3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ҚР СТ 1926-2009 стандартының терминдері қолданылады.
Ресми басылым
4 Қазақ тілін меңгерудегі жоғары деңгейдің жалпы ережелері
Бағалауға қойылатын жоғары деңгей талаптары – тілді меңгеру
барысындағы басты интерпретациялық құбылыстар мен жазба тілдегі
сөйлем жүйесін, сөздердің сөйлем жүйесіндегі орын тəртібін, сөйлемдердің
Мемлекеттік тіл саясаты
372
типтерін нақты жəне дұрыс пайдалануына, ойлау жүйесінің тілде көрініс та-
батын типтерін қолдана білу мүмкіндіктеріне негізделеді.
4.1 Жоғары деңгейдің сипаттамасы
Жоғары деңгейдің сертификатын иелену, тілді меңгерудің, тілдік
қатысымның барлық саласы бойынша қазақ тілді ұжымда қазақ тілінде ер-
кін сөйлесе алатын филолог маман, аудармашы, редактор, журналист, ди-
пломат, менеджер ретінде кəсіптік қызмет жүргізе алатын мүмкіндік береді
(сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).
Тіл қолданушы көлемді əр түрлі тақырыптарда қиын мəтіндерді түсіне
алады, жасырын мағынаны айыра біледі, жоғары қарқында бірден тез
сөйлейді жəне сөздер мен сөйлемдерді таңдауда қиналмайды. Ғылыми жəне
кəсіби қызметтердегі тілдік қатысымда тілді икемді жəне тиімді пайдалана
біледі. Қиын тақырыптарға дəл əрі егжей-тегжейлі əдемі құрылған хабар-
ламалар құрастыра алады, мəтінді қалыптастырудың түрлі модельдерін,
байланыстыру құралдарын жəне оның элементтерін біріктіруді меңгергенін
көрсете алу керек.
Жоғары деңгейде қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері бойынша сипат-
тамасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
ТЫҢДАЛЫМ
Тіл қолданушы өзінің қызмет əрекеті деңгейіндегі аб-
страктілі қиын тақырыпта жасалған көлемді баяндаманы
түсінеді, кейде кейбір өзіне түсініксіз нəрселерді сұрауға
мəжбүр. Тіл қолданушы ауызекі сөйлеу тілі элементтері
мен түрлі тұрақты тіркестерді тани алуы; құрылымы
нақты емес көлемді баяндамаларды түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы өзіне таныс емес тақырыптар аясында да
айтылған сұхбаттың жалпы мазмұнын қиындықсыз түсіне
алуы керек. Тіл қолданушы дəріс, сұхбат, пікірталас,
талқылауларды оңай түсіне алуы керек. Тіл қолданушы
қоғамдық орындарда (вокзал, стадион жəне т.б.) берілген
хабарландырулардың естілуі нашар болуына қарамастан,
өзіне қажетті ақпаратты ала алуы керек. Тіл қолданушы
күрделі техникалық ақпараттарды түсінеді, мысалы:
белгілі өнімдерге жазылған техникалық жазбалар т.б.
Тіл қолданушы өз мамандығына қатыссыз көлемді
мəтіндерді жан-жақты түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы əлеуметтік-кəсіби жəне ғылыми
мəселелер бойынша əр түрлі үлкен, күрделі мəтіндерді,
кəсіби мүддесінің ауқымынан тыс жаңа жағдайларды
сипаттауға немесе бейтаныс құралдарды қолдануға
арналған күрделі нұсқауларды түсіне алуы керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
373
2-кесте (жалғасы)
ОҚЫЛЫМ
Тіл қолданушы мəтінде ашық түрде берілмеген кей-
бір сөз орамдарын айыра алуы қажет. Тіл қолданушы
күрделі мəтіндегі кейбір тіркестерді түсінеді, қатынастар
мен көзқарастарды да түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы күрделі мəтіндерде кездесетін кейбір
сөз орамдары сол бөлікті қайта оқығаннан кейін ғана
түсінікті болады. Тіл қолданушы кейде сөздікті пайда-
лана алуы керек.
Жалпы бағдарлық мақсаттағы оқылым
Тіл қолданушы үлкен, күрделі мəтіндерді қарап
шыға алады, маңызды жерлерін бөліп ала алуы ке-
рек. Тіл қолданушы мақала мазмұнын тез түсінеді
жəне жаңалықтың өзектілігін, мақала немесе хабарла-
ма тақырыбының кəсіби мінездемесінің кең көлемдігін
анықтап, оны ары қарай қарауға болатынын белгілей
алуы керек.
Ақпараттар мен дəйектемелер алу мақсатындағы
оқу
Тіл қолданушы оқу жəне кəсіби қызметі барысында дос-
тарымен қарым-қатынаста кездесетін мəселелер бойын-
ша үлкен, күрделі мəтіндерді толық, жан-жақты түсіне
алуы керек. Тіл қолданушы мəтінде жасырын немесе
тікелей көрсетілген қатынастар мен пікірлердің кейбір
тұстарын түсіне алуы керек.
Нұсқауларды оқу
Тіл қолданушы кəсіби қызметі саласына байланысты не-
месе байланыссыз болуы мүмкін жаңа құралдарды пай-
далану жəне жаңа амалдарды орындау жөніндегі үлкен,
күрделі нұсқауларды толық, дəл түсіне алуы керек. Тіл
қолданушының бұл жағдайда түсінбеген жерлерін
қайтадан оқуға мүмкіндігі бола алуы керек.
Фильмдер мен телехабарларды көру
Тіл қолданушы слэнг жəне идиомалық қолданыстар
жиі пайдаланылатын фильмді түсіне алуы керек. Тіл
қолданушы мəтіннің күрделі бөлігін қайта оқуға
мүмкіндігі болмаған жағдайда да, оның қызығушылығына
жататын немесе жатпайтын үлкен күрделі мəтіндерді
толық жан-жақты түсіне алуы керек.
Тіл қолданушы кейде сөздікті қолдана отырып, кез
келген хат-хабарларды түсіне алуы керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
374
АЙТЫЛЫМ
Тіл қолданушы аудиториядан тыс таңдалған тақырыпты
өзінің жеке стилін сақтай отырып, түсінікті жəне
логикалық түрде құрылған мəтін ретінде жан-жақты си-
паттай алуы керек.
Тіл қолданушы анық, түсінікті құрылған күрделі
тақырыптардың, түсіндірмелердің ерекше маңызды
мəселелерін нақтылай отырып айта алуы керек.
Тіл қолданушы өз көзқарастарын жеткілікті дəрежеде
жан-жақты қосымша бекітілген тұжырыммен, тиісті мы-
салдармен дамыта алуы керек.
Тіл қолданушы күрделі тақырыпқа құрылған мəтіндердің
маңызды мəселелерін нақтылап, жеткілікті, жан-жақты
қосымша талқылаулар, тұжырымдар мен тиісті мысал-
дар арқылы түйіндей отырып, анық, нақты жеткізе алуы
керек.
Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым жəне жазылым
бөліктері бойынша тест тапсырмаларының үлгілері Б қосымшасында кел-
тірілген.
5 Жоғары деңгей талаптарының мазмұны
5.1 Тілдік қатынас жағдайлары мен тақырыптары
5.1.1 Тіл қолданушыға қойылатын тілдік талаптар
Ресми, ресми емес, тікелей жəне өзге біреу арқылы қатынас жасау бары-
сында жан-жақты меңгерілген тілдік қабілетін көрсетуі керек.
Мақсатына, уақытына, міндетіне, сөйлесу орнына, əлеуметтік жағдайына,
сөйлесуші екінші жақтың тілдік біліктілігіне қарай дұрыс сөйлеу, жазу нор-
маларын сақтай отырып, өзінің тілді меңгеру қабілетін көрсете алуы, жұмсай
білуі қажет.
Тілді байланыс орнатушы, реттеуші, ақпарат беруші, бағалаушы
мақсаттарда қолдана білуі, қажет жағдайда тілдегі қатынас мүмкіндіктерін
жан-жақты меңгере алуға тиіс.
Сөйлеу ережелерін сақтай отырып, жағдайға сəйкес сөйлесуді
ұйымдастыра білу:
- тілдік қатысымға түсу,
- сөйлесуді тоқтату,
- сөйлесуді қолдау,
- əңгіме тақырыбын өзгерту,
- əңгімелесуді лайықты аяқтау,
- əңгімелесушінің сөзін бөлу,
- əңгімелесушінің ойын бөлу,
- түсіністік білдіру,
- ой тастау,
Мемлекеттік тіл саясаты
375
- күрделі сөйлеу үлгілерін сөйлесу барысында пайдаланып, əңгімелесуді
қолдай түсу т.б. қажет.
Сөйлеу этикетінің формаларын қолдана білу:
- амандық сұрауы,
- мақтауы, мақтаулы қошемет айту,
- қуанышын білдіру,
- қайғысына ортақтасу,
- сезімін білдіру жəне т.б.
Сөйлесіп тұрған тарапты жұмсай білуі:
- тапсырма беруі,
- өтініш жасауы,
- кеңес беруі,
- ұсыныс айтуы,
- шағым айтуы,
- талап етуі,
- бұйрық беруі,
- сақтандыруы,
- ескерту жасауы,
- қатесін көрсетуі,
- өз пікірін жеткізуі,
- келісетінін/келіспейтінін жеткізуі,
- рұқсат беруі,
- тыйым салуы,
- қарсылығын жеткізуі,
- күмəн білдіруі,
- бас тартуы,
- уəде беруі,
- растауы,
- кепілдік білдіруі,
- қатесін мойындауы, т.б. мақсаттарда сөйлеу үлгілерін пайдалана білуі
қажет.
Сөйлеу үлгілерін ақпарат беру, жаңалық естірту мақсаттарында қолдана
алуы керек:
- қойылған шарт туралы ақпарат беру,
- мақсаттар,
- нəтижесі,
- себептері
- болған оқиғалар,
- заттардың сапасы туралы мəлімет,
- сипаттау,
- бағалау, т.б.
Сондай-ақ, қажет жағдайларда сөйлесуші ақпараттарды толықтыра алуы,
нақтылай алуы, қайта сұрай білуі, анықтауы, түсіндіруі, көрсетуі қажет.
5.1.1.2 Тілдік қатысымның салалық топтастырылуы
Тіл қолданушы қарым-қатынас ортасына, əңгімелесушінің əлеуметтік
жағдайына қарай бағдар жасай білуі қажет. Тілдік қарым-қатынас жасаудағы
Мемлекеттік тіл саясаты
376
əлеуметтік жағдайларды ескере отырып, қарым-қатынас біліктілігін былай
топтастыруға болады:
- əлеуметтік-тұрмыстық саладағы тілдің қолданылуы: отбасындағы,
күнделікті тіршілікте, жеке мүддеге байланысты т.б. мақсаттардағы тілдің
қолданылуы;
- мəдени-əлеуметтік ортадағы тілдің қолданылуы: көркем шығармаларды
қабылдау, талдау, таңдау барысында, өнер туындыларын таңдауда, бағалауда,
талғамын жеткізуде, діни мəселелер, дін, тіл саясаты, отбасы тақырыбында,
сөйлеуде, т.б.;
- ресми-іскерлік салада – жұмыста, əкімшілік орындарында, мемлекет-
тік қызметтерде, əлеуметтік мекемелерде, кəсіпорындарда т.б.
- ғылыми-өндірістік салада – ғылым, техника, медицина, салалық
мамандықтар тіліндегі көпшілікке қолжетімді тақырыптар бойынша тілді
қолдануы.
5.1.1.2 Жоғары деңгейді оқыту мен деңгейді меңгеруін бағалауда
басшылыққа алынатын тақырыптар
Бағалау барысында тілді қолданушының тілді білу деңгейін мынадай
тақырыптар аясында тексеруге болады:
Біріншісі – тілді қолданушының жеке тілдік қатынаста тілді қолдануына
байланысты тақырыптар: «Адам, оның жеке өмірі: отбасы, достығы, туған-
туысы, махаббаты, қызығушылығы», «Жұмысы, мамандығы», «Білім,
тəрбие», «Бос уақыты: мəдениет, өнер, спорт, əр түрлі демалыс түрлері».
Екіншісі – жалпы тілдің қолданысына байланысты тақырыптар. Оларды
төмендегідей топтастыруға болады: «Адам жəне қоғам», «Адам жəне заң»,
«Адам жəне саясат», «Адам жəне экономика», «Адам жəне ғылым», «Адам
жəне өнер», «Адам жəне табиғат», «Жер, ғалам», «Адамзаттың рухани да-
муы», «Адам жəне техника», «Адам жəне ғарыш».
5.1.2 Сөйлеу əрекеті түрлері бойынша қойылатын талаптары
5.1.2.1 Тыңдалым
Тіл қолданушы мынадай деңгейде ақпаратты тыңдап, түсіне алуы қажет:
- сөйлеушінің сұрақтар мен сөйлемдерді тыңдап түсінуі;
- сөйлеушінің ұзақ диалогтарды тыңдап түсінуі;
- сөйлеушінің орта жəне көлемді монологтарды тыңдап түсінуі;
- əңгімелесулерді тыңдап, түсінуі.
Мəтін көлемі: 300-400-460 сөз.
Сөйлеу жылдамдығы: табиғи (минутына 220 сөз).
Тыңдау мүмкіндігі: 1 рет.
Құрамындағы таныс емес сөздер: 10% дейін.
5.1.2.2 Оқылым
Тіл қолданушының оқып түсінуін бағалау барысында мынадай талаптар
ескеріледі:
- хабарландыру, жарнама мəтіндерін оқып, толық түсінуі;
Мемлекеттік тіл саясаты
377
- құжат мəтіндерін оқып түсіне алуы;
- газет, журнал мəтіндерін оқып, түсіне алуы;
- көркем шығарма мəтіндерін оқып түсінуі;
- кез-келген салаға қатысты ғылыми мəтіндерді ішінара түсінуі.
Тіл қолданушы оқыған мəтіннен ақпараттың төрт түрін: танымдық,
жағдайлық-танымдық, эмоциялық-бағалаушылық, өзінің ойларына түрткі
бола алатын тұрғыда ала білуі керек. Оқылған мəтінді түсіну сатылы
сипаттағы жеті деңгеймен бағаланады, анықталады: сөз деңгейінде, сөз
тіркесі деңгейінде; сөйлем деңгейінде, төртінші-бесінші деңгей- мəтінді
жалпы түсінуі, нақты түсінуі деңгейі жəне алтыншы-жетінші деңгей-
мəтіндегі ақпаратты толық терең, нақты түсіну. Соңғы екі деңгей – ал-
тыншы-жетінші деңгей бағаланушының оқылым бойынша техникалық
біліктілігінің қалыптасқанын (жазбаша коммуникациялық сигналдардың
барлық мүмкіндігін: тақырыпты, тыныс белгілерді, ерекше шрифтіні, сызба,
кестелерді, абзацты, сөздердің грамматикалық белгілерін жəне т.б.), керек
ақпаратты оқылған мəтіннен ала алатындығын куəландырады.
Барлық деңгейлер үшін оқылымның барлық түрі беріледі. Оқылым түрінің
топтастырылуының негізі – оқушының практикалық қажеттілігінен туындай-
ды: əңгіме, мақала немесе кітапты қарап шығу; мазмұнымен танысу; қажетті
ақпаратты іздеу, зерттеу. Оқылымның əр түрі – танысып оқу, ізденіп оқу,
зерттеп оқу – белгілі бір коммуникативтік міндетті шешумен байланысты.
Танысып оқу – мəтіндегі негізгі ақпаратты 70-75 % түсінуі, яғни мəтін
мазмұнын жалпы түсіну деңгейі. Танысып оқуға тілдік тұрғыдан жеңіл,
ұзақтау мəтіндер беріледі.
Ізденіп оқу оқушы үшін нақты, керекті ақпаратты (анықтамалар,
қорытындылар, фактілер, елтанымдық сипаттағы мəліметтер т.б.) табумен
байланысты. Ізденіп оқу хабарландыру, жарнама, газет, журналдардағы жа-
рияланымдарды оқу барысында дамиды.
Зерттеп, зерделей оқу – мəтіндегі негізгі жəне екінші дəрежедегі
ақпаратты толық жəне нақты түсіну деңгейіне жетуі болып саналады.
Жоғары деңгей бойынша, танысып оқу жəне зерттеп оқу танымдық,
елтанымдық тақырыптағы монологтық/диалогтық мəтіндерді оқу барысын-
да дамиды (көркем шығармалардан, əңгімелерден үзінділер).
Мəтін түрі: күрделі мазмұндалған сипаттама, хабарлама əңгіме жанрын-
да көркем жəне ғылыми көпшілікке арналған стильде жазылған аутентті
жəне жартылай мəтіндер, публицистикалық стильде жазылған мəтін түрлері.
Ресми, ресми емес, монолог сипаттама, баяндама; диалог-сұрау, түсіндіру;
сюжеттік тақырыбы шектеулі мөлшердегі полилог; тілдік жəне құрылымдық
күрделілігі: грамматикалық материалдар таныс, тірек сөздер болып табыл-
майтын сөздер – 2-3%. Тілді меңгерудің жоғары деңгейіне сəйкес лексика-
грамматикалық материал негізінде құрастырылған немесе бейімделген сю-
жеттік мəтіндер.
Мəтін тематикасы күнделікті қатысым жəне əлеуметтік мəдени, ресми-
іскери жəне білім алу, оқу үшін өзекті.
Мəтін көлемі: 600-700 сөз.
Таныс емес сөздер саны: 10-15%
Мемлекеттік тіл саясаты
378
5.1.2.3 Жазылым
Тіл қолданушы коммуникативтік тұрғыда ұсынылған тақырып бойынша
репродуктивтік-шығармашылық сипаттағы жазбаша монологтық сөйленім
түзе алуы керек;
- тапсырылған коммуникативтік міндетіне сəйкес оқылған немесе
тыңдалған мəтін негізінде репродуктивтік сипаттағы (келісу, келіспеу,
терістеу, сұраққа жауап беру, сұрау, қысқаша ақпарат беру) жазбаша
монологтық сөйлесім түзе алуы керек. Осы деңгей бойынша төмендегідей
біліктілік қалыптасуы керек:
- өзі туралы, отбасы туралы, мектебі, университеті, жұмысы, қаласы,
ауылы, өзінің қызығушылығы туралы;
- газет, журналға хат жаза алуы;
- сауалнамаға негізгі мəліметтерді жаза алуы;
- басылған мəтінді оқығаннан кейін жазбаша жұмыстар үшін жазбалар
(жоспар құру, тірек сөздер мен сөйлемдерді жазып алу) жасай алуы;
- күрделі сөйлемдерді жаза алуы.
- жазған сөздерінің 80-90 пайызының орфографиялық нормаға сай болуы;
- тыныс белгілерін қолдануда жіберілген кемшіліктің 20 пайыздан аспауы.
Жазылым біліктілігі мына көрсеткіштер бойынша бағаланып тексеріледі:
1) жазбаша қатысымды жүзеге асырудағы табыстылығы;
2) жазбаша мəтін мазмұнының сапасы;
3) жазбаша мəтінде тілдік құралдарды дұрыс пайдалана білуі;
Ұсынылған мəтін түрі: баяндау, хабарлау, аралас түрі. Жоғары деңгейге
сəйкес лексика-грамматикалық материал негізінде арнайы құрастырылған
немесе бейімделген сюжетті мəтіндер.
Мəтін тақырыбы күнделікті тілдік қатысым саласы, əлеуметтік мəдени
жəне оқу саласы үшін өзекті.
Ұсынылған тақырып бойынша жазбаша мəтіндер қазіргі қазақ тілінің
нормасына сəйкес 30-35 сөйлем көлемінде болуға тиіс.
5.1.2.4 Айтылым
Монолог
Тіл қолданушы:
- ұсынылған тақырыпқа жəне берілген коммуникативтік тапсырмаға
сəйкес өз бетінше байланысты сөйленім түзе алуы керек;
- оқылған немесе тыңдалған мəтін негізінде əр түрлі мағыналық
құрылымдағы жəне коммуникативтік бағыттағы репродуктивтік сипаттағы
монологтық сөйленім түзе алуы керек;
- мəтін мазмұнындағы факт, оқиға, əрекеттерге көзқарас, қатынасын біл-
діре алуы керек;
Айтылымның жоғары деңгейде қалыптасқанын төмендегі көрсеткіштер
бойынша бағалауға болады
- ақпарат, хабарламадағы сөздер, фразалар саны
- күрделі жəне жай сөйлемдер саны;
- диалогтағы репликалар көлемі мен саны;
Мемлекеттік тіл саясаты
379
Сондай-ақ сөйлеушінің пайдаланылған тілдік құралдары ескеріледі. Осы
сандық жəне сапалық көрсеткіштер сөйленімнің семантикалық бағалануымен
(оның ақпараттық дəрежесі, байланыстылығы, ситуациясының қатысымға
сəйкестігі) толықтырылады.
- Тақырып бойынша айтылым көлемі: 7-10 фразадан кем болмауы керек;
Мəтін түрі: баяндау, сипаттау; хабарлау; сондай-ақ аралас түрі; Жоғары
деңгейге сəйкес лексика-грамматикалық материал негізінде арнайы
құрастырылған немесе бейімделген сюжетті мəтіндер
Ұсынылған мəтін көлемі: 400-500 сөз
Ұсынылған мəтіндегі таныс емес сөздер саны: 5 %
Диалог
Тіл қолданушы:
- əңгімелесушінің сөйлеуін түсіне алуы керек;
- шектеулі мөлшердегі сөйлеу жағдайларында оның коммуникативтік
ниетін жəне қатысым тақырыбын анықтай алуы керек;
- əңгімелесушінің репликаларын аңғарып жауап бере алуы керек;
- сұхбат бастай алуы жəне қатысым тақырыбы бойынша жағдайда жəне
шектеулі мөлшерде коммуникативтік ниетін білдіре алуы керек.
Айтылым қазіргі қазақ тілінің нормаларына жəне сөйлеу этикетінің нор-
маларына сəйкес болуы керек.
5.2 Тілдік құзыреттіліктің мазмұны
Тіл қолданушы жоғары деңгейде осы тармақшаға сəйкес келесі тілдік ма-
териалды меңгеру қажет.
5.2.1 Фонетика
Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар. Төл дыбыстар. Қазақ тіліндегі төл ды-
быстарды айта алуы, жаза алуы, тыңдап, қабылдай алуы. Орфография нор-
маларын меңгеруі. Үндестік заңына сəйкес жалғаулар мен қосымшаларды
дұрыс жалғай білуі. Буындап оқи алуы.
5.2.2 Морфология
Есім сөздер мен етістік сөздердің негізгі құрамын ажырата білуі.
Іс-əрекетті білдіретін сөздерді белсенді қолданылатын шақтарда пайда-
лана білуі.
Етістіктерге сұрақ қоя білуі.
Жиі қолданылатын етістіктің модель құрай алатын үлгілерін пайдалана
білуі.
Мезгілді, мекенді, қимылдың сынын білдіретін сөздердің қолданылуы.
Адамды өзіне қаратуда қолданылатын сөз формаларын меңгеруі.
Көңіл-күйді жеткізуде қолданылатын сөз орамдарын меңгеруі.
Сынды білдіретін сөздердің белсенді түрлерін меңгеруі.
Сөзден сөз жасауды меңгеруі.
Мемлекеттік тіл саясаты
380
Сілтеуді, есімнің орнына қолданылатын есім мəнді сөздерді қолдана
алуы.
Тілдегі қызметтеріне қарай септік жалғауларын қолдана алуы.
Сөйлем предикаттылығын білдіретін жақтық формаларды пайдалана алуы.
Сандық ұғымды білдіретін сөздерді түрлендіріп қолдана алуы, реттік,
мөлшерлік, санамалау, бөлшектеу, болжалдық мəндерде сандардың атаула-
рын пайдалана білуі.
Жиі қолданылатын тілдік сөйленістерді жасайтын модаль етістіктердің
қолданысы, болымды, болымсыз формалары.
Септеуліктер мен шылаулардың қызметін тілдік мақсатқа сəйкес қолдана
білуі.
5.2.3 Лексика
Тілді меңгерудегі күрделі деңгейдің лексикалық минимумы – 6000-10000
бірлікті құрайды. Осы деңгейдің негізі сөздік құрамы күнделікті қатысымды
жəне əлеуметтік-мəдени, əлеуметтік-ресми, əлеуметтік-қоғамдық ауқымды
қамтиды.
Сондай-ақ, лексикалық бірліктердің ауыспалы мағынадағы қолданысы
мен бірқатар ғылыми, саяси ұғымдарды, фразеологиялық бірліктерді, олар-
ды ауызша, жазбаша сөйлеу тілінде қолдана білуді қарастырады.
5.2.4 Синтаксис
Жай сөйлем түрлерін қолдануы: сөйлем ішіндегі сөздердің орын
тəртібін, жақтық байланысты орындай алуы, өзара өзіне дейінгі жəне кейінгі
сөйлемдермен байланыстыра білуі негізге алынады.
Ақпарат беру мақсатындағы сөйлемдер жасауы.
Хабарлау мақсатындағы сөйлемдер жасауы.
Сипаттау мақсатындағы сөйлемдер жасауы.
Түсіндіру мақсатындағы сөйлемдер жасауы.
Баяндау мақсатындағы сөйлемдер жасауы.
Нұсқау, тапсырма беру мəніндегі сөйлемдерді қолдана білуі.
Сұраулы сөйлемдер жасай алуы.
5.2.5 Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас. Мезгіл бағыныңқы, себеп-салдар
бағыныңқы, шарт-мəнді құрмалас сөйлем.
Мезгіл мəнді құрылымдарды меңгере алуы: күнтізбелік, сағаттық,
сипаттамалық, тəуліктік, т.б.
Күрделі сөйлем жүйесінде баяндау, түсіндіру мақсатындағы өз пікірін
жан-жақты білдіретін сөйлем құрылымдарын пайдалана білуі; қарсылығын
жеткізуі: қарсы ой, түпкілікті қарсы пікір, жартылай қарама-қайшы пікір-
ді дəлелдей алуы, т.б.; себепті түсіндіре алуы; шартты қоя білуі; салыстыру
мақсатындағы тілдегі модельдерді қолдана білуі; кезектес мəндегі күрделі
сөйлемдер жасай алуы керек.
Мемлекеттік тіл саясаты
381
Достарыңызбен бөлісу: |