Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


 Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77

4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

Осы Тұжырымдама мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға, ұлттық 

бірлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз 

етуге,  этносаралық  қатынастар  саласындағы  мемлекеттік  жəне  азаматтық 

институттардың  өзара  іс-қимылын  жандандыруға,  осы  өзара  іс-қимылдың 

тетіктерін  жетілдіруге,  ең  алдымен,  Ассамблея  институты  арқылы  қол 

жеткізуге бағытталған негізгі бағдарлар жүйесінің жиынтығын білдіреді.

Сонымен  қатар  Тұжырымдама  стратегиялық  тұрғыдан  қазақстандық 



қоғамды əлеуметтік жаңғыртудың мақсатына, оның ішінде:

жаңа  индустриялдық-инновациялық  экономика  жəне  Жалпыға  Ортақ 

Еңбек қоғамы жағдайындағы өмірге қоғамды дайындауға;

Қазақстанның  үдемелі  экономикалық  дамуы  мен  қоғамдық  игіліктерді 

кеңінен қамтамасыз етуде оңтайлы теңгерімді табуға;

құқық,  əділдік  жəне  əлеуметтік  жауапкершілік  қағидаттарына  сүйенген 

əлеуметтік қатынастарды нығайтуға сай келеді.

Тұжырымдама мынадай қағидаттардан құрылған:

1) адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;

3) Қазақстанның ұлттық бірлігі, егемендігі мен тұтастығы;

4)  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дініне,  наным-сеніміне  немесе  басқа 

да  жағдайларға  қарамастан  адам  жəне  азаматтың  құқықтары  мен 

бостандықтарының теңдігі;

5)  Ассамблея  мүшелерінің  оның  құрамындағы  тең  құқылығы  жəне  өз 

қызметі үшін жеке жауапкершілігі;

6) транспаренттік.

Тұжырымдаманың  алдағы  кезеңдегі  басым  бағыттары  Конституцияға, 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы» 

Заңына, Доктринаға, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің 

қазақстандық  үлгісіне,  азаматтық  тең  құқылық  конституциялық  қағидат-

тарына сəйкес анықталады.



Мемлекеттік тіл саясаты

160


Бұл саясаттың базалық негіздері:

елдің  тəуелсіздігін  жəне  мемлекеттігін,  қоғамның  толеранттылығы  мен 

жауапкершілігін ұдайы нығайтудың мызғымастығы;

Қазақстан халқының бірлігі;

этностық, діни, мəдени жəне тілдік саналуандық;

қазақ халқының біріктіруші рөлі;

барлық  этностар  үшін  мəдениетті,  тілдер  мен  дəстүрлерді  дамытуға 

қажет жағдайларды жасау.

 Тұжырымдаманың мақсаты - Ассамблея институтын бұдан əрі дамыту 

жəне оның елдің тəуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайтудағы рөлін арттыру, 

патриотизм, қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлін арқау 

ете  отырып  жалпы  құндылықтар  негізінде  қоғамдық  келісім  мен  ұлттық 

бірлікті қамтамасыз ету.

 Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:

1) «Қазақстан - 2050» стратегиясын  іске  асырудың,  күшті  мемлекет, 

дамыған  экономика  жəне  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  мүмкіндіктері  негізінде 

берекелі  Қоғам  қалыптастырудың  тиімді  ресурсы  ретінде  этносаралық 

қатынастарды үйлестіру жəне қоғамдық келісімді нығайту;

2)  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдар  мен 

азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету 

арқылы ұлттық бірлікті қалыптастыру, этносаралық келісім мен қоғамдағы 

толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау;

3) этностық мəдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін 

одан əрі дамыту негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қол жеткізу 

үшін  этномəдени  жəне  басқа  да  қоғамдық  бірлестіктердің  күш-жігерін 

біріктіру;

4) тарихи тəжірибеге жəне демократиялық нормаларға сүйенетін қазақ-

стандық  қоғамның  негізгі  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру, 

азаматтардың саяси-құқықтық, əлеуметтік-адамгершілік мəдениетін дамыту;

5) этностық мəдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін 

дамыту;

6)  шет  елдерде  тұратын  қазақ  диаспорасына  ана  тілі,  мəдениеті  мен 



ұлттық  дəстүрлерін  сақтау  жəне  дамыту,  тарихи  Отанымен  байланысты 

нығайту мəселелеріне қатысты қолдау көрсету;

7)  халықаралық  ұйымдар  жəне  шет  елдердің  азаматтық  қоғам 

институттарымен интеграциялық байланыстарды кеңейту.

Осы міндеттерді іске асыру «Қазақстан-2050» стратегиясы, Президенттің 

Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан-2050»стратегиясын  іске  асырудағы  Ассамблея  жұмысының 

басты  бағыты  «Жаңа  қазақстандық  патриотизм — біздің  көпұлтты 



жəне  көпконфессиялы  қоғамымыз  табысының  негізі»  атты  жетінші 

басымдықпен байланысты. Бұл жұмыс мыналарды қамтиды:

жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

этностық шығу тегіне жəне діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар 

құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

Қазақстанның  барлық  этностарының  мəдениетін  дамыту,  дəстүрлерін, 

даралығын сақтау;

қазақ  тілін  ұлттық  бірліктің  факторы  жəне  қоғам  мен  тілдердің  үш-

тұғырлығының рухани өзегі ретінде дамыту;


Мемлекеттік тіл саясаты

161


жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуда, бүкілқазақстандық бірегейлік 

негізінде ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда ұлттық интеллигенцияның 

рөлін арттыру;

радикализмнің, экстремизмнің жəне терроризмнің кез келген түрлері мен 

көріністерін қабыл алмау.

Тұжырымдама 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ə. 


Назарбаевтың  «Қазақстанды  əлеуметтік  жаңғырту:  Жалпыға  Ортақ 

Еңбек  Қоғамына  жиырма  қадам»бағдарламалық  жұмысында  алға 

қойылған міндеттерді шешуге бағытталған жəне мыналарды:

этносаралық  саладағы  жанжалды  жағдайлардың  алдын  алу,  реттеу  мен 

шешудің нақты құқықтық нормаларын жасауды, этносаралық толеранттылық 

пен қоғамдық келісім үлгісінің жұмыс істеуін;

этносаралық қатынастар саласында толерантты құндылықтар межелерін 

нығайтуды;

қазақстандық  этностардың  қоғамдық  танымына  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 

Қоғамының құндылықтарын сіңіруді;

ел  бірлігін  қалыптастыру  саласында  азаматтардың  əлеуметтік 

бастамаларын  іске  асыру  мақсатында  қоғам  өмірінің  өзіндік  ұйымдастыру 

жүйелерін, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, азаматтық 

қоғам институттарын дамытуды;

қазақстандық  қоғамның  ақпараттық  құрамдас  бөлігін  күшейту, 

этносаралық  қатынастар  мəселелері  бойынша  мемлекет  пен  халықтың 

тұрақты «қайтымды байланысын» нығайту жəне азаматтардың ақпараттануы 

мəселелерінде интернет-технологияларды кеңейтуді;

инновациялық  экономиканың  қозғаушы  күші  жəне  ұлт  бірлігінің  негізі 

ретінде  орта  таптың  өсуіне  жағдай  жасауға  этномəдени  бірлестіктердің 

əлеуетін қолдана отырып көмектесуді;

биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің «сатылас» 

жəне  «деңгейлес»  тұрғызылған  кəсіби  корпусы  арқылы  этносаралық 

саладағы  əлеуметтік  процестерді  тиімді  мемлекеттік  басқару  жүйесін 

жетілдіру, медиация институтын дамытуды көздейді.

Тұжырымдама  Елбасы  айқындаған  «Ұлы  əлем» - G-GLOBAL XXI 

ғасырдағы іргелі əлем сипаты қағидаттарына негізделген:

1.  Революция  емес,  эволюция.  Реформалар  жолы - XXI ғасырда 

өркендеудің жалғыз жолы.

2. Əділдік, теңдік, консенсус. Əлеуметтік серіктестік пен жауапкершілікке 

негізделген жаһандық əлеуметтік дамудың жаңа сатысына көшу.

3.  Жаһандық  толеранттылық  пен  сенім. XXI ғасырда  толеранттылық 

ұғымы  экономикалық  өсудің  маңызды  факторына  айналуда.  Мемлекеттер 

геосаяси  салмағы  мен  ықпалына,  тарихи  тəжірибесіне,  экономикасы  мен 

қоғамның  даму  деңгейіне  қарамастан,  өзара  қарым-қатынаста  толерантты 

болуы тиіс. Толеранттылықсыз жаһандық сенімнің орнауы мүмкін емес.

4.  Жаһандық  транспаренттік. G-GLOBAL тұрпатындағы  əлем - бұл 

ұлттардың  транспаренттік  қоғамдастығы,  онда  үлкен  де,  орта  да,  кіші  де 

ұлттарды қорлайтын «екіжақты» стандарттар болмауы тиіс.

5.  Конструктивтік  саналуандық - бұл XXI ғасырда  жаһандық  дамудың 

тренді.  Қуатты  ықпалдастық  бірлестіктері  қатар,  бейбіт  өмір  сүретін  жəне 

тығыз өзара əрекеттесетін геосаяси бəсекенің жəне қарама-қарсы күштердің 

теңгерімді  жүйесі  қажет.  Тек  конструктивті  саналуандық  жағдайында  ғана 



Мемлекеттік тіл саясаты

162


əлем  жаһандық  экономиканың  өзекті  мəселелерін  шешіп,  орнықты  дамуға 

көшеді.


5.  Мемлекеттік  этносаясатты  қалыптастыру  жəне  іске  асыру 

бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары

Этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  ұлттық  саясатты 

қалыптастыру  мен  іске  асыру  жөніндегі  Ассамблея  қызметінің  алдағы 

кезеңдегі басым бағыттары мыналар болып айқындалды:



5.1. Ұлттық бірлікті қалыптастыру саласында

Ұлттық  бірлікті  қамтамасыз  ету - демократиялық,  зайырлы,  құқықтық 

жəне  əлеуметтік  мемлекет  құрудың  маңызды  шарты.  Елдің  экономикалық 

өсуі,  əлеуметтік  ілгерілеуі  жəне  демократиялық  дамуы  тек  қоғамның 

топтасуы  мен  бірлігін  сақтағанда  ғана  мүмкін  болады.  Полиэтносты  жəне 

поликонфессиялы  құрылымы  бар  мемлекетті  нығайту  этностардың  қазақ 

халқының айналасына топтасуы негізінде қалыптасқан біртұтас азаматтық 

қоғамдастығынсыз  мүмкін  емес.  Əр  этнос  өзінің  дəстүрлерін,  тілін, 

мəдениетін сақтай жəне дамыта отырып, «бір ел - бір тағдыр» қағидатымен 

бірігуі керек.

Мұндай топтасу ортақ құқықтық жəне экономикалық кеңістікті, бірегей 

социумды  жəне  халықаралық  аренада  ортақ  мүдделерді  бірлесе  қорғау 

мақсатында саналы түрде жүруі керек.

Тəуелсіздікті  нығайтуға,  мемлекеттілікті  орнықтыруға,  Қазақстан 

азаматтарының  тағдырластығына  негізделген  ортақ  құндылықтар 

жүйесін қалыптастыруға мыналар арқылы ықпал ету қажет:

Қазақстан  халқының  əл-ауқаты  мен  өркендеуінің,  оның  азаматтарының 

құқықтарын,  бостандықтары  мен  мүдделерін  сақтаудың  басты  шарты 

ретінде Тəуелсіздік пен бостандық, мемлекеттілік пен егемендік, Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамы идеяларын дəйекті тарату;

қоғамда  мемлекеттік  рəміздерге  құрметпен  қарауды  нығайту,  біздің 

басты  байлықтарымызға - Тəуелсіздікке,  жерге,  бірлікке  жəне  руханиятқа 

ықыласты көзқарасты тəрбиелеу;

мемлекет Тəуелсіздігін нығайтуға бағытталған барлық азаматтарды қазақ 

халқының төңірегіне одан əрі топтастыруды қамтамасыз ету;

Қазақстан этностары өкілдерінің бойында бірлік, азаматтық жəне оның 

Отаны - Қазақстан Республикасына тəн екендігі сезімін тəрбиелеу жөнінде 

шаралар кешенін əзірлеу;

Қазақстанның  болашағы  мен  ел  бірлігінің  келешегінің  оң  бейнесін 

қалыптастыру;

Қазақстанның мемлекеттілігін, Тəуелсіздігін жəне аумақтық тұтастығын 

нығайтуға азаматтар мен қоғам тарапынан қолдаудың жаңа түрлерін іздестіру 

жəне жасау;

азаматтық 

қауымдастық 

сезімін 

қалыптастыруға 

бағытталған 

этносаралық  жəне  мəдениетаралық  үнқатысуға,  патриоттық  бағыттағы  іс-

шаралар өткізуге этномəдени бірлестіктерді тарту.

Жаңа  қазақстандық  патриотизмді,  ұлттық-мемлекеттік  сəйкестікті 

жəне ұлттық бірлікті нығайтуға мыналар арқылы ықпал ету:


Мемлекеттік тіл саясаты

163


азаматтарды 

патриотизм, 

тең 

құқылық 


жəне 

жауапкершілік, 

толеранттылық  жəне  ел  бірлігі,  мемлекетке  сенім,  ел  үшін  жəне  оның 

жетістіктері  үшін  мақтаныш  рухында  тəрбиелеудің  біртұтас  жүйесін 

қалыптастыруға атсалысу;

Қазақстанның  этностық  топтарының  мəдениетін,  дəстүрлерін  жəне 

тілдерін  одан  əрі  дамытуды  қамтамасыз  ету  мақсатында  этномəдени 

бірлестіктермен ортақ əлеуметтік мəдени кеңістікті жəне мемлекетке сенімді 

қалыптастыруға бағытталған іс-қимыл жасау;

этномəдени  бірлестіктердің  жаңа  қазақстандық  патриотизмді,  жалпы 

азаматтық  құндылықтарды  қалыптастыруға,  рухани  бірлік,  этносаралық 

келісім  идеяларын  нығайтуға  жəне  таратуға  бағытталған  жобалары  мен 

қызметіне басым қолдау көрсету;

Қазақстандағы  сəйкестікті,  патриоттық  көңіл-күйді,  ұлттық  бірлікті 

нығайту  бойынша  қолданбалы  зерттеулер  саласындағы  ғылыми-зерттеу 

жобаларына қолдау көрсету;

өмір  сапасына,  қауіпсіздікке,  тең  мүмкіндіктер  мен  келешекке  кепілдік 

мəселелерін,  патриотизмді  тəрбиелеуді  жəне  сəйкестікті  нығайтуды 

ақпараттық қолдау саласында жаңа тұжырымдар əзірлеуді қамтамасыз ету;

отандық  кино  жəне  теле  индустрия,  əдебиет  пен  өнер  саласын 

қалыптастыруға, 

олардың 


өнімдерінің 

нарықтағы 

бəсекелестікке, 

патриотизм мен қазақстандық сəйкестікті қалыптастырудың мақсаттары мен 

міндеттеріне сай болуына қолдау көрсету;

білім  беру  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жүйесіне  патриоттық 

сана  жəне  ұлттық-мемлекеттік  сəйкестікті  қалыптастыруға  бағытталған 

стандарттар енгізу жөнінде ұсыныстар əзірлеу;

Қазақстанға  тұрақты  тұруға  көшіп  келгендер  үшін  қазақстандық 

құндылықтарды сөзсіз мойындауды, тарих пен толеранттылық нормаларын 

білуді көздейтін арнайы талаптар əзірлеу жəне енгізу.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге жəне оның қоғамдық 

маңыздылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан этностары тілдерінің 

одан əрі дамуына мыналар арқылы ықпал ету:

ұлттық бірлікті нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілді меңгеру 

бойынша  Ассамблеяның  этностар  арасындағы  кең  ауқымды  ақпараттық 

жұмысын өрістету;

мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейтуде,  оның  қоғамдық  өмірдің 

барлық  салаларына  кірігуіне,  тілдік  орта  қалыптастыруда  Ассамблеяның 

рөлін күшейту;

этностардың арасында мемлекеттік тілдің кеңінен қолдануын насихаттау 

бойынша  жұмысты  ұйымдастыру,  мемлекеттік  əлеуметтік  тапсырыс  тетігі 

арқылы мемлекеттік тілді қолданудың беделін көтеру;

мемлекеттік  тілді,  Қазақстан  этностық  топтарының  тілдерін  оқытудың 

инфрақұрылымын,  арнайы  орталықтар  жүйесін  кеңейтуге,  этномəдени 

бірлестіктер  жанында  мемлекеттік  тілді  үйрету  ұйымдарын  құруға, 

мемлекеттік  тілді  оқытудың  мектептен  тыс  жүйесіне  (жазғы  лагерлер, 

балалар мекемелері жанындағы үйірмелер, жəне т.б.) қатысуына жəрдемдесу;

этномəдени  бірлестіктерді  Ассамблея  тарапынан  қоғамның,  мəдениет 

жəне  өнер  қайраткерлерінің,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының,  Қазақстан 

этностарының  кеңінен  қатысуымен  Қазақстан  халқының  тілдері  күнін 

ұйымдастыруға жəне өткізуге тарту;


Мемлекеттік тіл саясаты

164


мемлекеттік тілді, этнос тілдерін қолдану жəне пайдалану саласындағы 

теріс таптаурындарды алдын-ала анықтау жөніндегі талдау жұмысына жəне 

оларды  жою  бойынша  Ассамблеяның  арнайы  жұмысын  ұйымдастыруға 

Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық əлеуетін тарту;

этностық  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  мемлекеттік  тілде 

сөйлеушінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі материалдардың, сондай-

ақ қазақ тілді контенттің санын көбейту жəне сапасын қамтамасыз ету;

толерантты тілдік орта құру, оның ішінде транспаренттік қағидаттарды 

қамтамасыз  ету,  қоғамдық  пікірді  ескеру,  этномəдени  бірлестіктерді, 

азаматтық  қоғамның  институттарын  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдарын 

ономастикалық  комиссиялардың  жұмысына  кеңінен  тарту  арқылы 

Ассамблеяның жұмыс тəсілдерін жетілдіру;

барлық  мүдделі  адамдардың  қазақ  жəне  басқа  да  тілдерді  үйренуіне 

мемлекеттік қолдау көрсету жəне мемлекеттік тілді насихаттау міндеттерін 

шешуге бағытталған əлеуметтік маңызды жобаларға қолдау көрсету;

қазақ тілін оқыту процесін ұйымдастыруда мемлекеттік-жеке əріптестік 

жəне  этностық  топтарда  мемлекеттік  тілді  оқыту  процесінің  мониторингі 

жүйелерін құруға көмектесу;

этностардың  лингвистикалық  ерекшеліктеріне  бейімделген,  сондай-ақ 

жас  ерекшеліктерін  жəне  мемлекеттік  тілдің  əлеуметтік-коммуникативтік 

функцияларының аясын ескеріп, мемлекеттік тілді меңгерудің осы заманғы 

инновациялық  əдістемелері  мен  нысандарының  біріңғай  жүйесін  енгізуге 

қатысу;

Қазақстан  Республикасы  азаматтығын  алғысы  келетін  иммигранттар 



үшін Қазақстанның тарихы мен мəдениетін білу бойынша тестілеу, сондай-

ақ  мемлекеттік  тілді  игеру  бойынша  арнайы  талаптар  белгілеу  жөнінде 

ұсыныс енгізу, олар үшін тілдік даярлық жүйесін құру.

Қоғамда  қазақ  халқының  тарихи  миссиясы - оның  қоғамды 

топтастырушы  ұйытқы  болуы  жөніндегі,  сондай-ақ  қазақстандық 

этностардың  рөлі  туралы  түсініктің  бекітілуіне  мыналар  арқылы 

ықпал ету:

қазақ  халқының  тарихы  мен  мəдениеті,  оның  мемлекеттілігі,  Еуразия 

тарихындағы  орны  мен  рөлі  туралы  білімді  тарату,  Ұлы  Даланың  тарихи 

мұрасын сақтау жəне этностарды қазақ дəстүрлерімен, ұлттық ерекшелігімен 

одан əрі таныстыру;

Қазақстанның тарихи жетістіктерін, тарихи тұлғаларын насихаттау;

ежелгі  қазақ  жерінде  Қазақстанның  полиэтносты  халқының  қалыптасу 

тарихы жəне қазақ халқының толеранттық рөлі туралы білімді тарату;

қазақ  халқының  топтастырушылық  рөлін,  оның  елді  ұйыстыру 

функциясын,  Қазақстан  халқының  ұлттық  бірлігінің  тарихи  өзегі  рөлін 

объективті көрсететін басты тұжырымдарды негіздеу;

Тəуелсіздікті  нығайтудағы  Қазақстан  этностарының  тарихы  мен  рөлін, 

олардың қазіргі қоғам мен мемлекетті қалыптастырудағы үлесін ашу;

ұлттық  бірлікті  қалыптастырудағы,  Қазақстан  халқының  бірлігін 

қамтамасыз  ететін  маңызды  конституциялық  нормаларды:  этносаралық 

татулықты,  қоғамдық  келісім  мен  тұрақтылықты,  бүкіл  қоғамның  игілігі 

үшін əлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі қазақ халқының 

жəне барлық этностардың жоғары жəне жауапты миссиясы туралы тезисті 

негіздеуге Ассамблеяның қатысуы;


Мемлекеттік тіл саясаты

165


этностық  топтар  ішінде  қазақ  халқының  жəне  басқа  да  этностардың 

тарихына,  мəдениетіне,  дəстүрлері  мен  ерекшелігіне  құрметпен  қарауды, 

қазақ  халқының  тарихи  тағдырына  өзінің  қатыстылығы  мен  ортақтастығы 

сезімін қалыптастыру.



Нығайтушы  жəне  біріктіруші  бастау  ретінде  жалпыхалықтық 

рухтың  негізгі  тұжырымдарын - дəстүрлер  мен  патриотизм,  жаңару, 

бəсекелестік пен жеңіс рухын қалыптастыруды қамтамасыз ету, ол үшін:

қоғамдық санада ұлттық рухтың басты басымдықтарын қалыптастыруға 

қатысу;

халықтың сана-сезімінің, қоғамның рухани қорын жасайтын қайталанбас 



тұтастығының  негізі  ретінде  қазақ  халқының  жəне  басқа  да  этностардың 

дəстүрлерін,  құндылықтарын,  мəдениетін,  тілін  сақтауға  жəне  дамытуға 

қолдау көрсету;

қоғамдық  санада  ұдайы  жаңаруға,  жаңғыруға,  бəсекелестік  артық-

шылықтардың күшеюіне бағыттылықты қалыптастыруға қолдау көрсету;

зияткерлік  ұмтылысқа,  қоғамда  білімге,  ғылымға  жəне  инновацияларға 

көзқарасты өзгертуге, əркімнің өз білімін, дағдыларын, қабілетін, кəсібилігін 

ұдайы жетілдіріп отыруына қолдау көрсету;

ұлтты,  мемлекетті,  қоғам  мен  отбасын  топтастыруға  бағытталған 

дəстүрлерді,  рухани  жəне  имандылық  құндылықтары  мен  дүниетанымдық 

ұстанымдарды сақтауға əрі нығайтуға қолдау көрсету;

қоғам  өмірінің  барлық  салаларын  одан  əрі  жаңғырту,  Қазақстанның 

бəсекеге  қабілеттілігін  табыспен  қамтамасыз  етудің  кепілі  ретінде  зияткер 

ұлт  жасау  бойынша  мемлекеттік  органдармен  жəне  азаматтық  қоғам 

институттарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

5.2.  Мемлекеттік  этносаясатты  іске  асыруға  қолдау  көрсету 

саласында

Бұл саладағы Ассамблеяның қызметі халық бірлігін нығайтуға, демокра-

тияны, мəдениеттер мен өркениеттердің үнқатысуын дамытуға, этносаралық 

бейбітшілік  пен  қоғамдық  келісім  үшін,  мемлекет  пен  азаматтық  қоғам 

институттарының өзара іс-қимылын нығайту үшін жағдай жасауға көзқарасты 

жетілдіруге,  сондай-ақ  олардың  қызметін  үйлестіруге  бағытталған 

құқықтық, саяси, мемлекеттік-басқарушылық шаралардың біртұтас жүйесін 

жасауға қолдау көрсетуге бағытталады. Аталған жұмыс «Қазақстан - 2050» 

стратегиясының, қоғамды əлеуметтік жаңғырту мақсаттары мен міндеттерін, 

Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы  құндылықтарын  орнықтыру  қажеттілігін 

ескере отырып жүргізіледі.

Бұл мақсатта Ассамблея мынадай шараларды іске асыруды көздейді:



Мемлекеттік этносаясатты əзірлеу жəне іске асыру саласында:

жоспарлау,  үйлестіру,  талдамалық  қамтамасыз  ету,  үкіметтік  емес 

сектормен серіктестік сияқты мəселелерді қамтитын əлеуметтік процесстерді 

мемлекеттік  басқарудың  тиімді  жүйесін  əзірлеу  мен  жетілдіруге  қолдау 

көрсету;

этносаралық саладағы іс-қимылды үйлестіру мақсатында мемлекеттік ор-

гандардың қызметіне саяси жоспарлауды енгізуге қолдау көрсету, республи-

ка  мен  өңірлер  деңгейінде  бірлескен  жұмыс  жоспарларын  қабылдау, 

этносаралық  қатынастар  саласында  əлеуметтік  жаңғырту  мəселелерін 


Мемлекеттік тіл саясаты

166


шешуге  жұмылдырылған  басқару  буындарын  үйлестірудің  нақты  сатысын 

жасау;


мемлекеттік  бағдарламаларды,  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық 

жұмыс  жоспарларын,  сондай-ақ  аумақтарды  дамыту  бағдарламаларын 

қалыптастыру  аясында  ұлттық  бірлікті,  этносаралық  келісімді  қамтамасыз 

ету  саласындағы  саясатты  жетілдіру  мəселелері  бойынша  мемлекеттік 

органдарға ұсыныстар əзірлеу;

этносаралық,  конфессияаралық  қатынастардың  дамуына  кері  əсер  етуі 

мүмкін  əлеуметтік  мəселелерді  анықтау  жəне  алдын  ала  шешу  бойынша 

мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен тиімді 

жұмысын қалыптастыру;

индустриялық бағдарламаны іске асыру мен экономиканы жаңғырту жəне 

қоғамды əлеуметтік жаңғырту аясында əлеуметтік жауапкершілік пен əділдік 

ұстанымдарын сақтау үшін Ассамблея əлеуетін (қоғамдық жəне этномəдени 

бірлестіктерді,  Ғылыми-сарапшылық  кеңесті,  этностық  бұқаралық  ақпарат 

құралдарын) тарта отырып, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

толеранттылық пен мəдени саналуандық негізінде қазақстандық қоғамда 

татулық пен күш көрсетпеу мəдениетін қалыптастыру процесіне этномəдени 

жəне қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту;

мемлекеттің  этносаясатының  ғылыми-қолданбалы  базасын  қамтамасыз 

ететін зерттеу мекемелерінің желісін дамыту;

мемлекеттік  органдардың  этномəдени  бірлестіктермен  өзара  іс-қимыл 

тетіктерін жетілдіру, үкіметтік емес сектормен серіктестік қағидатын дəйекті 

жүзеге  асыру,  əртүрлі  үндесу  алаңдарын  құру  мен  қолдау,  бұқаралық  іс-

шараларды бірлесе ұйымдастыру;

«Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіру, халықтың қаржылық сауатын 

көтеру,  жаппай  құқықтық  оқыту,  үдемелі  индустриялды-инновациялық 

даму бағдарламасына, Жұмыспен қамту-2020, Бизнестің жол картасы-2020 

бағдарламаларына қатысу;

этностық қатыстылығына қарамастан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, 

тиісті біліктілігі мен қабілеті бар азаматтарды, əсіресе жастарды мемлекеттік 

қызмет жүйесіне тартудың тетігін жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет