Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Қазақстан Республикасындағы тiл туралы



Pdf көрінісі
бет8/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi № 151 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 

202-құжат

МАЗМҰНЫ

Ескерту.  Мəтiнде  «тарау»  деген  сөздiң  алдындағы «I - VI» деген 

цифрлар  тиiсiнше «1 - 6» деген  цифрлармен  ауыстырылды - Қазақстан 

Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005  жылғы 1 қаңтардан  бастап 

күшiне енедi) Заңымен. 

Осы  Заң  Қазақстан  Республикасында  тiлдердiң  қолданылуының 

құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн 

жағдай  жасау  жөнiндегi  мiндеттерiн  белгiлейдi,  Қазақстан  Республика-

сында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз 

етедi. 


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1)  диаспора – өзiнiң  тарихи  шығу  тегiнен  тысқары  елде  тұрып  жатқан 

халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);

 2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен 

өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;

3)  ономастика  комиссиясы – Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 

əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне, əуе-

жайларға,  порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына, 

метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру 

жəне оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 

мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын 

заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмдерiн  беру,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының тарихи-мəдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тари-

хи  атауларды  қалпына  келтiру  жəне  сақтау  бойынша  бiрыңғай  көзқарасты 



Мемлекеттік тіл саясаты

59

қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды əзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi 



орган;

4)  орфография – дұрыс  жазу  ережесi,  сөйленген  сөздi (сөздер  мен 

грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тəсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлей-

тiн қағидалар жүйесi;

5)  Республикалық  терминология  комиссиясы – экономиканың, 

ғылымның, техниканың жəне мəдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ 

тiлiнiң  терминологиялық  лексикасы  саласындағы  ұсыныстарды  əзiрлейтiн 

консультациялық-кеңесшi орган;

6) топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, 

олардың пайда болуының, өзгеруiнiң жəне қолданылуының заңдылықтарын 

зерттейтiн бөлiмi;

7)  транслитерация – бiр  графикалық  жүйедегi  мəтiндер  мен  жекелеген 

сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен əрiппе-əрiп арқылы беру;

8)  уəкiлеттi  орган – тiлдердi  дамыту  саласындағы  басшылықты  жəне 

салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мəселесi

Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару 

органдарының  қызметiнде  тiлдердi  қолдануға  байланысты  туындайтын 

қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мəселе болып табылады.

Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда жəне дiни бiрлестiктер-

де тiлдердiң қолданылуын реттемейдi. 



3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар

Қазақстан 

Республикасындағы 

тiл 


туралы 

заңдар 


Қазақстан 

Республикасының  Конституциясына  негiзделедi,  осы  Заңнан,  тiлдердi 

қолдануға жəне дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нор-

мативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан 

Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдiктерге  жəне  азаматтығы  жоқ 

адамдарға қолданылады. 

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың 

барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн 

жүргiзу жəне iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 

Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып  та-

былатын  мемлекеттiк  тiлдi  меңгеру - Қазақстан  Республикасының  əрбiр 

азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар:


Мемлекеттік тіл саясаты

60

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның 



халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан  Республикасының  барша  азаматтарының  мемлекеттiк  тiл-

дi  еркiн  жəне  тегiн  меңгеруiне  қажеттi  барлық  ұйымдастырушылық, 

материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; 

қазақ  диаспорасына  ана  тiлiн  сақтауы  жəне  дамытуы  үшiн  көмек 

көрсетуге мiндеттi. 



5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында 

орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

Қазақстан  Республикасының  азаматының  ана  тiлiн  қолдануына,  қарым-

қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.

Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн 

жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.

Ұлттық  топтар  жинақты  тұратын  жерлерде  iс-шаралар  өткiзiлген  кезде 

олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн. 

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу

Қазақстан  Республикасында  тiлдiк  белгiсi  бойынша  азаматтардың 

құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.

Қазақстанда  мемлекеттiк  тiлдiң  жəне  басқа  да  тiлдердiң  қолданылуына 

жəне  оларды  үйренуге  кедергi  келтiретiн  лауазымды  адамдардың  iс-

əрекеттерi  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  жауаптылыққа 

əкеп соқтырады. 

2-тарау. ТIЛ - МЕМЛЕКЕТТIК ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ЕМЕС 

ҰЙЫМДАР МЕН ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ

ОРГАНДАРЫНДА

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттiк  тiл  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттiк  органдарының, 

ұйымдарының жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс жəне 

iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлi-

мен тең қолданылады. 

Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл жəне қажет 

болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады. 

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi

Мемлекеттiк  органдардың  актiлерi  мемлекеттiк  тiлде  əзiрленiп,  қабыл-



Мемлекеттік тіл саясаты

61

данады,  қажет  болған  жағдайда,  мүмкiндiгiнше,  басқа  тiлдерге  аударылуы 



қамтамасыз етiле отырып, оларды əзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн. 

10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  органдары  жүйесiнде, 

ұйымдарында,  меншiк  нысанына  қарамастан,  статистикалық-есеп,  қаржы 

жəне  техникалық  құжаттама  жүргiзу  мемлекеттiк  тiлде  жəне  орыс  тiлiнде 

қамтамасыз етiледi.

Алматы  қаласының  өңiрлiк  қаржы  орталығының  қатысушылары 

құжаттаманы мемлекеттiк тiлде жəне (немесе) орыс жəне (немесе) ағылшын 

тiлдерiнде жүргiзуге құқылы. 



Ескерту. 10-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 

2006.06.05. № 146 Заңымен. 

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

Мемлекеттiк  жəне  мемлекеттiк  емес  ұйымдардың  азаматтардың 

өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiл-

де немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi. 



12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл

 

 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ əскери жəне 



əскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен 

қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында жəне құқық қорғау 

органдарында мемлекеттiк тiлдiң жəне орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз 

етiледi. 



13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

 

  Қазақстан  Республикасында  сот  iсi  мемлекеттiк  тiлде  жүргiзiледi,  ал, 



қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мем-

лекеттiк тiлмен тең қолданылады. 



14-бап. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi

Əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iстер  мемлекеттiк  тiлде,  ал  қажет 

болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi. 

15-бап. Мəмiлелер тiлi

 

 Қазақстан Республикасында жеке жəне заңды тұлғалардың жазбаша ны-



санда жасалатын барлық мəмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi 

аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде жəне орыс тiлiнде жазылады.

Шетелдiк  жеке  жəне  заңды  тұлғалармен  жазбаша  нысанда  жасалатын 

мəмiлелер мемлекеттiк тiлде жəне тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

62

Алматы  қаласының  өңiрлiк  қаржы  орталығының  қатысушылары 



мəмiлелердi мемлекеттiк тiлде жəне (немесе) орыс жəне (немесе) ағылшын 

тiлдерiнде жасасуға құқылы. 



Ескерту. 15-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 

2006.06.05. № 146 Заңымен. 

3-тарау. ТIЛ - БIЛIМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ, МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ 

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ САЛАСЫНДА

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы 

тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi ба-

лалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi. 

Балалар  үйлерiнде  жəне  оларға  теңестiрiлген  ұйымдарда  оқыту,  тəрбие 

беру  тiлiн  жергiлiктi  атқарушы  органдар  олардағы  балалардың  ұлттық 

құрамын ескере отырып белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық 

жəне  кəсiптiк,  орта  бiлiмнен  кейiнгi,  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан 

кейiнгi  бiлiмдi  мемлекеттiк  тiлде,  орыс  тiлiнде,  ал  қажетiне  қарай  жəне 

мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Бiлiм 

беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пəнi болып 

табылады жəне бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пəндер тiзбесiне кiредi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007. 

07.27. № 320 (қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

17-бап. Тiл - ғылым жəне мəдениет саласында

Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiм-

деу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы 

қамтамасыз етiледi. 

Мəдени шаралар мемлекеттiк тiлде жəне қажет болған жағдайда басқа да 

тiлдерде жүргiзiледi. 



18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi

Қазақстан  Республикасы  баспа  басылымдары  мен  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  мемлекеттiк  тiлдiң,  басқа  да  тiлдердiң  қолданылуын 

қамтамасыз етедi.

Қажеттi  тiлдiк  ортаны  жасау  жəне  мемлекеттiк  тiлдiң  толыққанды 

қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радио-

арналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың 

көлемi  уақыт  жағынан  басқа  тiлдердегi  теле-,  радиобағдарламалардың 

жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.


Мемлекеттік тіл саясаты

63

 Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы 



ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. ТIЛ - ЕЛДI МЕКЕН АТАУЛАРЫНДА, ЖАЛҚЫ ЕСIМДЕРДЕ, 

КӨРНЕКI АҚПАРАТТА

19-бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын

пайдалану тəртiбi

Əкiмшiлiк-аумақтық 

бiрлiктердiң, 

елдi 


мекендердiң 

құрамдас 

бөлiктерiнiң,  сондай-ақ  басқа  да  физика-географиялық  объектiлердiң 

дəстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитера-

ция ережелерiне сəйкес берiлуге тиiс. 

Мемлекеттiк  ұйымдардың,  олардың  құрылымдық  бөлiмшелерiнiң  атау-

лары  мемлекеттiк  тiлде  жəне  орыс  тiлiнде  берiледi.  Бiрлескен,  шетелдiк 

ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде жəне орыс тiлiнде транслитерация 

арқылы берiледi.

Ескерту. 19-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР 21.01.2013 № 72-V  Заңымен 

(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi).

20-бап. Кiсi есiмiн, əкесiнiң есiмiн жəне тегiн жазу

Кiсi есiмiн, əкесiнiң есiмiн жəне тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан 

Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сəйкес ке-

луге тиiс. 



21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi

 

  Мемлекеттiк  органдардың  мөрлерi  мен  мөртаңбаларының  мəтiнiнде 



олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.

Меншiк  нысанына  қарамастан,  ұйымдардың  мөрлерiнiң,  мөртабан-

дарының мəтiнi мемлекеттiк тiлде жəне орыс тiлiнде жазылады.

Бланкiлер,  маңдайшалар,  хабарландырулар,  жарнамалар,  прейскурант-

тар,  баға  көрсеткiштерi,  басқа  да  көрнекi  ақпарат  мемлекеттiк  тiлде  жəне 

орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Қазақстанда  өндiрiлетiн  тауарлардың  арнайы  мəлiметтер  көрсетiлген 

тауарлық 

жапсырмаларында 

(этикеткаларында), 

таңбаламаларында, 

нұсқаулықтарында  мемлекеттiк  тiлде  жəне  орыс  тiлiнде  қажеттi  ақпарат 

болуға тиiс. 

Шетелде  өндiрiлген  тауарлардың  арнайы  мəлiметтер  көрсетiлген 

тауарлық  жапсырмалары  (этикеткалары),  таңбаламалары,  нұсқаулықтары 

импорттаушы  ұйымдардың  қаражаты  есебiнен  мемлекеттiк  тiлдегi  жəне 

орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. 

Көрнекi ақпараттың барлық мəтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - 

сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi 


Мемлекеттік тіл саясаты

64

жағына  орналасады,  бiрдей  өлшемдегi  əрiптермен  жазылады.  Қажеттiгiне 



қарай көрнекi ақпараттың мəтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы 

мүмкiн.  Бұл  жағдайда  қарiп  өлшемi  нормативтiк  құқықтық  актiлерде  бел-

гiленген  талаптардан  аспауға  тиiс.  Ауызша  ақпарат,  хабарландыру,  жарна-

ма мемлекеттiк тiлде, орыс жəне қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде 

берiледi. 

 

22-бап. Тiл - байланыс саласында

Қазақстан  Республикасының  шегiнде  байланыс  саласында  мемлекет-

тiк  тiлдiң  жəне  орыс  тiлiнiң  қолданылуы  қамтамасыз  етiледi.  Қазақстан 

Республикасының  шегiнен  тыс  жерлерге  почта-телеграф  жөнелтiлiмдерi 

белгiленген халықаралық ережелерге сəйкес жүргiзiледi. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.

11.21 № 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан  қараңыз) Заңымен. 

5-тарау. ТIЛДI ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ

23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  тiл  жəне  барлық  басқа  тiл-

дер  мемлекеттiң  қорғауында  болады.  Мемлекеттiк  органдар  бұл  тiлдердiң 

қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Тiлдiң  дамуы  мемлекеттiк  тiлдiң  басымдығын  жəне  iс  қағаздарын 

жүргiзудi  қазақ  тiлiне  кезең-кезеңмен  көшiрудi  көздейтiн  Мемлекеттiк 

бағдарламамен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде жəне бiлiктiлiк талаптарына сəйкес 

бiлуi  қажет  кəсiптердiң,  мамандықтардың  жəне  лауазымдардың  тiзбесi 

Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.



Ескерту. 23-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 

бастап күшiне енедi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан 

кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын

 бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнəлi 

мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары неме-

се Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды 

адамдар, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 

заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке жəне заңды 

тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдiң жəне 

басқа  да  тiлдердiң  қолданылу  салаларында  олардың  пайдаланылуына  кез 

келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекi ақпаратты орна-

ластыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында 

көзделген жауаптылыққа əкеп соғады.


Мемлекеттік тіл саясаты

65

Ескерту. 24-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V  Заңымен 



(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi).

24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1)  республикалық  терминология  жəне  ономастика  комиссияларын 

құрады;


2) облыстық ономастика комиссиялары жəне республикалық маңызы бар 

қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгi ереженi бекi-

тедi;

3)  өзiне  Конституцияда,  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге 



де  заңдарында  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  актiлерiнде 

жүктелген өзге де функцияларды орындайды.



Ескерту. 5-тарау 24-1-баппен  толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 

72-V  Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң 



қолданысқа енгiзiледi).

25-бап. Уəкiлеттi органның құзыретi

Уəкiлеттi орган: 

1)  тiлдердi  дамыту  саласындағы  бiрыңғай  мемлекеттiк  саясаттың  iске 

асырылуын қамтамасыз етедi;

2) тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасын жəне өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлердi əзiрлейдi;

3) орталық жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, 

астананың жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының 

тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4)  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңдарында  белгiленген 

талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға 

Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңдарының  бұзылуына  кiнəлi 

лауазымды адамдарға тəртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныс-

тар енгiзедi; 

5)  тiлдердi  дамыту  саласындағы  бiрыңғай  мемлекеттiк  саясатты  iске 

асыру  жөнiндегi  қызметтiң  ақпараттық,  əдiстемелiк  қамтамасыз  етiлуiн 

ұйымдастырады;

5-1)  республикалық  терминология  жəне  ономастика  комиссияларының 

қызметiн қамтамасыз етедi;

6) ономастика комиссияларының қызметiн үйлестiредi;

7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мiндеттi ведомстволық 

есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесiн бағалау 

өлшемдерiн,  тексерулер  жүргiзудiң  жартыжылдық  жоспарларын  əзiрлейдi 

жəне бекiтедi;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 

Республикасы Президентiнiң жəне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ак-

тiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.



Мемлекеттік тіл саясаты

66

Ескерту. 25-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бас-



тап күшiне енедi); 06.01.2011 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан 

кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2011 № 452-

IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 10.07.2012 № 36-V (алғашқы 



ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-

гiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай 

өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыретi

1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретiне:

1) ономастика мəселелерi бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар əзiрлеу;

2)  облыстарға,  аудандар  мен  қалаларға  атау  беру,  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, 

темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансала-

рына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне 

мемлекет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру,  оларды  қайта 

атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен 

өзгерту жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды 

тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмдерiн  беру  бойынша  қорытындылар 

беру;


4)  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  қаладағы  аудандарына,  құрамдас 

бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;

5)  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  қаладағы  ау-

дандарына,  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  бойын-

ша  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  ономастика 

комиссияларының қорытындыларына келiсiм беру жатады.

2. Облыстық ономастика комиссияларының құзыретiне:

1) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру;

2)  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттiң,  ауылдың,  ауылдық 

округтiң  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  бойынша 

қорытындылар беру жатады.

3.  Республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  ономастика 

комиссияларының  құзыретiне  Республикалық  ономастика  комиссиясымен 

келiсiлгеннен  кейiн – республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың 

қаладағы  аудандарына,  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру жатады.

4. Жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк-

терге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, 



Мемлекеттік тіл саясаты

67

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 



бойынша шешiмдi тиiстi ономастика комиссияларының оң қорытындылары 

болған кезде ғана қабылдайды.



Ескерту. 25-1-баппен  толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13  Заңымен 

(01.01.2005  бастап  күшiне  енедi);  жаңа  редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 

72-V  Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң 



қолданысқа енгiзiледi).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет