global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мəні – əділетті де қауіпсіз əлемсипатын
жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.
Біз жаһандық энергетикалық жəне азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз.
Мемлекеттік тіл саясаты
11
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді
роліміз
Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз –
əлемдік тұрақтылыққа, тəртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз.
Əлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып жəне
атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалар-
дан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан жəне Қытайдан
қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.
Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық
жəне жер шарының басқа да аймақтарында, əсіресе, Таяу Шығыста осындай
аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз.
Біз əлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы
тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз.
Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан əрі табанды шешімдер
қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау тура-
лы шарт таратпау режімінің арқауы болды жəне солай бола бермек.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне
енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс.
Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау
туралы ұсынысымды қолдады.
Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.
Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды
таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып та-
нылды.
8. «Қазақстан- 2030» Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
«Қазақстан – 2030» Стратегиясында біз еліміздің табысын
жоспарладық
Біз алға қойған мақсаттарға дəйекті де табанды түрде қадам басып келе-
міз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономи-
камыз өсуін жалғастырды.
Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын
орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың
қорытындыларын шығару үлкен абырой.
(1) ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын
сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра
орындадық.
Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дəрежеде таныл-
ған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара
межеленді.
Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда
ұстайды.
Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейіл-
ген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.
Мемлекеттік тіл саясаты
12
Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті əскерді, пəрменді құқық қорғау
жүйесін құрдық.
(2) Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯ-
СИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің сая-
сатымыз табысты болды.
Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын
дəйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен ин-
ституты құрылды.
Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі сая-
си спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Пар-
ламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.
Азаматтық қоғам дамуда, тəуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы
18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ
бар, оның 90%-ы – жеке иелікте.
Қазақстан бүгінде мəдениетаралық жəне конфессияаралық үнқатысудың
халықаралық орталығына айналды.
Əлемдік жəне дəстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің еліміз-
де өтті.
ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-
қимылының көпірі болуға тиіс.
(3) ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ
ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕ-
ГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Біз дамудың нақты, орнықты жəне
үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи
тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік.
Дəл осы «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық
өсуге аударылды.
Нəтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы
1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті.
Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның
ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді ба-
сып озды.
Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12
мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.
Қазақстан əуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей ше-
телдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды.
Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.
Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркəсіп өнімін өндіру көлемінің
20 есе өсуіне қол жеткіздік.
Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды.
Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.
Бұл – ықтимал экономикалық жəне қаржылық сілкіністерден қорғайтын
сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі жəне болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің
кепілі.
Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бас-
тап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске
асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттік тіл саясаты
13
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл
ішінде жалпы көлемі 101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225
жоба мақұлданды.
Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі жəне серпінді дамитын
экономикасы бар елміз.
(4) ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН
ƏЛ-АУҚАТЫ. Адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертудің, өмір сүру
жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың
нəтижесі көзге бірден түседі.
Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа
мөлшері 10 есе ұлғайды.
Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.
Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 631
млрд. теңге болды.
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту
орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық
көмек жəне Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер
құрылды.
Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін
қажетті жағдай жасалды.
Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын
көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.
Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға жəне
олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дəрі-дəрмекпен тегін жəне жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.
Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті.
Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Біз қолжетімді жəне сапалы білім беруді дамыту бағытын дəйекті
жүргізудеміз.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім
берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.
Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі
балалардың 94,7%-ын қамтыды.
1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758
аурухана жəне өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.
Біз əлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кəсіптік-техникалық
колледждер желісін дамытудамыз.
Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға
ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның
арқасында 8 мың талантты жас əлемнің таңдаулы университеттерінде озық
білім алды.
Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи
ғылыми-зерттеу университеті құрылды.
(5) ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай-газ кешені
күллі экономиканың локомотиві болып табылады жəне басқа салалардың да-
муына ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
14
Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ жəне тау-кен өндіру сала-
сын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикі-
зат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз.
Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады,
ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға жəне 2011 жылы 25,8%-ға өсті.
Біз өткізу нарықтарын əртараптандырып, өз позицияларымызды берік
орнықтырдық, сол арқылы өнімімізді өткізудің бір бағытқа тəуелділігін
азайттық.
(6) ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ƏСІРЕСЕ, КӨЛІК ПЕН БАЙЛАНЫС. Біз
инфрақұрылымды дамыту міндетін алға қойдық. Біз мұны да еңсердік.
Өткен жылдар ішінде өнеркəсіп, көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік
инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл - ав-
томобиль жəне темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық
орталықтар, терминалдар, əуежайлар, вокзалдар, порттар жəне т.б.
Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз
өңірлік жəне жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктік.
Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде.
Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де
қатысты.
Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едəуір
жеңілдетті.
Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1
млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың
шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды жəне
реконструкцияланды.
Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік
дəлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз.
Біз «Өзен – Түркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы
шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас-Жетіген» жо-
лын төсеп, Қытайдың жəне күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп,
Шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салу-
ды бастадық.
(7) КƏСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Біз əкімшілік-əміршілдік жүйенің басқару
дəстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи əрі тиімді
корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге
ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мем-
лекеттік аппарат қызметінің кəсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары
деңгейін қамтамасыз етеді.
Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жет-
кіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға
қайта бағдарладық.
Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орын-
далды, қалғандары орындалу үстінде.
***
Бүгінгі күні біздің əрқайсымыз « 2030 Стратегиясы іске асты, заманауи
Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табан-
Мемлекеттік тіл саясаты
15
ды да қажырлы еңбегіміздің нəтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің
жанды көрінісі.
Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.
Əлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды
растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде
де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-
тартыстардың өзегіне айналмайды.
Енді біздің алдымызда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мер-
зімді кезеңге бағдарланған одан əрі даму векторын күшейтуге тиіспіз.
ІІ. ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет
келуде.
Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін.
Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан əрі қол жеткізуді жоспарлай-
тын болсақ, олардың əрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Əлем қарқынды түрде өзгеруде жəне
болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.
Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050
жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде əлемдік ішкі жалпы
өнім 11 есе өсті.
Бүкіл əлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекет-
тер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен
пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.
Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына
өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100,
тіпті 150 жыл керек болған нəрселерді атқардық.
Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпе-
ген əлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда
адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне əсер ететін
бірқатар теңгерімсіздік əлі де орын алуда.
Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық
жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің
лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық
пайдалануға тиіс.
Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе
түсуде. Жалпыəлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан ке-
йін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып
түседі. Туудың азаюы жəне адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек
нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеу-
шілігіне сөзсіз əкеледі.
Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон
толқындарын туғызып, күллі əлемде əлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Мемлекеттік тіл саясаты
16
Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын
тұрақсыздыққа əкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен
бетпе-бет келіп отырмыз.
Біз таяу болашақта кері процеспен – елдің шегінен тыс жерлерден біз-
ге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз əбден мүмкін екенін
түсінуге тиіспіз.
Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық
əлеуетімізді сақтауға, əлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік
береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.
Елімізде əрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне
біздің əрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз
бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.
Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда
жұмыссыздар жай ғана жəрдемақы алушылар емес, олар жаңа кəсіптерді
меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде
айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін
лайықты жағдай жасай алады.
Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар
алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді
пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.
Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін
қатер.
Əлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын
күрт шиеленістіріп отыр.
Бүгіннің өзінде əлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап,
миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіру-
де. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау
үрейлі цифрлар тек өсе түспек.
Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.
Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына
ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар жəне экологиялық таза
тағам өнімдерін шығара аламыз.
Ауыл шаруашылығы өнеркəсібінде сапалы секіріс жасау толықтай
қолымыздағы нəрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана
қажет болады.
Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
Əлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.
Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы
жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға
мəжбүр болады.
Су – барынша шектеулі ресурс жəне оның көздерін иелену үшін күрес
жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің
өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.
Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр.
Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.
Мемлекеттік тіл саясаты
17
Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде
біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар
мəселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мəселенің күрделілігіне қарамастан,
біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.
Бесінші сын-қатер– жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
Барлық дамыған елдер баламалы жəне «жасыл» энергетикалық
технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.
2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын
энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.
Көмірсутегі экономикасының дəуірі бірте-бірте аяқталып келе
жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес,
энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дəуір келе жатыр.
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элемент-
терінің бірі болып саналады.
Мұнай мен газдың əлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің
еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық əріптестік пен
өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да
кейін шегінбейтін болады.
Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адам-
зат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі əр бағыттағы, келеңсіз де, оң
да үдерістерді үдете түседі.
Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи
байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет
болады.
Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегі-
нен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс
құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи
байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді
үйренуіміз керек.
Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр,
ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар əлемдік
нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз
бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп
жатырмыз.
Цифрлық жəне нанотехнология, регенеративтік медицина жəне басқа
да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін
трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
Сегізінші сын-қатер – үдей түскен əлеуметтік тұрақсыздық.
Қазіргі уақытта ең үлкен əлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен
əлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – əлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде əлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуро-
палық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары
деңгейге жетіп, көптеген жаппай тəртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.
Мемлекеттік тіл саясаты
18
Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып
отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі
жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік.
Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.
Əлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық
дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа ала-
тын болады.
Сондықтан күн тəртібіне əлеуметтік қауіпсіздік жəне əлеуметтік
тұрақтылық мəселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет –қоғамымыздағы
əлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағда-
Достарыңызбен бөлісу: |