Нəтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын қазақ тілі
пəні оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес);
он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайда-
лана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары
Мемлекеттік тіл саясаты
139
оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі
(2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%);
аккредиттеуден өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі
(2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
Қазақ тілін тілді оқытатын орталықтарда оқитындар санының өсуі (2009
жылмен салыстырғанда 2014 жылы кемінде 30%, 2017 жылғы өсім кемінде
70%, 2020 жылға қарай - 100%);
мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан
Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға
қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%);
мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат
алған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі
(2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%);
мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына бағытталған мемле-
кеттік əлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 10%);
мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жо-
балар санының өсуі (жыл сайын 10%);
мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ қолдауға бағытталған мемлекет-
тік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 50%);
көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту
дəрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға
қарай - 100%);
тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім
қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық
қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дəрежесі (2014 жылға қарай
- 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);
ана тілдерін үйретуге арналған əдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-
мəдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017
жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын жəне басқа да шет
тілдерін үйрету мақсатымен қызметін ұсынатын мемлекеттік тіл оқыту
орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%,
2020 жылға қарай - 100%).
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға
қол жеткізу жолдары жəне тиісті шаралар
Бірінші бағыт - мемлекеттік тілді меңгеру
Мақсаты: «Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы»
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест»
бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша емтихан
тапсыру нəтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары 2014
жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі
(2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%).
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның
барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі
Мемлекеттік тіл саясаты
140
жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үш құрамды
негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту əдіснамасын жетілдіру, оқытудың
инфрақұрылымын кеңейту жəне мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынта-
ландыру. Аталған тəсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды.
1. Мемлекеттік тілді оқыту əдіснамасын жетілдіру жəне стандарттау
Қазақ тілін оқыту əдіснамасын жетілдіру үшін ең алдымен, оқытудың
тиісті стандарттарын жетілдіру жəне үздіксіз білім беру моделін жа-
сау арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу
қарастырылып отыр.
Көпдеңгейлі стандарт арқылы тілді А1-А2 деңгейлері бойынша қарапа-
йым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдала-
ну жəне тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көзделуге
тиіс.
Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқытудың
əдіснамалық негізін дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар
үшін де əзірлеу көзделеді.
Осы
шаралар
мемлекеттік
тілді
бастауыш
сыныптарындағы
оқушылардың А1 деңгейінде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейінде,
мектептің жоғары сынып, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік білім беру ме-
кемелері оқушыларының В1 деңгейінде, жоғары оқу орны студенттерінің В2
деңгейінде, жоғары оқу орнынан кейін білім алатындардың С1 деңгейінде
игеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіру мен жаңғырту көзделеді.
Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік жəне кəсіптік қарым-қатынас
тіліне айналуға тиіс.
Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты не-
гізінде шығармашылық педагогикалық ізденістің жəне оқытудың жаңа
əдістемелерін əзірлеудің тұрақты процесі сөзсіз қажеттілікке айналатын бо-
лады.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сəйкес қазақ тілі оқытушыларын
оқыту жəне олардың біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті
құрамдас бөлігі болып табылады.
Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту ісін жүргізуге
ұйымдастырушылық жəне əдістемелік мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру
орталықтары санының аздығына байланысты қашықтан оқыту жүйесін
кеңінен енгізу көзделеді.
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның
барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екін-
ші құрамдас бөлігі - қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредиттелген
желісін құру болып табылады. Қазақ тілін оқытуға арналған осы орталықтар
оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік
тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналуға тиіс.
Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту
орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптарды енгізу-
ді көздейді.
Бұл үшін, ең алдымен, орталықтардың білім беру қызметіне қойылатын
талаптарды енгізу үшін құқ ықтық базаны, сондай-ақ мемлекеттік тілді
Мемлекеттік тіл саясаты
141
оқыту орталы қтарын осы талаптарға сəйкес аккредиттеуді жүзеге асыру
үшін құқықтық негізді жетілдіру жөнінде шарал ар қабылдау.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін
рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылады.
Орталықтардың рейтингін жасауға орталық тыңдаушыларының
«Қазтест» бағдарламасы бойынша емти хан тапсыру нəтижелері туралы шы-
найы мəліметтер негіз болады. Рейтинг мəліметтері қоғам үшін де, бұқаралық
ақпа рат құралдарында кеңінен жариялау үшін де қолжетімді болмақ.
Рейтинг жүйесін енгізу үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтары
қызметіне рейтингтік бағалау жүргізудің құқықтық негізі мен əдіснамасын
əзірлеу қажет.
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру жəне мониторинг жүргізу
жүйесін құру болып табылады.
Аталған міндетті мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызмет
көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдардың
қызметкерлерінің (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы жəне
тағы басқалары) қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын ең төменгі талап-
тарды айқындау арқылы іске асыру көзделеді. Аталған шара мемлекеттік
тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны
əзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту жүйесін
ұйымдастыруды қажет етеді.
Сонымен қоса «Қазтест» бағдарламасының негізінде білім деңгейін жыл
сайын бақылаудың жыл сайынғы жүйесін енгізу көзделеді.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу
деңгейін бағалау жəне бақылау жүйесін жетілдіру мəселесін пысықтау
көзделеді. Қазақ тілі мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен ұлттық бірыңғай
тестілеудің (ҰБТ) қажетті жəне міндетті құрамдас бөлігіне айналуға тиіс.
Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік
қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тіл-
ді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар
ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік
əдістерін қолдану қарастырылған.
Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлері мен əдістемелерін
əзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін саяси-
дипломатиялық, əдістемелік жəне ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетін
болады. Сонымен қатар отандастар мəселелері бойынша сараптамалық жəне
зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру көзделеді.
Нəтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын қазақ тілі
оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес);
онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайда-
лана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары
оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі
(2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%);
Мемлекеттік тіл саясаты
142
аккредиттеуден өткен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі
(2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін мемлекеттік қатысу
тұрғысынан оқитындар санының өсуі (2009 жылмен салыстырған да 2014
жылғы өсім 30 %-д ан кем емес, 2017 жылғы өсім 70 %-дан кем емес, 2020
жылға қарай - 100%);
«Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертифи катын
алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай - 50%, 2020
жылға қарай - 100%);
«Қазт ест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын
алған, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі
(2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%).
Екінші б ағыт - мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жет-
кізу жəне оның пайдаланылу аясын кеңейту
Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жет-
кізу»
Нысаналы индикато рлар:
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қа зақ тіліндегі
контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020
жылға қарай - 70%).
Екінші мақсатқа қол жеткізудің алгоритмі арқылы мемлекеттік тілдің
беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүзеге
асыруды көздейді.
1. Мемлекеттік тілді қолдану мəртебесін арттыру
Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде
сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жəне орнықтыру арқылы қол
жеткізіледі. Осы бағыттағы негізгі рөлге PR-технологиялар ие болады. Бұл
үшін мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жəне насихаттау
жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.
Нысаналы аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып,
бірқатар үлгі тұтарлық бейнелер мен модельдерді əзірлеу негізінде мемле-
кеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа
табысқа жеткен, мəртебелі тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік жəне басқа
да тілдерді білетін өзге ұлт өкілдерін тарту көзделеді.
Аталған жұмыстар жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеушінің
беделді бейнесін қалыптастыру процесіне мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс
тетігі мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл əлеуетін тартуды
талап етеді.
Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернетті қоса алғанда,
БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жет-
кізетін үлгі тұтарлық бейнелерді медиалық ротациялау, көпшілікке арналған
мерзімді басылымдарды шығаруды, негізгі нысаналы аудиториялар үшін
көрнекі жəне имидждік өнімдер шығара отырып, көрнекі үгіт құралдарының
PR іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөніндегі
жұмысқа бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік-жекеше серіктестік
əдістерін тарту көзделеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
143
Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшіліктің қолдануына
қол жеткізу аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын
жəне шетел диаспорасы өкілдерін PR жұмысына тарту арқылы мемлекеттік
тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшіліктің қолдануына қол
жеткізу жөнінде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделеді.
Сонымен қатар қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып,
ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенін - ақпараттық жəне
қоғамдық науқандар, ірі қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар
ұйымдастыру талап етіледі.
Қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңызды
элементінің бірі - мемлекеттік тілді қолдану мəселелеріндегі ұнамсыз тап-
таурындарды бейтараптандыру көзделеді.
Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану
саласындағы ұнамсыз таптаурын пікірлерді алдын ала анықтау жөнінде
зерттеу-талдау қызметін жүргізу, қажетті шаралар кешенін айқындау арқылы
жолға қойылады.
Үкіметтік емес сектор мен масс-медиа əлеуеті мемлекеттік тілді
қолдану саласындағы жағымсыз аспектілерді қоғамдық айыптау тетіктерін
қалыптастыру жөніндегі жұмыстың негізгі ресурсына айналуға тиіс.
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына
кіріктіру болып табылады.
Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық
арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін
күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио ха-
барларын таратуды енгізу арқылы айрықша мүмкіндіктер ашылады.
Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контентті
кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсіру арқылы
мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың
əлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау
жүйесі арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету де маңызды ас-
пект болып саналады.
Қоғамдағы тіл мəдениетін тікелей қалыптастыратын адамдар ретінде
БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптарын ен-
гізу ерекше рөлге ие болады.
Сонымен бірге, аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық
актілер жəне жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді.
Осы ретте дəстүрлі жəне инновациялық тəсілдер негізінде өзіндік
ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті бо-
лып саналады.
Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем жəне
басқа да əдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аудару ісін ұйымдастыру
жəне көп таралыммен шығару мемлекеттік тілдің қазіргі қолданбалы ғылым
тілі ретіндегі рөлін барынша күшейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тіл саясаты
144
Сонымен бірге, «электрондық үкімет» шеңберінде электрондық қызмет
көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын жандандыра түсу
көзделеді.
Қазақ тілінің халықаралық қарым-қатынас, демалыс жəне ойын-сауық
саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделіп отыр.
Мəдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тіліндегі жаңа контент-
пен толықтыру қажеттілігі мемлекеттік тілдегі жаңа қойылымдарды жəне
жобаларды, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудитория-
сына лайықталған шығармаларды туындату үшін шығармашыл əлеуетті
ынталандыруға арналған конкурстық шараларды ұйымдастыру жəне
өткізудің міндеттерін айқындап берді.
Бұқаралық мəдени, спорт жəне басқа да көпшілік шараларды өткізген кез-
де мемлекеттік тілді кеңінен қолдану сөзсіз қажеттілікке айналуға тиіс.
Халықаралық кездесулер өткізіп, шарттарды, келісімдерді жəне өзге де
халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тіл негізгі тіл болуға
тиіс.
Этнотуристік іс-шараларды (мəдени-этнографиялық ескерткіштерге
саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттары жəне жазғы этнолагерьлер)
ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің əлеуетін белсенді пайдалану өте
өзекті болып саналады.
Нəтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізуге бағытталған
мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайынғы мемлекеттік
əлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің
10 %-ынан кем емес);
мемлекеттік БАҚ эфирінде мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жоба-
лар санының өсуі (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының
- 10 %-ы);
мемлекеттік тілде шығатын баспасөзді қолдауға бағдарланған мемлекет-
тік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50 %-дан кем емес).
Үшінші бағыт - қазақстандықтардың тіл мəдениетінің деңгейін
арттыру
Мақсаты: «Дамыған тіл мəдениеті - зиялы ұлттың əлеуеті»
Нысаналы индикаторлар:
тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім
қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық
қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дəрежесі (2014 жылға қарай
- 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға
қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%).
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру жəне жүйелеу
Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, əкімшілік-аумақтық
бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен,
ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу,
қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам
институттарын жəне бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
145
Бұл нəтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік
құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің
атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс жəне басқа да тілдерде
транслитерациялаудың ережелерін əзірлеу талап етіледі.
Антропонимикалық
атауларды
жəне
көрнекі
ақпараттарды
сəйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық бел-
гілеулерді жазу мен сəйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды əзірлеуді,
сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық
базаны жетілдіруді талап етеді.
Терминологиялық лексиконы біріздендіру, терминологиялық қорды
толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады.
Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды əзірлеу, тер-
миндерді жəне атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормалары-
на сəйкес ретке келтіру жұмыстары қажетті шаралар болып есептеледі.
Аталған жұмыс əлемдік тəжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін,
халықаралық терминдерді жəне терминологиялық атауларды пайдала-
ну арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат
құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жасау жағдайында
жүргізілуге тиіс.
Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тари-
хи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография
жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді.
Сонымен қатар салалық терминологияның бірыңғай электрондық база-
сын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен
порталдарға орналастыру көзделеді.
Сондай-ақ үздіксіз тілдік өзгерістер процесін тіркеп отыратын, тілдің
лексикалық жəне грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру
қажеттілігі де өте өзекті болып табылады.
Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды
күшейту ұсынылып отырған жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі
болуға тиіс.
Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою жəне тіл туралы
заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.
Көрнекі жəне жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі қазақ əдеби
тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту де қажетті шаралар
қатарына жатады.
2. Тіл мəдениетін жетілдіру
Қазақстандықтардың тіл мəдениетінің деңгейін көтерудің қажетті
құрамдас бөлігі сөйлеу мəдениетін дамыту болуға тиіс.
Айтыстар, мүшəйра, пікірталас турнирлерін жəне жыраулар мен жыршы-
лар конкурстарын ұйымдастыру жəне өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар
болып табылады.
Қазақ жазуын одан əрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған
конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жəне өткізу арқылы іске асы-
рылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мəселесімен айналысатын
мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.
Мемлекеттік тіл саясаты
146
Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті
құру жəне одан əрі дамыту , элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру
арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесін
ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мəдениетін жетілдіру
жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты,
мəдениет жəне өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып,
Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру жəне өткізу, түркі жазбаларына арналған
шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мəдениетін насихаттауға
бағытталған шараларды өткізу дəстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті ша-
ралар қатарына жатады.
Нəтижелер көрсеткіштері:
көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту
дəрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға
қарай - 100%);
тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім
қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық
қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дəрежесі (2014 жылға қарай
- 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);
Төртінші бағыт - лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы
Достарыңызбен бөлісу: |