Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77

Аудиомəтін

Тікұшаққа мініп, елордамыздың о шетінен бұ шетіне дейін бір ұшып өтші! 

Сөз жетпейтін керемет қуанышқа бөленесің. Төменге қадала көз жүгіртсең, 

қаланы екіге бөле аққан Есіл өзеніндегі қайықтар мен жағажайлар, жап-жа-

сыл саябақтар мен баулар, гүл алқаптары, төбесі көкке таласқандай көрінетін 

алып  Бəйтеректің  өзі  жоғарыдан  кіп-кішкентай  қағаздан  жасалынғандай 

көрінеді.

Бұл  əсем  қаланы  əсіресе  түнде  аралай  қалсаң,  бейнефильмдерден  ғана 

көретін  əлемдегі  ең  сұлу  қалалардың  бірінде  жүргендей  əсер  аласың. 


Мемлекеттік тіл саясаты

440


Бүршігін енді атып келе жатқан қала секілді Астана күннен күнге құлпырып 

келеді. Ол жаңа қала. 

Қазақстан баршамызға ортақ үй болса, Астана оның бас қонақ бөлмесі 

немесе  ас  үйі  секілді.  Сарыарқаның  төсінде  бой  түзеген  жаңа  Астанада 

ғаламдық  дəрежедегі  ой  пікірлердің  тоғысуы,  əлемдік  деңгейдегі  дəстүрлі 

діндер  съезінің  өткізілуі  жас  та  болса  Астананың  ауыр  жүкті  көтере 

алатындығын көрсетіп берді. Игіліктің барлығы адам үшін жасалынған бұл 

қаладан Шығыс пен Батыс өркениетінің ұштасқанын, бірін-бірі толықтырып 

тұрғандығын  көруге  болады. 1991 жылы  ЮНЕСКО-ның  шешімімен  Аста-

на қаласына ең жоғарғы белгілердің бірі Бейбітшілік қаласы деген атақтың 

берілуі  де  тегін  емес. «Менің  қаным  миллионның  тамырында  ағады,  бір 

жүрегім миллионның жүрегі болып соғады» деген екен ел мүддесін жоғары 

қоя білген Саттар Ерубаев. Елордаға, міне, Саттар сынды кесек тұлғалы, өткір 

сөзді азаматтар керек. Еуропа мен Азияның кіндік нүктесі саналатын Астана 

қаласын əлемнің басты үлкен қалаларымен иық тірестіретін дəрежеге жет-

кізу үшін үлес қосуды еліміздің əрбір азаматы өзіне үлкен парыз деп біледі.      

                     «Астана ақшамы», № 29 сейсенбі, 17-наурыз, 2009 жыл

1. Мəтіннің негізгі тақырыбы

А) Түңгі Астана 

B) Бүгінгі Астана

C) Есіл Астананың мақтанышы

D) Астана Қазақстанның қонақ бөлмесі

2. Мəтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз.

Астананы əлемнің басты қалаларының қатарына қосу əрбір азаматтың ... 

А) міндеті

B) парызы

C) арманы

D) мақсаты

3. Мəтіннің негізгі идеясы

А) Астананың үлкендігі

B) Астананы жас қала ету

C) Астананы бас қала ету

D) Астананың көркемдігін насихаттау

4. Мəтін мазмұнына сай сөйлемді толықтырыңыз.

Мəтіннің екінші жартысында ... сөз болған.

А) Астананың болашағы 

B) Астананың сыртқы көркі

C) Бейбітшілік қаласы атануы

D) Астананың инфрақұрылымы

Б2. Лексика-грамматикалық бөлік

1. Сəйкес қатарды белгілеңіз. 

Аманның мінезі салмақты, ..., ... .


Мемлекеттік тіл саясаты

441


А) білікті, үлгілі

В) ұқыпты, беделді  

С) жомарт, еңбекқор

D) сабырлы, байсалды

2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз.

Өзіңнің ... күт. 

А) денсаулық

В) денсаулықты

С) денсаулығын

D) денсаулығыңды  

3. Көп нүктенің орнына қажетті жауапты таңдаңыз.

Емен мықты ағаш, ... ол өте ұзақ жасайды.

А) жəне

В) əйтпесе



С) егер де 

D) сондықтан

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Жеті күн» бағдарламасының басты ... таныстырды.

А) мақсатына

В) мақсатынан

С) мақсатының

D) мақсатымен 

5. Асты сызылған сөздің баламасын табыңыз. 

Қазақша “жол” сөзінің мағынасы кең. Жол –  ұрпақтың үмітті болашағы.

A) келешегі 

B) ой-арманы 

C) арман-тілегі 

D) мақсат-мүддесі 



Б3. Оқылым

1-мəтін

Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл

Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, 

жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл 

арқасында ғана жан  сырын сыртқа  шығарып, басқалардың  жан сырын  ұға 

алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не ар-

маны бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын əдемілеп жарыққа шығара 

алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып 

тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның 

толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында. 

Тіл əрбір адамға осындай қымбат болса, əрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз 

ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт 


Мемлекеттік тіл саясаты

442


құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми 

бастауы  ұлттың  құри  бастағанын  көрсетеді.  Ұлтқа  тілінен  қымбат  нəрсе 

болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мі-

незі  айнадай  көрініп  тұрады.  Қазақ  тілінде  қазақтың  сары  сайран  даласы, 

біресе  желсіз  түндей  тымық,  біресе  құйындай  екпінді  тарихы,  сар  дала-

да  үдере  көшкен  тұрмысы,  асықпайтын,  саспайтын  сабырлы  мінезі – бəрі 

көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің 

ішінде  қазақ  тілінен  бай,  орамды,  терең  тіл  жоқ.  Түрік  тілімен  сөйлеймін 

деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ 

тілін  қолданбақшы.  Осы  күнде-ақ  айналып  келе  жатыр.  Татардың  əдебиет 

тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік 

балаларының  тілі  біріксе,  ол  біріккен  тілдің  негізі  қазақ  тілі  болса,  сөз 

жоқ,  түрік  елінің  келешек  тарихында  қазақ  ұлты  төрден  орын  алмақшы. 

Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік.

  Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, 

  Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

  Таралған түрік балаларын бауырыңа 

       Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім.  

1. Тіл –  ... .

А) адам жаны

В) адамның сыры 

С) жүрек түбіндегі сезім

D) адам жанының тілмашы 

2. Тілің жетік болмаса ... . 

А) ойың толып тұрады 

В) сабырлы мінез туады 

С) адам өмір сүре алмайды

D) адам ойын толық жеткізе алмайды 

3. Тілдің арқасында

А) кісі болып қалды 

В) кісі ретінде танылады

С) адам қатарына қосылады 

D) адамның іс-əрекеті артады 

4. Ойын жүйелі, нақышына келтіре жеткізетін адам 

А) шешен 

В) жазушы 

С) хабаршы

D) қолдаушы

5. Автор көтерген негізгі мəселе

А) тіл туралы 

В) ұлт жайында


Мемлекеттік тіл саясаты

443


С) білім мəселесі

D) қазақ тілінің жайы

6. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

... əдебиет тілі жыл-жыл сайын ... тіліне жақындап келеді.

А) Түріктің, татар 

В) Түріктің, қазақ 

С) Татардың, түрік

D) Татардың, қазақ 

7. Ұлт болудың алғашқы белгісі 

А) тарихы, тұрмысы 

В) өз тілінің, дінінің 

С) салт-дəстүрлерінің

D) ақын, жазушыларының 

  

 



 

 

    болуы. 



8. Тіл білмегендіктен

А) қор болмайды 

В) алға ұмтылады

С) ұлтшыл болады 

D) адам қорланады 

2-мəтін

Бақыт

Бақыт – адамның  іс-əрекеті  нəтижелі  болып,  қоғамдық  мəніне  

қанағаттанып, мақсатының орындалуы жəне өмір қуанышының ең жоғары  

дəрежеге жетуін білдіретін ұғым екені жұрттың бəріне аян.

Адам ес біліп, еңбекке орналасқаннан белгілі бір мақсатқа, арман асуы-

на  талпынады.  Сол  жолда  ізденеді,  үйренеді,  оқиды,  көрген  білгендерін 

көңіліне тоқиды. Осылайша оның оқуға, еңбекке, іске қабілеті ашылады. От-

басында, оқыған мектебінде, жұмыс істеген ұжымында, жүрген ортасында 

ол туралы пікір қалыптасады. Бақыт жолындағы баспалдақтар осылай өсе 

береді, биіктей береді. Бақыт дегеніміз – адал еңбегі арқылы ойлаған ойына, 

мақсаты мен арманына жету. 

«Құрметке де құнт керек» дегендей, бақытқа да бап керек. Қол қусырып 

отырған,  ұжымынан  қол  үзген,  теріс  жолға  түскен,  абыройдан  айырылған 

адам ешқашанда бақытты бола алмайды. Ол өзін ғана емес, бала-шағасын 

да, туған-туыстарын да бақытсыздыққа душар етеді. 

Адам  бойындағы  алуан  түрлі  асыл  қасиеттердің  қайсысының  болса  да, 

оның ішінде бақыттың да қайнар көзі, ұшар ұясы, қонар тұғыры, тұрақтар 

мекені – еңбек.  Еңбекке  бейім  адам  көпке  ұнамды.  Көптің  алғысын  алу, 

көптің  көңілінен  шығу,  қысқасы,  жұртқа  қалтқысыз  қызмет  ете  білу – зор 

бақыттылық. 

Біз – бақытты заманның өрендеріміз. Еңбекке, оқуға, білім алуға, демалуға, 

қартайғанда қамқорлық құшағына бөленуге толық жағдай жасалған тамаша 

уақытта өмір сүрудің өзі – бақыт. Біздің республикамызда ел адамдарының 

мəдени-тұрмыстық  жағдайын  көтере  беруге,  рухани  дүниесін  байытуға, 



Мемлекеттік тіл саясаты

444


бейбітшілікте өмір сүруге ерекше қамқорлық жасалып отыр. Осының бəрі 

Бақыт деген үлкен сөзді құрайды. Ендеше біздің елдің əр адамының бақыты 

– Отан бақыты, ел бақыты. Бақыт деген – абсолюттік игілік. Бақытқа жету 

үшін  жəне  бақытқа  ие  болу  үшін  қажет  нəрсенің  бəрі  де  игілік  болып  та-

былады.  Жауқазын  гүліндей  жайнап  отырған  сендер,  жас  достарым,  шын 

бақыттысыңдар, ал нағыз бақыт, шынайы қуаныш тек еңбекпен келетіні рас. 

1. «Құрметке де құнт керек» деген қағиданың мəні

А) бақытқа да бап керек

В) əр істе ынта, ықылас керек 

С) құрмет көрсетуді де білу керек

D) құнт болмаған жерде мал жиналмайды

2. «Бақыт» деген сөзге қатысы жоқ тіркес

А) қуанышқа бөлену

В) өмірге қанағаттанбау 

С) еңбекте табысқа жету

D) рухани дүниесін байыту

3. Бақытқа жету жолы

А) еңбек ету

В) өмір сүру 

С) дені сау болуы

D) байлыққа кенелу

4. Адамның іске қабілеті 

А) мектепте

В) отбасында

С) өмір жолында

D) жүрген ортасында

     

 

ашылады.



5. Мəтін бойынша туған жер бақыты 

А) жастардың бақыты 

В) əр азаматтың бақыты 

С) бала-шағасының бақыты

D) туған-туыстардың бақыты

6. Еңбекке бейім адам 

А) көпке бағынышты

В) көпшілікке жағымды 

С) көңілден шықпайтын 

D) көпке алғыс білдіретін

7. Автор өз ойын 

А) жастарға 

В) достарына


Мемлекеттік тіл саясаты

445


С) қазақтарға

D) көпшілікке

     

 арнайды.



Б4. Жазылым

1-тапсырма

Аудиомəтін  тыңдау  арқылы  мəтін  мазмұнына  сəйкес  жоспар  құрыңыз. 

Жоспар құру уақыты – 5 минут.

Жоспарды цитата, сұраулы сөйлемдерден құруға болады, жоспар жай не-

месе күрделі болуы мүмкін.

Аудиомəтін

Асыл түстер жəне олардың мағыналары

Əлемдегі  мемлекет  рəміздеріне  қарап  отырсаңыз,  қызыл  түсті  туларды 

жиі  кездестіресіз.  Ақ,  көк,  сары,  қара,  жасыл  түстер  де  бар.  Мемлекеттік 

тудың негізгі элементі – оның түсі. Əр түрлі түстердің мағыналары бар.

Қызыл түс – өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті біл-

діреді. Ол бостандық пен тəуелсіздікті бейнелейді. 

Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбіт-

шілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс ананы бейнелейді.

Көк  түс  аспан  мен  теңіздің  түсі,  биіктік  пен  тереңдікті  бейнелейді, 

сондай-ақ  тұрақтылық,  əділдік,  ерлікті  білдіреді.  Ежелгі  египеттіктер  бұл 

түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған. Бұл түс грек, рим құдайлары – 

Зевс пен Гераның түсі. Көк түстің саяси мəні – азаматтық бірлік, ынтымақ.

Сары түс – Күн түсі, даңқты, тəңірлік билікті, сенімді, тұрақтылықты, бір-

лік, тұтастықты білдіреді. Бұл   өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық 

түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді.

Қара түс – жер мен түннің түсі, сақтықты, тұрақтылықты, мойындамау-

ды, торығу, үмітсіздікті білдіреді. Христиандарда қара түс қайғыны білдірсе, 

жапондарда қуанышты білдіреді. 

Жасыл  түс – көктемнің  түсі,  табиғаттың  жаңаруын,  қуанышты,  үмітті, 

сенімді, молшылықты, гүлденуді, қайта өркендеуді білдіреді, бұл өмір бел-

гісі (символ жизни). Жасыл түс – исламның қасиетті түсі. ХХ ғасырдың екін-

ші жартысында жасыл түс экологиялық қозғалыстың символы болды. 

(Түрік тілдес мемлекеттердің рəміздері кітабынан, 187 сөз)

2-тапсырма

Жоспарға  сəйкес  мəтіннің  негізгі  мазмұнын  толық,  фактілік  қатесіз, 

жүйелі, стиль бірлігін сақтай отырып мазмұндама жазыңыз.

Мазмұндама жазу уақыты 20 мин.

1. Мемлекеттік рəміздердің түстері.

2. Түстердің мағыналары.

3. Менің сүйікті түсім.


Мемлекеттік тіл саясаты

446


3-тапсырма

Мазмұндамадағы  мəселеге  байланысты  берілген  сұрақтар  негізінде 

сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра өз ойыңызды жазыңыз.

Тапсырма орындау уақыты – 10 минут.

1. Жылы түстерге қай түстер жатады?

2. Суық түстерге қай түстер жатады?

3. Философиялық түстерге қай түстер жатады?

4. Абстракт түстерге қай түстер жатады?

5. Ақ түстің мағынасы қандай?


Мемлекеттік тіл саясаты

447


Библиография

[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап).

[2] «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде-

гі № 319-ІІІ Заңы.

[3] Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мем-

лекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 

7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген).

[4] 2007-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  тілді  қолдану  аясын 

кеңейту мен оның бəсекелестігін арттыру тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-

публикасы  Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы  № 1122 қаулысымен 

мақұлданған).

[5]  Қазтест жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-

публикасы  Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі  № 835 қаулысымен 

бекітілген).

[6]  Еуропалық тілдік портфелі, «Златоуст», 2006.

[7]  Ф.Ш.  Оразбаева,  Т.Т.  Аяпова,  Р.С.  Рахметова,  У.К.  Исабекова,  К.Е. 

Абиыр. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-əдістемелік кешендер. Алматы: - 

Жазушы, 2007.

[8]  В.С.  Аванесов  «Форма  тестовых  заданий».  Мектеп,  лицей,  колледж 

жəне  ЖОО  мұғалімдеріне  арналған  оқу  құралы.  М.: «Тестілеу  орталығы», 

2006.

[9]  Д.Х.  Ақанова,  А.М.  Алдашева,  З.К.  Ахметжанова,  Қ.Қ.  Қадашева, 



Э.Д. Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. 

Үшінші деңгей». Оқу кешені. – Алматы қ., «Арман-ПВ» басылымы, 2002.

[10]  З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «Қазақ тілі. Тестілеу 

əдістемесі: көмекші құрал». – Астана, 2007.

[11] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу 

теориясы мен практикасы: Көмекші құрал». – Алматы, «Құс Жолы», 2009. 



Государственная языковая политика

448


ƏОЖ 811.512.122:81`37.046.14:006.354(574) 

МСЖ 03.180    

Түйінді сөздер: мемлекеттік стандарт, коммуникативтік құзыреттілік,  

лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексикалық 

минимум

Мемлекеттік тіл саясаты


Государственная языковая политика

449


ПОСЛАНИЕ

ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН -

ЛИДЕРА НАЦИИ Н. А. НАЗАРБАЕВА

НАРОДУ КАЗАХСТАНА

                                                                                                                 



СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050»

 

Новый политический курс



состоявшегося государства

 

СОДЕРЖАНИЕ



 

I.  Состоявшийся Казахстан – испытание кризисом нашей госу-

дарственности, национальной экономики, гражданского общества, 

общественного согласия, регионального лидерства и международного 

авторитета

1. Сильное и успешное государство

2. Устойчивый процесс демократизации и либерализации

3. Согласие и мир различных социальных, этнических и религиозных групп

4. Национальная  экономика.  Наша  роль  в  международном  разделении 

труда

5. Сильная социальная политика, которая обеспечила      общественную 

стабильность и согласие

6. Страна, признанная мировым сообществом

7. Наша активная роль в продвижении режима ядерного   нераспростра-

нения

8. Стратегия Казахстан-2030. Основные итоги

 

II.  Десять глобальных вызовов ХХI века



1.  Второй вызов – глобальный демографический дисбаланс

2.  Третий вызов – угроза глобальной продовольственной безопасности

3.  Четвертый вызов – острый дефицит воды

4.  Пятый вызов – глобальная энергетическая безопасность

5.  Шестой вызов – исчерпаемость природных ресурсов

6.  Седьмой вызов – Третья индустриальная  революция

7.  Восьмой вызов – нарастающая социальная нестабильность

8.  Девятый вызов – кризис ценностей нашей цивилизации

9.  

Десятый вызов – угроза новой мировой дестабилизации

 

III. Стратегия «Казахстан-2050» - Новый политический курс для 



нового Казахстана в быстро  меняющихся исторических условиях

1. Новая парадигма задач

2.  Куда мы идем? Цели нового политического курса

 

1. Экономическая политика нового курса – всеобъемлющий эконо-



мический прагматизм на принципах прибыльности, возврата от инвес-

тиций и конкурентоспособности

Государственная языковая политика

450


1.  Всеобъемлющий экономический прагматизм

2.  Новая кадровая политика

3.  Модернизация макроэкономической политики

3.1. Бюджетная политика

3.2. Налоговая политика

3.3. Денежно-кредитная политика

3.4. Политика управления государственным и внешним долгом

4.  Развитие инфраструктуры

5.  Модернизация системы управления государственными  активами

6.  Новая система управления природными ресурсами

7.  План следующей фазы индустриализации

8.  Модернизация сельского хозяйства

8.1. Развитие фермерства и МСБ в сельхозпереработке и торговле

9.  Политика в отношении водных ресурсов

 

2. Всесторонняя поддержка предпринимательства – ведущей силы 



национальной экономики

1.  Развитие малого и среднего бизнеса

2.  Новая модель государственно-частного партнерства - «Сильный 

бизнес – сильное государство».

3.  Новый этап приватизации – изменение роли государства

 

3. Новые принципы социальной политики – социальные гарантии и 



личная ответственность

1.  Новые принципы социальной политики

1.1. Минимальный социальный стандарт

1.2. Адресная социальная поддержка

1.3. Решение проблем социальных дисбалансов в регионах

1.4. Модернизация политики занятости и труда

2.  Защита материнства. Обращение к женщинам

3.  Защита детства

4.  Здоровье нации – основа нашего успешного будущего

4.1. Ключевые приоритеты в области здравоохранения

4.2. Новые подходы к обеспечению здоровья детей

4.3. Улучшение системы медицинского образования

4.4. Качество медицинского обслуживания на селе

4.5. Развитие физкультуры и спорта

 

4. Знания и профессиональные навыки – ключевые ориентиры совре-



менной системы образования, подготовки и переподготовки кадров

1.  Приоритеты работы в сфере образования

1.1. Продление программы «Балапан» до 2020 года

1.2. Развитие системы инженерного образования

1.3. Развитие системы социальной ответственности в сфере образования

1.4. Модернизация методик образования

2.  Новая политика развития инновационных исследований

2.1. Трансферт технологий

Государственная языковая политика

451


2.2. Кооперация науки и бизнеса

2.3. «Дорожная карта»  по формированию перспективных националь-

ных кластеров

3. 

Обращение к молодежи

 

5. Дальнейшее укрепление государственности и развитие казахстан-



ской демократии

1.  Новый тип государственного управления

1.1. Совершенствование системы госпланирования и прогнозирования

2.  Децентрализация управления

2.1. Разграничение ответственности и полномочий между центром и 

регионами

2.2. Концепция развития местного самоуправления

2.3. Выборность аульных акимов

3.  Формирование профессионального госаппарата

3.1. Второй этап административной реформы

4.  Новая система взаимодействия госаппарата с бизнес-сообществом

5.  Внедрение принципа «нулевой терпимости» к беспорядку

6.  Борьба с коррупцией

7.  Реформа правоохранительных органов и спецслужб

 

6. Последовательная и предсказуемая внешняя политика – продви-



жение национальных интересов и укрепление  региональной и гло-

бальной безопасности

1. Приоритеты модернизации внешней политики

2. Развитие экономической и торговой дипломатии

3. Укрепление региональной безопасности

4. Вклад в укрепление глобальной безопасности

5. Укрепление национальной обороноспособности и военной доктрины

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет