Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет315/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

УДК: 637.1 
МРНТИ: 76 
 
TABIGY ANTIOXIDANT QUERCETINNIN ҚҰRҒАҚ KYMYZDAGY 
LIPIDTERGE TIGIZETIN ASERIN ZERTTEU 
 
Toktamysova A.B., Zhienbaeva L.B., Tuleeva G.T., Tulegenova G.U., 
Ermenbek P.T., Orynbay G.S. 
NUO "Kazakh-Russian Medical University", Almaty, Republic of Kazakhstan
 
 
ИССЛЕДОВАНИЕ ВЛИЯНИЯ ПРИРОДНОГО АНТИОКСИДАНТА 
КВЕРЦЕТИНА НА ЛИПИДЫ В СУХОЙ ЧАЙНЫЙ ГРИБ 
 
Токтамысова А.Б., Жиенбаева Л.Б., Тулеева Г.Т., Тулегенова Г.Ю., 
Ерменбек П.Т., Орынбай Г.С. 
НУО «Казахстанско-Российский медицинский университет», 
г. Алматы, Республика Казахстан
ТАБИҒИ АНТИОКСИДАНТ КВЕРЦЕТИННІҢ ҚҰРҒАҚ 
ҚЫМЫЗДАҒЫ ЛИПИДТЕРГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
Токтамысова А.Б., Жиенбаева Л.Б., Тулеева Г.Т., Тулегенова Г.У., 
Ерменбек П.Т., Орынбай Г.С. 
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
Кілт сөздер: 
бие сүті, құрғақ қымыз ұнтағы, сублимациялық әдіс, 
тотығу дәрежесі, кверцетин. 
Кіріспе 
Індетті аурулардың таралуынан туындаған күрделі жағдайға 
байланысты, ауруларды халық медицинасы әдістерімен емдеу, оның ішінде 
дәстүрлі сүтқышқылды сусындарды қолдану ерекше маңыздылыққа ие. 
Емдік сусындардың ішіне дәстүрлі түрде бие сүтінен жасалатын қымыз 
кіреді. Ол туберкулез, цинга, гастрит және ұйқы безі ауруларын қоса алғанда, 
түрлі ауруларды емдеуде қолданылады. Бие сүті қанықпаған липидтерге бай 
екені көптеген ғалымдардың зерттеулерінен белгілі. Олар қымыздың жоғары 
сауықтыру және емдік қасиеттерін анықтайтын жартылайқанықпаған және 
қанықпаған май қышқылдарының көп мөлшерін қамтиды. 
Материалдары. 
Адамның дұрыс тамақтанбауы адам денсаулығына 
қауіп төндіретін метаболикалық бұзылуларға әкелетіні белгілі. Осыған 
байланысты, бүгінде бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе ‒ тамақтану сапасын 
жақсарту болып табылады. 
Бие сүтінен дайындалған қымызды қолдану ‒ иммунитетті жоғарылату 
және денсаулықты жақсарту мәселелерін шешудің тиімді әдісі. Қымыздың 


332 
емдік қасиеттері көбінесе майының құрамында холестеринді ерітетін 
қанықпаған май қышқылдарының көп болуымен байланысты және олар бұл 
қосылыстың қантамырларының қабырғаларына түсуіне кедергі келтіреді. 
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кептірудің сублимациялық әдісі 
белгілі, ол процесті күшейтуге және жоғары сапалы кептірілген өнімді алуға 
мүмкіндік береді. Сублимaция – төмен қысым мен төмен темперaтурaдa 
құрғaту тәсілі. Қысымды төмендеткен кезде сұйық тез булaнa бaстaйды, соның 
нәтижесінде темперaтурa жедел төмендейді де, сүт мұз болып қaтып қaлaды. 
Одaн әрі кептіру мұзды сұйық күйге келтірместен бірден суғa aйнaлдыру 
жолымен жүзеге aсырылaды 
Нәтижелері. 
Бұл жұмыста ұзақ уақыт сақтауға болатын, сублимациялық 
әдіспен кептірілген қымыз алынды. Табиғи антиоксидант кверцетинді қосу 
арқылы құрғақ қымыз ұнтақтарының сақтау мерзімін 6 айға дейін ұзартуға 
болады. Бұл сүт шикізатын үнемдеу мәселесін шешеді, қымыздың 
қауіпсіздігіқамтамасыз етіледі және қымызды азық-түлікке пайдалану 
уақытын ұзартады, жылдың кез келген уақытында оның қажеттілігі бар басқа 
аймақтарға тасымалдауға мүмкіндік туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет