Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Стратегияны əзірлеудің негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77

Стратегияны əзірлеудің негізгі бағыттары:

•  Өңірлер  инвестициялар  тартуға  мүдделі  болуы  үшін  жер  қойнауын 



пайдалануға мораторийді жою қажет.

•  Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен 



аса  жаңа  технологиялармен  алмасу  саласындағы  ынтымақтастыққа 

көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық 

стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз 

етуге тиіспіз.

•  Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру жəне қайта өңдеу тех-

нологияларын  беру  шартымен  ғана  тартуға  тиіспіз.  Біз  инвесторларға 

еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымыз-

ды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.



Мемлекеттік тіл саясаты

26

•  Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің 



еліміз инвестиция үшін жəне технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы 

ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы  бар. Біз инвесторларға 

қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз.

•  Барлық өндіруші кəсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті ен-

гізуге тиіс.

Құрметті отандастар!

Ұлт  болашағы  мен  мемлекет  қауіпсіздігі  мүддесінде  көмірсутегі 



шикізатының стратегиялық «резервін» құру керек. Стратегиялық резерв 

ел  энергетикалық  қауіпсіздігінің  іргетасы  болады.  Осылайша  біз  ықтимал 

экономикалық сілкіністер жағдайына тағы бір қорғаныс шебін құрамыз.

***


 Бесіншіденбізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары 

қажет.

Екі  жылдан  кейін  үдемелі  инновациялық  индустрияландыру 

бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы аяқталады.

Үкімет  индустрияландыру  бағдарламасының  келесі  фазасының  ег-



жей-тегжейлі  жоспарын  əзірлеуі  тиіс.  Перспективалық  технологиялық 

бағыттарды дамытудың сценарийі қажет.

Нəтижесінде, экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың  

үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаюы тиіс.



Бұл үшін не істеу қажет?

•  2050  жылға  қарай  Қазақстан  өзінің  өндірістік  активтерін  ең  жаңа 



технологиялық стандарттарға сəйкес толықтай жаңартуы тиіс.

Бəсекеге  ең  қабілетті  салаларда    біз  отандық  өндірушілер  үшін  жаңа 

нарықтық  тауашалар  қалыптастыру  стратегиясын  белсенді  əзірлеуге 

тиіспіз.  Бұл,  əсіресе,  ДСҰ-ға  кіру  перспективаларын  ескере  отырып,  кері 



индустрияландырудың  ықтимал  ыдыратушы  əсерлерін  болдырмауға 

мүмкіндік береді.



Отандық  тауарлар  бəсекеге  қабілетті  болуы  тиіс. 2012 жылдың 1 

қаңтарынан  бастап  Қазақстанның,  Ресей  мен  Беларусьтің  қатысуымен 

Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды.

Жиынтық ІЖӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны 

біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бəсекеге қабілеттілікке 

үйретуі  тиіс.  Бұл  ретте  осынау  экономикалық-интеграциялық  үдерісте 

Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды.

•  Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге не-

гізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

•  Біз  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  мемлекеттік 

бағдарламасын өнеркəсіптік қуаттарды импорттауға жəне технологиялар 

алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық ком-

паниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші 

бағдарламасы қажет.



Мемлекеттік тіл саясаты

27

•  2030  жылға  қарай  Қазақстан  ғарыш  қызметтерінің  əлемдік  нары-



ғындағы  өз  тауашасын  кеңейтіп,  басталған  бірқатар  жобаларды  қисынды 

аяқтауға  дейін  жеткізуге  тиіс.  Мен  Астанадағы  ғарыштық  аппараттар 

құрастыру-сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, 

ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесін жəне 

жоғары дəлдіктегі спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын.

•  Екі  жетекші  инновациялық  кластерді – Назарбаев  Университетін 

жəне Инновациялық технологиялар паркін дамытуды жалғастыру керек. Біз-

ге төменкөміртекті экономикаға жедел көшу қажет.



2013  жылы  «жасыл  көпір»  халықаралық  ұйымын  құруды,  сонымен 

қатар,  Алматының  маңындағы  төрт  серіктес  қалада  Green4  жобасын  іске 

асыруды бастауды ұсынамын.

Елдің  дамудың  «жасыл»  жолына  көшуіне  Астанадағы  алда  тұрған 



ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың 

үздік əлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған  «болашақтың энергия-

сын» өз көзімен көре алады.

***

Қазір  мен  еліміздің  Үшінші  индустриялық  революцияға  дайынды-



ғының шарты болып табылатын ең принципті мəселелерді атадым.

Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, əсіресе, ауыл шаруашылығы 

өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту 

қажет.

Əлемдік  азық-түлік  нарығының  көшбасшысы  болу  жəне  ауыл 

шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:

•  Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ 

екенін атап өтемін.

•  Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі 

көтеру қажет.

•  Біз əлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін 

үлкен əлеуетке иеміз.

•  Біз  экологиялылыққа  баса  назар  аудара  отырып,  ұлттық  бəсекеге 

қабілетті  брендтер  құруға  тиіспіз.  Нəтижесінде  мен  агроөнеркəсіптік 

кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойын-

шы болу міндетін қоямын.

Ауылшаруашылық  қайта  өңдеуде  жəне  саудада  фермерлік  пен 

шағын жəне орта бизнесті  дамыту.

Бұл – өзекті міндет. Бұл арада бізге:

•  Жер  өңдеу  мəдениетін  өзгерту  жəне  жаңа  ғылыми,  технологиялық, 

басқарушылық  жетістіктерді  ескере  отырып,  мал  шаруашылығындағы 

дəстүрлерімізді  жаңғыртуымыз қажет.

•  Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай 

өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек.

Алынған  шаралардың  нəтижесі 2050 жылға  қарай  ел  ІЖӨ-дегі 

ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.


Мемлекеттік тіл саясаты

28

2013 жылдың өзінде Үкіметке мыналарды тапсырамын:

•  Ел  агроөнеркəсіп  кешенінің 2020 жылға  дейінгі  дамуының  жаңа 

бағдарламасын əзірлеу.

•  2020  жылға  қарай  ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  қолдаудың 

көлемін 4,5 есе арттыру.

•  Ең  жаңа  агротехнологияларды  қолдануға  бағытталған  орта  жəне  ірі 

тауарлық  ауылшаруашылық  өндірістерін  құру  жөніндегі  заңнамалық  жəне 

экономикалық ынталандырулар жүйесін тұжырымдау.

•  Берілгеннен кейін белгілі бір кезеңде игеру қолға алынбаған жерлерге 

салық мөлшерлемелерін көтеруді енгізу.

Жетіншіден,  еліміздің  су  ресурстарына  қатысты  жаңа  саясат 

тұжырымдау қажет.

Ауыл  шаруашылығы  мұқтаждығы  үшін  бізге  аса  көп  су  көлемі  қажет. 

Осыған байланысты біз:

•  Басқа  елдердегі,  мысалы,  Австралиядағы  сумен  қамтамасыз  ету 

проблемаларын  шешудің  озат  тəжірибесін  мұқият  зерделеп,  оны  біздің 

жағдайымызда пайдалануға тиіспіз.

•  Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың 

ең озат технологияларын енгізу қажет.

•  Агроөнеркəсіп  секторында  ылғал  үнемдеу  технологиясына  кешенді 

түрде ауысуға тиіспіз.



Қоғамымыздағы  ой-сананы  түбегейлі  өзгерту  қажет.  Біздің  ең  асыл 

табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет.



2050  жылға  қарай  Қазақстан  сумен  қамтамасыз  ету  проблемасын 

түбегейлі шешуге тиіс.

Үкіметке дəйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды 

ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін 

ұзақмерзімді бағдарлама жасауды  тапсырамын.

 

2.  КƏСІПКЕРЛІКТІ – ҰЛТТЫҚ  ЭКОНОМИКАНЫҢ  ЖЕТЕКШІ 



КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ

 

Отандық  кəсіпкерлік  жаңа  экономикалық  бағыттың  қозғаушы  күші 

болып табылады.

Шағын жəне орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз 

дегенде, екі есе өсуге тиіс.

Біріншіден,  біз  адамға  ол  үшін  мемлекет  барлық  проблемаларын 

шешіп  беруін  күтпей,  өзін  бизнесте  сынап  көруге,  елде  жасалып  жатқан 



экономикалық  өзгерістерге  толыққанды  қатысушыға  айналуына 

жағдай туғызуымыз керек.

Іскерлік  мəдениетінің  деңгейін  көтеру  мен  кəсіпкерлік  бастаманы 

ынталандырудың маңызы үлкен.  

Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:

•  Шағын  жəне  орта  бизнестің  бірлестіктер  мен  кооперацияларға 

ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.

•  Жергілікті  бизнес-бастамаларды  көтермелеу  жəне  мейлінше  аз, 

бірақ қатаң  реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.


Мемлекеттік тіл саясаты

29

•  Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін 



жаңа, əлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.

•  Жаңа  жағдайларды,  соның  ішінде  біздің  Еуразиялық  экономикалық 

кеңістікке  қатысуымызды,  алда  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  (ДСҰ) 

кіретінімізді  ескере  отырып,  отандық  кəсіпкерлерді  қолдау  тетіктерін 



жетілдіру  жəне  олардың  мүдделерін  қорғау  мен  ілгерілету  үшін  қажетті 

барлық шараны қабылдау.

Бүгінгі  күннің  міндеті – ұсақ  кəсіпорындар  мен  жеке  кəсіпкерлерді 

орта деңгейге көшіру үшін жағдай жəне алғышарттар қалыптастыру.

Өкінішке  қарай,  қазіргі  уақытта  шағын  жəне  орта  бизнеске  салық  салу 

жүйесіндегі  қиғаштықтар  олардың  дамуы  мен  өсуіне  кедергі  келтіруде. 

Сондықтан  Үкімет 2013 жылдың  соңына  дейін  заңнамаға  микро,  шағын, 



орта  жəне  ірі  бизнес  ұғымдарын  айқын  жіктеуге  бағытталған  өзгерістер 

енгізсін. Бұл тұста біз шағын жəне орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті 

ауырлатпауға тиіспіз.

Мен  Үкіметке 2013 жылдың  бірінші  жартыжылдығының  соңына  дейін 



Қазақстан  азаматтарының  өмір-тіршілігі  қауіпсіздігіне  тікелей  ықпал 

етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды 

хабарландырумен ауыстыруды тапсырамын.

Заңнамалық  негізде  бизнеске  ұсынатын  тауар,  жұмыс  жəне  қызмет 

сапасын  бақылау  мəселелерін  өзі  реттейтін  жағдай  тудыру  қажет.  Бізге 

тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып 

тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін əзірлеп шығу керек. 

Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік əріптестігі принципіне негізделген 

сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл 

жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды жəне барлық кəсіпкерлердің 

тартылуы міндетін шешіп береді.  

Халықаралық 

тəжірибені 

талдау 

көрсеткендей, 



кəсіпкерлердің 

палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының 

бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы 

іс жүзіне асты.

Үкімет «АТАМЕКЕН» Одағымен бірлесіп, Кəсіпкерлердің ұлттық пала-

тасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық моделін əзірледі.

Аталған  модель  кəсіби-техникалық  білім,  əсіресе,  ауылдық  жер-

лер  мен  моноқалалардағы  шағын  бизнесті  кешенді  сервистік  қолдау, 

сыртқы  экономикалық  қызмет  салаларында  мемлекеттік  органдардың  кең 

өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кəсіпкерлердің ұлттық палата-

сына  беруді  қамтамасыз  етеді.  Кəсіпкерлердің  ұлттық  палатасы  Үкіметтің 

сенімді жəне білікті серіктесіне айналады.

Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобасын əзірлеп, оны Парламент-

ке келесі жылдың бірінші тоқсанында енгізуді тапсырамын.



Үшіншіден, мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды 

жекешелендірудің екінші толқыны қажет.

Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауап-



кершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары 

қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек.



Мемлекеттік тіл саясаты

30

Жеке  бизнес  əрқашан  жəне  барлық  жерде  мемлекеттен  гөрі  тиімдірек 



əрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кəсіпорындар 

мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кəсіпкерлікті 

нығайту үшін аса маңызды қадам.    

Бұл  жолдағы  алғашқы  қадам  «Халықтық  ІРО»  бағдарламасының  сəтті 

басталуы  болды.  Бұл – ең  алдымен  ұлттық  байлықтың  халықтың  қолына 

таратылып  берілуі. «ҚазТрансОйл»  компаниясы  тарапынан 28 миллиард 

теңгені орналастыру туралы хабарланды жəне қазірдің өзінде тапсырыстар 

ұсыныстан екі есе асып кетті.

 

3.  ƏЛЕУМЕТТІК  САЯСАТТЫҢ  ЖАҢА  ПРИНЦИПТЕРІ   

ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖƏНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

Біздің басты мақсатымыз – əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың 



бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі.

Біздің  қоғамда  уақыт  сынына  төтеп  бере  алатын  жаңартылған  жəне 



əлдеқайда тиімді əлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді.

Əлемдік  тəжірибе  көрсеткендей,  əлеуметтік  саясаттың  мінсіз  жəне 

əмбебап  үлгісі  жоқ.  Бұл  барлық  азаматтары  сол  əлеуметтік  жүйеге 

қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты.

Əлеуметтік  қауіпсіздік  жəне  азаматтардың  бақуаттығы  мəселелерін 

шешу – бұл əрбір қазақстандыққа əсер ететін қиын жəне өте маңызды мін-

дет. Сондықтан бұл тұста əр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс.

Мен  біздер  басшылыққа  алуға  тиіс  жəне  оларды  ескере  отырып, 

əлеуметтік  əділеттілік  пен  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  мəселелеріне  де-

ген  көзқарастарымызға  түзету  енгізе  алатын  қағидаларды  өзімнің  қалай 

пайымдайтынымды баяндап бергім келеді.

 

Əлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары

 

Біріншіден,  мемлекет,  əсіресе,  жаһандық  дағдарыс  жағдайында, 

азаматтарға ең төменгі əлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс.

Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.

Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін əлеуметтік перспективаға ай-

налмауы керек.

Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей 

тəуелді болатын ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер бел-

гілеуіміз керек.

Олар мынаны қамтуға тиіс:

•   Ең алдымен,  тұлғаның қажеттіліктері тізімін кеңейту жəне оған білім 

беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соның ішінде, жұмыссыздар мен 

еңбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша əлеуметтендіру мақсатында), са-

ламатты тамақтану жəне саламатты өмір салты, зияткерлік жəне ақпараттық 

сұраныстарын өтеу, т.б.

•    Нақты  бағалар  бойынша  тұлғаның  қажеттіліктерінің  құнының  есебі 

(тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет).



Мемлекеттік тіл саясаты

31

•    Экономиканың  өсіміне  байлаулы  өмір  сапасының  стандарттарын 



кезең-кезеңмен сапалы арттыру.

Осы  стандарттарды  сақтау  бүкіл  əлеуметтік  саланы  бюджеттік 



қаржыландыру  көлемін  айқындауы  тиіс.  Бұл  бюджеттік  процестердің 

ашықтығын  арттырады  жəне  біздер  бөлетін  қаражаттың  атаулылығын 

күшейтеді. Үкіметке тиісті заң əзірлеуді тапсырамын.



Екіншіден, мемлекет əлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға 

ғана көрсетуі тиіс.

Ол үшін не істеу керек?

•   Мемлекет қоғамның əлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зей-

неткерлерге,  мүгедектерге,  еңбекке  жарамсыздарға,  науқас  балаларға  жəне 

т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.

•  Ұдайы  əлеуметтік  жəне  зейнетақылық  қамтамасыз  ету  жүйесін 

жетілдіріп отыру, ананы жəне баланы жан-жақты қорғау қажет.

•  Бізде  жұмыссыздарды  оқыту  мен  қайта  даярлаудың  еңбек 

нарығына  бейімделген  айқын  бағдарламалары  болуы  керек.  Мемлекет 

жұмыссыздарға  əлеуметтік  қолдауды  бұл  санатқа  жататын  адам  жаңа 

мамандық  игеруіп,  қайта  даярлықтан  өтуге  бет  бұрған  жағдайда 

көрсетуі керек.  

•  Жұмыс  берушілер  халықтың  əлеуметтік  жағдайы  төмен  топтарын  

жұмысқа  белсене  тартып,  оларды  еңбекақымен  қамтамасыз  ететіндей 

жағдай  туғызу  қажеттігі  маңызды.  Ең  алдымен,  бұл  мүмкіндігі  шектеулі 



адамдарға  қатысты.  Əлемнің  дамыған  елдерінде  осылай  жасайды.  Біз 

олардың  толыққанды  еңбек  етуіне  жағдай  туғызуға  тиіспіз.  Мемлекеттік 

жəрдемақыны  тек  шынымен  нақты  жұмыс  істей  алмайтындар  ғана  алуы 

тиіс.  Жұмысқа  мүгедектерді  алып,  оларға  жағдай  жасайтын  компаниялар 

мен корпорацияларды көтермелеу керек.

Үшіншіден,  біз  өңірлерді  дамытуда  əлеуметтік  теңгерімсіздік 

мəселелерін шешуге назар аударуға тиіспіз.

Қазіргі  кезде  бірқатар  өңірлердің  экономикалық  баяу  дамуы  еңбекпен 

қамтудың  қамтамасыз  етілмеуіне  алып  келеді.  Халықтың  кірісінің  деңгейі 

тербеліп тұр.



(1) Ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы 

жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажет.

Міндет – мемлекеттік  жəне  салалық  барлық  бағдарламалардың 



орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешу-

мен үйлестіру.

Үкімет 2013 жылдың  бірінші  тоқсанында-ақ  өңірлердегі  қажетті  жəне 

болашағы бар жобалардың тізбесін анықтауы жəне тарифтендіруі тиіс.

(2) Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын 

жүзеге  асыруды  бастадық.  Жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға,  əлеуметтік 

мəселелерді  шешуге,  кəсіпорындар  жұмысын  жетілдіруге  айтарлықтай  ре-

сурстар бағытталды.

Біз  жергілікті  жерлерде  басқарудың  сапасын  арттыратын  боламыз.  Бұл 

жұмыс менің жеке бақылауымда.

Сонымен  бірге,  бізге  өңірлерде  əлеуметтік-экономикалық  жағдай-

ларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет.


Мемлекеттік тіл саясаты

32

Үкіметке  облыстардың  əкімдерімен  бірлесіп,  2013  жылы  шағын 



қалаларды  дамыту  жөнінде  бағдарлама  қабылдауды  тапсырамын.  Бұл 

олардың  базасында  көптеген  индустриялық  жобалар  жасай  отырып, 

ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардың міндеті – өңірлердің салаларға ма-

мандану  жүйесін  құруға  көмектесу,  ірі  агломерациялардың  индустриялық-

өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соңында, жергілікті халықтың 

тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету.



(3)  Бізге  көші-қон  мəселелерін  кешенді  түрде  шешу  бойынша  ел 

өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет.

Шектес  елдерден  келіп  жатқан  көші-қон  ағынына  бақылауды  күшейту 

керек.


Перспективалық  міндет  ретінде  біздің  алдымызда  шетелдік  еңбек 

нарықтарына  көптеп  кетіп  қалмауы  үшін  отандық  білікті  мамандарға 

қолайлы жағдай жасау міндеті тұр.

Үкімет  2013 жылы    Көші-қон  мəселелерін  шешу  жөнінде  кешенді 



жоспар əзірлеп, бекітуі тиіс.

Ерекше назарды шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн. Олардың 

əлеуеті əлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. 

Үкімет  облыстардың  əкімдерімен  бірлесіп, 2013 жылы  шекарамен  шектес 

аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін əзірлеуі қажет.

Төртіншіден, біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету жəне еңбек төлемі 

саясатын жаңғыртуға тиіспіз.

(1)  Əлемдік  тұрақсыздықтың  басты  қатері – жұмыссыздықтың  өсуі. 

Елде  жүзеге  асырылып  жатқан  мемлекеттік  те,  салалық  та – барлық 



бағдарламалар, тек əлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орна-

ластыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке жəне əкімдерге 2013 

жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырамын:

•  Кəсіпкерлікті  дамыту  жəне  бизнесті  қолдау  жөніндегі  бұрын 

қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру.  

•  Бюджеттік  қаражатты  жұмыссыздардың  жəне  кірісі  аз  адамдардың  

көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін əзірлеу.

Бұл  жаңартылған  бағдарламаның  орындалуына  жауапты  ретінде  мен 

Премьер-Министрдің жеке өзі мен əкімдерді бекітемін.

(2)  Бұдан  жарты  жыл  бұрын,  «Əлеуметтік  жаңғырту:  Жалпыға 

Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай 20 қадам»  атты  мақалам  жарияланған  соң 



Кəсіподақтар  жəне  еңбектің  реттелуі  туралы  Заң  əзірлене  бастады. 

Біздің  мақсатымыз – еңбеккерлер  мүддесін  ескерген  кəсіпкерлік  қолдауын 

қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау.

Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның 

қабылдануын жеделдету қажет.

(3)  Үкіметке  еңбек  төлеміне  жəне  ондағы  сəйкессіздіктерді  қысқартуға 

қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет. 

***

Жаңа  кезеңдегі  əлеуметтік  саясаттың  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде 



ана мен баланы қорғауды жариялаймын.

Мемлекеттік тіл саясаты

33

Ананы қорғау. Əйелдерге үндеу

Мемлекет  үшін  жəне  менің  жеке  өзім  үшін  де  ананы  қорғау – ерекше 

мəселе.


Қымбатты ханымдар!

Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер.

Еліміздің  болашақта  қандай  болатыны  балаларымыздың  бойына  өзіміз 

қандай тəрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты.

Ең  алдымен,  біз  қыздарымыздың  тəрбиесіне  көп  көңіл  бөлуіміз  керек. 

Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет