Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77

5.1.2.2 Оқылым

Тіл қолданушы оқыған мəтіннен ақпараттың төрт түрін: 

- танымдық, 

- жағдайға сай, танымдық, 

- эмоциялық-бағалаушылық,

- өзінің ойларына түрткі бола алатын тұрғыда ала білуі керек. 

Оқылған  мəтінді  түсіну  сатылы  сипаттағы  жеті  деңгеймен  бағаланады, 

анықталады:  сөз  деңгейінде,  сөз  тіркесі  деңгейінде;  сөйлем  деңгейінде, 

төртінші-бесінші  деңгей – мəтінді  жалпы  түсінуі,  нақты  түсіну  деңгейі 

жəне  алтыншы-жетінші  деңгей – мəтіндегі  ақпаратты  толық  терең,  нақты 

түсіну.  Соңғы  екі  деңгей  бағаланушының  оқылым  бойынша  техникалық 

біліктілігінің  қалыптасқанын  (жазбаша  коммуникациялық  сигналдардың 

барлық мүмкіндігін: тақырыпты, тыныс белгілерін, ерекше шрифтті, сызба, 

кестелерді,  абзацты,  сөздердің  грамматикалық  белгілерін  жəне  т.б.),  керек 

ақпаратты оқылған мəтіннен ала алатындығын куəландырады.

Барлық  деңгейлер  үшін  оқылымның  барлық  түрі  беріледі.  Оқылым 

түрінің  топтастырылуының  негізі  оқушының  практикалық  қажеттілігінен 

туындайды:  əңгіме,  мақала  немесе  кітапты  қарап  шығу;  мазмұнымен  та-

нысу; қажетті ақпаратты іздеу, зерттеу. Оқылымның əр түрі – танысып оқу, 

ізденіп  оқу,  зерттеп  оқу – белгілі  бір  коммуникативтік  міндетті  шешумен 

байланысты.

Танысып оқу – мəтіндегі негізгі ақпаратты 70-75 % түсінуі, яғни мəтін 

мазмұнын  жалпы  түсіну  деңгейі.  Танысып  оқуға  тілдік  тұрғыдан  жеңіл, 

ұзақтау мəтіндер беріледі.

Ізденіп  оқу  оқушы  үшін  нақты,  қажетті  ақпаратты  (анықтамалар, 

қорытындылар,  фактілер,  елтанымдық  сипаттағы  мəліметтер  т.б.)  та-

бумен  байланысты.  Ізденіп  оқу  қабілеті  хабарландыру,  жарнама,  газет-

журналдардағы жарияланымдарды оқу барысында дамиды.



Зерттеп,  зерделей  оқу  –  мəтіндегі  негізгі  жəне  екінші  дəрежедегі 

ақпаратты толық жəне нақты түсіну деңгейіне жетуі болып саналады.

Базалық  деңгей  бойынша,  танысып  оқу  жəне  зерттеп  оқу  танымдық, 

елтанымдық тақырыптағы монологтық/диалогтық мəтіндерді оқу барысын-

да дамиды (көркем шығармалардан, əңгімелерден үзінділер).

Мəтін түрі: бірізді қарапайым мазмұндалған сипаттама, хабарлама əңгіме 

жанрында көркем жəне ғылыми көпшілікке арналған стильде жазылған ау-

тентті жəне жартылай мəтіндер.


Мемлекеттік тіл саясаты

405


Ресми, ресми емес, монолог сипаттама/баяндама; диалог-сұрау/түсіндіру; 

сюжеттік тақырыбы шектеулі мөлшердегі полилог; тілдік жəне құрылымдық 

күрделілігі: грамматикалық материалдар таныс, тірек сөздер болып табыл-

майтын сөздер 2-3%. Базалық деңгейге сəйкес лексика-грамматикалық мате-

риал негізінде құрастырылған немесе бейімделген сюжеттік мəтіндер.

Мəтін  тематикасы  күнделікті  қатысым  жəне  əлеуметтік  мəдени  жəне 

оқу үшін өзекті.



Мəтін көлемі: 100-150 сөз.

Таныс емес сөздер саны: 3-4%

5.1.2.3 Жазылым

Тіл қолданушы коммуникативтік тұрғыда ұсынылған тақырып бойынша 

репродуктивтік-шығармашылық  сипаттағы  жазбаша  монологтық  сөйленім 

түзе алуы керек.

Тапсырылған  коммуникативтік  міндетіне  сəйкес  оқылған  неме-

се  тыңдалған  мəтін  негізінде  репродуктивтік  сипаттағы  келісу,  келіспеу, 

терістеу,  сұраққа  жауап  беру,  сұрау,  қысқаша  ақпарат  беру,)  жазбаша 

монологтық сөйлесім түзе алуы керек. Осы деңгей бойынша төмендегідей 

біліктілік қалыптасуы керек:

•  өзі,  отбасы,  мектебі,  университеті,  жұмысы,  қаласы,  ауылы,  өзінің 

қызығушылығы туралы;

• газет-журналға хат жаза алуы;

• сауалнамаға негізгі мəліметтерді жаза алуы;

•  басылған  мəтінді  оқығаннан  кейін  жазбаша  жұмыстар  үшін  жазбалар 

(жоспар құру, тірек сөздер мен сөйлемдерді жазып алу) жасай алуы.

Жазылым біліктілігі мына көрсеткіштер бойынша бағаланып тексеріледі:

1)  жазбаша қатысымды жүзеге асырудағы табыстылығы;

2)  жазбаша мəтін мазмұнының сапасы;

3)  жазбаша мəтінде тілдік құралдарды дұрыс пайдалана білуі.

Ұсынылған мəтін түрі: баяндау, хабарлау, аралас түрі. Базалық деңгейге 

сəйкес  лексика-грамматикалық  материал  негізінде  арнайы  құрастырылған 

немесе бейімделген сюжетті мəтіндер.

Мəтін тематикасы күнделікті қатысым саласы, əлеуметтік мəдени жəне 

оқу саласы үшін өзекті.



Ұсынылатын мəтін көлемі: 100-150 сөз. 

Ұсынылатын мəтіндегі таныс емес сөздер саны: 2%. 

Ұсынылған  тақырып  бойынша  жазбаша  мəтіндер  қазіргі  қазақ  тілінің 

нормасына сəйкес 12-20 сөйлем көлемінде болуға тиіс.



Тыңдалуы: 3 рет.

5.1.2.4 Айтылым

Диалог

Тіл қолданушы:

-  əңгімелесушінің сөйлеуін түсіне алуы керек; 

-  шектеулі  мөлшердегі  сөйлеу  жағдайларында  оның  коммуникативтік

ниетін жəне қатысым тақырыбын анықтай алуы керек;


Мемлекеттік тіл саясаты

406


- əңгімелесушінің тілдесімдерін аңғарып жауап бере алуы керек;

-  сұхбат бастай алуы жəне қатысым тақырыбы бойынша жағдайда жəне 

шектеулі мөлшерде коммуникативтік ниетін білдіре алуы керек.

-  сөйленім  қазіргі  қазақ  тілінің  нормаларына  жəне  сөйлеу  этикетінің 

нормаларына сəйкес болуы керек.

Монолог

Тіл қолданушы:

-  ұсынылған  тақырыпқа  жəне  берілген  коммуникативтік  тапсырмаға 

сəйкес өз бетінше байланысты сөйленім түзе алуы керек;

-  оқылған  немесе  тыңдалған  мəтін  негізінде  əр  түрлі  мағыналық 

құрылымдағы  жəне  коммуникативтік  бағыттағы  репродуктивтік  сипаттағы 

монологтық сөйленім түзе алуы керек;

-  мəтін мазмұнындағы факт, оқиға, əрекеттерге көзқарас, қатынасын біл-

діре алуы керек.

Айтылымның базалық деңгейде қалыптасқанын төмендегі көрсеткіштер 

бойынша бағалауға болады:

-  ақпарат, хабарламадағы сөздер, фразалар саны;

-  күрделі жəне жай сөйлемдер саны;

-  диалогтағы тілдесім көлемі мен саны.

Сөйлеушінің  пайдаланылған  тілдік  құралдары  ескеріледі.  Осы  сандық 

жəне  сапалық  көрсеткіштер  айтылымның  семантикалық  бағалануымен 

(оның  ақпараттық  дəрежесі,  байланыстылығы,  ситуациясының  қатысымға 

сəйкестігі) толықтырылады.

Тақырып бойынша айтылым көлемі: 7-10 фразадан кем болмауы керек.

Мəтін түрі: баяндау, сипаттау, хабарлау, сондай-ақ аралас түрі: Базалық 

деңгейге  сəйкес  лексика-грамматикалық  материал  негізінде  арнайы 

құрастырылған немесе бейімделген сюжетті мəтіндер.

Ұсынылған мəтін көлемі: 100-150 сөз.

Ұсынылған мəтіндегі таныс емес сөздер саны: 1,5 %

5.2 Тілдік құзыреттіліктің мазмұны

Тіл  қолданушы  базалық  деңгейде  осы  тармақшаға  сəйкес  келесі  тілдік 

материалды меңгеру қажет. 

5.2.1 Фонетика

Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, жуан 

жəне жіңішке дауыстылар. Сөз, буын, қазақ тіліне тəн ерекше дыбыстар.

5.2.2 Морфология

5.2.2.1 Сөз құрамы

Сөздердің негізі туралы ұғым; сөздің негізі жəне жалғау; түбір, жұрнақ.

Сөзжасам модельдерін шектеулі мөлшерде тану:

- шы, -ші: мысалы, оқу-шы, сату-шы, егін-ші;



Мемлекеттік тіл саясаты

407


- ім: мысалы, біл+ім, сен+ім; келіс+ім;

- у: мысалы, біл+у; сен+у, оқы+у;

- ша, -ше: мысалы, қазақ+ша, ағылшын+ша.

5.2.2.2 Зат есім

Жанды,  жансыз  зат  есімдер.  Көптік  жалғау.  Зат  есімнің  септік  жүйесі, 

септік жалғауының мағынасы мен қолданылуы.

Септік жалғауларының негізгі мағыналары 3-кестеде көрсетілген.



3-кесте

Септік 

атаулары

Мағыналары

Атау

септік

- белсенді əрекет иесі (мысалы, Дулат теледидар көріп отыр.);

- жақ (зат) атауы (мысалы, Бұл – Айжан. Мынау – кітап.);

- қаратпада тұлға сипаты (мысалы, Дастан, қайда барасың?);

- бағалауыштық белгі иесі (мысалы, Бақыт – дəрігер.);

- факт, оқиға (мысалы, Ертең – сайлау.);

- заттың бар, жоқ екендігі (мысалы, Қалада жақсы театр бар.);

- иеліктегі затты білдіреді (мысалы, Менің кітабым бар.);

- жақ, зат идентификациясы (мысалы, Менің атым Салтанат.);

- қажетті зат (мысалы, Дүкеннің аты «Заңғар».);

- уақыттық кезеңдегі əрекет иесі (мысалы, Сабақ сағат 2-де бас-

талады.);

- уақыттық кезең (мысалы, Бүгін жұма.); 

-  субъектінің  физикалық,  эмоциялық  қалып-күйі  (мысалы, 

Баланың ыстығы бар. Басым ауырып тұр.);

-  іс-əрекет  субъектісі  (мысалы,  Əкем  жазып  отыр.  Əкем 

ұйықтап жатыр.).

Ілік

септік

- бір нəрсе тиесілі жақ тұлға (мысалы, Дастанның машинасы 

бар.);

-  зат/жақ  анықтамасы  (мысалы,  Мынау  ағамның  үйі.  Мынау 



қаланың орталығы.);

- бүтіннің бөлшегі (мысалы, Романның бірінші тарауы.);

- жыл мезгіліндегі ай жəне жыл (мысалы, Бүгін 2009- жылдың 

15 желтоқсаны.);

-  əрекет  немесе  оқиға  (мысалы,  Бұл 1986–жылдың 16 

желтоқсанында болған.);

- анықтауыш (мысалы, Бұл қазақ тілінің оқулығы.).

Барыс 

септік

- əрекет мекені (мысалы, Күнде əкеме хабарласамын.);

- бір қалып күйді басынан өткеруші жақ, тұлға (мысалы, Маған 

өте көңілді. Дастанға футбол ұнайды.);

-  адресат  (тақырыптарда,  адрестерде) (мысалы,  Мамыровқа, 

жас ақынға.);

- жақ, тарап қозғалыс (мысалы, Ертең ректорға кіремін.);


Мемлекеттік тіл саясаты

408


- мақсаты ретінде (мысалы, Кешке шешеме барамын.);

- қозғалыс бағыты (мысалы, Таңертең университетке барамын. 

Қалаға барамын.);

-  қозғалыстың  аяқталу  нүктесі  (мысалы,  Театрға  дейін  қалай 

баруға болады?).

-  қозғалыстың  аяқталу  нүктесі  (мысалы,  Театрға  дейін  қалай 

баруға болады?)

Табыс 

септік

 - əрекет объектісі (мысалы, Айжан кітап сатып алды.);

- сөз, ой объектісі (мысалы, Отбасым туралы жиі ойлаймын.).

Жатыс 

септік

- мекенді білдіру (мысалы, Мен емтиханда болдым.)

- əрекет мезгілі, уақыты (мысалы, Түске дейін келді. Уақытында 

келді.)


- əрекет мезгілі, уақыты (жалғасымы, қайталанымы) (мысалы, 

Біз жыл сайын кездесеміз. Мен сені апта бойы көрмедім.)



Жатыс 

септік 

- мекенді білдіру (мысалы, Мен емтиханда болдым.);

- əрекет мезгілі, уақыты (мысалы, Түске дейін келді. Уақытында 

келді.);


- əрекет мезгілі, уақыты (жалғасымы, қайталанымы) (мысалы, 

Біз жыл сайын кездесеміз. Мен сені апта бойы көрмедім.).



Шығыс 

септік

-  қозғалыстың  шығу  нүктесі  (мысалы,  Мен  университеттен 

келдім.);

-  байланыс  құралы  (мысалы,  Мына  фильмді  теледидардан 

көрдім.);

- жақ, тұлғаның тегі қайдан екендігі, кейде заттың қайдан екен-

дігі  (мысалы,  Сіз  оңтүстіктен  сияқтысыз.  Иə,  Таразданмын. 

Жақсы. Кітаптар əкемнің кітапханасынан əкелінген хат əскери 

бөлімнен.);

-  қозғалыс  немесе  кеңістік  қатынасы  (мысалы,  Алматыдан 

Астанаға саяхат.);

- дыбыстың, жарықтың, иістің таралуы жəне ақпараттың таралу 

көзі (тақырыптарда) (мысалы, Залдан күлкі естіледі. Ғарыштан 

келген ақпарат. Президент поштасынан. Сот залынан.);

- басталатын əрекет пен құбылыстың мезгілі (тақырыптары)

(мысалы,  Отты  жылдардан.  Ғасыр  қойнауынан.  Балалық 

шақтан.);

- фабрикативтік заттың неден істелгені (мысалы, Жұқа метал-

дан жасалған.).

Көмектес 

септік

-  транзитивтік  (мысалы,  Шөлмен,  таумен  жүрдік.  Ұшақ  ауыл 

үстімен ұшты. Əуе жолымен, орманмен, даламен жүрдік.);

- темпоратив (мысалы, Күнде де, түнде де жұмыс істеді. Ерте 

көктемнен бірге келген құс. Таң шапағымен бірге оянды.);

- инструментив (мысалы, Соңғы гранатамен қалды. Білім ине-

мен құдық қазғандай.);

-  медиатив  (қимыл-əрекет  тəсілі) (мысалы,  Бірлескен  күшпен 

жеңдік.  Жергілікті  ресурстармен  жұмыс  істедік.  Айғаймен  іс 

бітпейді.);

- қозғалыс құралы (мысалы, Поезбен, автобуспен жол жүреді.).


Мемлекеттік тіл саясаты

409


5.2.2.3 Есімдік

Жіктеу  есімдігі,  сұрау  есімдігі,  сілтеу  есімдігі,  белгісіздік  есімдігі. 

Мағынасы, қолданылуы, септелуі.

5.2.2.4 Сын есім

Жай  шырай,  салыстырмалы  шырай,  күшейтпелі  шырай,  күрделі  сын 

есімдер.

5.2.2.5 Етістік

Толық мəнді жəне толық мəнді емес етістіктер. 

Толық  мəнді  емес  етістіктер:  байланыстырушы,  модифактор,  релятор 

етістіктер.

Толық мəнді етістіктер: акционал, қалып-күй етістіктері.

5.2.2.6 Сан есім

Есептік, реттік сан есім. Қолданылуы.



5.2.2.7 Үстеу

Үстеудің  мағыналық  топтары:  мекен,  мезгіл,  қимыл-сын  мөлшер 

үстеулері.

5.2.2.8 Жалғаулықтар

Ыңғайлас мəнді, себеп-салдар мəнді, қарсылықты мəнді жалғаулықтар



5.2.3 Синтаксис

Жай сөйлем түрлері:

Хабарлы сөйлем.

Сұраулы сөйлем.

Бұйрықты сөйлем.

Болымды сөйлем.

Болымсыз сөйлем. 

Екі компонентті сөйлем.

Бір компонентті сөйлем.



Сөйлемдерде логикалық, мағыналық қатынасты білдіру амалдары:

- объектілік қатынас;

- анықтауыштық қатынас;

- кеңістік қатынас;

- мезгілдік қатынас;

- себеп-салдарлық қатынас.



Мемлекеттік тіл саясаты

410


5.2.4 Құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас. Мезгіл бағыныңқы, себеп-салдар 

бағыныңқы, шарт-мəнді құрмалас сөйлем.

5.2.5 Лексика

Базалық  деңгейдің  лексикалық  минимумы 1200-1500 бірлікті  құрайды. 

Осы  деңгейдің  негізі  сөздік  құрамы  күнделікті  тілдік  қатысымды  жəне 

мəдени-əлеуметтік саланы қамтид



Мемлекеттік тіл саясаты

411


А қосымшасы

(ақпараттық)

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК

ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

__________ № __________



СЕРТИФИКАТ

(бағаланушының аты, əкесінің аты, тегі)

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша 

_________________________  деңгейін  меңгергендігін  жəне  тест 

бөліктерінен мынадай нəтижелер көрсеткендігін растайды.

     Бөліктер                                 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

1.  Тыңдалым _____________________________________

2.  Лексика-грамматика _____________________________________

3.  Оқылым _____________________________________

4.  Жазылым _____________________________________

5.  Айтылым _____________________________________

Ұйым басшысы

____________________________ ______________________ 

қаласы     

 

________________    ___________ 



 «___» ________________ 200 _ ж.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры

________________________________

________________    ______________



Мемлекеттік тіл саясаты

412


Б қосымшасы

(ақпараттық)

Базалық деңгейге арналған тест үлгілері [8] - [11]

Б1. Тыңдалым

Аудиомəтін

– Мерейтойыңды қалай атап өтетін болдық, жақын туыстар мен доста-

рымызды бірге шақырамыз ба?

– Жоқ, елу жасымды жақын туыстармен ғана атап өтемін.

– Достарыңды шақырмайсың ба?

– Олардың бір реті келер, туыстармен бірге еркін отыра алмайтын 

шығар.

1. Сөйлемді толықтырыңыз.



Диалог ... арасында болып жатыр.

А) əйелі мен күйеуінің

В) əкесі мен қызының

С) əкесі мен баласының

D) баласы мен шешесінің

2. Диалог бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Қонаққа шақырылатындар ... .

А) əріптестері

В) көрші-қолаңы

С) ағайын-жұрты

D) жақын туыстары

Аудиомəтін

– Қазақ халқының ерекше қолөнері жайлы айтыңызшы.

– Халқымыздың асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік. Зер-

герлік дегеніміз - алтын, күміс сияқты бағалы тастардан əсем бұйымдар жа-

сау. 

– Қазақ зергерлері қандай бұйымдар жасаған?



– Олар қыздарға арнап шолпы, алқа жасаған. Əйелдерге сақина, білезік, 

жүзік жасаған. 

– Ал ер азаматтарға не жасаған?

– Ерлерге арнап белбеу, іс тігуге қолданатын оймақ жасаған.

1. Диалог мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Зергерлік – ... бұйымдар жасау.

A) теріден 

В) ағаштан 

С) темірден

D) асыл тастардан



Мемлекеттік тіл саясаты

413


2. Диалог мазмұнына сəйкес толықтырыңыз.

Оймақ – ... .

A) іс тігуге арналған құрал

В) ерлердің əсемдік бұйымы

С) əйелдердің əсемдік бұйымы

D) қыздардың шашқа тағар бұйымы

3. Диалог мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Зергер жұмысының нəтижесі – ... . 

A) іс тігу 

В) бағалы заттар

С) сақина, білезік, жүзіктер

D) қолданысқа арналған ыдыстар



Аудиомəтін

Əбу-Насыр  əл-Фараби – дүниежүзілік  мəдениет  пен  білімнің  Аристо-

тельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист 

ғалым, əдебиетші, ақын. 

Ол  Арыс  өзенінің  Сырдарияға  құя  беріс  сағасындағы  ежелгі  Отырар 

қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде 

негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы 

мəлім.  Отырар – бір  жағы  көшпелі  мал  шаруашылығын  кəсіп  еткен,  екін-

ші  жағы  отырықшы-егіншілікпен  айналысатын  түрлі  түркі  ру-тайпаларын 

өзара  байланыстырып  тұрған  қала  болған.  Бұл  шаһарды  арабтар  «Фараб» 

деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз əл-Фараби атанып кеткен. 

Əл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тар-

хани – деп жазылатын болған. Мұндағы «тархан» сөзі екі нəрсені аңғартады: 

біріншіден, əл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. 

Екіншіден,  оның  ата-бабасы  дəулетті,  қыпшақтар  арасында  есімі  белгілі 

кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені, қыпшақтардың атақтылары ғана дəстүр 

бойынша «тархан» деп аталатын болған. 

«Ежелгі дəуір əдебиеті» 1991 Н. Келімбетов 

1. Мəтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Мəтін əл-Фарабидің ... туралы.

А) өмірі


B) шыққан тегі

C) философиясы

D) шығармашылығы

2. Мəтін мазмұнына қарай сөйлемді толықтырыңыз.

Арабтар ... фараб деп атағандықтан, ол əл-Фараби атанған. 

А) руын 


B) əл-Фарабиді

C) Отырар қаласын

D) əл-Фарабидің əкесін


Мемлекеттік тіл саясаты

414


3. Сөйлемді толықтырыңыз.

Қыпшақтардың ... «тархан» деп аталатын болған.

А) ұлдары 

B) батырлары

C) тархандары

D) атақтылары

4. «Көне» тарих сөзіне мағыналас сөз 

А) ескі 


B) ежелгі

C) қазіргі

D) посткеңестік

Б2. Лексика-грамматикалық бөлік

1. Жалпы ұғымды білдіріп тұрған сөзді табыңыз.

Дүкенге жаңа ... түсіпті.

А) етіктер

В) киімдер 

С) жейделер

D) көйлектер

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздің бірін қойыңыз.

... сөзін тыңда.

А) Əкеге


В) Əкені

С) Əкенің

D) Əкемен

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сендер ... .

А) дəрігерміз

В) дəрігерлер

С) дəрігерсіздер

D) дəрігерсіңдер

4. Қуану мағынасында айтылған сөзді табыңыз.

Алақай, балмұздақ жейтін болдық.

А) алақай 

В) жейтін

С) болдық

D) балмұздақ 

5. Сөйлемді толықтырыңыз.

Гүлнұр құрбысымен киноға ... жиналып жатыр.

A) бармақшы

B) барайын дей


Мемлекеттік тіл саясаты

415


C) барайын деп

D) барайын десе



Б3. Оқылым

       1-мəтін

Қазақстан – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Елдің солтүстігі 

орманды,  ал,  оңтүстігі  таулы  болып  келеді.  Орталық  Қазақстанды  жазық 

дала алып жатыр. 

Республиканың  ауа  райын  зерттеу  басқармасының  есебіне  қарағанда, 

Қазақстанда 35 мыңға жуық көл бар. Осылардан 2200 көл суы шаруашылыққа 

пайдаланылады. Алайда, бұл көлдердің көпшілігінің көлемі шағын бір шар-

шы километр шамасында болып келеді. Оның есесіне 17 көлдің айдыны 100 

шаршы километрден 1000 шаршы километрге дейін алып жатады.

Егер Қазақстанның барлық көлдерін (Арал мен Каспийді қоспағанда) бір 

жерге қосса, онда мұның айдыны Еуропадағы Бельгия сияқты мемлекеттің 

жерін түгел алып жатар еді. 

Бір  қызығы  көлдің  негізгі  бөлігі  республиканың  Солтүстік  аймағында. 

Далалы  аймақтағы  тұщы  сулы  көлдер  ащы  сулы  көлден  төрт  есе  көп.  Ал 

шөлдердегі 142 көлде тұщы сулы көл ащы сулыдан екі есе көп.

Республикамыздағы  Іле  өзенінің  ұзындығы 1384 километр.  Ал  суының 

мөлшері жөнінде Кубань өзенімен шамалас.

1. Оқыған сөйлемін жалғастырыңыз.

Қазақстан жері  ... .

A) ащы көлдерге бай

B) тұщы көлдерге бай 

C) таулы болып келеді

D) шаруашылыққа қолайсыз 

2. Мəтіннің мазмұнына сəйкес жауапты табыңыз.

Мəтінде Қазақстан жерінің қандай табиғат байлықтары жайлы айтыла-

ды?


A) мұз айдыны

B) емдік шөптер

C) минерал сулар

D) мыңдаған көлдер 

3. Мəтінге сəйкес ақпаратты таңдаңыз.

A) Көлдердің көбі майда

B) Көл суын ішуге болмайды

C) Іле жанымыздан ағып өтеді

D) Ата-анам көл жағасында тұрған 

4. Мəтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Қазақстан – Еуразияда

В) Қазақстан жайлы фильм 



Мемлекеттік тіл саясаты

416


С) Көл байлығы – ел байлығы

D) Қазақстан – таулы, сулы, далалы аймақ 

5. Мəтін бойынша толық жəне нақты ақпаратты таңдаңыз.

А) Өлкенің табиғаты 

В) Қазақстан – туған жерім

С) Қазақстанның даласы кең

D) Туған жерім – қазыналы Қазақстан 

6. Мəтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Көл суы пайдалы

В) Ел байлығы – мақтанышым 

С) Ащы көлдер далалы жерде

D) Іленің суы көп




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет