Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет34/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77

мəдени-əлеуметтік салада – жеке сұранысын қамтамасыз етуде банкте, 

емханада, сақтандыру компаниясында, мейрамханада, көлікте;



іскери-əлеуметтік салада – əкімшілікте, салық инспекциясында, МАИ-

де, банкте жəне т.б. жерлерде əлеуметтік-құқықтық мəселелерді шешу бары-

сында;

мəдени салада – театрда, кинода, клубта, көрмеде, мұражайда жəне кітап-

ханада өзінің эстетикалық, танымдық сұраныстарына қатысты жағдайларда 

іске асырады.

Тіл  қолданушы  ортадан  жоғары  деңгей  үшін  өзекті  деген  үш  тақырып 

аясында ауызша сөйлей алуы жəне жаза білуі керек:

Бірінші тақырып аясы жеке тұлға ретінде өзекті болып табылады.

«Адам  жəне  оның  өмірі», «Отбасы», «Жұмысы», «Демалысы», 

«Əйел  жəне  ер  адам», «Ата-ана  жəне  балалар», «Саяхат», «Бос  уақыт», 

«Қызығушылығы».



Екінші тақырып аясы əлеуметтік-мəдени сипатта: «Адам жəне қоғам», 

«Адам жəне саясат», «Адам жəне ғылым», «Адам жəне өнер».



Үшінші тақырып аясы жалпы гуманистік мəселелермен байланысты:

«Адам жəне табиғат», «Жер біздің ортақ үйіміз», «Адамның рухани да-

муы», «Адам жəне əлемдегі өзекті мəселелер».

5.1.2 Сөйлеу біліктілігіне қойылатын талаптар

5.1.2.1 Тыңдалым

Тіл қолданушы бұл деңгей бойынша: 

- таңдалған мəтіні бойынша сұраққа жауап бере алуы;

- жоспар жасай алуы;

- тыңдалған мəтіні бойынша қазақ тілінде суретке сызбаға, кілт сөздерге 

немесе жоспарға сүйене отырып сөйлей алуы;

- мəтінге түйіндеме/бағалау жасай алуы;

- сөйлеушінің негізгі мақсатын түсіне білуі қажет.

Мəтіннің  жекелеген  фрагменттері  бойынша  семантикасын  түсінуі  тек-

серіледі. Сыни түсіну деңгейі мəселелік сипаттағы тапсырмалар көмегімен 

тексеріледі. Мысалы:

- тыңдалған мəтінге рецензия/бағалау бере алуы;

- аннотация/реферат жасай алуы;

- əр түрлі көзқарастарды салыстыра алуы;

- пайымдау, қорытындылаудың объективтілігін анықтай алуы;

- автор қорытындысымен келісу/келіспеуінің негіздемесі;

- сұхбат өткізуі;

- əңгіме немесе пікір-талас ұйымдастыра алуы.



Диалог

Мəтін тақырыбы мəдени-əлеуметтік, əлеуметтік-тұрмыстық, жəне ресми-

іскери тілдік қатынастар саласына байланысты. 

Мəтін көлемі: 200-350 сөз (10-20 тілдесімге дейін).

Таныс емес сөздер: 10 %-ға дейін


Мемлекеттік тіл саясаты

325


Сөйлеу  жылдамдығы:  табиғи  (минутына 220-250 жəне  одан  да  көп 

буын).


Монолог 

Мəтін тақырыбы мəдени-əлеуметтік, əлеуметтік-тұрмыстық жəне ресми-

іскери қатысым саласына байланысты.

Мəтін түрі: айқын бағалауыштық сипатты бейнелеу, хабарлау түріндегі 

монолог; жедел-фактілік сипаттағы ақпараттық мини-монологтар.



Мəтін көлемі: 250-300 сөз.

Таныс емес сөздер көлемі: 10 % дейін.

Сөйлеу  жылдамдығы:  табиғи  (минутына 220-250 жəне  одан  да  көп 

буын).


5.1.2.2 Оқылым

Тіл  қолданушы – оқыған  мəтіннен  фактілік  ақпаратты  ажырата  алуы, 

мəтіннің  идеясын,  тақырыбын  анықтай  алуы,  мəтін  мазмұны  туралы 

ақпаратты ажырата алуы, мəтінге көзқарас, пікірін білдіре алуы керек.

Танысып  оқу,  ізденіп  оқу  барысында  мəтін  ақпаратын  саралап,  талдай 

алу біліктілігі:

- тұрлаусыз фактіден басты фактілерді ажырата алу;

- фактілік материалды топтай алу;

- аса маңызды фактілерді топтай алу;

- фактілерді топтап, біріктіре алуы қажет.

Мəтін бөліктерін сəйкестендіре алу: себеп-салдарлық қатынасты жасай 

алу, мəтін бөліктері арасындағы логикалық байланысты жасай алу біліктілігі, 

тақырыптың  басы  мен  соңын  анықтай  алу  біліктілігі,  мəтіннің  логикалық 

аяқталуын бере алу біліктілігі болуы керек.

Ортадан жоғары деңгейде тіл қолданушыларға мəтіндер сипаттау, баян-

дау түрінде беріледі.

Мəтін тақырыбы мəдени-əлеуметтік, ресми-іскери тақырыптарға байла-

нысты болады.



Мəтін көлемі: 250-400 сөзге дейін

Таныс емес сөздер саны: 10%-ға дейін 

Жылдамдығы: зерттей оқу – минутына 50-60 сөз; 

мазмұнын жалпы қамти оқу – минутына 100-120 сөз. 



5.1.2.3 Жазылым

Тіл  қолданушы – ресми-іскери,  ғылыми  қатысым  саласында  (өтініш, 

қызметтік хат, түсініктеме, сенім хат, ұсыныс жəне т.б.) жазбаша жаза алуы 

керек. 


Композициялық  компоненттерді  (кіріспе,  тақырыпты  талдау,  қорытын-

дылау)  пайдалана  отырып,  оқығаны,  көргені  туралы  бағалау  тұрғысында 

жаза білуі керек.

Ортадан жоғары деңгейде төмендегідей біліктілік қалыптасуы керек:

- оқиға, фактіні сипаттай алады;


Мемлекеттік тіл саясаты

326


- ақпаратты кең тұрғыда хабарлай, сұрай алады;

- өзінің жеке пікірі, қорытындысын білдіре алады;

-  оқиға  фактіні  аргументтер  мен  тілдік  эмоциялық-бағалау  құралдарын 

пайдалана отырып түсіндіре біледі;

- кең тұрғыда жоспар, тезис жасай алады;

- екінші мəтін жаза алады (реферат, аннотация). 



Жазылатын  мəтін  түрі:  ресми-іскери,  ғылыми  санаттағы  жəне  ресми 

емес пайымдау элементтері бар суреттеу-сипаттау түріндегі мəтіндер.



Мəтін тақырыбы: əлеуметтік-тұрмыстық, мəдени-əлеуметтік, ғылыми, 

ресми-іскери қатысым саласы үшін өзекті.

Тіл  қолданушы  ғылыми  шығарма  негізінде  жазбаша  мəтіннің  мынадай 

жазбаша түрін құра алуы керек:

- жоспар (сұраулы, атаулы сөйлем түрінде);

- конспект (цитата, тезис, интегралды);

- аннотация (анықтамалық, ұсынымдық, жалпы, арнайы);

- реферат (ақпараттық, индикативтік, резюме, жалпы, арнайы шолу).

Тіл  қолданушы  реферат  жазу  қағидаттарының  нормативті  құжаттармен 

сəйкес  жазылуы  керектігін  білуі  керек.  Реферат  мəтіні  мынадай  негізгі 

мазмұнды құрауыштардан тұрады: 

- тақырып, зерттелетін тақырып, нысаны, мақсат жəне жұмыс мазмұны; 

- зерттеу əдісі (белгілісі немесе жаңасы);

- нақты нəтижесі (теориялық, экспериментальдық, сипаттамалық); 

-  автор  қорытындысы  (бағалау,  ұсыныстар);  түпнұсқа  мəтінде 

қабылданған/қабылданбаған болжамдар;

- жұмыс нəтижесін қолдану жолдары, аймағы.

Тіл қолданушы:

- түпнұсқа мəтіннен жаңа мəселелік ақпаратты бөліп көрсете алуы жəне 

оны қысқаша жеткізе алуы;

-  ойды  қысқарта  алуы:  суппрессияны  (аса  қажет  емес  ақпаратты  алып 

тастай алу); компрессиялай алу (ақпаратты жоғалтып алмай қысқарта алуы);

-  түпнұсқа  мəтіндегі  қысқартуларды,  терминологияны,  сондағы  тілдік 

құралдарды пайдалана алу керек;

-  қысқарту  барысында  максимум  ақпарат  беретін  грамматикалық 

құралдарды пайдалана алуы керек;

- түпнұсқа мəтін мазмұнын берерде реферат композициясын сақтай алуы 

(кіріспе бөлігі, негізгі жəне қорытынды);

- түпнұсқа мəтіннің негізгі мазмұнына қатысты ғылыми терминді жəне 

тірек сөздерді айыра алуы керек.

Рефераттық құрылымдық-мағыналық бөліктерін рəсімдей алуы үшін тіл 

қолданушы лексика-синтаксистік құралдарды меңгеруі қажет.



Мəтін көлемі: 250-400 сөзге дейін

Таныс емес сөздер саны: 10%-ға дейін

Тыңдалуы: 2 рет.

5.1.2.4 Айтылым

Тіл қолданушы əр түрлі қатысым саласындағы белгілі бір коммуникатив-

тік мақсатқа жетуі керек.


Мемлекеттік тіл саясаты

327


Диалог  түрінде  сөйлемді  ұйымдастыра  алуы,  диалогтың  инициаторы 

бола білуі, əңгімелесіп отырған тақырып бойынша жалғастыра алуы, аяқтай 

алуы керек.

Монологтар бойынша объектіні сипаттау; оқиғаны осы шақ, өткен шақта 

баяндай  алуы,  өзекті  тақырып  бойынша  таңдай  алуы,  өз  пікірін  білдіріп, 

бағалаушы элементі бар түсіндірме бере алуы, қорытынды бере алуы керек. 



Мəтін көлемі: 250-300 сөзге дейін

Таныс емес сөздер саны: 10%-ға дейін.

5.2 Тілдік құзыреттілік мазмұны 

Тіл  қолданушы  тілдік  құралдарды  дұрыс  қолдана  білуі  керек.  Тілдік 

құзырет көлемі тақырыптық жағдайға сəйкес жəне осы деңгейге тəн сөйлеу 

міндеттерімен анықталады.



5.2.1 Фонетика

Қазақ тілінің негізгі фонетикалық, интонациялық нормасын меңгеру 



5.2.2 Сөзжасам. Морфология

5.2.2.1 Сөз құрамы. Түбір жəне қосымша 

5.2.2.2 Зат есім

Зат  есімнің  лексика-грамматикалық  топтары  (жалқы  есім,  жалпы  есім, 

оқиғалық атаулар, белгі атаулары, заттық атаулар, дерексіз ұғым атаулары), 

септіктер.

Септік  жалғауларының  мынадай  мағынада  қолданылуы 3-кестеде 

көрсетілген: 



3-кесте

Септік 

атаулары

Мағыналары

Атау сеп-

тік

 - Заттың,  тұлғаның  қосымша  атауы  (мысалы,  Доцент  Иса-

ев  жұмыста.  Уақыт  жəне  «Қаламгер»  басылымы  жыл  сайын 

шығады. «Тұлпар» жүрдек поезы уақытында келді).



Ілік 

септік

Субъектіні толықтыру (мысалы, Менің атам келді).

Объектіні толықтыру (мысалы, Кітаптың мұқабасы тозған).

Барыс 

септік

Заттың кімге тиесілігін, (мысалы, Бұл маған берілген баға).

іс-қимылдың иесін білдіреді. (мысалы, Маған тез қайту керек. 

Үйге тез қайтуым керек).

Іс-əрекет объектісін білдіреді (мысалы, Үйге тез қайтуым керек).

Əрекет мезгілінің қайталамалылығын

білдіреді. (мысалы, Күзге салым мал жайлаудан қайтады.

Жексенбіге қарай адамдар демалуды ойлайды).



Мемлекеттік тіл саясаты

328


3-кесте (жалғасы)

Табыс 

септік

Тұлғаның қалып-күй субъектісі ретінде: (мысалы, Адамды ісі-

не қарап бағалау керек.

Сан, мөлшер: (мысалы, Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен 

сұра. Білімді мыңды жығады. Білікті бірді жығады).

Əрекет мезгілі (мысалы, Бір жылды артқа тастап, Елге оралды, 

тағы да сағынышым). 

Қозғалыс бағыты (мысалы, Олар ауылды бетке алды.

Асан Қайғы желмаясына мініп,

Жер ұйықты іздеп шықты)



Жатыс 

септік

іс-əрекет объектісі (мысалы, Ол зауытта жұмыс істейді).

іс-əрекет  амалы  (мысалы,  Ол  күні  бойы  көтеріңкі  көңілде 

жүрді. Ол көтеріңкі көңілде сөйледі).

іс-əрекет уақыты (мысалы, Жазда демалысқа шығамыз).

іс-əрекет  мекен  жайы  (мысалы,  Үй  алдында  кемпір  мен  шал 

отыр  екен.  Терезенің  түбінде  күтіп  тұрмын.  Жаз – шанаңды 

сайла, Қыс - арбаңды сайла).



Шығыс 

септік

іс-əрекет объектісі (мысалы, Мектептен келемін).

іс-əрекет мезгілі ( мысалы, Күзден бастап жұмысқа кірісеміз).

іс-əрекет  сипаты  (мысалы,  Екі  аттылы  ауылдан  бері  қарай 

шықты).

іс-əрекет сипаты (мысалы, Шалқасынан түсті).



Көмектес 

септік

іс-əрекет  сипаты  (мысалы,  Жауды  табандылықпен  жеңдік. 

Жомарттығымен аты шықты).

іс-əрекет мезгілі (мысалы, Таң атысымен суыт жүріп кетті. Күн 

батысымен жолға жиналды. 

бірлескен іс-əрекет объектісі (мысалы, Əкеммен кеңестім).



5.2.2.3 Сын есім

Сапалық жəне қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары.



5.2.2.4 Сан есім

Сан есім түрлері



5.2.2.5 Есімдік

Есімдік мағыналарының түрлері жəне қолданылуы. Жіктеу, сілтеу, сұрау, 

өздік, жалпылау, болымсыздық есімдігі.

5.2.2.6 Етістіктер 

Есімше, көсемше, етістік шақтары, етістіктің райлары



5.2.2.7 Үстеу

Үстеудің мағыналық түрлері.



5.2.2.8 Шылау

Септеулік шылаулар, жалғаулық, демеулік шылаулар.



Мемлекеттік тіл саясаты

329


5.2.3 Синтаксис

- сөйлемнің типтік мағыналары;

- жай сөйлем синтаксисі;

-  айтылымның  мағыналық  жəне  құрылымдық  бөліктері  арасындағы 

құралдар.

5.2.3.1  Айтылымның  мазмұндық  байланыстылығын  қамтамасыз 

ететін құралдар:

- есімдіктердің қайталануы;

- лексикалық қайталанымдар;

- синонимдік қайталанымдар;

- трансформациялы қайталанымдар.

5.2.3.2  Айтылымның  логикалық  байланысын  қамтамасыз  ететін 

құралдар:

- сөйлемдер арасындағы себеп-салдарлық қатынастар;

- шарт мəнді қатынас;

- қарсылық мəнді қатынас;

- мақсат мəнді қатынас;

- негіздеме-қорытынды мəнді қатынас;

- мезгіл мəнді қатынас;

- нақтылау мəнді қатынас;

- көрнекілеу мəнді қатынас;

- салыстырмалы мəнді қатынас (сөйлемдердің синтаксистік параллелизмі);

- қорытындылау мəнді қатынас.

5.2.3.3 Құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлемдер;

- ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер;

- қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер;

- себептес салалас құрмалас сөйлемдер;

- талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер;

- кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

- себеп – салдар бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер;

- салыстырмалы бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер.

5.2.3.4 Төл сөз жəне Төлеу сөз

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары жəне керісінше. Төл сөз жəне 

автор сөзі.

5.2.3.5  Айтылымның  коммуникативтік-прагматикалық  аспектісін 

білдірудің лингвистикалық құралдары.

Айтылымның модальдылығын білдіру құралдары: 



Мемлекеттік тіл саясаты

330


- қажеттілікті/тиістілікті білдіру;

- мүмкіндікті/мүмкін еместі білдіру;

- қалауды/қаламауды білдіру;

- хабарламаға күдік, күмəн, сенімділікті білдіру;

- болжамды білдіру;

- хабарламаға интеллектуалдық бағалауды білдіру;

- хабарламаға эмоционалды-экспрессивтік бағаны білдіру;

- хабарламаға жағымды баға беру индикаторы;

- хабарламаға жағымсыз баға беру индикаторы;

- таңданыс индикаторы.

Айтылымның əлеуметтік-мəртебелік аспектісін білдіру құралдары: 

- сыпайылық нысандары;

- формальді қатысым индикаторлары;

- қарым-қатынастағы қаратпа формалары 



5.2.3.6 Мəтін түрлері:

- ақпараттық – түсіндірме;

- ақпараттық – экспликативті;

- ақпараттық – аргументативті;

- ақпараттық – директивті.

5.2.3.7 Диалогтық/полилогтық сөз.

Диалогтық/полилогтық сөздің негізгі түрлері:

- жағдайлық диалог;

- тақырыптық əңгіме;

- дискуссия (диспут, айтыс).

Диалогтық бірлік түрлері:

Сұрау əрекеті

- хабарлама, анықтау;

- хабарлама, түсіндіру.

Шартты сұрау əрекеті – əрекеттің нəтижесін хабарлау. Қарсылықты мəнді 

сұрау  əрекеті – хабарлама,  түсіндірме.  Хабарлама  болымды/болымсыз  (ха-

барлама – түсіндіру).

Бұйрық сұрау мəнді сөйлеу əрекеті – фактінің шындығы туралы болым-

ды/болымсыз хабарлама, объектіні сипаттау.

Жағдайлар туралы сұрау (нəтижесі туралы): хабарлама (əрекет барысы, 

амалы, нəтижесі); хабарлама – бекіту (хабарлама – түсіндіру); хабарлама – 

қорытынды.

5.2.4. Лексика 

Ортадан жоғары деңгейдің лексикалық минимумы – 3000-5000 бірлікті 

құрайды.


Мемлекеттік тіл саясаты

331


А қосымшасы

(ақпараттық)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

__________ № __________



СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, əкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша 

_________________________  деңгейін  меңгергендігін  жəне  тест 

бөліктерінен мынадай нəтижелер көрсеткендігін растайды.

     Бөліктер                                 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1.  Тыңдалым ______________________________________

2.  Лексика-грамматика ______________________________________

3.  Оқылым ______________________________________

4.  Жазылым ______________________________________

5.  Айтылым ______________________________________

Ұйым басшысы

____________________________ _________________________ 

қаласы     

_______________    ___________ 

«___» ___________________ 200 _ ж.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________    ______________


Мемлекеттік тіл саясаты

332


Б қосымшасы

(ақпараттық)

Ортадан жоғары деңгейге арналған тест үлгілері [8]-[11]

Б1. Тыңдалым 

Аудиомəтін 

– Медицинада адамның депрессияға түскенін қалай анықтайды? 

–  Ерлер  əйелдерге  қарағанда  депрессияға  тез  беріліп  кетеді.  Əйел  заты 

қандай  да  бір  қиындыққа  төтеп  бере  алады.  Ал  ер  адам  болмашы  ұсақ-

түйектің өзіне қатты ойланып кетеді. 

– Депрессияның негізгі белгілері қандай? 

– Қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, өзіне-өзі қарағысы 

келмейді. Тамақтың дəмі ұнамайды, ешқайда шыққысы келмейді. Ер адамды 

əдемі  қыз-келіншектер  қызықтыратыны  белгілі,  ал  депрессияға  ұшыраған 

ерлерде ондай да жоқ. 

– Ал мұндай аурудың алдын алу үшін не істеу керек? 

– Бір-ақ нəрсе айтқым келеді. Өз-өздеріңізге берік болсаңыздар болғаны, 

сонда ғана депрессия сізге жоламайды. Депрессия адамның психологиялық 

деңгейімен өлшенетін дүние. 

1. Диалогтың алғашқы бөлігіндегі əңгіме не туралы? 

A) депрессия белгілері 

В) депрессияға ұшырау

С) депрессия дегеннің не екендігі

D) депрессияға кімдердің бейім екендігі 

2. Диалог мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Маманның ойынша, əйелдер ... .

A) қиындыққа төтеп береді 

В) ұсақ-түйекке ойланып кетеді

С) болмашы нəрсеге ашуланады

D) ортақ қызығушылығы төмендейді 

3. Диалог бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Депрессияға ұшыраған ерлерге ғана тəн ерекшелік ... .

A) өз-өзіне қарай алмау 

В) ешқайда шыққысы келмеу

С) қоршаған ортаға қызықпау

D) əдемі қыз-келіншектерге көңіл бөлмеу

Аудиомəтін 

– Сіз мемлекеттік тіл мəселесін жиі көтеріп жүрсіз. Осы тұрғыда қандай 

ойларыңыз бар?

–  Мемлекеттік  тілді  қолдауға  қаржы  да  бөлініп  жатыр,  жұмыс  та 

атқарылып келеді. Бірақ мемлекеттік тіл өзінің мəртебесіне қол жеткізе ал-


Мемлекеттік тіл саясаты

333


май  отыр.  Келесі  жылдан  бастап  еліміздегі  барлық  мемлекеттік  органдар 

түгелдей мемлекеттік тілге көшуі қажет. Мемлекеттік тілде іс жүргізіп жа-

тыр  деген  мекемелердің  өзі  қазақ  тілін  аударма  ретінде  қолданып  келеді. 

Мəселен,  Парламентке  келіп  түскен  заң  жобалары  да  орыс  тілінде  дайын-

далып,  қазақ  тіліне  аударылады.  Тілдің  орашолақ  қолданылғаны,  аударма 

жасалғаны  байқалып  тұрады.  Мағынасы  келмейтін  тұстары  жиі  кездеседі. 

Мұны қазақ емес мен де байқаймын.

–  Тəуелсіз  ел  болғанымызға 18 жыл  толады.  Егер  күніне  бір  сөзден 

жаттағанда, осы жылдардың ішінде 6,5 мыңдай сөзді үйреніп алуға болады. 

Таңнан  кешке  дейін  бір  сөзді  үйрену  қиын  емес. 6 мың  сөзді  білген  адам 

қазақша сөйлемейді, ол қазақша сайрайды. Оның кітап жазуына болады. 

– Оған неге қол жеткізе алмадық?

– Мемлекеттік қызметке жаңадан алынатындарға жоғары талап қойылуға 

тиіс. Осындай норманы заңға енгізуіміз қажет. Мұндай талап қойылса, мем-

лекеттік тілді білетіндердің үлесі бірнеше пайызға артып шығады. Айталық, 

Қытайда  қытай  тілін  білмесең  қызметке  алынасың  ба?  Осы  өзбек  тілін 

білмейтін өзбек бар ма? Қазақстанда өз тілін білмейтін өзбек бар деп айта 

алмаймын.  Мүмкін,  алыс  шетелде  туылып,  сонда  өскен  қандастарымыз 

кездесіп қалуы мүмкін. Бала дүниеге келгеннен кейін, 5 жасқа дейін өз тілін-

де тəлім алса, ол тілін еш уақытта ұмытпайды. Ана сүтімен бойына сіңген 

тіл ешқашан жоғалмайды. Қазақ жігіттерінің «өз тілімді білмейтінім кезін-

де мектеп болмаған соң, орысша оқыдық» дегенімен келіспеймін. Дүниеге 

келгеннен  кейін,  отбасында  тілді  үйренбегендігі,  оған  ата-анасының  мəн 

бермегендігі  себеп  болып  отыр.  Заманның  да,  қоғамның  да  кесірі  емес, 

ата-анасының  кінəсі.  Өзбектерде  балалар  қай  тілде  білім  алса,  сəби  кезі-

нен  отбасында  өзбек  тілін  толық  меңгеріп  шығатыны  салт-дəстүр  ретінде 

қалыптасты. 

– Қазір бір кездері қазақша білмегеніңіз ешқандай байқалмайды. Туғаннан 

қазақша сөйлеген адам сияқтысыз. 

– Енді «Сөйлей-сөйлей шешен боласың, көре-көре көсем боласың» деп 

бекер айтпаған ғой. Сөйлей бермесең еш уақытта үйренбейсің. Қате сөйлеп 

қоямын-ау деп қорықпауың керек. Аз білсең де сөйлей білуің керек. Келе-

келе тілің жаттығады. Ел алдында сөйлемесең де, үйіңде, жұмысқа келген-

де  əріптестеріңмен  қазақша  тілдес,  соның  бəрі  нəтиже  береді.  Күндердің 

күнінде мінберге шығып сөйлейтін боларсың. 

С. Мағзұмовпен сұхбат, «Жас қазақ» газетінен

1. Сұхбат мазмұнына қарай сөйлемді аяқтаңыз.

Сұхбаттасушының пікірінше, еліміздің ... .

А) мемлекеттік тілге көшуіне əлі ерте

В) мемлекеттік тілге көшуі міндетті емес

С) мемлекеттік тілге көшетін уақыт енді болды

D) мемлекеттік тілге көшетін уақыты баяғыда болған

2. Сұхбат мазмұнына қарай сөйлемді толықтырыңыз.

Ол Парламентте мемлекеттік тілде ... мəселесін қоймақ. 

А) мектептерде оқытылу 



Мемлекеттік тіл саясаты

334


В) сапалы аударма жасау 

С) заң жобасының жүргізілу тəртібі

D) мемлекет басындағылардың тілді меңгеру деңгейі

3. Мемлекеттік тілге қол жеткізудің негізгі тəсілі

А) қазақтардың санын көбейту 

В) оқу бағдарламаларын сапалы дайындау

С) қызмет көрсету орындарда мемлекеттік тілді талап ету

D) мемлекеттік қызметке қазақ тілін білетін адамдарды алу

5. Сұхбат мазмұнына сай сөйлемді толықтырыңыз.

Билік басындағыларға көп тілді білу ... қажет.

А) елге танылу үшін 

В) халықпен тіл табысу үшін

С) жан-жақты білімпаз болу үшін

D) халықпен қарым-қатынас жасау үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет