Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет279/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   333
 
 


290 
XI. ӘР ТҮРЛІ / РАЗНОЕ 
 
УДК: 93 
МРНТИ: 03 
 
HISTORIOGRAPHY OF THE SCIENTIFIC WORKS OF ACADEMICIAN 
MUKHTAR ALIYEV, A MERITORIOUS FIGURE IN MEDICAL 
SCIENCE, DEDICATED TO THE HISTORY OF MEDICINE 
 
Akkasov B.K., Miajden S.A. 
NAO «Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov», 
Almaty, Republic of Kazakhstan 
 
ИСТОРИОГРАФИЯ НАУЧНЫХ ТРУДОВ АКАДЕМИКА МУХТАРА 
АЛИЕВА, ПОСВЯЩЕННЫХ ИСТОРИИ МЕДИЦИНЫ 
 
Аккасов Б.К., Миайден С.А. 
НАО «Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова», 
г. Алматы, Республика Казахстан
МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚАЙРАТКЕР, 
АКАДЕМИК МҰХТАР ӘЛИЕВТІҢ МЕДИЦИНА ТАРИХЫНА 
АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ 
 
Аққасов Б.Қ., Миажден С.А. 
«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, 
Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
Кілт сөздер:
үлкен хирургия, медицина тарихы, әлемнің елшісі, халық 
елшісі, этно-медицина, жыл адамы 
Кіріспе. 
Тезис жобасында Қазақстанның медицина ғылымын дамытуға 
үлкен үлес қосқан, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Академик, 
Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиевтің көзі тірісінде 600 астам ғылыми еңбектің, 
50-ден аса монография мен 127 авторлы жаңалықтың, 27-ғылыми жинақтың 
авторы болғанына тарихтың өзі куә. 
Ал, ғұлама ғалым Мұхтар Әлиевтің тұңғыш рет Қазақстанның медицина 
тарихын жазуға арнаған еңбектері өз алдына бір төбе. 
Біздің бұл тезисті жазу барысында алға қойған басты мақсатымыз 
академик Мұхтар Әлиевтің қазақ медицинасы тарихына арнап жазған ғылыми 
еңбектерінің тарихнамасын жазу болып табылады. 
Бірінші 
кезекте біз академик 
Мұхтар Әлиевтің медицина 
ғылымдарының кандидаты Рашида Нұрмұханбетқызымен бірлесе отырып 


291 
жазған 2-томдық «Қазақстан медицина тарихына» арналған оқулыққа тарихи 
шолу жасауды жөн көрдік. Оқулықтың І-томы 2003 жылы баспадан шыққан. 
Оқулықтың 
І-томында 
ерте 
заманнан 
басталған 
Қазақстан 
медицинасының тарихы, біздің заманның 1920 жылға дейінгі уақыт аралығын 
қамтыған. Оқулықта қазақтың даму тарихы бүкіл дүние жүзілік және Орта 
Азия халықтарының тарихымен тығыз байланыста болғаны айтылған. Қазақ 
жеріндегі халықтың медицинаның пайда болып, ілгері дамуы жан-жақты 
баяндалған. Оған археологиялық, этнографиялық дәлелдемелер келтірілген. 
Ал «Қазақстан медицинасы тарихының» ІІ-томы 1920-2000 жылдар 
аралығын, яғни Кеңестің дәуірмен, Қазақстан Егеменді ел болғаннан кейінгі 
10 жыл көлемінде медицина, яғни денсаулық сақтау саласының қалай 
дамығаны жазылған. Бұл кітапта Қазақстан медицинасының тарихы 1920 
жылдан бастап 2005 жылдар аралығын қамтып, сипаттама 12 тараудан 
құралған. 
Академик Мұхтар Әлиевтің бастамасымен жазылған бұл 2 томдық 
оқулықтар әлі күнгі дейін ғылыми құндылығын жоғалтпаған, көпшілік 
қауымның сұранысына ие ғылыми еңбек болып есептеледі. 
Академик Мұхтар Әлиевтің «Медицина тарихына қатысты маңызды 
деректер», -деп аталған ғылыми еңбегі баспадан 2004 жылы жарыққа шыққан. 
Маңызды осы еңбегінің тарихнамасына зер салу біздің қызығушылығымызды 
тудырады. 
Тарихи медициналық тұрғыда жазылған ғылыми басылым үш тараудан 
тұрады. 
І-тарау «Қазақтың дәстүрлі халық емшілігі» деп аталған алғашқы 
тарауда халқымыздың тарихында ерекше орны бар халық медицинасының 
даму жолдары, ауру түрлері және оны емдеп жазу жөніндегі қарапайым 
ұғымдар негізінде баяндалған. 
«Медицина тарихына қатысты маңызды деректер» атты еңбегінің негізгі 
тарауында, өткен ғасырдың басында қазақ даласына Ресей тарапынан 
жүргізілген Орынбор-Ташкент, социалистік индустрияландыру жылдарының 
алғашқы алып құрылысы саналған «Түрксиб» темір жолы бойына салынған 
ауруханалар, емханалар, курорттар, қазақ даласында алғаш орнаған тарихи 
архитектуралық үлгіде салынған сан-алуан ғимараттар жайлы мәліметтер 
келтірілген. 
Еңбектің ІІІ-тарауы «Қазақтың үш жауы» деп аталған тарауда 
ішімдіктер мен темекінің және есірткі атаулының зияны жайлы ой толғаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет