Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Министр  М. Құл-Мұхаммед



Pdf көрінісі
бет32/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77

Министр 

М. Құл-Мұхаммед

Мемлекеттік тіл саясаты

301


Қазақстан Республикасы

Мəдениет жəне ақпарат министрінің

2013 жылғы 12 қазандағы

№ 234 бұйрығына 

 қосымша

Қазақстан Республикасы

Мəдениет министрінің

2011 жылғы 28 ақпандағы

№ 37 бұйрығымен 

бекітілген

Нысан

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану 

саласындағы тексеру парағының нысаны

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

_________________________________________________________________

Тексеруді  тағайындау  туралы  акт _______________________________

__(№, күні)

Тексерілетін субъектінің атауы ___________________________________

_________________________________________________________________

Жеке сəйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________________

Бизнес сəйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________

Субьектінің орналасқан мекенжайы _______________________________

_________________________________________________________________



Талаптар тізбесі

Иə  Жоқ 

1

іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы



2

көрнекі  ақпараттар  мəтіндерін  орналастыру  тəртібінің 

сақталмауы

3

азаматтардың  өтініштеріне  қайтарылатын  жауап  тілінің 



сақталмауы

4

құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі 



5

актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы



Мемлекеттік тіл саясаты

302


Тексерудің аяқталу мерзімі: 20 жылғы « ____»______________

Тексеруді жүргізген(дер): ___________ ___________ __________________

 

(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, əкесінің аты)



___________ ___________ ___________________

 

(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, əкесінің аты)



Бақылау субъектісінің 

басшысы:__________ ___________ ____________________

(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, 

əкесінің аты)



Мемлекеттік тіл саясаты

303


Қазақстан Республикасы 

Мəдениет министрінің

2011 жылғы 28 ақпандағы 

№ 38 бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану 

саласындағы тəуекелдер дəрежесін бағалау критерийлері

1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы 

тəуекелдер  дəрежесін  бағалау  критерийлері  (бұдан  əрі  критерийлер) 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау тура-

лы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының 13-бабы 

3-тармағын мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 

шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын орындау үшін əзірленген.

2. Осы критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:

1) бақылау субъектісі – қызмет барысында іс жүргізуде тілдерді Қазақстан 

Республикасының  тіл  туралы  заңдарына  сəйкес  қолданатын  орталық  жəне 

жергілікті атқарушы органдар;

2) тəуекел – орталық жəне жергілікті атқарушы органдар тарапынан тіл ту-

ралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шара қолданбауы.

3. Тəуекел дəрежесіне байланысты субъектілер мынадай жоспарлы тек-

серіс жүргізу мерзімділігімен жоғары, орташа жəне болмашы тəуекел топ-

тарына жатады:

объектілердің жоғары дəрежелі тəуекелінде - жылына бір реттен;

объектілердің орташа дəрежелі тəуекелінде - үш жылда бір реттен;

объектілердің болмашы дəрежелі тəуекелінде - бес жылда бір реттен жиі 

емес.


4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері болмашы тəуекел дəрежесіне 

жатқызылады.

5. Бұдан əрі тексеру нəтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған 

баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тəуекел 

дəрежесінің тиісті топтарына бөлінеді:

1) тəуекел дəрежесінің болмашы тобына тексеру нəтижесі бойынша 1-ден 

5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

2) тəуекел дəрежесінің орташа тобына тексеру нəтижесі бойынша 6-дан 

11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

3)  тəуекел  дəрежесінің  жоғары  тобына  тексеру  нəтижесі  бойынша 11 

баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады.

6. Тəуекел дəрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:

іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл;

көрнекі ақпараттар мəтіндерін орналастыру тəртібінің сақталмауы – 2 балл;

азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы – 3 

балл;


құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі – 4 балл;

актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы – 5 балл.



Мемлекеттік тіл саясаты

304


                                       Қазақстан Республикасы 

                                             Үкіметінің 

                                      2006 жылғы 28 қазандағы 

                                          N 1025 қаулысымен 

                                              бекітілген 

Мемлекеттік  тіл  саясатын  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  комиссия 

туралы ереже 1. Жалпы ережелер

1.  Мемлекеттік  тіл  саясатын  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  комиссия 

(бұдан  əрі - Комиссия)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан 

халықтары Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасының 

Үкіметіне берген тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын іске 

асыру,  мемлекеттік  тілді  енгізу  тиімділігін  арттыру  жөнінде  ұсыныстар 

əзірлеу мақсатында құрылған.

Ескерту. 1-тармаққа  өзгерту  енгізілді - ҚР  Үкіметінің 2008.06.11 N 577 

Қаулысымен. 

2.  Комиссия  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы 

консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 

Қазақстан  Республикасының  заңдарын,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  мен  Үкіметінің  кесімдерін,  Қазақстан  Республикасының  өзге 

де  нормативтік  құқықтық  кесімдерін,  сондай-ақ  осы  Ережені  басшылыққа 

алады. 


2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

1) мемлекеттік тілді кешенді жəне жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс 

тілін  білудің  жоғары  деңгейін  сақтап  қалу,  ағылшын  тілін  тереңірек  жəне 

қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар əзірлеу; 

2) мемлекеттік тіл саясатын жəне тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін 

одан əрі жетілдіру. 

5. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сəйкес функциялары: 

1)  тілдерді  дамыту  мəселелерін  қарау  жəне  тиісті  ұсыныстар  мен 

ұсынымдар əзірлеу;

2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен;

3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен;

4) мемлекеттік тіл саясатын жəне тиісті жобаларды іске асыру саласында 

орталық, жергілікті жəне өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын 

талдау болып табылады.


Мемлекеттік тіл саясаты

305


Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 

Қаулысымен.



3. Комиссияның құқықтары 

6.  Комиссияның  заңнамада  белгіленген  тəртіппен  өз  міндеттері  мен 

функцияларын жүзеге асыру үшін: 

1)  орталық  мемлекеттік  жəне  жергілікті  атқарушы  органдардан  жəне 

өзге  де  ұйымдардан  Комиссияның  міндеттерін  іске  асыру  үшін  қажетті 

ақпараттар мен материалдарды сұратуға жəне алуға; 

2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, тіл құрылысы, тілдерді дамыту, 

терминология  жəне  ономастика  мəселелеріне  байланысты  проблемалық 

мəселелерді  талдау  жəне  зерделеу  үшін  қажеттілігіне  қарай  мемлекеттік 

органдардың жəне мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, 

қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жəне ұлттық мəдени 

орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ отандық жəне шетелдік сарапшыларды 

тартуға; 

3) Комиссияның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша өз отырыстарында 

орталық  мемлекеттік  жəне  жергілікті  атқарушы  органдардың  жəне  өзге  де 

ұйымдардың өкілдерін тыңдауға; 

4)  мемлекеттік  тіл  саясаты  саласында  əзірленетін  ұсыныстар  мен 

ұсынымдарды кеңінен талқылауды ұйымдастыруға құқығы бар.



4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыс-

тарда  төрағалық  етеді,  жұмысты  жоспарлайды,  шешімдердің  іске  асыры-

луын жалпы бақылауды жүзеге асырады жəне оның қызметіне жеке жауапты 

болады. 

Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. 

8. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Тілдерді 

дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы 

болып табылады.

Ескерту. 8-тармақ  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 04.09.2014 N 970 

қаулысымен.

9.  Комиссияның  жұмыс  органы  комиссияның  жұмысын  ұйымдастыру-

шылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия 

отырысының  күн  тəртібі  бойынша  ұсыныстарды,  қажетті  құжаттарды, 

материалдарды  дайындайды,  олар  комиссия  отырысы  өткізілгенге  дейін 

үш  жұмыс  күні  қалғанда  хаттама  жобасымен  қоса  комиссия  мүшелеріне 

жіберілуі тиіс.

Ескерту. 9-тармақ  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 09.04.2014 N 329 

қаулысымен.


Мемлекеттік тіл саясаты

306


10.  Комиссия  отырысы  өткізілгеннен  кейін  комиссия  хатшысы  хаттама 

ресімдейді.

Ескерту. 10-тармақ  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 09.04.2014 N 329 

қаулысымен.

11.  Комиссияның  отырыстары  қажеттілігіне  қарай,  бірақ  тоқсанына 

кемінде бір рет өткізіледі. 

Комиссияның  жоспардан  тыс  отырыстарын  Комиссияның  қарауына 

енгізілетін,  ұсынылған  материалдар  негізінде  Комиссияның  төрағасы 

шақырады. 

12.  Комиссияның  отырысы,  егер  оған  Комиссия  мүшелерінің  жалпы 

санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады. 

Комиссияның мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады. 

13.  Осы  Ереженің 10-тармағында  көрсетілген  материалдарды  қарау 

қорытындылары  бойынша  Комиссияның  мүшелері  Комиссияның  кезекті 

отырысында өз ұсыныстарын енгізеді. 

14.  Отырыстардың  күн  тəртібін,  сондай-ақ  олардың  өткізілетін  уақыты 

мен орнын Комиссия мүшелерімен келісім бойынша Комиссияның төрағасы 

белгілейді жəне нақтылайды. 

15.  Комиссия  шешімдері  ашық  дауыс  беру  арқылы  қабылданады  жəне 

егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, 

қабылданды  деп  есептеледі.  Дауыс  беру  комиссия  отырысында  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы  № 247 қаулысымен 

бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-

кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тəртібі, қызметі мен таратылуы 

туралы нұсқаулыққа (бұдан əрі – Нұсқаулық) сəйкес нысан бойынша дауыс 

беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, 

төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

 Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген 

жағдайда,  ол  жазбаша  түрде  жазылуы  жəне  Нұсқаулықтың 24-тармағында 

көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

 Комиссия  отырыстарын  өткізу  нəтижелері  бойынша  жəне  дауыс  беру 

парақтарының  негізінде  үш  жұмыс  күні  ішінде  хаттама  жасалады,  оған 

төраға мен хатшы қол қояды.

 Дауыс  беру  қорытындысы  бойынша  хаттама  жобасының  мазмұны 

өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған 

редакциясы  бар  дауыс  беру  парағын  комиссия  мүшелеріне  келісу  үшін 

жібереді.

 Комиссия  мүшелері  дауыс  беру  парағын  алғаннан  кейін  бір  жұмыс

күні  ішінде  келісу  не  келіспеу  туралы  себептерін  негіздей  отырып  жауап 

береді.


Ескерту. 15-тармақ  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 09.04.2014 N 329 

қаулысымен.



Мемлекеттік тіл саясаты

307


15-1.  Дауыс  беру  парақтарымен  қоса,  комиссия  материалдары  мен 

хаттамалық шешімдерін есепке алуды жəне сақтауды комиссияның жұмыс 

органы жүзеге асырады.

Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 

N 329 қаулысымен.

16.  Комиссия  мемлекеттік  тіл  саясатына  қатысты  мəселелерді  қарау 

қорытындылары бойынша ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады. 

17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.

19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1591 Қаулысымен.



5. Комиссияның қызметін тоқтату

20.  Комиссия  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімі 

негізінде тоқтатады. 


Мемлекеттік тіл саясаты

308


Қазақстан Республикасы   

Үкіметінің  

2006 жылғы 28 қазандағы  

N 1025 қаулысымен     

бекітілген  

Мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру жөніндегі

комиссияның құрамы

Ескерту.  Құрам  жаңа  редакцияда - ҚР  Үкіметінің 04.09.2014 N 970 

қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі, төрағаның 

орынбасары

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді 

дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы

Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің  орынбасары  (келісім 

бойынша)


Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  жəне  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары 

(келісім бойынша)

Қазақстан  Республикасының  Парламенті  Сенатының  депутаты  (келісім 

бойынша)

Қазақстан  Республикасының  Парламенті  Сенатының  депутаты  (келісім 

бойынша)

Қазақстан  Республикасының  Парламенті  Сенатының  депутаты  (келісім 

бойынша)

Қазақстан Республикасының Парламенті Мəжілісінің депутаты (келісім 

бойынша)

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Əділет министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  төрағасының  орынбасары - Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  Əкімшілігі  Хатшылығының  меңгерушісі 

(келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің 

меңгерушісі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт вице-министрі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Əлеуметтік-

экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Қазақстан  Республикасы  Бас  прокурорының  аға  көмекшісі - Қазақстан 

Республикасының Парламентіндегі өкіл (келісім бойынша)



Мемлекеттік тіл саясаты

309


«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Егемен  Қазақстан»  республикалық  газеті»  акционерлік  қоғамының 

президенті (келісім бойынша)

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті»  республикалық  мемлекеттік 

кəсіпорнының халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының 

меңгерушісі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті»  республикалық  мемлекеттік 

кəсіпорны философия кафедрасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов 

атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының 

директоры

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы директорлар 

кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті»  республикалық  мемлекеттік 

кəсіпорнының профессоры

«Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» республикалық 

қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)


Мемлекеттік тіл саясаты

310


Қазақстан Республикасы

Мəдениет жəне спорт министрлігінің

 2014 жылғы «14» қазандағы

№ 36 бұйрығымен бекітілген

 

«Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» 

мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Тілдерді 

дамыту  жəне  қоғамдық-саяси  жұмыс  комитеті  (бұдан  əрі  -  Комитет)  өзіне 

жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Мəдениет 

жəне  спорт  министрлігінің  (бұдан  əрі - Министрлік)  ведомствосы  болып 

табылады. 

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 

Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің жəне Қазақстан Рес-

публикасы Үкіметінің актілеріне, ішкі нормативтік құжаттарға, өзге де норма-

тивтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сəйкес жүзеге асырады.

3.  Комитет  мемлекеттік  мекеменің  ұйымдастырушылық-құқықтық 

нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік 

тілде  өз  атауы  жазылған  мөрі  мен  мөртабандары,  белгіленген  үлгіде 

бланкілері,  сондай-ақ  заңдарға  сəйкес  қазынашылық  органдарында  есеп 

шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  Комитеттің,  егер  оған  заңдарға  сəйкес  уəкілеттігі  болса,  мемлекеттің 

атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.

6.  Комитет  өз  құзыретіндегі  мəселелер  бойынша  заңдарда  белгіленген 

тəртіппен  Төрағаның  немесе  оның  міндетін  атқарушы  тұлғаның 

бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  Комитеттің  құрылымы  мен  штат  санын  Қазақстан  Республикасы 

Мəдениет  жəне  спорт  министрінің  келісімімен  Министрліктің  жауапты 

хатшысы бекітеді.

8.  Комитеттің  заңды  мекен-жайы: 010000, Астана  қаласы,  Есіл  ауданы, 

Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.

9.  Комитеттің  толық  атауы: «Қазақстан  Республикасы  Мəдениет  жəне 

спорт  министрлігінің  Тілдерді  дамыту  жəне  қоғамдық-саяси  жұмыс 

комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11.  Комитеттің  қызметін  қаржыландыру  республикалық  бюджеттен 

жүзеге асырылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

311


12. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау 

тұрғысында кəсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол 

берілмейді.

13. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен 

кірістер əкелетін қызметті жүзеге асыру құқы берілсе, онда мұндай қызметтен 

түскен кірістер бюджетке жолданады.



2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, 

құқықтары мен міндеттері

14. Міндеттері:

1)  тілдерді  дамыту  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру  жəне 

мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

2)  Қазақстан  Республикасындағы  қоғамдық  келісімді,  ішкі  саяси 

тұрақтылықты  нығайту,  мемлекеттік  рəміздерді  пайдалану  саласындағы 

мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

3) Комитетке жүктелген өзге де мiндеттер.

15. Функциялары:

1)  тиісті  салаларда  нормативтік  құқықтық  актілерді,  сондай-ақ 

келісімдерді, меморандумдарды жəне келісімшарттарды əзірлеу;

2)  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  тiлдi  барынша  дамытуды, 

оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  мемлекеттік  тіл 

саясатын  одан  əрі  жетілдіру,  республикалық  терминологиялық  жəне 

ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

4) орталық жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, 

астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының 

тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

5)  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасында  белгiленген 

талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

6)  тиiстi  органдарға  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы 

заңнамасының  бұзылуына  кiнəлi  лауазымды  адамдарға  тəртiптiк  жазалау 

шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;

7)  тілдерді  дамыту  саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  іске 

асыру  жөніндегі  қызметтің  ақпараттық,  əдістемелік  қамтамасыз  етілуін 

ұйымдастыру;

8) мемлекеттік жəне салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру 

жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;

9)  тілдерді  дамыту, iшкi  саяси  тұрақтылықты,  қоғамдық  келiсiмдi 

нығайтуға  бағытталған  халықаралық,  республикалық  жəне  өзге  де  iс-

шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;

10)  мемлекеттiк  органдардың  мемлекеттiк  əлеуметтiк  тапсырысты 

қалыптастыру жəне iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;

11)  мемлекеттiк  əлеуметтiк  тапсырысты  қалыптастыратын  жəне  iске 

асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, əдiстемелiк 

қолдау көрсету;

12) мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге 

асыру;


Мемлекеттік тіл саясаты

312


13)  Қазақстан  Республикасының  Үкiметiне  мемлекеттiк  əлеуметтiк 

тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат 

беру;

14)  Мемлекеттiк  əлеуметтiк  тапсырыстың  өнiм  берушiлер  тiзiлiмiн 



жүргiзудi жүзеге асыру;

15)  мемлекеттiк  əлеуметтiк  тапсырыс  саласындағы  электрондық 

ақпараттық  ресурстарды  құру  жəне  олардың  жұмыс  iстеуiн  қамтамасыз 

ету,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  жеке  жəне  заңды 

тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;

16) ұлттық стандарттарға сəйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттiк  Туын,  Мемлекеттiк  Елтаңбасын  ауыстыру  жəне  жою 

қағидаларын əзiрлеу;

17)  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттiк  Туын,  Мемлекеттiк 

Елтаңбасын 

жəне 

олардың 


бейнелерiн, 

сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттiк  Əнұранының  мəтiнiн  орналастыру  жəне 

пайдалану қағидаларын əзiрлеу;

18) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;

19) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

20) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

21) үкіметтік емес ұйымдармен өзара əрекет жасау;

22)  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік 

рəміздер  жөніндегі  республикалық  комиссияның  жұмысын,  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Үкіметтік  емес  ұйымдармен  өзара 

əрекет жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметтерін қамтамасыз ету;

23)  Қазақстан  халқы  Ассамблеясында  отырыс  өткізуді  ұйымдастыруға 

қатысу;

24) қоғамдық-саяси ахуал жөнінде жергілікті атқарушы органдармен өзара 



əрекет, ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-талдау 

материалдарын дайындау;

25)  Комитет  құзыретiне  жататын  мəселелер  бойынша  түсiндiру 

жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

26)  Комитет  құзыретiне  жататын  мəселелер  бойынша  ақпараттық-

насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;

27) Комитет құзыретіне жататын мəселелер бойынша стратегиялық жəне 

бағдарламалық құжаттарды əзірлеуге қатысу;

28)  заңнамада  белгіленген  шарттарда  жəне  тəртіпте  əкімшілік  құқық 

бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;

29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының 

Президентi  мен  Үкiметiнiң  актiлерiнде  көзделген  өзге  де  функцияларды 

жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері: 

1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау; 

2)  мемлекеттік  органдардан,  ұйымдардан,  олардың  лауазымды 

адамдарынан  заңнамада  белгіленген  тəртіппен  қажетті  ақпаратты  жəне 

материалды сұрату жəне алу; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; 

4) Комитеттің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру; 



Мемлекеттік тіл саясаты

313


5)  Комитеттің  құзыреті  шегінде  конкурстарды,  фестивальдарды, 

конференцияларды,  семинарлар  жəне  басқа  іс-шараларды  ұыймдастыру 

жəне өткізу; 

6)  тілдерді  жəне  қоғамдық-саяси  жұмысты  дамытуға  еңбегін  сіңірген 

тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу; 

7)  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасында  көзделген 

өзге де құқықтарды жүзеге асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет