Əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 қаулысы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы тура-
лы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
14-1-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау жəне өзгерту кезінде тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мемлекеттік тіл саясаты
291
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 қаулысымен
бекітілген
Əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлік-
теріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транс-
крипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін еске-
ру қағидалары «Қазақстан Республикасының əкімшілік аумақтық құрылысы
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағына сəйкес
əзірленді жəне ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, қаладағы аудан-
дарға, қалаларға, аудандарға, шағын аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға,
бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, скверлерге,
көпірлерге жəне елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне (бұдан əрі
– елді мекендердің құрамдас бөліктері) атау беру жəне оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау жəне өзгерту
кезінде тиісті аумақтағы халықтың пікірін ескерудің тəртібін анықтайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық
жəне облыстық маңызы бар қалаларға, астанаға, қаладағы аудандарға,
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады жəне
мəслихаттардың қарауына енгізеді.
3. Кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға, аудандық маңызы бар
қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен
өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы
органдар мен кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, аудандық
маңызы бар қалалардың əкімдері жергілікті қоғамдастық жиналыстарын
өткізу арқылы ұйымдастырады.
2. Облыстарға, аудандарға, республикалық жəне облыстық маңызы
бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру жəне оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру тəртібі
4. Тиісті жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға,
республикалық жəне облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға,
Мемлекеттік тіл саясаты
292
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды
тиісті мəслихаттардың қарауына енгізеді.
5. Тиісті аумақ халқының пікірі мəслихаттың тұрақты комиссияларының
өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресім-
деледі.
6. Тиісті мəслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамалары жеті
жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын-
да орналастырылады жəне тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында
таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7. Тиісті мəслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен
ресімделген облыстарға, аудандарға, республикалық жəне облыстық маңызы
бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне
атау беру жəне оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транс-
крипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының ескерілген
пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына
сəйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.
3. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар
қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау
мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тəртібі
8. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар
қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау
мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті
атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық
маңызы бар қалалардың əкімдерімен бірлесе отырып:
1) жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімін анықтайды жəне
оның өткізілетін күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өздерінің
интернет-ресурсында орналастырылады (бар болса) жəне тиісті аумақта тара-
латын бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың күн тəртібі, өткізілетін
күні, орны жəне уақыты көрсетілген хабарландыру орналастырады;
2) өздерінің интернет-ресурстарында (бар болса) жəне бұқаралық ақпарат
құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.
9. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар
қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау
мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру ашық дауыс
беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша шешім
қабылданады. Дауыс беру қорытындысы жиналыс өткен жерде жарияланып,
хаттамамен ресімделеді.
10. Хаттамада «қолдап» немесе «қарсы» дауыс бергендердің жалпы саны
көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандардың
тізімі қоса тіркеледі.
11. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалары ол өткізілгеннен
кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интер-
Мемлекеттік тіл саясаты
293
нет-ресурстарында (бар болса) жəне тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің
аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
12. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар тиісті аумақ халқының
пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен тиісті ономас-
тика комиссияларының қарауына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге,
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
бойынша ұсыныс енгізеді.
13. Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар
қалалардың əкімдері тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындысы
бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру жəне оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс ен-
гізеді.
14. Аудандық жергілікті атқарушы органдар тиісті ономастикалық
комиссиялардың қарауына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің,
аудандық маңызы бар қалалардың елді мекендердің құрамдас бөліктеріне
атау беру жəне оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транс-
крипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.
Мемлекеттік тіл саясаты
294
28 ақпан 2011 жылғы №38 бұйрық
Қазақстан Республикасының тіл туралы
заңдарын қолдану саласындағы
тəуекелдер дəрежесін бағалау
критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау
туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 3-тармағына сəйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын
қолдану саласындағы тəуекелдер дəрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жарияла-
нуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің ин-
тернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т. Телебаевқа
жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде мем-
лекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
М. Құл-Мұхаммед
Мемлекеттік тіл саясаты
295
Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде
Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтауына жеке
кəсiпкерлiк аясындағы тəуекелдер дəрежесiн бағалау өлшемдерiн жəне
тексеру парағының нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрiнiң 2013 жылғы
29 наурыздағы № 70 жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрiнiң
2013 жылғы 29 наурыздағы № 01-04-03/27НҚ бiрлескен бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Əдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 29 сəуiрде № 8440 тiркелдi
«Егемен Қазақстан»19.06.2013 ж. № 151 (28090);
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлде-
дегi Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына жəне
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау
туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 4-тармағына сəйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекiтiлсiн:
1) осы бiрлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сəйкес жеке кəсiпкерлiк
саласында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының дерек-
темелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде сақталуы бойынша
тəуекел дəрежесiн бағалау өлшемдерi;
2) осы бiрлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сəйкес жеке кəсiпкерлiк
саласында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының дерек-
темелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде сақталуы бойынша
тексеру парағының нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлiгiнiң Тiл
комитетi заңнамада белгiленген тəртiпте:
1) осы бiрлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Əдiлет минис-
трлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бiрлескен бұйрықтың
бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бiрлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпа-
рат министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бiрлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республи-
касы Мəдениет жəне ақпарат вице-министрi А.О. Қырықбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бiрлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он
күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Мəдениет
жəне ақпарат министрi
______________М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң Бiрiншi орынбасары
– Қазақстан Республикасы Өңiрлiк
даму министрi
______________ Б. Сағынтаев
Мемлекеттік тіл саясаты
296
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрiнiң
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70
жəне Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Бiрiншi
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Өңiрлiк даму
министрiнiң
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 01-04-03/27НҚ
бiрлескен бұйрығына
1-қосымша
Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде
Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтауына жеке
кəсiпкерлiк аясындағы тəуекелдер дəрежесiн бағалау өлшемдерi
1. Осы деректемелер мен көрнекi ақпараттар саласындағы жеке
кəсiпкерлiк аясында тəуекел дəрежесiн бағалау өлшемдерi (бұдан əрi –
Өлшемдер) »Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11
шiлдедегi жəне »Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне
қадағалау туралы» (бұдан əрi – Заң) 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес əзiрлендi.
2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бақылау субъектiлерi – өз қызметi барысында Қазақстан
Республикасының тiл туралы заңнамасына сəйкес деректемелер мен көрнекi
ақпараттарды орналастыру бөлiгiнде деректемелер мен көрнекi ақпаратты
пайдаланатын жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi;
2) тəуекел – жеке кəсiпкерлiк субъектiлерi тарапынан Заңға сəйкес де-
ректемелер мен көрнекi ақпараттарға қойылатын талаптардың сақталмауы
нəтижесiнде қоғамдық қарым-қатынастарға, жеке жəне заңды тұлғалардың
заңдық мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы.
3. Жеке кəсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тiл тура-
лы заңнамасының деректемелер мен көрнекi ақпараттарды орналастыру
бөлiгiнде сақталу Өлшемдерi мыналарға бөлiнедi:
1) объективтiк, бақылау субъектiлерiнiң жүзеге асыратын қызмет
түрлерiне байланысты тəуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;
2) субъективтiк, тексерулер нəтижелерi бойынша анықталған бақылау
субъектiлерiнiң лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол бе-
руiне байланысты анықталады.
4. Бақылау субъектiлерiн тəуекел топтарына бастапқы жатқызу объектив-
тiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектiлерiн тəуекел топтарына одан кейiнгi жатқызу субъек-
тивтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіл саясаты
297
6. Бақылау субъектiлерi жоспарлы тексерулердi өткiзудiң жоғары, орташа
немесе елеусiз тəуекел топтарына жатқызылып, тəуекел дəрежесiне байла-
нысты:
объектiлердiң жоғарғы дəрежелi тəуекелiнде – жылына бiр реттен;
объектiлердiң орташа дəрежелi тəуекелiнде – үш жылда бiр реттен;
объектiлердiң елеусiз дəрежелi тəуекелiнде – бес жылда бiр реттен жиi
емес кезеңдiлiкте жүргiзiледi.
7. Бастапқыда бақылаудың барлық субъектiлерi тəуекелдiң елеусiз
дəрежелi тобына жатады.
8. Тəуекел өлшемдерi бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны
анықтау үшiн қосылады.
9. Жиынтық қорытынды нəтижелерi бақылау субъектiлерiн тиiстi тəуекел
дəрежелерi бойынша бөлу үшiн мынадай тəртiпте пайдаланылады:
1) елеусiз тəуекел тобына тексерулер нəтижесiнде 0-ден 2 балға дейiн
жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
2) орташа тəуекел тобына тексерулер нəтижесiнде 3-тен 9 балға дейiн
жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
3) жоғарғы тəуекел тобына тексерулер нəтижесiнде 10 жəне одан жоғары
балл жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады.
10. Егер объектiде күнтiзбелiк жыл (жарты жыл) iшiнде тексерулер ба-
рысында бұзушылықтар анықталған не анықталмаған болса, онда алдағы
жартыжылдыққа тексерулер жоспарын құру кезiнде объектiлер жинаған
баллының мөлшерiне байланысты объектiлер топтардың жүйелiлiгiне
қарамастан, топтан топқа ауыстырылады немесе тиiстi топта қалдырылады.
11. Тəуекел дəрежесiн бағалаудың Өлшемдерi болып мыналар табылады:
меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандардың мəтiндерiн мем-
лекеттiк жəне орыс тiлдерiнде жазу ретiнiң сақталмауы – 2 балл;
бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскурант-
тар, баға көрсеткiштерi басқа да көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк жəне
орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) мəтiндерiн жазу
ретiнiң сақталмауы – 3 балл;
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мəлiметтер көрсетiлген
тауарлық жапсырмаларында (этикеткалары), таңбаламаларында, нұсқаулық-
тарында мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде қажеттi ақпараттың болмауы – 3
балл;
шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мəлiметтер көрсетiлген тауарлық
жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтарында мемле-
кеттiк тiлде жəне орыс тiлдерiндегi қажеттi ақпараттың болмауы – 3 балл;
көрнекi ақпараттың барлық түрлерiнiң мəтiндерiн орналастыру тəртiбiнiң
сақталмауы – 3 балл.
12. Бақылау субъектiлерiне бiр тəуекел тобы iшiнде жоспарлы тексеру
өткiзу үшiн таңдау мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
1) анағұрлым үлкен тексерiлмеген кезең
2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.
Мемлекеттік тіл саясаты
298
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрiнiң
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70
жəне Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Бiрiншi
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Өңiрлiк даму
министрiнiң
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 01-04-03/27НҚ
бiрлескен бұйрығына
2-қосымша
Жеке кəсiпкерлiк саласында деректемелер мен көрнекi ақпаратты
тексерулер бойынша Қазақстан Республикасы тiл туралы
заңнамасының сақталуының тексеру парағы
Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган _________________________
_________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Тексерiлетiн субъектiнiң атауы ___________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
ЖСН/БСН
Орналасқан мекенжайы _________________________________________
№ Талаптар тiзбесi
Ия Жоқ
1
меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандардың
мəтiндерiн мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде жазу ретiнiң
сақталмауы
2
бланкiлер,
маңдайшалар,
хабарландырулар,
жарнамалар,
прейскуранттар, баға көрсеткiштерi басқа да көрнекi ақпараттардың
мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа
тiлдерде де) мəтiндерiн жазу ретiнiң сақталмауы
3
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мəлiметтер көрсетiлген
тауарлық жапсырмаларында (этикеткалары), таңбаламаларында,
нұсқаулықтарында мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде қажеттi
ақпараттың болмауы
4
шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мəлiметтер көрсетiлген
тауарлық
жапсырмалары
(этикеткалары),
таңбаламалары,
нұсқаулықтары мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде аудармалары мен
қажеттi ақпараттың болмауы
Мемлекеттік тіл саясаты
299
5
көрнекi ақпараттың барлық түрлерiнiң мəтiндерiн орналастыру
тəртiбiнiң сақталмауы
Тексерудi жүргiзген (жүргiзгендер):
________________ _________ ____________________________________
(лауазымы)(қолы)(тегi, аты жəне болса əкесiнiң аты)
________________ _________ _____________________________________
(лауазымы)(қолы)(тегi, аты жəне болса əкесiнiң аты)
Бақылау субъектiсiнiң басшысы:
________________ _________ ____________________________________
(лауазымы)(қолы)(тегi, аты жəне болса əкесiнiң аты)
Мемлекеттік тіл саясаты
300
№ 234 12.10.2013 жыл
«Қазақстан Республикасының
тіл туралы заңдарын қолдану
саласындағы тексеру парағының
нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Мəдениет министрінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 37 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына жəне «Сəйкестендiру
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сəйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мəдениет министрінің 2011 жылғы 28
ақпандағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану
саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» № 37 бұйрығына,
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6826
болып тіркелген, 2011 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық
атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер
жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл ту-
ралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны, осы
бұйрықтың қосымшасына сəйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл
комитеті белгіленген заңнама тəртібімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жарияла-
нуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа ен-
гізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |