,  төлемсіз  шешу  мәселелерінде  кең  қолданылатын 
нормативті - заңды құрап болып табылады. Цессия келісім шарты бойынша бір 
заңды тұлға қайтару негізінде өз міндеттерінің құқығын атқару талабын басқа 
заңды  тұлғаға  толық  немесе  жартылай  мөлшерде  тапсырады.  «Бастысы,  кез  - 
келген цессия келісім шарт мәтініндегі тиісті болуы - ескіден жаңа кредиторға 
құқығының негізін және ретін тапсыруы. Бұл жерде, цессия келісім шартында 
екі  жақта,  мысалға,  тек  тапсырылған  қарыз  қарыз  ақшаның  саны  немесе 
тауардың  сапасы,  басқа  тұлғаға  берілу  талаптары  көрсетілуі  керек  емес, 
сонымен  қатар  міндетті  түрде,  айқын  жағдайлардың  туындауына  негіз  болған 
нақты 
құжаттарды 
атауы 
қажет. 
Бұл 
құжаттардың 
көшірмелері 
куәландырылып, цессия келісім - шартының қосымшалары болуы тиіс». Цессия 
келісім шартына отырғанда заң шығарумен анықталған  шек қоюлар да ескеру 
жөн.  Сонымен  қатар  басқа  тұлғаға  алимент  төлеу  талап  құқығын  және  өмірге 
немесе денсаулыққа зиян келтіруге жол беруге болмайды [3]. 
Жабдықтаушылармен  және  мердігерлермен  есеп  айырысулардың 
бухгалтерлік есебін жүргізу үшін «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен 
есеп айырысудың есебі» бар.  
Бұл  бөлім  және  басқа  да  кәсіпорындардың  арасындағы  міндеттемелерді 
өтеумен, тауарлы - материалдық құндылықтарды, шикізаттарды сатумен, сатып 
алумен,  дебиторлық  және  кредиторлық  қарыздардың  пайда  болуымен  және 
оларды  өтеумен,  олардың  өзара  есеп  айырысумен,  сатып  алушыларға 
жеңілдіктерді  көрсетумен  байланысты  операцияларды  және  олардың 
бухгалтерлік есебін жүргізеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет